Рим өнерінің императорлық өнері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Рим өнерінің императорлық өнері

ӨНЕР ТАРИХЫ

Б.з.д. І ғасырдың соңына қарай әртүрлі азаматтық соғыстардан, құлдардың көтерілісі мен таптық күрестерден шаршаған Рим, әскери диктатураны қабылдап, республикадан империяға айналады. Оның уақыт ширегін шамамен б.з.д. І ғ. соңы - б.з. 476 жылына дейінгі аралықта қарастырамыз. Рим мәдениетінің осы Императорлық кезеңінде Рим өнері қарыштап дамып, сәулет өнері мен мүсін өнерінің озық үлгілерін дүниеге әкеледі.

Римдік мүсін өнері даму барысында тосыннан, тыңнан пайда болған жоқ. Ол өздеріне дейінгі ежелгі антикалық Грек және Этруск мәдениетіндегі үлгілерімен сабақтастықта бірізді қалыптасқан болатын. Рим мүсін өнерінде портрет ерекше дамып, императордың таққа келуімен, оның мәдениетте, әдебиет пен өнерде бірізді насихатталуымен байланысты болды. Ал, екінші бір қыры Рим мәдениетіндегі жерлеу культімен, жерлеуге байланысты жүргізілетін ғұрыптық рәсімдермен сабақтастық тапты. Римдіктер ата-баба культін, олардың рухын өте қатты құрметтеді. Оларға құрмет көрсетіп, іс-шаралар өткізіп отырды. Мұндай іс-шараларда сол өлген бабаларының мүсіндік портреттерін киіп, солардың рөлдерін ойнап, маскаларын үйлеріне қойып қоятын. Жерлеу культімен байланысты дамыған мүсін өнері осындай маскаларда шешім тапты. Римдік мүсін өнері бұл көпшілікке арналған өнер болғандықтан, міндетті түрде портреттік ұқсастықты, өзінің жеке-дара индивидуалдық ерекшеліктерін айшықтау маңызды саналды. Сондықтан да римдіктер адам өлгеннен кейін оның бетіне балауыз жағып, оның маскасын шешіп алатын. Осындай балауыздардардан өлген туыстарының портреттік бейнесіндегі маскаларын жасап шығатын. Мұндай портреттер ауқатты деп саналған Римдіктердің барлығының дерлік үйлерінде болды. Осылайша, өлген адамдардың портреттік ұқсастықтағы маскалары келесі бір Римдік мүсіндік портреттер дамуының алғышарты болып табылды. Бір сәт Этруск мәдениетіне көз жүгіртіп өтейік.

Этрусктерде де жерлеу культі өзінше бір маңызды рөл ойнап, сарко- фагтардың қақпағында толық тұлғалық мүсіндік отбасылық портреттердің болғанын атап өткен едік. Ол мүсіндерде портреттік ұқсастыққа ерекше мән беріп, жүгінетін. Бұл не үшін қажет еді? Айтып өткеніміздей, антикалық грек мәдениеті мүсін өнерінде идеалдандырылған мінсіз бейне жасады. Олар жеке бір тұлғаның портреттік мүсінін жасаған жоқ. Олар сол мінсіз адам болмысында жалпы бір жинақ образ жасады. Егер атлет мүсіні болса, ол жалпы атлеттің барлық ерекшеліктерін сыйғыза бейнелейді. Оған қойылатын талаптардың барлығы оның өн бойынан көрініп тұру керек болатын. Енді құдайлардың мүсінін жасаса, онда құдай да мінсіз. Құдайға қатысты барлық аллегориялық, символдық белгілерді жинақтай келе тағы да жалпылама образ жасайды. Ал римдіктер өздерінде Рим өркениеті мен мәдениеті діни сипатта дамымағандықтан мифология гректердегідей маңызды рөл ойнамады. Рим діни емес, әскери держава болды. Үлкен қуатты мемлекет қатаң қалыптасқан заңдылыққа жүгінгендіктен олар дінді екінші жоспарда қарастырды. Сондықтан да мүсін жеке индивидтік характерге ие болады. Бейнеленушінің жеке- дара қасиеттерін, мінез-құлқын, бет-әлпетіндегі айрықша белгілерін мінсіз және кемшін тұстарын айқын көрсете отырып, жеткізуге тырысты.

Рим өнеріндегі жеке адамның портреттік бейнесін жасауға тырысқан мүсін өнері жаңаша сипат алады, яғни портреттік мүсіннің дамуы осы Римнің императорлық кезеңінен бастау алып дамиды. Бүгінгі күні Ватиканда Прайм Порттағы Октавиан Августтің толық тұлғалық портреттік мүсіні сақталған. Мүсін монументалды сипат алғанымен Император Августтың жалпы толық тұлғалық мүсінін сомдайды. Жіті мән беріп қарайтын болсақ, мүсінші ұлылық пен қарапайымдылықты, үндестік пен үйлесімнің барлығын бір мүсіннің өн бойына жинақтауға тырысады. Оның император, яғни жоғары дәрежелі тұлға екендігін үстіндегі киімі мен кеудесіндегі сауытынан көреміз. Римдегі кез келген император ең алдымен қолбасшы болды. Ол өз әскерінің қолбасшысы. Өйткені Рим әскери мемлекет еді. Бұл жерде де біз Августты әскери адам ретінде көреміз. Ал оны жалаң аяқ сомдау арқылы оны халыққа бір табан жақын ете түседі. Август Римнің Императорлық кезеңінде бірінші болып таққа отырған алғашқы император. Сондықтан да оның образын жасау, императорды, оның болмысын насихаттаумен байланысты болды. Август есімін ол таққа отырғаннан кейін алады. Ол өзін киелілер қатарына қосып, Октавиан есімінің орнына атын Август деп өзгертеді. Бұдан кейінгі деректердің барлығында Октавианды Август деп атаймыз. Енді мүсінге бір сәт жіті мән беріп қарайтын болсақ, оның классикалық кезеңдегі Поликлет мүсінімен ұқсастық табатынын байқаймыз. Шаш үлгісі мейлінше қарапайым болуы арқылы оның халық пікірімен санасқанын болжай аламыз. Классикалық кезеңдегі атлеттердің шаш үлгісіне ұқсайды. Осы Октавиан Август мүсіні Рим мүсіншілерінің ұдайы классикалық грек мүсіншілеріне қарағанының, солардан үйренгенінің тағы да бір дәлелі болмақ. Оның белінде күрделі қыртысты драпировка оралып айналып келіп қолына ілінген. Бұл арқылы оның дәрежесін, даналығын көрсетуге тырысқандай. Драпировкалы мата қыртыстары арқылы мүсінші туындыны гректік мүсін үлгілерімен байланыстырып, мүсінге ерекше салтанаттылық берген. Оң қолын сәл көтере алдыға қарай бағыттала қозғалған тұрысы барынша сенімді әрі көрерменнің мысын басып тұрғандай. Приам Порттағы Август мүсіні арқылы ұлылықты, салмақтылық пен ұстамдылықты дәріптейді.

Рим мүсін өнеріндегі келесі бір монументалды туындылардың бірі - Марк Аврелийдің мүсіні. Мүсінші императорды салт аттылы етіп, күрделі композициялық құрылымда бейнелейді. Бір қарағанда біз императорды емес, философты, дана тұлғаны көріп тұрғандай әсерде боламыз. Оның император екенін айшықтайтын ешқанда атрибут жоқ. Ол философтар секілді драпировкалы хитонда, ат үстінде ешкімге назар салмай, басын, көз жанарын ойға шомған күйі алысқа тереңдете бейнелеген. Осы арқылы Марк Аврелийдің көпшілік тарапынан мойындауға мұқтаж емес екендігін көрсетіп, ойшыл ретінде сомдайды. Ойшыл ретінде сомдау арқылы, сол кездегі тұлғалардың сауатты, зиялы ортадан екенін, антикалық философиямен таныс екенін аңғартса керек.

Рим сәулет өнері мен мүсін өнері триумфалдық мемориалдық құрылыстардан байланыс табады. Мұндай триумфалдық құрылыстар Римнің негізгі қызметін анықтап береді. Рим әскери держава болды дедік. Өйткені Аппий жолымен легиондар ұдайы соғысқа аттанып, дәл сол жолмен салтанатты түрде шеру құрып, қалаға кіретін. Қалаға кіреберіс жолдың басында триумфалды аркалар, ал қаланың орталығында триумфалды колонналар орналасқан еді. Осындай сәулеттік мүсіндік сабақтастықтағы мүсіндер Троян колоннасында шешім тапқан. Әскер соғысқа барып, бес мыңға жуық жауды жер жастандырса, сол триумфты жеңістің құрметіне, сол әскер мен императордың кұрметіне арнап осындай триумфалды құрылыстар орнатылатын.

Триумфалды аркалар арқылы шешім тауып, негізгі құрылымында акведуктармен ұқсас келетін. Тек олар үлкен монументалды шешім табатын Аркадан өту бұл тазару сәті. Белгілі бір дәрежеде бұл үрдіс саналатын. Өйткені соғысқа кез келген әскери адам өзінің еркінен тыс барады. Ал Рим азаматы үшін ұждан, Отан алдындағы борышы бірінші орынға қойылатын. Кез келген адам Отаны үшін өзін құрбан етіп, көзсіз ерлікке баруы керек болатын. Әскерлер соғысқа аттанғанда олар өз елінің, мемлекетінің игілігі үшін соғысып, көптеген адамдарды құрбан ететін. Еріксіз өлтіруге мәжбүр болады. Сондықтан да соғыстан оралып қалаға кірер алдында тазару процесінен өтулері керек болды. Тазару осындай аркалар арқылы жүзеге асатын. Бұл ежелгі Рим мәдениетіндегі соғыстан қайтқан әскерлердің дәстүрімен байланысты болды. Соғыстан кейін әскердерің жандарын, рухтарын, ішкі жан-дүниесін тазарту үшін екі әскер бірігіп, қылыштарын жоғарыға көтеріп, арка жасайды. Олар сол аркадан кезек-кезек өту арқылы тазару процесінен өтетін. Триумфалдық аркалар да осындай қызмет атқарды. Оның өн бойы, екі қапталы, ішкі өткелдерінің барлығы күрделі композициялық мүсіндік рельефтермен безендірілді. Ондай рельефтердің мазмұны негізінен жорыққа шыққан императордың жеңісін ұлықтап, насихаттау үшін қажет болды. Троян аркасы да осындай мазмұнда безендіріліп, өзінше бір монументалды ескерткіш саналды.

Қаланың ортасында орналасып, Троянның құрметіне салынған сондай ескерткіштердің бірі - бұл Троян колоннасы. Колоннаның биіктігі 30 м-ге жетеді. Ал оның өн бойын тұтастай күрделі рельефтік мүсіндік композициялар безендіріп тұр. Бұл мүсіндердің сюжеттік мазмұнын колоннаның төменгі жағынан жоғары қарай өрбіте отырып оқимыз. Төменгі жақтан басталған оқиға, бағанның ұшар басындағы толық тұлғалық мүсінмен тоғысып барып аяқталады. Мұндай спираль тәрізді жоғары қарай өрлетіп баяндау үлгісін серпантиндік деп атаймыз. Ол тоқтамайды, қозғалыс барысында. Бұл ешқашан тоқтамайтын өмірдің белігісі ретінде де қарастырылуы мүмкін. Колонна тұтастай парос мәрмәрынан жасалған. Ол аппақ. Парос мәрмәрын Рим территориясына жеткізу де белгілі бір деңгейде қиындық тудырғаны да белгілі.

Римнің императорлық кезеңінде мүсін өнері осылайша сәулет өнерімен тоғысады. Келесі бір алып, үлкен көлемді әкімшілік, көпшілікке арналған ғимараттар да гректік үлгілерімен байланыс табады. Сондай үлгілерінің бірі Колизей құрылысы. Колизей сөзі латын тілінен аударғанда үлкен, алып деген мағынаны білдіреді. Колизейдің ішіне өз уақытында 50 мың адам сиятын. Оның құрылысы қаншалықты күрделі болса, соншалықты жіті ойластырылған еді. Оған 50 мың адам 15 минутта кіріп жайғасып, дәл осылай топтасып, бір-біріне кедергі жасамай-ақ сыртқа еркін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Рим өнері
Дүниежүзілік мәдениеттің асыл қазынасы
Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті, өнері
Ежелгі Рим сәулет өнерінің тарихын жазу
Ежелгі Этрусктер және Римнің Республикалық кезеңі
Ежелгі Римдегі сәулет өнері
Көне рим мәдениеті
Пайдаланылған әдебиет
Латын тілінің шығу тарихы. Мемлекеттік тілде оқитын студенттерге арналған оқулық
Византия мемлекетінің құрылуы
Пәндер