Ерте Христиан өнері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ӨНЕР ТАРИХЫ

Ерте Христиан өнері

Ерте Христиан өнері

Ерте Христиан өнері Рим империясының шашамен б. з. д. І басынан басталып, сонау Византия империясының негізі қаланғанға дейінгі уақытты қамтиды. Ерте Христиан өнері деп отырға- нымыз қандай өнер. Тарихта бұл кезең қалай аталды? деген сұрақтарға жауап іздейтін боламыз. Аты айтып тұрғандай христиан дінінің ең алғашқы кезеңдерін, қоғамда әлі де болса орныға қоймаған уақытындағы өнердің өзінше бір сипат алған кезеңін қарастырады.

ХVІ ғасырда Рим маңында бір топ жұмысшылар көне жолдың қасында жұмыс жасап жатып, бір ескі жерасты жолына тап болады. Ішіне енгеннен кейін оның жәй ғана жол немесе галерея емес, зират екенін анықтайды. Бұған дейін Рим территориясында мұндай жерасты жолының бір ғана үлгісі болған болатын. Ол әулие Себастьян шіркеуінің астында орналасқан катакомба. Катакомба деп аталуы дәл осы зиратқа кіреберіс жерде «Ad catacumbas» деген жазу бар еді, яғни бұл сөз «зиратқа түсер еңіс» деген мағынаны білдіреді. Содан бастап көптеген ғалымдар б. з. д. І ғасырдан б. з. V ғасырына дейінгі аралықты қамтитын өнерді катакомба өнері немесе ерте христиан өнері деп атайды. Ерте Христиан өнерінің ең бір айрықша, дамуында көп кедергілер болған тұсы Рим империясының әлі де болса, күйремеген уақытында пайда болуында еді.

Рим империясы тоқырау алдындағы дағдарысты басынан кешіріп жатты. Дін жағынан алауыздықтар, түрлі көзқарастар Римнің ішкі рухани жағынан құлдырауына әкелуде. Осы кезде христан діні де Рим Империясында бой көтеріп, әлі де ресми тұрғыда бекімеген болатын. Бекімеген дін әрине қолдауды да таппайды. Сондықтан дін астыртын, жасырын, тым құпия түрде жүзеге асты. Катакомба, яғни зираттар осы кезде христиан дінін ұстанушы бауырларға өз дінін насихаттау үшін, оны тарату үшін және де бауырластар болып жиналып дұға жасап, бір-біріне таныстыру үшін қажет болды. Алғашында әрине бейнелеу өнеріне көп жүгінген жоқ, дінді шартты түрде белгілер арқылы жеткізді. Өйткені катакомба сонау Рим заманынан тек қана зират болып табылатын. Сондай-ақ, жәй ғана зират емес отбасылық зират болатын.

Мұндай отбасылық зираттарда иудейлер өздерінің отбасы мүшелерін жерлеген. Мүрделерді жерге көмбей, жертөле ретінде қазылған зираттардың қабырғаларына қойып қоятын. Оларды алдын ала мумиялап, сосын барып қабырғадан арнайы қазылған сөре секілді «кубикулаларға» жатқызатын. Туысқандарын сағынған кезде немесе оларға дұға тілеген кезде сол отбасылық зираттарға барып салт-жоралғыларын өтеп, рәсімдерін орындап отыратын. Сонымен қатар, катакомбалар христиан дінінің белең алуына байланысты, христиандардың жасырынатын орнына айналды. Билік тарапынан қудалауға ұшырап, христиан дінінің өкілдерін аяусыз жазалап жатқан кезде, оларға міндетті түрде жасырынатын бір орын керек болды. Кейін христиан дінінің ауқымы кеңейіп қанатын жая келе, мұндай катакомбалардың қызметі, орны кеңейе береді. Бүгінгі күні ғалымдар қазіргі Рим территориясының астынан 150 км-ге созылатын осындай катакомбаларды анықтады. Олардың ең көнесінің жасы 2000 жылды құрайды екен. 60-қа тарта катакомба Рим территориясының астында бір-біріне жалғасып кеткен. Олардың кейбірінің шегарасын анықтаудың өзі мүмкін емес. Көлемін үлкейте келе мұндай галереялар бір-біріне жалғасып кеткен. Олардың ішінде кем дегенде 750 мың зираттай орын алған еді.

Катакомбаларды ұдайы пайдалану б. з. V ғасырына дейін қолданыс табады. Алайда V ғасырдан Х ғасырға дейін Византия Империясы құрылып, христиан діні Еуропада ресми дін деп танылған уақыттан бастап ол мінәжат ету орнына айналады. Миссионерлер мен дін таратушылар осындай катакомбаларға белгілі бір уақытта құлшылық жасап тұратын. Ал Х ғасырдан бастап катакомбалар мүлде назардан тыс болып ұмыт қалады. Тек қана кездейсоқ болған жағдайда ХVІ ғасырдағы жұмысшылардың арқасында катакомбалар табылып, көпшіліктің қызығушылығы мен оларды зерттеуге деген сұраныстарды арттыра бастайды. ХVІ ғасырда дінбасылар осы катакомбалар туралы зерттей келе, Ватикан кітапханасынан архивтік мұрағаттан деректер табады. Бұл деректер арқылы катакомбалардың тосыннан пайда болмағанын, христиан мәде- ниетінің қалыптасуында олардың зор рөл ойнағаны белгілі болады.

Бұл катакомбалар христиан бейнелеу өнерінің қалыптасуында қаншалықты маңызды болды және Батыс Еуропа бейнелеу өнерінің қалыптаусында қандай рөл ойнады? деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Катакомбалардың қызметі мен маңыздылығы артып, олардың іші кеңейген сайын ішкі интерьерін безендіруге деген де талап туындайды. Ең алдымен дінде жетекшілік еткен, әулие деп танылған тұлғаларға арналған бөлмелер жасалады. Мұндай тұлғалар катакомба ішінде жерленгісі келетін басқа да халықтар секілді кубикулаларда жерленбейді. Олар өздеріне арнайы жасалған бөлменің ортасында орналасқан саркофагке жерленеді.

Саркофаг бұл тас плиталардан құрылған, тіктөртбұрыш пішінді табыт. Саркофагтардың сырты міндетті түрде әртүрлі сюжетті бейнелермен бедерленіп, мүсінделіп отыратын. Әсіресе, саркофаг қабырғаларының орталық тұсында гректік «Хи» және «Ро» әріптерінің қосындысынан тұратын екі әріптің композициялық өрнегі орналасқан. Бұл Христостың символдық белгісі болды, яғни Христос деген сөздің символына айналған болатын.

Катакомба өнері саркофагтарда қарқынды түрде дами бастайды. Саркофагтар мен кескін- демедегі композициялық құрылымдар бір-бірін қайталап, жалғас тауып, өзара байланысады. Осындай діни жетекші тұлға жерленген бөлменің ішін кескіндемелік фрескалармен безендіру қалыптасқан еді. Әрине бұл кездегі кескіндемелік туындылар Грекияның классикалық үлгі- сінен шабыттанған Рим өнеріне немесе эллинистік өнерге мүлде ұқсамайды. Өйткені сурет салып отырған адамдардың суретші емес, ең алдымен діни қызметкерлер екенін ұғамыз. Адам денесі кескіндемелік туындыларда мейлінше шартты бейнеленіп, барынша тұспалданып көрсету басымдық танытты. Мұндай кескіндемелердегі орталық фигура бүкіл композицияның ортақ идеологиялық күші болып табылатын шопан бейнесінде шешім табатын. Ерте христиан кескіндемесі ең алдымен символдық қызмет атқарды. Символдық шешім табуы діннің әлі де болса, өзі туралы айғайлап айтуына болмайтынын білдіретін. Оны тек тұспалдап астыртын ғана жеткізу керек. Сол себепті суретшілер ежелгі антикалық мифологияда қалыптасқан құдайлардың бейнелерін, кейбір детальдарын негізге ала отырып, өз діндерінің жетекші кейіпкерлерінің образын жеткізіп отырды.

Катакомбалардағы кескіндемелердің орталық бөлігінде шопан бейнесі көрініс тапты. Әдетте, мұндай шопан қой немесе ешкі бағып жүрген секілді немесе сол қой, ешкісін арқасына асып жүргендей бейнеленетін. Бұның негізгі астарында Христос бейнесі жатыр. Қой ретінде дінге келуші христиандар бейнеленсе, Христос бейнесі сол қойларды бағып жүрген жетелеуші тұлға шопан ретінде кескінделеді. Жан-жағында Христос пен христиан дінінің символдық белгілері көрініс тапқан еді. Мысалы, феникс, көгершін, балық түрінде де бейнеленетін.

Феникс - Христостың қайта тірілуінің бейнесі деп таныды. Себебі, ежелгі Антика дәуіріндегі мифологияларының бірінде Феникс өзін-өзі өртеп жіберіп, күлінен қайта тіріледі деп сенген еді.

Көгершін - Христостың құдай алдында құлшылық жасаған киелі рухының бейнесі.

Катакомбалардағы кескіндемелік фрескалар

Балық Христостың символдық белгісі. Кеме де осы христиан дінімен, Христос бейнесімен байланыста шешім тапқан еді. Кеме - шіркеудің, теңіз - діннің бейнесі. Ал кемедегі ескек ескен адам сол шіркеуді дінге қарай бағыттаған тұлға деп білді. Христос бейнесі ғана жетекші рөл ойнаған жоқ, сонымен қатар, күрделі композицияларда кездесті. Олар мейлінше шарттылығымен ерекшелетін.

Бауырларының Иоаннды теңізге тастау сәті, Катакомбалардағы кескіндемелік композиция. Дәл осы композициядан оқиғаның басынан аяғына дейін толық өрбу сәтін, цикл бойынша бір форматтан көреміз. Фреска оң жақтан солға қарай оқылады. Кемеден Иоаннды бауырлары лақтырып жатыр. Біз теңізде жүзген құбыжықты көріп тұрмыз. Иоаннды суға тастаған сәтте құбыжық оны жұтады. Су құбыжығы кері қарай бұрылып, жұмаққа барып Иоаннды құсады. Жұмақты ерте христиан кезінде барынша шартты түрде тек жүзім жапырақтарымен жеткізген болатын. Жүзім жапырақтары есімізде болса, антикалық Грек мәдениетінде шарап құдайы Дионистің символдық белгісі болатын. Ол әрқашан жүзім жапырағымен, жүзіммен бірге бейнеленетін. Оқиға неге жұмақпен аяқталады? Не себепті Иоаннды өлтірген бауырлары жазаланбайды? Өйткені Иоанн жер бетіндегі дін жолындағы азаптарының сыйы ретінде жұмақты қабыл алды. Оған жұмақ сыйға берілді. Бұл жерден жазалау сәтін көрмейміз. Керісінше, өліммен болса да жұмаққа жеткен Иоанның жеңісін ғана тамашалай аламыз. Кейіннен Иоанн саркофагінде де осындай композицияны көреміз. Өкінішке қарай, бізге дейін ол саркофагтің қалған үш қабырғасы сақталмаған. Біз бергі беткі алдыңғы қабырғасын ғана тамашалай аламыз.

Иоанн саркофагі

Бұл саркофагта да суретші күрделі рельеф арқылы дәл осы циклдық бейнелеу әдісін пайдаланады. Бір жағынан ярусты, бір жағынан циклдық бейнелеу әдісінің куәгері боламыз. Мұнда да Иоанның азаптары, Мұсаның тастан от шығаруы Нұх пайғамдардың ерліктері осы екі ярусты рельефте бірінен соң бірі бейнеленіп шешім тапқан болатын.

Ерте хритстиандық катакомбалардың ішінде жиі кездесетін бейнелердің бірі бұл «оранта» бейнесі. «Оранта» атауы сәл болса да Ежелгі Қосөзен мәдениетіндегі «адоранта» атауымен ұқсастық табады. Енді екі бейнені салыстырып көрейік. Адоранта Қосөзен мәдениетіндегі ғибадатханада отырып, мәңгі құлшылық жасаушы пенденің мүсіні. Ол үнемі бүкшиіп, көздері шарасынан шыға бақырайып құлшылық жасау үстінде бейнеленетін. Көздерін бақырайтып бейнелеу арқылы сол пенденің құдай алдындағы үрейі мен қорқынышын көрсеткісі келген болатын. Ғибадатханаға адам келмесе де адоранта олар үшін ұдайы құлшылық үстінде болатын. Енді орантаға назар салсақ. Оранта катакомба кескіндемесінде құлашын кере, екі қолы мен алақандарын көкке бағыттап дұға жасаған адам бейнесі. Оның да көздері шарасынан шыға бақырайтып көрсетілген болатын. Ерте христиандық суретші де осы арқылы адамның құдай алдындағы шынайы бейнесін, үрейін, қорқынышын көрсеткісі келді.

Христиан дінінің алғашқы кезеңінде бейнелеу өнерін таңдандыру немесе тамсандыру құралы ретінде емес, керісінше насихат құралы ретінде пайдаланды. Дін құдіретті. Күнә жасаған ісің үшін ол жазалай алады. Жазалау бұл дүниеде болмаса да міндетті түрде о дүниеде жүзеге асатынын осы бейнелеу тілі арқылы, христиандарды қорқытып, үрейлендіру құралы ретінде пайдаланды. Осылайша, діннің құдіретін сездірген болатын. Ерте христиан бейнелеу өнерінде Иисус Христостың құлшылыққа құмарлығы мен сол құлшылық пен дін жолында тартқан азаптары әрқашан шартты берілген болатын. Осы орайда Иисустың шопан ретінде бейнеленгенін де айтып кеткенбіз. Кескіндемемен қатар дәл осындай бейнелер, мүсіндік рельефтер мен саркофагтердің сыртқы қабырғаларында да көрініс тапты. Мысалға келтірер болсақ, Христостың азаптарын бейнелейтін «Христостың азаптары» деп аталатын саркофагтің бір бетіндегі қабырғасында екі яруста шешім тапқан. Әсіресе, сол азаптарды шиеленістіріп көрсететін тұстарын спираль тәрізді иірілген баған діңгектерінен де көре аламыз. Сонымен қатар, бағандар арқылы белгілі бір бөліктерге бөле отырып, суретші Иисус Христостың қиындықтарын да шартты түрде бейнелейді. Мысалы, оның крестті көтеріп бара жатқаны, Рим әскерлерінің қолына түсуі, өте қарапайып шешім табады.

«Үш шопан» саркофагі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлық Еуропа мәдениеті.Византия мәдениеті
Шығыс және Батыс Рим империяларына бөліну
Византия өнері
Христиан өнерінің бастапқы кезеңі
Орта ғасыр мәдениеті. Итальян қайта өрлеуі
Орта ғасырлардың мәдениет туралы түсінік
Византия мемлекетінің құрылуы
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Жібек жолының пайда болуы
Орта ғасырлар мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz