Жоғарғы Ренессанс өнері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоғарғы Ренессанс өнері
Өнер тарихы
Бүгін біз бейнелеу өнері тарихындағы ең керемет кезеңдердің бірі - Ренессанс дәуірін жалғастырамыз. Бүгінгі тақырыбымыз жоғарғы Ренессанс деп аталады, яғни қайта өрлеу дә- уірінің алтын ғасырын қарастырмақпыз.

ХV ғасырдың соңы мен ХVІ ғасырдың басында Италия, Испаниямен, Португалия және Нидерланд елдерімен арадағы байланыс нашарлап, экономикалық бәсекелестік тудырған қиын кезеңдер өте бастайды. Дәл осы қиын кезеңде керісінше бейнелеу өнері өз дамуының шарықтау шегіне жетеді. 1400 - 1600 жылдар аралығында әртүрлі ізденістерді қарастырып, даму үстінде болған өнер осы қысқа уақытта өте керемет жетістіктерге жеткен болатын. Жоғарғы қайта өрлеудің даму уақытын, яғни өркендеу уақытын шамамен отыз жылдыққа сидырамыз. Өйткені дәл осы отыз жылдықта жоғарғы қайта өрлеу барлық дерлік мүмкіндіктерін көрсетіп болған еді. Жоғарғы қайта өрлеу өнері бұл алыптардың дәуірі. Бұл кезеңде суретші көп, алайда өзін дәлелдеген дара тұлғалар аз еді. Сондықтан да кейбір өнертанушылар дәл осы кездегі өнерді тек қана алыптардың дәуірі деп атаған еді. Жоғарғы ренессанс өнері алғашқы кездегі ренессанстан несімен ерекшеленді? Иә, алғашқы кездегі ренессанс сол проторенессанс, квадроченто дәуірінде- ақ мейлінше, мүмкіндігінше дара тұлғаны жасауға тырысып жатты. Ал енді жоғарғы ренессанс кезінде дара тұлға өзін қоршаған табиғатпен өзінің ортасымен тікелей байланысқа түседі.

Бұл өзіне сенімді адам енді сол сенімділігімен, сол даралығымен кенеп кеңістігінде барынша үлкен етіп бейнелеу арқылы сол форматтан шықпайды, керісінше бір байланыста, тұтастықта, синтезде көрініс табады. Дәл осындай синтезге талпынушылардың бірі - Боттичелли болған еді. Әрине Боттичеллиді жоғарғы ренессанс өкілі деп қарастыра алмаймыз, дегенмен жоғарғы ренессанс суретшілері көп қалам тартқан станокты кескіндеменің жалпы кескіндемеден, монументалды кескіндемеден бөлініп шығуына бірден бір ықпал еткен кісілердің бірі. Алғаш рет Боттичеллидің кенептерінен біз портрет жанрын соның ішінде бір қырынан бейнеленген портрет жанрын көреміз. Сонымен қатар, мифологиялық тақырыптарға тоқтала отырып, сол антикалық мифологиямен байланысты орнатқан еді. Венераның тууы немесе Флора патшалығы атты туындылары орта ғасырлық дәстүрлерді сақтай отырып орындалса да, тақырыбынан, кейіпкерлерінен, кейіпкерлерінің негізгі атқаратын қызметі арқылы ренессанстық рухты сезінген едік. Дәл осы Боттичеллидің ізденістері, Мазаччоның, Джоттоның ізденістері енді қайта өрлеу дәуірінде идеалды сипат, идеалды кейіп ала бастайды. Идеалдандырылған бейне дегеніміз не? Ол өз заманының мінсіз қаһарманы, өз заманын жасаушы, яғни қайта өрлеу дәуірінде қоғам орта ғасырлық сипатынан, тіпті алғашқы қайта өрлеу кезеңінен қайта өркендеп дамыған болатын. Әкімшілік орталықтар көбейді. Дегенмен қайта өрлеу дәуірі бұл өте үрейлі, қорқынышты заман еді. Көше дәл картина туындыларында салынғандай әсем болған жоқ. Сондықтан да суретшілер шынымен өз заманындағы қауіп төндірген бұзақылық, зорлық, зомбылық дегенді көрсетпеуге тырысты. Әйел адамдарды құдай анаға теңеп, ал ер адамдарды мінсіз сипатта бейнелей отырып, идеалдандырылған мінсіз бейне жасады. Сол қоғамдағы адамдар армандаған ортаның тұлғаларын тудыруға тырысты. Олар табиғатпен астасты. Енді адамның көңіл күйін Джотто секілді дереу бет-бейнесінен көре алмаймыз. Енді оның ішкі жан дүниесін өзін қоршаған табиғаттан тамашалаймыз. Табиғаттың соншалықты әсерлі берілгені бейнелеуші тұлғаның қандай көңіл күйде тұрғанын анықтап береді. Дәл осы әдіске ең алғашқылардың бірі болып сфумато техникасын ойлап табу арқылы Леонардо да Винчи жеткен болатын. Леонардо Да Винчи жиек сызықтарды мейілінше жаймалап, кеңістікпен байланыстыру арқылы адам бейнесін табиғатпен астастырды. Енді перспективаға, сызықты перспективаға қатаң тоқтаудың қажеті жоқ, керісінше оларды кейбір жерде алып тастау керек, қолданудың да қажеті жоқ. Осылайша алысты жақындатып, жоқ нәрсені бар етіп көрсету арқылы жоғарғы ренессанс өнері идеалдандырылған бейнелер жасай бастайды.

Жоғарғы ренессанс кезеңінде қайта өрлеу сәулет өнерінің мінсіз пішіндері қалыптасады. Оның алғашқы өкілі - Браманте болды. Браманте Темпьетто құрылысында дәл ежелгі антикалық ғибадатханалық құрылыстың мінсіз формасын пайдалана отырып, ренессанстық үлгісін жасайды. Темпьеттоның пішінін біз толос пішініндегі ғимаратты көреміз. Сыртынан қарасақ дөңгелек секілді, өйткені бірқатар бағандар оны шеңбер құрап айналып тұр. Бірақ ішінде 8 қырлы ғимарат, яғни ғибадатхана, құлшылық орны орналасқан. Төменгі жағы 3 қатар баспалдақпен аяқталады. Дәл осы құрылыстың үстіне, толостың үстіне Браманте ізденіс жұмысын жалғастыра отырып тағы да бір шеңбер пішінін екінші қабатқа орнықтырады. Екінші қабатты сәл үшкірлене түскен күмбезбен аяқтайды. Дәл осы күмбезден, тіреу бағанды жүйеден, толос пішінді ғимарат- тан біз Ежелгі Риммен, Ежелгі Антикалық Грек мәдениетімен сол кездегі сәулет өнерінде қа- лыптасқан заңдылықтармен бір ізді байланысты байқаймыз.

Кескіндемеде негізінен 3 алыптың есімі аталады. Олар: Леонардо да Винчи, Рафаэль Санти және Миккеланджело. Леонардо да Винчи жас күнінен-ақ өте ізденімпаз, тынымсыз, мазасыз болатын. Сонымен қатар, ол әрбір жұмысын ғылыми тұрғыда қарастырды. Тек қана бейнелеу өнер тұрғысынан қарастырған жоқ. Леонардо да Винчи жас күнінен бастап анатомияны зерттеді, анатомияны ол жануарлардың анатомиясын қарастырудан, оларды сойып, ішкі құрылысын ақтарып тексеруден бастады. Есейе келе шығармашылығы қалыптаса бастағанда дәл осындай әдісті ол өз шеберханасында адамдарға, яғни мәйіттерге, өлген адамдарға жүргізді. Бұл ренессанс дәуірінде үлкен күнә, қылмыс саналатын. Бірақ осындай дара тұлғаның өз заманында шығармашылығының қалыптасқанын қаласа керек табиғат та, қоғам да Леонардо да Винчидің бұл әрекеттерін білсе де білмегендей бір әрекет танытқан еді. Леонардо да Винчи адам образының, мінез-құлқының психологиялық қырларын терең қарастырады. Осындай бір іздену долбарларында карикатураға жақындау шарждық жұмыстар жасап, ерекше таңғалдырады. Сонымен қатар, Леонардо да Винчидің трактаттары арқылы біз адам ағзасының ішкі құрылыстарының бәрімен танысқан едік. Леонардо да Винчидің техникалық жағынан сәтсіздікке ұшыраған жұмыстары көп еді. Өйткені Леонардо да Винчи ізденіс барысында әртүрлі эксперименттерге баратын еді. Бояудың құрамына тәжірибе жасайтын немесе грунстқа тәжірибе жасайтын. Осылайша, оның жұмыстары бізге дейін өте нашар сақталды. Тіпті кейбіреулері қабыршақтанып түсіп қалды.

Солардың бірі композициялық құрылымы жетік, идеялық мағыналық құрылымы тұтас туындыларының бірі Құпия жиын деп аталады, яғни Санта Мария Дельграция шіркеуінің ішінде орналасқан композицияда бір үстел басына жиналған Иисусты шәкірттерімен бірге бейнелейді. Бұл тақырып жалпы бейнелеу өнерінде Леонардоға дейін де, Леонардодан кейін де өте көп қарастырылған. Алайда Леонардо да Винчи дәл осы тундысында перспективалық өріс заңын қолдану арқылы ғимараттың ішінің кеңістігін иллюзиялық тұрғыда кеңейтуге тырысады. Тағы да ерекше тұсы психологиялық қырына назар аударғаны біз сатқынның кім екенін айқын көре алмаймыз. Гирландайо болсын, Тинторетто болсын дәл осы тақырыптағы композицияларда Иуданы топтан оқшаулау арқылы немесе бірінші планға немесе артқы планға орналастыру арқылы кімнің сатқын екенін айқын көрсететін. Өкінішке қарай, бұл жерде біз бір қарағанда оны көре алмаймыз, іздеуге тура келеді. Ол композицияны үш-үш адамнан топтастырып бөледі. Осылайша үшбұрыш құрады, сонда сол жақтағы екінші топтан біз артқы көлеңкеде қалған бір бейнені көреміз. Әрине ол Иуда. Назар салып қарасақ қанжарын, яғни нан турайтын пышақты артқы қолына жасырып тұрғанын байқау қиынға соқпайды. Осылайша жұмбақ түрде тұспалдау арқылы Леонардо да Винчи өз ізденісінің керемет тұстарын айқын көрсетеді.

Леонардо да Винчидің осындай көп тәжірибе жасаған туындыларының бірі - Ангиари маңындағы шайқас. Өкінішке қарай, жұмыс біріншіден аяқталмаған, екіншіден бізге дейін сақталмаған, алайда бұл жұмыстың болғаны жайлы бізге Леонардо да Винчидің эскиздері және тапсырысты алғандығы туралы қалған мұрағаттағы құжаттар айта алады. Жұмыс аттылы композициядан тұрып, қарқынды қозғалыстағы экспрессиядан тұрып экспрессиялы динамикаға негізделген. Бұл жерде айқас, шайқас болып жатыр. Ол шайқастың күш-қуатын Леонардо да Винчи аттардың бұлшық еттерінің қозғалысы оның әсері арқылы жеткізеді. Енді біз алғашқы идеалдандырылған мінсіз пішіндердің жоғала бастаған, эмоцияға көңіл бөле бастаған сәттерін айқын көре аламыз.

Жоғарғы қайта өрлеу дәуірдегі тағы бір жарқын тұлғалардың бірі - Рафаэль Санти. Ғұмыры әрине тура Мазаччо секілді қысқа болды, отыз жеті жас қана өмір сүрді. Алайда соңында мінсіз туындылар қалдырды, ең алғашқы туындыларының бірі бұл Конестабиле ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта ғасырлық Еуропа мәдениеті.Византия мәдениеті
Қайта өрлеу өнері. Проторенессанс, кватроченто
Сәулет өнеріндегі модерн стилі
Готика өнері
Интерьер және дизайнының даму тарихы
Архитектурадағы модерн стилі
Қайта өрлеу мәдениеті
Еуропадағы «қайта өрлеу» өнері
Орта ғасыр мәдениеті. Итальян қайта өрлеуі
Гегельдің пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия
Пәндер