Қосөзен өнері
Қосөзен өнері
ӨНЕР ТАРИХЫ
Қосөзен өнері
Қосөзен мәдениеті Мысырмен қатар, параллель дамыса да өзіндік айрықша ерекшелігімен Мысырға мүлде ұқсамайды. Қатар жатқан мемлекеттерде соғыс, сауда-саттық барысында айырбас мәселесі жүрді. Бірақ, мәдениеті бір-біріне ықпал еткенімен, олар бірін-бірі қайталамады. Қосөзен мәдениеті аты айтып тұрғандай, географиялық жағдайы Тигр мен Евфрат өзендерінің ортасында орналасқан, тұрмысқа өте қолайсыз жер болды. Өкінішке қарай, қосөзендіктерде мысырлықтарға қарағанда тас материалы өте тапшы болып, өздерінің өнер туындыларын, сәулеттік ғимараттарын көршілері секілді мәңгілік, мызғымас кейіпте жасай алмады. Сондықтан олар жергілікті бар материалды пайдаланып, өз құрылыстарында жүзеге асырып отырған болатын. Мысырмен қатар өмір сүрді десек те Қосөзен мәдениетінен бізге дейін жеткен өнер туындылары өте жұпыны, аянышты халде келді. Өйткені ғимараттардың барлығы саз балшықтан, кейде күйдірілген кірпіштен салынды. Бұның өзі екі өзеннің ортасында орналасқан халық үшін өте қолайсыз, жайсыз болды. Су көтерілген кезде бұл территорияны үнемі су шайып кетіп отыратын. Сондықтан да кірпіш, ағаш материалдары қосөзендіктердің негізгі құрылыс материалы десек те болады.
Қосөзен территориясын тұрақтау сонау неолит заманынан бастау алған болатын. Дегенмен тайпалық одақтар құру, шумер мен аккад тайпаларының б.з.д 3000 жылдықта Қосөзен территориясын тұрақты мекен етуімен байланысты болды. Қосөзен территориясында құрылған ең алғашқы қала-мемлекет Шумер болды. Қала-мемлекет дейміз, өйткені олар бір қала шеңберінде ғана өз алдына мемлекет құрған болатын. Шумерліктер бір үлкен атауға ие болып, оның этностық құрамында да бір ортақтық болғанымен, оның құрамында Ур, Лагаш, Ниппур секілді көптеген ұсақ қалалар болды. Ол қалалардың шумер мәдениетінің қалыптасуында да өзіндік рөлі бар. Біреуі саяси, біреуі әскери қызмет атқарды. Лагаш секілді, Ур секілді қалалар мәдениет пен өнердің орталығы болды. Алайда олардың бір орталыққа бірікпеуі Шумер мемлекетінің көп ұзамай, аккадтықтардың тойтарысына төтеп бере алмай, билікті табыстауына мәжбүр болады.
Осылайша Шумер мәдениеті мен өнері уақыты ұзаққа созылмаса да өзінен кейін көптеген өнер ескерткіштерін қалдырды. Солардың бірі Ур штандарты. Тіктөртбұрышты екі тақтайшаны бір-біріне жан-жағынан трапеция пішінді тағы да екі тақтайша арқылы біріктірген ол үш ярустан тұрған болатын. Әр ярус өзінше бір қызмет атқарды. Нақ осы Ур стандартының қосөзендіктердің алғашқы даму сатысында қандай киім үлгісі болғанын, билік жүргізген адамды дәл мысырлықтар секілді басқалардан сәл үлкенірек етіп алғанын байқаймыз. Ең жоғарғы ярусында үлкен көлемде патша бейнеленген.
Қосөзендіктерде патша культі дәл мысырлықтардағы секілді маңызды болмады. Бұл жерде құдай маңызды. Құдайға құлшылық жасау, ұдайы құлшылықта болуы орасан зор рөл ойнаған болатын. Сондықтан да шумер мәдениетінен бізге жеткен ескерткіштерде құлшылық үстіндегі адамдардың мүсінін жиі кездестіруге болады. Қой терісінен белдемше киген мұндай құлшылық жасаушы мүсіндер адоранта деп аталды. Олардың көздері шарасынан шыққан күйі ерекше үлкен етіп бейнеленген болатын. Көздерін ілместен күні-түні құдайға құлшылық ететін, құдайдың күші мен қуаты алдындағы оның дәрменсіздігі мен қорқынышын айқын көрсетіп тұрғандай. Ур штандартынан да дәл осындай бейнелерді кезіктіре аламыз. Кескіндемеде болсын, мүсінде болсын шумерліктер адам денесінің формасын мейлінше домалақтап, оны әсерлі етіп жеткізуге барынша ден қойды. Өйткені құдай алдында адам қандай көңіл күйде, қандай әсерде болса, соны жеткізуге тырысқан болатын.
Б.з.д. 3 мың жылдықтың ІІ жартысынан бастап шумерліктерді аккадтықтар басып алып, сол территорияда өз биліктерін өркендетеді. Билікке Саргонның ұлы Нарам Суэн келеді. Дәл осы кезеңнен бізге өнер ескерткіштерінен Нарам Суэннің атымен белгілі стелла таныс. Бұл стелла конус тәрізді формада шешім тауып, ол жерде Нарам Суэннің кезекті бір шайқас, соғыстағы жеңісі, жетістігі дәріптелген болатын. Басқалардан көлемі үлкенірек етіп алынған патша денесі адамдардың үстінде, оларды таптап өзінің билігін, құдіретін көрсете бейнеленген болатын. Жалпы Қосөзендіктерге Мысырлықтар секілді о дүниеге дайындығын немесе сол сапарын көрсетуден бұрын, әрбір әскери жорықтағы жеңісін көрсетіп отыру әлдеқайда жақынырақ болды. Өйткені Қосөзен территориясындағы қала-мемлекеттер ұдайы бір-бірімен жер үшін, билік үшін талас жүргізіп отырған болатын.
Қосөзен тарихында Лагаш билеушісі Гудеяның мүсіні өте көп тараған. Гудея таққа отырғаннан кейін өзін танымал ету мақсатында өзінің мүсіндерін өте көп данада жасата бастайды. Олар құдай алдында құлшылық жасап отырған Гудея немесе ғибадатханада құдайға су апара жатқан Гудея. Оның тұрып тұрған және отырған мүсіндері өте көп кездесті. Әдетте мұндай мүсіндер киім кию ерекшелігімен, баскиім үлгісімен Қосөзендік мүсін үлгісін көрсетіп, мысырлықтарға мүлде ұқсамайтын. Алайда статикалық шешім табуы арқылы Мысыр мүсін өнерімен ортақ байланыс ұқсастық табатын. Қосөзендіктердің бір иығын жалаңаштап киетін киім үлгісі арқылы Гудея мүсінінде оның динамикалық, жанды мүсіні айқын көрініс табады. Біз бір уақытта мүсіннен контраст, яғни қарама-қайшылықты да көреміз. Оның ұзын етекті киімі баған тәрізді мызғымас сипат танытса, жанды әрі өте әсерлі бейнеленген қолы арқылы оның тірі адам, билеуші екенін, қолында белгілі бір деңгейде билік, қуатты күш бар екенін айқын сезінеміз. Әсіресе, құдайдан сый ретінде алған су ұстаған Гудея мүсіні ерекше әсерлі. Сол ыдыстың ішінде су бар екенін суретші оның екі жаққа төгіле шашыраған сызық иректері арқылы айқын көрсетеді. Лагаш секілді өнері мен мәдениеті жақсы дамыған қалалардың бірі Ур қала-мемлекеті болды. Бүгінгі күні Алдыңғы Азия территориясынан археологиялық қазба жұмыстары барысында осы Ур қаласының қирандылары көптеп табылған болатын. Тіпті ол қалалардағы үйлердің орналасуы, көшелер мен әрбір бөлмелердің ерекшелігіне дейін анықтап, құрылымын ғалымдар зерттеп, жан- жақты қарастырған еді. Ур қаласында ерекше бір сәулеттік монументалды бір құрылыс бар. ХХ ғасырға дейін ғалымдар бұл құрылысты тау немесе төбе деп ойлап келді. Алайда тағы да бір археологиялық зерттеу оның тау немесе төбе емес, ғибадатхана құрылысы екенін анықтаған болатын.
Қосөзендіктер патшаға қарағанда құдайға көбірек мән берді. Құдайды ұлықтады. Құдайға табынды. Әрине, оларда да бірнеше құдайлар болды. Бір ғана құдаймен шектелген жоқ. Дегенмен құдайға деген назар мысырлықтарға қарағанда өте басым болған болатын. Осындай құдайға арналған құрылыстың бірі зиккурат деп аталды. Зиккурат күйдірілген немесе қам кесектен салынып, үштен жеті қабатқа дейін жететін. Әдетте, өз уақытында мұндай зиккураттардың сырты тұтастай глазурьленіп, алыстан қарағанда көгілдір түсті аспанмен астасып тұрған болатын. Ең ұшар басында құдайға арналған кіші көлемді ғибадатхана орналасты.
Қосөзен мәдениетінде аккадтықтардан кейін үлкен мемлекет құрған Вавилон патшалығы болды. Вавилон патшалығының билігін Хаммурапи патшаның есімімен байланыстырамыз. Хаммурапи жалпы Қосөзен өнеріне, Қосөзен мәдениетіне үлкен өзгеріс алып келді. Ол мемлекеттік құрылымды жүйеге келтіріп, заңдар жүйесін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz