Ежелгі Этрусктер және Римнің Республикалық кезеңі

Өнер тарихы

Этруск халқы жалпы римдіктердің негізін қалаушы халық болды. Б.з.д. ХІІ - ІХ ғасыр ара- лығында Этрусктер жалпы Италия территориясын мекен ете бастайды. Этрусктер өте еңбекқор, ізденімпаз халық болған еді. Италияның кейбір батпақты жерлерін құрғатып, егіншаруашы- лығымен айналысып, өз кәсіптерін дамыта бастайды. Олар қандай кәсіпті үйренбесін, не нәрсені шет халықтардан көрмесін тез үйреніп, соны өз өнеркәсібінде жедел дамытуға бейім болатын. Италия территориясын мекендеген олар әрине, антика мәдениетін, антика өнерін бірізді меңгеріп, өздерінің өнерімен сабақтастықта көрсете бастайды. Этруск мемлекеті әскери мемлекет болған жоқ. Ол ең бірінші діни мемлекет болды. Діни наным-сенімі өте жоғары еді. Тіпті өз мемлекетінің болашағын, кез келген алдағы болар оқиғаны болжау арқылы тұспалдап, алдын ала бақылап отыратын. Этрусктер егін, шарап шаруашылығымен қатар теңіз жолын, сауда кәсібін де өте тез меңгерді. Мысыр, Финикия, Иберияға дейін осындай сауда жолын жүргізіп, өз мемлекетінің экономикасын жедел көтереді. Этруск өнері Гректерді қайталамағанымен, бейнелеу өнерінде, бейнелеу қағидаларында біршама ұқсастықтар бар. Әсіресе, жерлеу культі жағынан этруск халқының мәдениеті, өнері Ежелгі Мысыр өнерімен сабақтастық табатын. Олар да өмір осы өмірмен аяқталмайды, ол адам өлгеннен кейін келесі өмірде жалғасады деп сенген еді. Сондай сенім тұрғысынан олар өлген адамның орнын арнайы дайындап, оған қатысты жерлеу ғұрпын, жерлеу рәсімін орындап отырды.
Этрурия қалаларының қазіргі орнында жерасты галереялары бар. Мұндай галереялар зират қызметін атқарды. Әсіресе, олар бір-бірімен көше, жол арқылы байланысып жататын. Арнайы мұндай ғимараттардың пішіні гректің толос ғимаратының үлгісінде жасалып, терезесіз, ешқандай тіреу бағансыз жүзеге асқан еді. Төбелері жабылып, топырақ үйінділерімен тегістелді. Ғимараттың сырты барынша қарапайым көрінгенімен, іші өте әсерлі, әсем фрескалармен безендірілді. Фрескаларда этрусктер соғыс әрекетін, батальдық немесе тарихи көріністерді бейнелеуге бейім болған жоқ. Керісінше, тұрмыстық көріністер мейлінше кең көрініс тапты. Зираттардың ішкі қабырғаларындағы фрескалар негізінен той тойлау, көңіл көтеру, ән салып, би билеу көріністерінен тұратын. Жиірек спорттық жекпе-жектер, күресу, алысу, немесе жұдырықтасу секілді түрлері кездесіп отыратын. Кескіндемелік фрескалар Этруск мәдениетінің өлгеннен кейінгі өмірге сенгенін және мысырлықтар секілді оны трагедиялық тұрғыда қабылдамағанын байқатады.
Тарквиний қаласының маңында орналасқан некропольдердің бірінің ішінен осындай кес- кіндемелік фрескалар қатары кезігеді. Олардың бірінде күш қайраты мол жас жігіттер флейта ойнап көңіл көтеріп жүр. Бастарына лавр жапырағынан жасалған тәж киген. Үстеріндегі киімдері пішімі жағынан гректік үлгіге өте қатты ұқсайды. Алайда этрусктер ән-күйге, биге өте жақын халық болғандықтан күндізгі ауыр еңбекті кешкі осындай бас қосу отырыстармен жеңілдетіп, киімдерінде ашық әрі қанық түстерге жақын болды. Фрескаларында да ер адамдар мен әйел адамдар осындай қанық түстердегі киімдерде бейнеленген болатын. Тағы бір фрескалардан дастарқан басындағы көңілді отырыстарды көреміз. Осындай көңілді отырыстарда этрусктер әйелдерді еркектермен қатар бейнеленген.
Этрусктерге дейінгі антикалық грек мәдениетінде мұндай отырыстардан әйелдердің бейнесін көру мүлде мүмкін емес. Өйткені грек мәдениетінде әйел адам ешқашан көпшіліктің алдына қауымға шықпаған болатын. Олар өз бөлмелерінен де ұзамайтын. Әсіресе, ақсүйектердің әйел- дері өз сарайларынан алыстамайтын. Әйелдері мен қыздары тігіншілікпен, тоқымашылықпен айналысып, тек бала тәрбиесінде ғана маңызды рөл атқаратын. Ал Этруск әйелдері керісінше әрқашан ер азаматтарының қасында, бір дастарқан басында көңіл көтеріп, олармен тең дәрежеде бейнеленді. Бұл этруск әйелдерінің еркектермен дәрежесінің тең болғанын көрсетеді. Тіпті археологиялық қазба жұмыстары мен бізге дейін жеткен Римдік деректерде этруск әйелдерінің еркектермен құқықтары бірдей болып, олар атқа отырғанын, гректік әйелдерге қарағанда өздерінің жеке есімдерінің болғанын айтады. Гректік әйелдер ата-бабаларының есімімен бірінші, екінші немесе үлкені немесе кішісі деп аты қосылып, жалғанып қана ажыратылатын. Ал, этруск әйелдерінің әрқайсысының өзіне тиесілі жеке есімдері болды. Сонымен қатар, Этруск әйелдері үнемі өздерінің осы дүнедегі және о дүниедегі өмірінде айнаны қатар алып жүретін. Этрусктерде айна өте үлкен, маңызды рөлге ие. Айна ол екі дүниенің өткелі секілді қызмет атқаратын. Этрусктік әйелдердің айнаға, жеке әшекей бұйымдарға ие болуы олардың өз алдына жеке қазынасы мен мүлкінің де болғанын айқындайды. Көптеген деректер этрусктік әйелдердің жеке құл ұстағанын, жеке үйі мен кәсібі болғанын да дәлелдеп берді. Әрине Этруск әдебиеті бізге нақты жетпесе де Рим мәдениеті өзінің керемет үлгілерін осы этрусктерден алғаны белгілі. Біз бүгінгі күні римдік сандар деп қабылдаған цифлардың өзі Римдіктерге Этрусктерден келген еді.
Жерлеу некропольдеріндегі фрескалардың ішінде ерекше көзге түсетін бейнелердің бірі - спорттық ойын көріністері, атлеттердің бейнесі. Гректердегі секілді Этруск халқында да атлеттер жарысқа жалаңаш шығатын болған. Осылай жалаңаш шығу арқылы олар өздерінің дене бітімін, жарысқа деген дайындыған паш етеді. Этруск кескіндеме өнерінен біз әлі де болса шартты- лықты, адам денесін бейнелеуде, мүсіндеуде мінсіздікке ұмтылмайтынын, бұл арқылы этруск мәдениетінің мейлінше еркін, тәуелсіз болғанын байқаймыз. Мүсін өнері зиратқа қойылатын қабір басы ескерткіштерінен бастау алады. Егер кескіндеме қабірханалардың қабырғасын безендіріп тұрған болса, Этрусктер адамдар жерленген саркофагтардың үстіне олардың толық тұлғалық мүсіндерін орнататын болған. Осындай күрделі жерлеу культімен байланысты Этруск өнері ерекше қызықты. Әдетте олар ерлі-зайыптыларға арналған отбасылық саркофагтар болды. Сондықтан да мұндай мүсіндер отбасылық ерлі-зайыптылардың бірлігінде сомдалған еді. Олар өте көңілді, ерекше жымиыста әсем көрініс тапты. Ер азамат әйелін құшағына алған күйі о дүниеге қуанышпен, ерекше бір шаттықпен аттанғандай. Осы дүниедегі өзінің өмірі үлкен бір қуанышпен өткендей әсер қалдыратын. Осындай салтанатты, отбасылық портреттер жасату ауқатты адамдарға ғана мүмкін болды. Өйткені оларды тапсырыс беріп жасату үшін, қоғамдағы дәрежең мен қаражатыңның болуы маңызды еді.
Отбасылық портреттер салтанаттылығымен ерекшеленсе, зираттардың ішінде тағы бір назарға түсетіні қыштан жасалған құмыра ыдыстар еді. Құмыра ыдыстар жалпы гректік амфораға ұқсас болғанымен, сыртқы бейнесі өрнектермен әспеттелмейтін. Ерекше тұсы олардың құлақтары адамның қолы ретінде бейнеленіп, ал қақпағы адамның басы ретінде мүсінделетін. Әдетте, этрусктер мұндай урна-каноптарға портреттік ұқсастық беруге талпынды. Көбінде дәл осындай урна-каноптар атлеттердің ескерткіштері ретінде жасалған болатын.
Этруск мүсін өнерінің тағы бір ерекше көрінісін б.з.д. 480 жылы қоладан жасалған Химера мүсінінен байқаймыз. Химера - құбыжық жануар. Бір қарағанда ол өзінің тылсым жаратылысымен таңғалдырады. Басы арыстан басты, денесі иттің денесімен мүсінделген, ал аяқтары тіпті түсініксіз. Тағы да бір жыртқыш аңнан алынған секілді. Құйрығы жылан денесінде иіріліп келіп, ұш жағы жыланның басымен аяқталады. Ал арқа тұсынан, бүйір жағынан түсініксіз тағы да бір элементті көреміз. Бұл ешкі басының бейнесі. Этруск мифологиясы, Этруск дүниетанымы жайында белгілі бір фантастикалық түсінік береді. Мұндай фантастикалық кейіпкер Этруск мәдениетінде болғандығын және оның шебер сомдалуы арқылы Этруск мүсіншілерінің кәсіби деңгейін де анықтаймыз. Этрусктердің әдебиеті бізге дейін сақталмағандықтан, олардың өнерімен, мәдениетімен тек қана осы жерлеу культі, қабірхана, ғибадатхана арқылы ғана таныса аламыз. Мәдениеті грек-антикалық кезеңімен сабақтастық тапқанымен өзіндік ерекшеліктерімен де айқын көрініс табады. Жерлеу ғимараттары шеңбер пішінінде келіп, оларды тулумус деп атаған. Мұндай некропольдер Тарквинийде, Цера қаласында, сонымен қатар Кловий жерінде де кездеседі.
Этрусктер өте керемет мәдениет қалыптастырды. Тіпті олардың қала мәдениетін, көше үл- гілерін кейіннен Римдіктер бірізді түрде қабылдап алады. Бау-бақшаны өркендету, үйлерінде гүл өсіру секілді үлгілер де кейіннен римдіктерде көрініс табады. Рим өз мемлекетінің күрделі құрылымында этрусктердің кейбір дүниелерін бірізді пайдаланып, мызғымас үлкен империя құрады.
Италия территориясын б.з.д. IV ғасырдың соңында римдіктер жаппай басып алып, мекен ете бастайды. Олар Грекияны жаулайды, осылайша үлкен империя құрады. Алайда римдіктер тосыннан тың мәдениет қалыптастырмайды. Ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz