Ежелгі Мысыр өнері
Ежелгі Мысыр өнері
ӨНЕР ТАРИХЫ
Мысыр мәдениеті дегенде ең алдымен ойымызға не түседі? Әрине фараон, пирамида, со- нымен қатар көптеген бітпейтін құдайлар көз алдымызға елестейді. Бұл Мысыр мәдениетінің ең алғашқы танымы. Расымен Мысыр мәдениеті бір ғана фараон билігін ұлықтау негізінде қалыптасқан болатын. Ал, фараон өз билігін қалай құрды? Әрине, ол сол көптеген құдайларды ұлықтау арқылы, өзін құдайдың тікелей ұлы, құдайдың мұрагері ретінде таныстыру арқылы жалғастырған болатын. Мысыр өркениетінде әрбір құдай белгілі бір қызмет атқарып отырды. Бұл тұрғыда Осирис ең алғашқы фараон ретінде, фараондарды жебеуші құдай ретінде танымал болды.
Осирис туралы мифке қысқаша тоқталатын болсақ, ол өзінің қарындасы Исидаға үйленіп, жер бетінде шексіз билік жүргізген болатын. Ал, оның інісі яғни, бауыры Сет Осиристен өзінің көрсеқызарлығымен, іштарлығымен ерекшеленетін. Оның әу бастағы қызметі жерасты әлемін билеу болатын. Өзінің іштарлығынан, көрсеқызарлығынан ол бауырына қарсы шығып, әйтеуір мезгілі жеткенде Осиристі өлтіреді. Кейбір деректерде ол Осириске керемет, өте әсем саркофаг сыйлап, ағасын соған жатқызуға көндіріп, кейіннен сол саркофагтің аузын құлыптап, теңізге лақтырып жіберген деген де болжамдар айтады. Ал, тағы бір мифологиялық деректерде ол Осиристің денесін бөлшектеп, бүкіл Мысыр территориясына бөліп көміп тастаған дейді. Кейіннен Осиристің ұлы Гор әкесінің денесін жинап, өзінің көзін Осириске беру арқылы оны қайта жандандырады. Нақ осы Осирис туралы миф жалпы Мысыр мәдениетіндегі өмір, осы өмірден кейін жалғасатын мәңгілік өмір жайлы ұғымды айқынырақ аша түседі.
Мысыр мәдениеті 3000 жылға созылған ұзақ уақыт бойы, бір территорияда еш өзгеріске түспей қалыптасса да негізінде канондық ережелік сипатын қатаң ұстанған болатын. Өзгермеуінің бір себебі, қалыптасқан заң бойынша жүруінде болатын. Адамдарды мысырлықтар бір заңдылық бойынша салып келді. Оның басы, аяғы қырынан, ал көзі мен иығы алдынан қараған күйі салынатын. Байқасақ ежелгі, кейінгі кезеңдерінде де осы қағида сақталып отырды. Мысырлықтар неге бұлай салды? Олар адамдарды созылыңқы етіп көрсетті. Статикалық мызғымас қозғалыста берді. Олар адамдардың бұл дүниедегі сипатын емес, о дүниедегі кескінін берген болатын. Сондықтан да Мысырлық кез келген өнер туындысы эмоциясыз, ешқандай әсерсіз бейнеленді. Ракурсты таңдағанда да адам қай жағынан қарағанда сұлу көрінеді, сол жағынан бейнелеуге тырысты. Аяқты неге қырынан салды? Өйткені аяқты алдынан салса, ол кесіліп қалған секілді әсер қалдыратын. Сондықтан да аяқты толық жеткізу үшін оны қырынан, көз алдынан қараған кезде ғана әдемі, қырынан қарағанда тартымсыз, сол себепті бас қырынан болса да көзді тек алдынан бейнеледі. Осылайша, Мысыр мәдениеті, бейнелеу өнері өзіндік ерекше тұстарымен қызықтыра түсті.
Мысыр өркениеті даму барысында 32 династия билік құрып, Мысыр мәдениетінің қалып- тасуы мен дамуы осы династиялардың шеңберінде айқындалған болатын. Мысыр мәдениетінің дамуына, хронологиялық ерекшелігіне назар аударып өтейік. Бірінші династиялыққа дейінгі кезең, екінші ежелгі патшалық. Енді бұдан кейін патшалық деп айтамыз. Өйткені Мысыр мәдениетінің дамуы әрбір патшалыққа тәуелді болғанын жаңа айтып кеттік. Ерте патшалық, одан кейін Ежелгі патшалық, Орта патшалық, Жаңа патшалық және ең соңғысы Кешеуіл патшалық болады.
Династиялыққа дейінгі кезеңге тоқталатын болсақ, бұл Мысыр тарихында орын алған алғашқы Мысыр перғауындарының мемлекет құру қағидаларымен байланысты болды. Бұл орайда барлық өнер зерттеушілері ең алғашқы табылған артефакт Нармер тақтасына тоқталады. Бүгінгі күні Каир мұражайында сақталған Нармер тақтасының биіктігі небәрі 64 см ғана. Оның алдыңғы беті төрт бөліктен тұрады. Ең жоғарғы бөлігінде Хаткор құдай анасы бейне- ленген. Сәл төменірек көз жүгіртетін болсақ, сәл үлкенірек фигураны байқаймыз. Мысыр өрке- ниетінде перғауынды маңайындағы басқа адамдардан көлемін сәл үлкенірек етіп бейнелеу қалыптасқан болатын. Оған басқалармен тең болуға болмайды. Ең басты кейіпкер болғандықтан міндетті түрде үлкенірек етіп көрсетілетін болған, яғни осы жерде үлкен фигура Нармер патша өзі жеңген халықтың адамдарын құл ретінде алдына салып айдап бара жатыр. Ал, астынан мойындары ұзыннан созылған бір фантастикалық екі жануарды көреміз. Байқап қарасақ, олардың мойындары бір-бірімен байланысып айқасып кеткен. Мұндай жанурларды серпапард деп атайды. Серпапардтар жоғарғы және төменгі Мысырдың символдық белгісі ретінде белгілі. Нармер патша өз заманында осы серпапардтарды мойнына құрық салып билеу арқылы Төменгі және Жоғарғы патшалықты өз игілігіне бағындырғанын көрсеткісі келген болатын. Шифердің алдыңғы бөлігі болсын, артқы бөлігі болсын, осындай Нармерді ұлықтаумен байланысты болған болатын.
Енді Ерте патшалық кезеңіне тоқталайық. Үшінші династияның таққа келуімен Ерте патшалық уақыты да басталған болатын. Оның жетекші өкілі Джосер перғауын болды. Джосер таққа отырған сәттен бастап-ақ өзінің о дүниелік сапарына дайындығына кіріседі. Осы мақсатта ол Саккара алқабынан о дүниелік тұрағы, мекені боларлықтай құрылыс салуды ойластырады. Бұл құрылысқа жетекшілік етуді сол кездің ең дана, данышпан саналған тұлғаларының бірі Имхотепке тапсырады. Имхотеп тарихтан білеміз тек қана сәулет өнерін емес, сонымен қатар әртүрлі ғылымдарды терең меңгерген, жан-жақты керемет тұлға болған. Имхотеп осы құрылыстың ерекше болуын ойластыру барысында, сол кездегі Мысыр мәдениетінде кеңірек қалыптасқан мастаба формасын алады.
Мастаба дегеніміз формасы трапецияға ұқсас, төбесі кесілген пирамида секілді қарапайым пішінді құрылыс. Мысырлықтардың үйлері осындай құрылыс пішінінде болған екен. Кейіннен олар өздерінің зираттарын да осы пішінде сала бастайды. Тек ерекшелігі мұндай құрылыс жер бетіндегі бөлігінде ғибадатхана қызметін атқарса, жер астынан отыз метр, кейде жиырма сегіз метр тереңдікте перғауынның жерлеу камерасы орналасқан болатын. Мұндай камералардың өте тереңде орналасуы перғауынның денесін мумиялаумен және оны бүкіл қазына мүлкімен жерлеу салтымен байланысты болды.
Имхотеп өте ауқымды, үлкен көлемді мастаба жасады. Бірақ, ол мастаба жайдақ, жәй төбе секілді әсер қалдырған болатын. Ешқандай монументалдық әсері, сипаты болмады. Құрылысқа монументалды сипат беру үшін енді Имхотеп мастабаның үстіне одан көлемі сәл ғана кішірек тағы біреуін, оның үстінен одан кішірек үшіншісін, осылайша бірінің үстіне бірін қою арқылы сатылы пирамиданың алғашқы авторына айналады. Сатылы пирамида тарихтан көріп, қабылдап үйренген мінсіз пирамидалардың ең алғашқы үлгісі. Саты формасының өзі ежелгі мысырлықтарды санасында қалыптасқан жоғары қарай көтерілу, өрлеу, құдайға қарай жақындау деген ұғыммен, түсінікпен байланысты болды. Сатылы пирамиданың биіктігі 60 м-ден асатын.
Жерлеу культіне келер болсақ, мысырылықтар перғауынды жерлеу барысында оған үлкен дайындық жүргізетін болған. Алғашқы кезеңдерде, әсіресе осы ерте патшалық тұсында перғауынды жерлеген кезде ол өлді деп санамаған. Ол мәңгілік сапарына аттанды деп санаған. Мәңгілік сапарында, о дүниелік өмірінде не істейді? Әрине, ол осы дүниедегі өмірін жалғастырады. Сондықтан да оның қасына өзінің жақсы көретін итін, мысығын, сонымен қатар әйелін, отбасының кейбір мүшелері мен құлдарын қоса жерлейтін болған. Перғауын о дүниеде еш нәрсеге мұқтаж болмау керек деп ойлаған. Сондықтан да көмекшілері перғауынмен бірге о дүниеге аттану керек деп түсінді. Әрине кейінгі патшалықтарда мұндай шығындар болмайды. Мысырлықтар адам шығынын жасаудың ауырлығын түсініп, оның орнын басқа дүниелермен толықтырады.
Джосер пирамидасы Саккара алқабындағы біздің заманымызға дейін мызғымай жеткен алып, монументалды құрылыс. Пирамида формасы мінсіз. Оның төрт қыры дүниенің төрт бұрышына қаратылып, табаны мызғымай орнығып, ұшар басында көкке қарай өрлеп, үшкірлене жасалған болатын. Джосер пирамидасы алғашқы пирамиданың үлгісі бола отырып, кейінгі патшалықтарда жалғасын, мінсіз шешімін тапқан пирамидаларға бастама болды.
Шамамен ІV династияның таққа келуіне байланысты жаңа патшалық құрылады. Бұл патшалық Мысыр мәдениеті мен өнеріндегі келесі бір кезеңнің қалыптасып дамуына жағдай жасады. Ол Ежелгі патшалық. Ежелгі патшалық ауқатты, өте үлкен көлемді алып, монументалды құрылыстарымен ерекшеленген болатын. Әлемнің жеті кереметінің бірі, бүкіл Мысыр өнері мәдениетінің екі мыңжылдық куәгері үш алып пирамида болды. Олар Хеопс, Хефрен және Микерин. Үш алып пирамида Саккара жазықтығында емес, енді Каир маңындағы Гиза жазықтығында орналасты. Олардың бірінен кейін бірінің орналасуында да өз тәртібі бойынша жүзеге асқан болатын. Енді ғибадатханалар ерте патшалық кезеңіндегідей мүрде салынған қайық қай жағаға барып тоқтаса, сол жерден емес, пирамиданың маңынан салынған болатын. Пирамидалар дүниенің төрт бұрышына қаратылып орнатылып, бірінен кейін бірі, бір тізбек құрып салынған болатын. Бірінші ең үлкен алып пирамида Хеопсты көреміз. Одан кейін Хефреннің пирамидасы орналасқан.
Одан кейін немересі Мекерин пирамидасы орын алған. Үш пирамида да бүгінгі күні мінсіз қырларымен, 147м-ден асатын алып биіктігімен, өз көрерменін, Мысырға келген саяхатшыларды таңғалдырады. Әрине, алғаш салынған уақытта бұл пирамидалар сыртқы беті өте жылтыр әсем, сонадайдан күнге шағылысып көрінетін болған. Өйткені оның сыртын тұтастай қабыршақтармен өңдеп шыққан болатын. Бұл пирамидалардың салыну құрылысы бүгінгі күнгі ғалымдар мен кез келген адамдар тарапынан қызығушылық тудырады. Ол қалай салынды? Оның тастары қайдан әкелінді? Гиза жазықтығында біздің білуімізше ешқандай тас карьері жоқ. Перғауындар тас блоктарын арнайы Асуан түбегінен алдыртып, осы Гиза жазықтығына тасымалдаған болатын. Бір пирамиданың құрылысына 3000-нан аса тас блоктары жұмсалды. Ең кіші деген әрбір тас блоктың салмағы шамамен 2 жарым тонна құрайды. Жалпы пирамиданың бүкіл салмағын есптеген ғалымдар, оның 50 мың тоннаға дейін жететінін атаған болатын. Пирамида құрылысы өте ұзақ уақытқа созылған, өте үлкен қаржылай шығынды талап ететін жоба болды. Сондықтан сол тастарды әкелу үшін пирамидаға баратын жолдың өзі он жылдан артық уақыт салынған болатын. Ал жеке пирамиданың құрылысы үшін 20 - 25 жыл уақыт пен мыңдаған құлдың өмірі құрбан болған еді. Пирамиданың ең астында, 30 м тереңдікте жерлеу камерасы орналасты. Бұл камераларға перғауындар өздерінің керек-жарағымен, асыл бұйымдарымен, мол мұрасымен жерленді.
Олардың құлдарын, отбасы мүшелерін перғауынмен бірге жерлеудің қажеті жоқ. Оның орнын өнер алмастырады. Адам шығыны азаяды. Иә, ол өнер түрі қабырғаға кескінделген сурет, мүсін түрінде көрініс табады. Тіпті перғауынның өзіне ол өлгеннен кейін оның мүсіншілері көптеген көшірме мүсіндерін жасайтын болған. Мызғымас, әсерсіз, ешқандай көңіл күйсіз бейнеленген Мысыр мүсіндері өзінің қатаңдығымен, қаттылығымен ерекшеленеді. Перғауынның көшірмесі саналатын мұндай мүсіндер оның портреттік бейнесінен, келбеттік ұқсастығынан ешқандай ауытқымау керек болатын. Өйткені о дүниеге аттанған перғауынның жаны белгілі бір уақыт өткеннен кейін өзінің мумиясына ана дүниеде қайта оралады деп сенген. Егер оның мумиясы әлдеқандай жағдайда сақталмай қалатын болса, ол сол көшірме жасалған кез келген мүсінге жаны орналасып, әрі қарай өмірін жалғастырады деп сенген болатын. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz