Маньеризм өнері
Маньеризм өнері
Өнер тарихы
Маньеризм термині ғылымда тек ХVІІІ ғасырдан бастап қолданыла бастайды. Маньеризм аты айтып тұрғандай манера деген сөзден шығып, дәл осы кезеңді Эрнст Гомбрих өзінің Өнер тарихы атты еңбегінде құлдырау кезеңінің өнері деп атаған болатын. Бұл пікірмен келіспеске болмайды. Тарихқа, хронологияға көз жүгіртсек әрбір кезеңнің өзінің шарықтау шегі және құлдырау кезі болады. Егер жоғарғы қайта өрлеу кезеңі Еуропа мәдениетіндегі өнердің шарықтау шыңы болса, Маньеризм кезеңін кейбір деректерде ренессанстың кешеуіл кезеңі деп атайды. Бұл ренессанстың дағдарысқа ұшыраған кезеңі, яғни суретшілер жаңа тың дүниелер іздеуде. Алайда ол әлі де пісіп жетілген жоқ. Әлі барокко басталған жоқ, сондықтан сол арадағы өтпелі кезең тоқырау кезеңі, дағдарыс кезеңі болып табылады. Бұл кезеңде суретшілер шығармашылығы өзінше бір тың көрініс тапты. Ренессанс суретшілері жасаған перспектива, пропорция, түстік шешім, үндестік, үйлесім мәселелері бұзылып, суретшілер соны керісінше мінсіздендірем деген жолда қарама-қарсы сипатқа ие болды, яғни форманы асқақ әдемі көрсетем деп, керісінше оны созып, бұзып жатты. Перспективаны жетілдіріп, кеңістікті кеңейтіп, оның иллюзиясын тереңдетем деу мақсатында тағы да қарама-қайшы бір тұстарға тап болып жатқан болатын. Ал түс тіпті ренессанстың үндестігінен, үйлесімінен айырылып, қанық қарама-қайшы сипат ала бастайды.
Маньеризм кезеңінің жетекші өкілі тегі гректік Доменико Теотокопулос болды. Тарих бұл суретшіні Эль Греко есімімен біледі. Доменико Теотокопулос Крит аралдарында дүниеге келіп, өзінің шығармашылығын испан жерінде қалыптастырады. Алайда Домениконың шығармашылығының қалыптасуына Венеция мектебі өзіндік зор ықпалын тигізеді. Жаңа атап кеткеніміздей тарих оны Эль Греко есімімен біледі. Испандықтар үшін Доменико Теотокопулос деп үнемі айту күрделі әрі қиын, тілдеріне өте ыңғайсыз болды. Сондықтан да испандықтар оның шығу тегіне аса мән бере отырып, суретшіні Эль Греко деп атап кетеді. Өнер тарихын зерттеушілер Доменико Теотокопулос өз заманынан ерте туған деп анықтама береді. Әрине дұрыс, өйткені Эль Греко өз шығармашылығында испандық қайта өрлеуді, қайта өрлеу маньеризмін және де ХХ ғасырдағы экспрессивті өнердің негізін қалап, ортақ бір үлгісін жасаған болатын. Эль Греко шығармашылығы Венецияда да, Мадридте де қабылданбағанымен, Италияда өзіндік бір шарықтау шегіне жетеді. 1566 жылы Эль Греко Криттен Венецияға қоныс аударады. Негізгі мақсаты - Венеция суретшілерінің шығармашылығымен танысып, өзінің кәсіби біліктілігін арттыру еді. Ол Тицциан шеберханасында дәріс алып, өзінің шеберлігін шыңдайды. Дәл сол Тиццианның кемелденген кездегі еркін жағыстармен жұмыс жасау, ерекшелігін Эль Греко өте шебер меңгереді. Кеңістікпен жұмыс жасауда, сәулеттік кеңістікті беруде Эль Греко Тинторетто шығармашылығына жүгінеді. Осылайша, өз шығармашылығында Венециялық шығыстық мәнерді, Византиялық ортағасырлық икона жазу қағидаларын қайта өрлеудің тың идеяларымен байланыстырып, ортақ бір синтезін көрсетеді.
1576 жылы белгісіз бір жағдайларда Эль Греко Испанияға, яғни Мадридке көшеді. Мұның себептерін ғалымдар Эль Греконың өте өркөкірек, ойындағысын тік айтатын мінезімен түсіндіреді. Ол Венецияда жүрген кезде италияндық және флоренциялық суретшілерді өте қатты сынайтын. Олардың қатаң сурет салу қағидасын, түстік шешімін онша ұнатпайтын. Сондықтан да жоғарғы қайта өрлеу шеберлерінің бірі Микеланджелоның ең тамаша кескіндемелік туындыларының бірі Сикст капелласына қатысты, боялған мүсіндер деп сын айтқан еді. Әрине мұндай сынды ол заманда қабылдау өте қиын болатын. Сондықтан да Эль Греко маған еркіндік берген болса, Сикст капелласының төбесін тұтастай қырып тастап, мен ол жерде теңдесіз өте керемет туындылар жазып шығар едім деп, өзіне ерекше сенімді болғанын көрсетеді. Мүмкін осы пікірлер де оның Венецияда орнығып қалуына кедергі болған шығар.
Венецияда жүрген уақытында Эль Греко екі туынды жазады. Олардың бірі Ғибадатханадан саудагерлердің қуылуы деп аталса, екіншісі Соқырлардың емделуі деп аталды. Екеуі де діни тақырыптағы мазмұнда бейнеленіп, негізгі кейіпкерлері Иисус бейнесімен айқындалды. Екі туындыда да фон сәулеттік шешімде, күрделі перспективада шешім табады, яғни Тинтореттомен сабақтастық тапты деп осы жерлерді айтсақ болады. Мысалы, Саудагерлердің ғибадатханадан қуылуы атты жұмысында перцептивті перспективаны пайдалана отырып, біздің назарымызды екі кеңістікке аударады. Туындының оң жағы арқылы біз ғибадатхана кеңістігіне көз жүгіртсек, ал орталықтан сәл туындының солға қарай жылжыған бөлігінде біз терезе немесе есік ойықтары арқылы назарымыз ғибадатхананың сыртындағы дала кеңістігіне түседі. Осылайша, бір кеңістік- те екі түрлі қабылдау кеңістігінің жасау әдісін перцептивті перспектива дәлелдеген болатын.
Келесі туындысы - Соқырлардың емделуі. Тағы да біздің назарымыз негізінен құпия тылсым, ғажап жағдайда көзі көрген соқыр мен Иисус Христос бейнесіне түсу керек еді. Алайда Эль Греко Иисус пен соқыр бейнесінің маңайында орналасқан кейіпкерлер арқылы назарымызды жан-жаққа аударады. Ал, тіпті тереңге түскен көше мен сәулеттік ғимараттың сызықтық перспективасы арқылы кенептің кеңістігіне тереңдете түседі.
1576 жылы Мадридке келген кезде өзінің шеберлігін, талғамын жоғары бағалаған Эль Греко өзін сарай суретшісі қызметіне лайықты деп есептейді. Алайда, Мадрид Эль Греконы сарай суретшісі қызметіне тағайындай қоймайды. Біз енді суретшіні 1577 жылдан бастап Толедодан көреміз. Дәл осы Толедо қаласы Эль Греконың екінші отанына, оның шығармашылығының дамуына жағдай жасаған киелі бір мекенге айналады. Толедоға келгеннен кейін суретшінің ең үлкен қол жеткізген тапсырысы Санто-Доминго-эль-Антигуо шіркеуінің михрабтық кескіндемесі болды. Бұл жерде суретші төрт күрделі композициялық кескіндеме мен төрт портреттік туындыны жазады. Михрабтық кескіндеменің маңызды орталық композициялық бөлігінің төменгі жағында әулие Марияның көкке көтерілуі бейнеленсе, жоғарғы жағында киелі үштікті суреттейді. Екі туынды да ракурсты төменнен алу арқылы кенептегі кейіпкерледі монументалды асқақ етіп көрсетуге негізделген. Жалпы Эль Греко шығармашылығына адам денесінің пропорциясын бұзып, оларды орта ғасырлық принципте созылыңқы етіп, яғни салмақсыз бейнелеу тән еді. Сондықтан да Мария көкке көтерілгендей өте жеңіл, көкке шыққан Иисус Христостың да өлі денесі сондай жеңіл көрінеді. Мария табыттан шығып, оның астында тіпті шалқасынан түскен нәзік ай оны көкке алып бара жатқан секілді әсер қалдырады. Төмендегі төртбұрыш бөлік жер бетіндегі Марияның осындай құпия жағдайына тылсым жағдайына таңданыс қалдырған адамдармен шешім тапса, жоғарғы бөлік арка пішіндес дөңгелек шеңбер астында, күмбез астында аспан әлемін бейнелейді. Оны біз қанатты періштелер арқылы көреміз. Осы михрабты кескіндеменің жоғарғы жағында орналасқан киелі үштікте тағы да бұлт үстінде отырған аспан әлемінен құдай оның ұлы Иисусты және Иисустың киелі рухын көреміз. Құдай үлкен дінбасы ретінде дана кейіпте бейнеленсе, Иисус Христос денесі жансыз құдайдың демеуімен ғана ілініп тұрғандай секілді әсер қалдырады. Ал күн астында періштелердің ортасында көгершін бейнеленген. Көгершін бұл киелі рухтың, яғни құдай алдында кіршіксіз таза, құлшылық жасаушы киелі рухтың символдық белгісі саналатын.
Толедоға келгеннен кейін Эль Греко шығармашылығы өте жемісті, қарқынды түрде дамиды. Жалпы Эль Греко шығармашылығының алтын уақыты десек те болады. Осы 1577 - 1579 жылдары жазылған өте керемет туындыларының бірі Эсполио деп аталады. Испан тілінен тікелей аударсақ тонау деген мағынаны білдіреді. Әрине, тонау сөзін туындының мазмұнына тікелей қолдана алмаймыз. Эсполио деп атау арқылы Иисустың үстінен, яғни оны ашамайға керер алдындағы киімін шешіп жатқан әскери адамдарды көреміз. Біз негізінен Римдік солдаттарды көруіміз керек еді, алайда біз сол Эль Греконың замандасы Эль Греко өмір сүрген уақыттағы киім үлгісінде киінген әскери кейіптегі испандықтарды көріп тұрмыз. Эль Греко да осы туындыларында діни кейіпкерлерді өз замандастарының бейнесінде талқылайды. Осылайша, діни сюжеттерді халыққа мейлінше жақын қабылдауына, мейлінше түсінікті етіп көрсетеді. Ерекше композицияның орталығында шешім тапқан қызыл түс Эль Греко шығармашылығында тек осы Эсполио туындысында ғана көрініс тапқан. Басқа жерлерде Эль Греко қызылды дәл осындай қанық таза күйінде алмайды. Ол оны біраз ақ түспен араластырып, күлгін реңде көрсетеді.
Суретші 1586 - 1587 жылдары Сан Томе шіркеуінің тапсырысы бойынша Граф Оргасты жерлеу атты үлкен монументалдық фресканы жазады. Михраб бөлікте шешім тапқан бұл фреска 1312 жылы Эль Греконың заманынан 200 - 300 жыл бұрын өмір сүрген Граф Оргасты жерлеу сәтін бейнелейді. Граф Оргас жерлеуде рыцорлық дәрежеде мыс сауыт киімдерімен суреттелген. Өкінішке қарай, Граф Оргас мұндай соғысқа немесе әскери қимыл-қозғалысқа бейім адам болмаған. Ол тарихта осы Сан Томе шіркеуіне өте үлкен көлемде қаржылай қайырымдылық жасауымен ерекшеленеді. Сондықтан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz