Постимпрессионизм

    
Постимпрессионизм
ӨНЕР ТАРИХЫ
Постимпрессионизм
Постимпрессионист кезеңінің суретшілерінің шығармашылығы жеке-дара ізденістен, өз алдына жұмыс жасаудан тұрады. Импрессионист суретшілердің басым бөлігінінің арнайы кәсіби білімі болған болатын. Олар арнайы студиялардан, көркемсурет академияларынан білім алған. Постимпрессионист суретшілері өкінішке қарай мұндай кәсіби дайындықсыз келген еді. Импрессионист суретшілер өз шығармашылықтарын, өз бағыттарын бастаған кезде не істеп жатқандарын білетін саналы әрі мақсатшыл суретшілер еді. Олардың ең кішісінің жасының өзі отыздан асқан еді. Ал постимпрессионист суретшілер керісінше, осы жаста ешқандай кәсіби дайындықсыз келіп шығармашылықпен айналысады. Постимпрессионист суретшілердің ішінен жеке-дара үш суретшінің шығармашылығын ерекше атап өтуге болады: Поль Сезанн, Винсент Ван Гог және Поль Гоген болатын.
Осы үш суретшінің ішінде Поль Сезанн ғана арнайы кәсіби білімі бар, суретшілікті жіті зерттеген тұлға болды. Поль Сезанн постимпрессионизмге саналы түрде келеді. Өз шығармашылығын импрессионизмнен бастай отырып, постимпрессионизмде табиғатқа соқыр еліктеумен шығармашылықты қалыптастыруға тырысады. Тек қана әсердің жетегінде кету бұл ғылымнан, зерттеуден ажырап қалумен тең еді. Ал, Сезанн әрбір туындысында зерттеуді жаны сүйетін. Сезанн пейзаж, натюрморт, портрет жанрларында жұмыс жасайды. Натюрморт француз тілінен аударғанда «өлі табиғат» деген мағынаны білдіретін. Ол натюрморттарын әрқашан алдына қойылған натурадан салатын, яғни ойдан шығарып, ойдан қосқан жоқ. Табиғатты салса да, натюрмортты салса да әрбір форманың, әрбір дененің негізінде геометриялық денелер жатыр деп өз зерттеулері мен естеліктерінде айтып кетеді. Тек сол геометриялық қарапайым денелерді салып үйренгеннен кейін ғана суретші табиғатты мінсіз шеберлікпен батылдықпен өз кенептерінде кескіндей алады деген еді. Сезанның табиғат көріністері, натюрморттары импрессионисттер секілді түрлі түсімен емес, керісінше ойластырылып құрылған композициялық жүйесімен ерекше қызықтыратын.
Поль Сезанның Эрмитажда сақталған «Драпировкалы натюрморт» атты туындысына бір сәт көз жүгіртейік. Үстел үстінде драпировкалардың арасында әдемі қойылған құмыра мен жанындағы жеміс-жидектерді көреміз. Құмыра мен үстел үстіндегі матаның түсі ұқсас. Ал фондағы ауыр салмақты перде мен құмыра бетіндегі өрнек тағы да бір композициялық құрылымында ұқсастық, үндестік табады. Осылайша натюрморттық заттарды, денелердің барлығын композицияның оң жағына жинақтай отырып, оларды ашық, қанық түстерде жеңіл етіп суреттейді. Композициялық теңдік ортану үшін керісінше кенептің сол жағын ауыр салмақты перде түріндегі драпировкамен толықтырады. Осылайша, Сезанн композициядағы симметрия мен теңдікті орнатып, оның өрнектік, декоративтік сипатын да айқындайды. Мұндай перде арқылы біз ренессанс кезеңінде болсын, барокко кезеңінде болсын көркем туындыға театралдылық, салтанаттылық әсерін беретінін өткен дәрістерімізде атап кеттік.
Сезанның күрделі ізденістен туындаған тағы бір өте қызықты, тамаша туындыларының бірі «Пьеро мен Арлекин» деп аталады. Сезанн бұл жерде түстік қатынасты, перспективаны және кеңістікті жіті зерттейді. Пьеро мен Арлекин алдыға қарай жүріп келе жатқандай әсер қалдырады. Ал аядағы ауыр перделер керісінше сол екі кейіпкердің қозғалысын тежеп, оларды кеңістікке тереңдете түседі. Пьеро ашық ақ түсті киім киген, ал Арлекин өте көңілді сайқымазақ. Сондықтан да оның үстінде шақпақталған қара мен қызыл түстен кезектесіп құрылған костюм бар. Түстік шешімінде өте күрделі туынды композициялық құрылымымен және астарлы мазмұнымен көрерменін ерекше қызықтырады. Туындыға бір қараған кезде біз оған оң жақ бұрыштан қарап тұрған секілді әсерде боламыз. Алайда, Арлекиннің назарын көрерменге басын бұра тік салу арқылы қабылдау тағы да кенептің сол жағына қарай ауысады. Осы арқылы суретші кейіпкерлердің назарын, ол жердегі түстік үндестік пен шешімді шебер үйлестіре отырып, композиция құрылымын күрделендіре түседі.
Поль Сезанн сонымен қатар пейзаж жанрында да осындай ізденістерге баса назар аударады. Ол табиғат көрінісінде жарық пен түстің қатынасын оның ауадағы шешімін зерттеп қана қоймайды. Жалпы әрбір заттың, дененің астында жатқан форманы нақты айқындауға тырысады. «Сан Викториодағы тау» атты пейзажы осындай сипатқа ие. Артқы планда композицияның орталығында мығым үшбұрыш пішінді тау орналасқан. Таудың жалпы көлемінен оның негізінде үшбұрыш пішіні жатқанын байқаймыз. Ал, алдыңғы планды суретші план бойынша кезек-кезек бейнелей отырып, керемет түстік шешімде айқындайды.
Поль Сезанн портретті бейнелеуде оның реалисттік сипатына, бейнеленушіге шынайы ұқсауына аса мән берген жоқ. Өйткені портретте адамның көңіл күйі, мінез-құлқы немесе психологиялық жағдайы мейлінше басым болуы керек дейтін. Поль Сезанн өзінің автопортретін және әйелінің портретін өте жиі бейнелейді. Әйелі Поль Сезанның портрет бейнелеудегі негізгі зерттеу нысаны еді. Сондықтан да оның шығармашылығында әйелінің портреті өте жиі кездеседі. «Мадам Сезанн портреті» атты туындысы түстік құрылымымен ерекше қызықтыра түседі. Қып- қызыл креслода жасыл-көгілдір, яғни суық түсті киім киген әйелі өте салмақты, ойға шомған күйі отырғанын байқаймыз. Ал, осы кресло мен әйел отырған кеңістікте тағы да суық түсте шешім табады, яғни қабырғаның түсі әйелдің үстіндегі киіммен үйлесіп, ортақ бір үндестік орнайды. Осындай түстердің қарама-қайшылығы арқылы, суық және жылы түстерді бір-бірімен ашық күйінде үйлестіру арқылы Сезанн түстік колоритке де ерекше мән береді. Түс арқылы, түстерді ойнату арқылы адамның көңіл күйін, мінез-құлқын ашуға тырысады.
Сезанн өз шығармашылығын үлкен ізденіске арнайды. Өз заманында француз жазушысы Эмиль Золя Сезаннды прототип ретінде ала отырып, роман жазған еді. Бұл романды замандастары көп талқылай келе оның негізінде бірлесе импрессионист суретші Эдуард Мане немесе тағы да бір суретшілердің болмысын іздеуге тырысады. Алайда роман желісінде өз-өзіне қол жұмсап барып өзінің ауыр өмір жолына нүкте қойған суретшінің бейнесі Сезанн бітіміне, Сезанның өмір жолына ұқсамайды. Сезанн ғылымға жақын, зерттеуге құмар тұлға болатын. Сондықтан да Эмиль Золя тек Поль Сезанның мінезін, оның кейбір әрекеттерін өз шығармашылығындағы басты кейіпкерге ала отырып, ХІХ ғасырдың соңындағы импрессионисттік, постимпрессионисттік кезеңдегі жалпы суретшінің негізгі образын, көркемдік бейнесін жасап шығарады.
Постимпрессионист тағы бір танымал тұлғалардың бірі Винсент Ван Гог болды. Өте діндар отбасынан шыққан ол 27 жасына дейін отбасылық кәсіпті жалғастыруға тырысады. Оның отбасынан діндарлар көбірек шыққан болатын. Алайда Ван Гог бұл кәсіптен өзін таба алмайды. Ол 27 жасқа келген кезде жалғыз бауыры Теоның қолдауымен бейнелеу өнеріне ден қояды. Винсент Ван Гогтың да тағдыры өте ауыр болды. Ол өзінің алдындағы ағасы қайтыс болғаннан кейін тура бір жылдан соң туылғасын оның да есімін Винсент деп соның құрметіне арнап қояды. Сондықтан да Ван Гог өмір бойы сол ағасының алдындағы борышын өтеп жүргендей әсерде болған еді. Винсент Ван Гогтың өмір жолы жалғыздықпен оның ішкі күйзелістерімен үнемі ұдайы күресуімен ерекшеленеді. Ван Гог бейнелеу өнеріне өзіндік ізденістерімен, өзін-өзі тәрбиелеу арқылы келеді. Бейнелеу өнерін, кескіндемені, суретті жан-тәнімен жақсы көргені соншалық небәрі он жылдың ішінде 2000-нан аса сурет, әртүрлі нобайлар қалдырып, соның ішінде 800-ге жуығы тек қана майлы бояумен жазылған болатын. Ван Гог өмірінің ең соңғы уақытын, соңғы жылдарын Арль қаласындағы рухани науқастар үйінде өткізеді. Арльдегі үйінің бөлмесінен ол үнемі дала, табиғат көрінісін мүлде басқаша, тың мәнерде бейнелейтін. Түстік шешімінде өте күрделі туындылары арқылы, мейлі пейзаж тіпті портрет, тұрмыстық жанрға арналған туындыларында да ол өзінің портретін жазады. Қандай туынды жазбасын ол өзінің ішкі күйзелістерін, жай-күйін, хал-ахуалын терең түсіндіріп, одан өзін табуға тырысады.
Мысалы, шығармашылығының алғашқы кезеңінде жазылған «Бәтеңке» атты туындысы арқылы ол сол бәтеңке иесінің мінез-құлқын көрсетуге тырысады. Бұл бәтеңке табаны аударылып, тозығы жетсе де әлі де қолданыстан қалмаған. Осы арқылы шаруа адамының ауыр жағдайын, оның жұмысының тым қиындығын мейлінше шынайы жеткізеді. Тағы бір туындыларының бірі «Картоп жегіштер» деп аталады. Тақырыбының өзі ерекше қызықты. Тақырып картоп жегіштер емес адам жегіштер деп тұрған секілді. Кенепте өте көмескі бөлме интерьерінде қарапайым шаруа адамының отбасы бейнеленген. Олар күнделікті тұрмыста азық ретінде сол картопты тұтынады. Сондықтан да бөлменің ішкі интерьері, адамдардың бет-әлпеті тура сол картоп егетін топырақ дала секілді қоңыр қара түске бөленген. Осындай шиеленісті тұстар арқылы тағы да Ван Гог қарапайым шаруа адамының тұрмысының қиыншылықтарын, ауырлығын мейлінше баяндап жеткізуге бар күшін салады. Арльдегі уақытында Ван Гог табиғатқа оның күндізгі, түнгі көріністеріне мән беріп, жіті зерттей бастайды. Ван Гогтың табиғатында ағаштар, аспан, бұлт жұлдыздар үнемі қозғалыста, үнемі төбеге қарай өрлеп, жылжып бара жатқандай әсер қалдыратын. Өйткені Ван Гог туындыларындағы жағыстарын бір-біріне байланыстырмай жеке-жеке бірінің үстіне бірін түсіру арқылы орындайтын. Осының әсерінен оның жұмыстары Ван Гогтың ішкі психологиялық тартысты тұстарымен шиелінісіп, қозғалыста керемет бір фантастикалық сипатта шешім табатын. Қазір біз Ван Гог шығармашылығындағы экспрессивті туындыларының бірі «Арльдегі қы- зыл жүзімдік алқабы» атты туындыны тамашалап отырмыз. Жер беті қып-қызыл түсті далаға бөленген. Жұмысшылар сол алқаптан жүзім жинауда. Жүзім де, шөп те, оның жапырақтар мен бұтақтары да қып-қызыл қан түсіне боялған. Ал бұл түстің осындай шешім табуына артқы оңғы аядағы күннің батуы әсерін өте керемет жеткізеді. Осы туындысы арқылы мүмкін Ван Гогтың өмірінде тағы да бір күйзелісті сәттердің болып жатуы мүмкін еді.
Ван Гог «Сотталғандардың серуені» атты туындысында да күйзеліске түскен кездегі сырттан қолдау, шығар тесік іздейтіндей әсер қалдырады. Сотталғандардың серуені қандай болатын еді? Олар белгілі бір шектеулі кеңістікте бір шеңберді айналып, бірінен кейін бірі ұзақ уақыт жүре береді. Бұл олардың әрбір істеген ісіне ойланып, қорытынды шешім шығаруы үшін маңызды еді. Мұндай әрекет сол сотталғандардың өз қатесін мойындау үшін арнайы жүргізілетін. Ал Ван Гог осындай тұйық композиция арқылы ол шексіздікті көрсеткендей. Ол әзір бітетін емес, өйткені ол ұдайы қозғалыста. Осындай композиция арқылы өзінің ішіндегі арпалысты, тұйықтан шығатын жолды іздегендей әсер қалдырады. Әдетте Ван Гог қатты қиналған кездерінде осындай есіксіз шіркеу, сотталғандардың серуені секілді тұйық әрі жұмыр композициялар арқылы туындыларын белгілі бір философиялық сипатта бейнелейтін. Мұндай туындылардан әсіресе оның психологиялық қыры айқын білініп тұратын.
... жалғасы- Іс жүргізу
 - Автоматтандыру, Техника
 - Алғашқы әскери дайындық
 - Астрономия
 - Ауыл шаруашылығы
 - Банк ісі
 - Бизнесті бағалау
 - Биология
 - Бухгалтерлік іс
 - Валеология
 - Ветеринария
 - География
 - Геология, Геофизика, Геодезия
 - Дін
 - Ет, сүт, шарап өнімдері
 - Жалпы тарих
 - Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
 - Журналистика
 - Информатика
 - Кеден ісі
 - Маркетинг
 - Математика, Геометрия
 - Медицина
 - Мемлекеттік басқару
 - Менеджмент
 - Мұнай, Газ
 - Мұрағат ісі
 - Мәдениеттану
 - ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
 - Педагогика
 - Полиграфия
 - Психология
 - Салық
 - Саясаттану
 - Сақтандыру
 - Сертификаттау, стандарттау
 - Социология, Демография
 - Спорт
 - Статистика
 - Тілтану, Филология
 - Тарихи тұлғалар
 - Тау-кен ісі
 - Транспорт
 - Туризм
 - Физика
 - Философия
 - Халықаралық қатынастар
 - Химия
 - Экология, Қоршаған ортаны қорғау
 - Экономика
 - Экономикалық география
 - Электротехника
 - Қазақстан тарихы
 - Қаржы
 - Құрылыс
 - Құқық, Криминалистика
 - Әдебиет
 - Өнер, музыка
 - Өнеркәсіп, Өндіріс
 
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
            
                Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz