Қайта өрлеу өнері. Проторенессанс, кватроченто



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қайта өрлеу өнері. Проторенессанс, кватроченто.

ӨНЕР ТАРИХЫ

Ренессанс өнері - Батыс Еуропа мәдениетінің алтын ғасыры. Ренессанс мәдениеті италиян тілінде Ринашименто, Француз тілінде ренессанс деп аталып, қайта өрлеу деген мағынаны білдіреді. Қайта өрлеу, неден қайта өрлеу? Қалай қайта өрлеу? Ежелгі антикалық грек өнерінен қайта жанданып, қайта өркендегенін көптеген ғалымдар өз еңбектерінде дәлелдеп кеткен. Антикалық мүсіншілер мен антикалық сәулетшілер жасаған мінсіз идеаландырылған образдар дәл осы қайта өрлеу дәуірінде жаңаша сипатпен айқын көзқараста шешімін тауып, суретшілердің шығармашылығына арқау болған еді.

Алғашқы болып терминді біз Пицилидің еңбегінен, ал бейнелеу өнеріне қатысты Джорджо Вазаридің ең танымал туындысы суретшілердің өмір тарихын баяндайтын шығармасынан оқи аламыз. Джорджо Вазари осы кезде дәл осы терминді қолдана отырып, бейнелеу өнерінде сол идеяның жетекшілік ете бастағаны айқын сезіледі. Сонымен қатар, Вазари өз заманындағы өзімен қатар өмір сүрген ең танымал тұлғалардың өмірбаянын жазу арқылы бізге сол суретшілер туралы маңызды, өте құнды терминдер қалдырып кеткен еді. Қайта өрлеу дәуірі несімен ерекшеленеді? Қайта өрлеу дәуірі еркіндігімен гуманистік идеясымен және еркіндікке адамның өзіндік болмысын, қайта жаңғыртуға деген талпыныстарымен ерекшеленеді. Рим империясы біздің дәуірімізге дейінгі I ғасырда құлап, XIV ғасырға дейін тұтастай ұйқы дәуіріндегі ортағасырлық патшалық еткен болатын. Батыс Еуропада ұзаққа созылған орта ғасыр жалпы адамды мейлінше төмендетіп, оның жер бетіндегі түкке тұрғысыз болымсыз жаратылыс екенін үнемі айтып қайталаумен болған. Қайта өрлеу дәуірі орнатқан догмалы идея адам жаны тек қана тазаруды қажет етеді деген болатын.

Ортағасырлық философия бойынша адам денесі тек күнәға арналған құты еді, яғни адам өзін азапқа салу арқылы құдай жолындағы азапты миссияларға бару арқылы жанын тазартып отырған, бірақ бұл идеяда X - ХV ғасырда тоқырап, оның орнын гуманистік идея басады. Ортағасырлық теоцентризм орнына енді қайта өрлеу дәуіріндегі антропоцентризм келеді. Орталықта енді құдайды емес, біз адамды танимыз. Дәл осы кезде адам өзінің күшіне, өзінің идеясына сеніп, дүниені өзгерте алатынына табиғаттың болымсыз жаратылысы емес, табиғаттың ең мінсіз тылсым керемет жаратылысы екенін ұққан болатын. Сондықтан да дәл осы кезде Галилео Галилей, Николай Коперник секілді ғалымдар дүниенің шіркеу орнатқан заңдылықтары бойынша жүрмейтінін және дәл сол шіркеу орнықтырған, шіркеу сендірген хронологиялық кезеңдер бойынша қалыптаспағанын дәлелдеп береді. Сол үшін де отқа тасталып, өртелген болатын. Гуманистік идея адамгершілікті бірінші орынға қояды, адам идеясын өзіне сенгеннен кейін белгілі бір деңгейде құдаймен жарату жағынан бәсекеге түседі. Ол бірдеңені жасай алады ғой, ол тудырған нәрсесі әсем, әдемі бола алады. Сол арқылы құдаймен теңескен бола алатын еді. Осылайша, қайта өрлеу дәуіріндегі адам антропоцентристтік көзқарасты қалыптастырып, гуманистік идеяның жетекші дамуына ықпалын тигізді.

Қайта өрлеу адамы бұл жасампаз адам, ол өз ортасын тануға және сол ортада өзіндік көзқарасын көрсетуге құмар адам. Сондықтан да қайта өрлеу кезеңіндегі адамға қатысты философиялық көзқарас та өзгереді. Адам денесі жанға арналған ыдыс, яғни құмыра. Бұл жерде күнә емес, ол қандай күнә жасаса да немесе игілікті іс жасаса да, ол пенде болып қалады. Осындай иделогиялардың жетекшілік етуі арқасында өнер жаңаша сипат алып, өте қарқынды бір даму үрдісін алады. Әрине, қайта өрлеу кезеңі өнерін басқа да кезеңдер секілді бірнеше кезеңге бөліп қарастырылады. Мысалы, ең алғашқы кезеңін проторенессанс деп атаймыз. Бұл әлі де болса готикалық догманың тоқтамаған уақыты. Готика жалғасып жүріп жатыр, бірақ ішінара суретшілердің арасында оны қанағат тұтпай өз жаңалықтарын ұсынғандар бар.

Проторенессанс кезеңі ғасырлық шегарасына байланысты дученто және треченто деп аталады. Ду итальян тілінде екі 1200 жыл, ал треченто тре үш 1300 жыл мағынасында қалыптасқан еді. Проторенессанс кезеңіндегі ең танымал өкілдерінің бірі жалпы қайта өрлеу кескіндемесінің қайта өрлеу бейнелеу өнерінің жандануына дем берген суретшілердің бірі - Джотто ди Бондони болған. Джоттоның ең танымал көрнекті жұмыстары Падуя қаласында орналасқан. Падуя қаласында Скровенни атты көпес, бай кісі өзінің кәсібінде жасаған күнәларын жуу мақсатында үлкен капелла салдырады. Ол капелла Дель Арена деп аталған болатын немесе екінші атауы сол Скровеннидің атымен Скровенья капелласы деп аталып кеткен. Джоттоның негізгі жұмыстары барлығы осы капелланың ішінде жинақталған. Сыртынан қарасаң капелла өте қарапайым романдық стильдегі сәулетті принципте шешімін тапқан. Биік емес, яғни ішіне кірсең ол ғимараттың іші тік төртбұрышты болып, қабырғалары тұтастай Джотто фрескаларымен бейнеленген. Фреска техникасы өзі айтып тұрғандай қабырғаға тез әрі жылдам жазып бітіруді талап ететін монументалды кескіндеменің бір түрі, яғни осы қабырғаның екі қапталы тұтастай фрескалармен көмкерілген. Бұл жерде Джотто 16 апостолдың портреттік бейнесін жасауға және сол 16 опостолдың бет бейнесі кезектесе тұрып 38 фрескада шешім табады. Екі қапталды да ол әдейі шартты түрде бөледі. Бір жақ қапталында ол Христостың анасы Марияның өмір жолын баяндаса, екінші жақ қапталында Марияның анасы Аннаның өмір жолын баяндайды. Осылайша, капелланың ішіне кірген адамның назарын капелланың төрінде Алтарьда, яғни михраб бөлікте орналасқан үлкен, ең үлкен композиция Апокалипсис сюжетіне аударады. Ол ақырзаман сюжеті, дүниенің төңкеріліп, ең соңғы сот жүретін кезі. Капелладағы фрескаларға көз жүгіртіп қарасақ, олар ең алдымен бізді керемет, әдемі түсімен таңғалдырады. Сонымен қатар, сол жерде болған жаңалықтардың бірі - кеңістіктің пайда болуы.

Ортағасырлық принциптер қалыптастырған қатаңдық, шарттылық мейлінше символикалық шешім табу дәл осы Джотто шығармашылығында ақырын-ақырын жойыла бастайды. Джотто өзіндік көзқарас тұрғысынан Інжіл тарихын, Інжіл сюжеттерін қайта қарастырады. Барлық сюжеттердің артқы фонында шартты әрі бір-екі бөлшектен болса да кеңістік көрініс алады. Ол бір таудың кішкене жотасы немесе сол жақтағы бір ағаштың бір бұтағы немесе екі ағаштың орналасуы арқылы болса да пленаралық шешім бірінен кейін бірі тәртіппен орналасып кеңістік тереңдеп кеңейе түседі. Джотто ди Бондони осы Падуядағы Дель Арена капелласындағы фрескалар арқылы тек қана кеңістіктік планаралық шешіммен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, ол алғаш рет перспективаны көрсетем деген талпыныстарды жасайды. Адам пропорциясында үлкен бір өзгеріс енгізеді. Ең алғаш Джотто фрескаларында адамдар бұрынғыдай ұсақ, кішкене емес, композицияның ең маңызды орталық бөлігін үлкен көлемді етіп көрсете бастайды. Сонымен қатар, бірінші планда отырған адамдар алғаш рет көрерменге арқасын немесе жанын беріп отыра бастайды. Осы арқылы Джотто төңкеріс жасағандай болады. Сонымен қатар, адамдардың дене бітіміне, бет-әлпетіне қарайтын болсақ, тағы да алғаш рет осы Джотто бейнелерінен біз көлемді үш өлшемді формаларды көреміз. Орта ғасыр тек қана екі өлшемді, яғни жазықтықта жазық бейнеленген фигураларды ұсынатын. Ол қатаң, қалыптасқан ереже заңдылықтары бойынша жүрген еді. Джотто оларды үш өлшемді айналдырып, көлемді етіп, жарық пен көлеңкені үйлесімді қолдану арқылы көлемді етіп көрсетеді. Мүсіндік формалар пайда бола бастайды. Ал екіншісі бұл пропорция. Адам өлшемі тартымды кейіп ала бастайды. Оның бет-әлпеті ортағасырдағыдай сопақ емес, адамдар ерекше ұзын салмақсыз емес, адамдардың бейне тұрқына қарай салмақ та сезіле бастайды.

Капелланың ішіндегі ең ерекше назарымызға түсетін туындылардың бірі - жоқтау, яғни оплакивание италиян тілінде пьета деп аталады. Джоттоның көлемді фрескаларының бірін Пьета атауымен танимыз. Осы жұмыстан біз қайғыны, трагедияның болып жатқанын айқын сезінеміз. Адамдар Иисустың өлген сәтін жоқтап, ал анасы онымен қоштасып жатыр. Олардың бет-әлпеті мейлінше сол қайғыда, енді классикалық мінсіз бет-әлпет жоғалды. Джотто көңіл күйіміз қандай болса, кенеп бетінде соны айқын көрсете бастайды. Осылайша, ол алғашқылардың бірі болып, туынды мен көрермен арасында байлыныс орнатады.

Тағы бір ерекше танымал Інжілдегі ең маңызды оқиғаларды баяндайтын туындылардың бірі - Иуданың Иисусты сүюі деп аталады. Бұл жұмысқа назар салып қарайтын болсақ, ортаңғы фигура бұл бір-бірімен астасып, тұтас бір форма құрып тұрған Иисус пен Иуданың бейнесі. Иуда келіп Иисусты сүйіп жатыр. Аңыз бойынша, Иисус 12 шәкірттерінің барлығын тең қабылдайды. Бірақ солардың ішіндегі біреуі оны сатып кету керек болатын. Ол 40 күміс ақшаға сатқан Иуда еді. Ол Иисусты Рим әскерлеріне сатып кетеді. Қалай білдіру керек? Иисус барлық жерлерде өз шәкірттерімен бірге жүрген еді. Оны қалай көрсете алады? Ол топтың арасында кетіп бара жатқан Иисусты мен барып құшақтап, сүйемін, сол кезде ғана Иисустың кім екенін айқындай аласыңдар деп ұқтырады. Иуданың Иисусты сатар алдындағы бір жағынан қоштасу, бір жағынан белгі ретіндегі сүю сәтін көреміз. Ал алдыңғы план мейлінше тыныш секілді көрінгенімен келер болатын сәт артқы планда айқын шешілген. Бұл жерде бастарына дулығаларын киген қара қою түстерде шешім тапқан найзалары әр жерден бір көрінетін аяусыз соғыс жүріп жатқандай әсер қалдырады. Аспан кеңістік әлі де болса, орта ғасырлық принципті жоймай сол көгілдір түсте шешіліп жатқан еді.

Скровенья капелласындағы Джотто жұмыстарының барлығын осы михраб бөліктегі Апо- калипсис, яғни ақырзаман композициясымен аяқтасақ болады. Скровенни бұл капелланы не үшін салдырды? Әрине өзінің және әкесінің күнәларын жуып-шаю үшін. Скровенни көзі тірісінде Падуядағы капелласын салдыру барысында адамдарға пайызға ақша беріп, пайда табумен айналысқан болатын. Ал пайызға ақша беру қарызға ақша бергеннен әлдеқайда үлкен күнә арқалайтын. Сондықтан ол күнәні тек қана мол көлемде қаржылай құрбандық беру арқылы өтеуге болатын еді. Осы мақсатта Скровенни капелла ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еуропадағы «қайта өрлеу» өнері
Қайта өрлеу мәдениеті
Қайта жаңғыру мәдениеті
Ежелгі Қытай мәдениеті
Қайта жаңғыру дәуірі мәдениеті
Қайта жаңғыру (Ренессанс)
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің өкілдері
Қайта өрлеу мен Реформация дәуіріндегі саяси- құқықтық ілімдер мен гелиоцентризмнің мемлекет пен қоғамды басқарудағы рөлі
Жоғарғы Ренессанс өнері
Гегельдің пікірінше абъсолюттік рухтың соңғы формасы философия
Пәндер