Крит, Микен аралдарының өнері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Крит, Микен аралдарының өнері
ӨНЕР ТАРИХЫ

Крит, Микен аралдарының өнері
Шамамен б.з.д. 2000 жылдары негізі қаланып, б.з.д. 1500 жылдар гүлдену дәуірін басынан кешірген Крит, Микен аралдарының өнері Ежелгі Грек мәдениеті мен өнерінің негізін қалаушы алғашқы сатысы. Эгей теңізінің жағалауында орналасқан Крит, Микен, Тиринф аралдарын мекен еткен халықтар әлі де болса мәдениеті бірікпеген, бірақ өзіндік ерекшелігімен құнды дүниелер жасады. Солардың ішінде ерекше көзге түсіп, ең алдымен тоқталып кететініміз бұл Крит аралдарының өнері. Бұл уақыттағы өнерді географиялық орналасу территориясына қарай Крит, Микен аралдарының өнері, Миной мәдениеті немесе Эгей өнері деп те атау қалыптасқан. Крит аралдарының өнері ең алдымен, бейбіт, өзара тәуелсіз өмір сүрген халық болуымен ерекшеленеді. Олар өз қалаларын арнайы қорғандармен қоршамаған. Осы ерекшелегі өзара көршілес қала- полистермен бейбіт тұрғанын айқындай түседі.

Крит аралдарының өнері туралы сөз қозғайтын болсақ, Кносс сарайы жайлы айтпай кету мүмкін емес. Кносс сарайы Крит өнерінің жауһары саналады. Құрылысы өте күрделі бірнеше қабаттан тұратын бұл ғимарат өз кезінде лабиринт деген атауды иеленген болатын. Өйткені алғашқы салыну барысында құрылысы жоспарланбаған ғимарат көлемі кеңейіп, жапсарлас бөлмелердің жалғануымен ерекшеленеді. Тіпті кейбір тұстарында кіреберіс жолдардан адам адасып, жоғалтып алуы да мүмкін еді. Жертөле мен жер бетіндегі үш қабаттан тұратын ғимарат 120х120 өлшемдегі кеңістікті қамтыды. Оның ішінде тек қана сарай мүшелері ғана емес, сарай қызметшілері, әскери, қорғаныс қызметшілері, барлығы осы сарайдың ішінде өмір сүрді. Жертөлелерде осынша көп адамға арналған азықты сақтайтын қоймалар, әртүрлі қызметке арналған бөлмелер де орналасты. Олардың көлемі айтарлықтай үлкен болмады. Өйткені төбе жабыны Крит аралдарында да өзекті мәселе ретінде қарастырылды. Кносс сарайы бірнеше қабатты болуымен қатар, безендірілуі жағынан да ерекше болды. Әрбір бөлмеде Крит аралдарын мекендеуші халықтардың тұрмысын, спорттық ойындарын бейнелеумен қатар, әртүрлі фантастикалық бақтар мен жануарлардың бейнелерін де салып отырған болатын. Солардың ішіндегі ең ерекшесі тақ залы деп аталады. Тақ залы қызыл түске бөленіп, оның қабырғаларында грифон бейнесіндегі ғажайып жануарлар кескінделген.

Грифон грек мәдениетінде тылсым, ғажайып бір құс-жануардың бейнесі. Денесінде арыстан іспетті, құс тұмсықты фантастикалық жануардың бейнесі болатын. Ортада тақ орналасып, оның алдында дөңгелек пішінді, іші сәл шұңғылдау келген тас ошақ тұрды. Өзіндік құрылыстық ерекшеліктеріне қарай бөлме іші кең болмады. Тас ошаққа белгілі бір діни жоралғылар кезінде от жағылатын. Таққа қарама-қарсы қабырғада бағандар орналасты. Бұл бағандар кейінгі классикалық кезеңде үлгі болып қалыптасқан бағандардың қарама-қайшы үлгісі болды. Әдетте бағандар жоғары қарай сүйірленетін болса, осы Криттегі Кносс сарайында керісінше жоғары жағында жуандап, төменгі жағында сүйірлене түсті. Тақ залынан емес, бүкіл сарайдың барлық жерінен осындай колонна үлгілерін көреміз. Оларды протодорийлік ордерлер деп атаймыз. Ордерлік жүйе архаика дәуірінде пайда болса, прото, яғни ілкі оған дейінгі деген сөз. Протодорийлік ордерлер қызыл немесе қара түске боялып, капителі өте қарапайым шешілді. Екі немесе үш қабат құрайтын ғимараттың аралық қабаты осы тіреу бағанды жүйеде протодорийлік жүйеде шешілді. Сырттан қараған кезде бұл ордерлер ерекше бір әсем көрінетін. Асқақ көрінбейді, керісінше әдемі әрі әсерлі көрінеді. Асқақ көріну үшін ол жоғары қарай сүйірлену керек болатын. Кносс сарайының тарихтан алған екінші атауы лабиринт деп аталды. Лабиринт - бұл ішіне кірсең адасып, шыға алмайтын құрылыс. Лабиринт деп аталу себебі, оның Тесей туралы мифпен байланысында болды. Кейінгі Грек халқы осы Эгей мәдениеті кезінде ғимараттың ішінде адам денелі, бұқа басты бір құбыжық өмір сүрген деп сенген болатын. Мифология желісі бойынша ол құбыжықты Тесей жеңіп, жіптің арқасында адаспай, қайта сыртқа шыққан екен.

Бұқа басты құбыжық Минотаврдың символдық белгісі ретінде әртүрлі белгілер бар. Солардың бірі екі мүйіздің формасында шешім тапқан, орындық немесе тағы басқа да ғұрыптық қызмет атқарған заттар болды. Эгей мәдениетінде осы бұқа культімен байланысты заттардың бірі ол ритондар еді. Ритондар сұйықтық немесе шарап құюға арналған, мүйізден жасалған арнайы ыдыстар. Оның басы мен соңы күміс немесе алтын бұйымдармен әшекейленіп безендіріліп, оған кейде асып немесе іліп жүруге арналған жіп байланатын. Бұқа культімен байланысты Кносс сарайындағы кезекті бір бөлмелердің іші салтанат залына апаратын дәліз болатын. Сол дәліздің қабырғасы Таврокатапсия тақырыбындағы ойынмен, ойын сюжетіне байланысты безендірілген болатын. Бұл ойын адамдардың өлім үшін немесе өмір үшін тартысын емес, өзінің өнерін, ептілігін, қозғалыс барысында өзінің теңдігін ұстай алу шеберлігін көрсететін өнер түрі еді, яғни акробаттар үлкен алып бұқамен өнер көрсетіп, сол бұқа қалай қозғалса, қандай бір қауіп тудырса да өз өнерін соңына дейін аяқтап шығуы керек болатын. Байқап отырсақ бұл жерден де иығын алдынан қарата, аяғын қырынан, көзін алдынан, басын қырынан қаратып бейнелеу мысырлық әдісі сақталса да ерекше бір нәзіктік, әсем сұлулық байқалады. Өйткені Кносс сарайындағы әрбір бөлмеден көретін бейнеден біз ерекше сәнді сән үлгісін, шаштарын бұйралап, кейбір жерлерде оны моншақпен әспеттеп қою үлгілерін көреміз. Ал адамдардың қолы, аяқтары барынша жіңішке етіп, бұлшықеттері тұспалданып бейнеленіп, белдері өте әсем, әдемі, жіңішке етіп тартылып бейнеленетін.

Кносс сарайындағы тағы бір керемет бейнелердің бірі - әйелдердің бейнесі. Біз шаш үлгісі ерекше, ХХ ғасырдағы Париж қыздарына ұқсайтын қыз бейнелерін көреміз. Ғалымдар оларды Парижанка деп атайды. Жұмақ бағын мекендеуші көк құстарды да тамашалай аламыз. Түстерінің сол күйі қанық, өте әсерлі сақталуы да Кносс сарайындағы көркемдік мәдениеттің өте жоғары деңгейде болғанын дәлелдейді. Қала мәдениеті осы Миной мәдениеті тұсында өте қарқынды дамыды дедік. Бірақ Кносстың жойылып кетуіне әлде қандай әскери немесе соғыс жағдайы себеп болған жоқ. Фест аралында болған жойқын жанартау жарылысы осы Кносс сарайының да жойылуына тікелей әсер еткен болатын.

Келесі бір өнер ескерткішін біз Тиринфтегі акропольден көре аламыз. Акрополь - жазық төбеге салынған қала деген мағынаны береді. Мұндай қалалар салу қажеттілігі енді жан-жақтан көршілес елдерден төнген қауіптің үдей түскендігін айқындатады. Қалалар әдетте қорғаныс мақсатында салынып, төменнен қараған елге асқақ, өте ұлы, әсем, саланатты көрініп тұру үшін осындай ерекше жерлер таңдалып алынған болатын. Қауіп-қатердің үдей түскен бір тұсын біз Микен аралдарынан көреміз, яғни бұл жердегі акрополь қақпаның ерекше сипат алуына байланысты Арыстандар қақпасы деп аталды. Жалпы қала сырты өте үлкен, дөрекі өңделген тас блоктарынан қаланған болатын. Ондай қабырғалардың биіктігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Грекия мәдениеті туралы
Антикалық Грекия өнері. Гомерлік және архаикалық кезең
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті, өнері
Бейнелеу өнері туралы
Ежелгі Грекия өнері жайында
Греция тарихының ежелгі кезеңі
Мүсіндеме, мүсін, скульптура
Архаикалық кезеңдегі Греция
Ежелгі грек мәдениетінің тарихы
Ежелгі Грек мәдениеті. Гомер кезеңі
Пәндер