ХVІІ ғасырдағы Испания және Фландрия өнері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ХVІІ ғасырдағы Испания және
Фландрия өнері

ӨНЕР ТАРИХЫ

ХV ғасырда Испания алып мемлекет болып қалыптасады. Ал, ХVІ ғасырда Испания өзінің территориясын кеңейтіп, теңіз жолдарын меңгеріп, экономикалық және саяси қуаттылығын арттырған болатын. Осы кезде Испания құрамы коллониялармен кеңейе бастайды. ХVІІ ғасырда Испания Фландрия өзінің құрамына біріктірген коллониялық алып мемлекет болатын. Испания мен Фландрия мемлекеттерінің діни негізі бір. Олар котоликтік шіркеуді мығым ұстанған еді. ХVІ ғасырда Испанияның экономикасы қарыштап дамып жатқанымен, өкініштісі оған мәдениеті мен өнері ілесе алмайды, яғни мәдениеті пен өнердің дамуы сәл кештеу, бір ғасырдан кейін бастау алады. Нақтырақ айтсақ ХVІ ғасырдың 80-жылдары мен ХVІІ ғасырдың 80-жылдары аралығы испан өнерінің алтын ғасыры саналады. Испания негізі діні мемлекет болғандықтан, бейнелеу өнеріне де тапсырыс беруші екі орталық анықталады. Оның бірі - патша билеген сарай, екіншісі - шіркеу. Осылайша, Испания бейнелеу өнері арқашан аристократтық сарай және діни тақырыптарда байланыста қарастыруда ХVІІ ғасырдағы Испания бейнелеу өнерінің алтын ғасыры бізге Франсиско Рибальти, Хусепа Рибера, Франсиско Сурбаран секілді керемет суретшілердің есімдерін таныстырады.

Диего де Сильва Веласкес Испания бейнелеу өнерінің ең танымал тұлғаларының бірі. 1599 жылы ол Сильва қаласында ауқатты емес ақсүйек отбасында дүниеге келеді. Әкесі 10 жасында интернатқа оқуға жібереді. Көп ұзамай баласының қабілет қарымына қарай суретші шеберханасына шәкірттікке тапсыруға мәжбүр болады. Ол заманда ақсүйек отбасы үшін суретшілікті таңдау, лайықсыз кәсіп болып табылатын. Веласкестің бала күнінен бастап интернаттан жүрген кезінде-ақ осы кескіндеме өнеріне деген қызығушылығы айқын көрініп, әкесінің дұрыс шешім қабылдауына мүмкіндік береді. Алғашында әкесі Веласкесті Эрер шеберханасына табыстайды. Эрермен мінезі жағынан табыса алмаған Велескес одан көп ұзамай кетіп қалады. Бір жылдан кейін Франческо Пачеко шеберханасынан дәріс ала бастайды. Франческо Пачеко суретші ретінде шығармашылығы шыңдалып, қалыптаса қоймаса да, өте керемет шебер ұстаз еді. Ол Веласкестің талантын, дарынын жастайынан байқап, оның өз қабілетін арттыруы үшін үнемі натурадан сурет салуын талап етеді. Тіпті кейбір деректерде Веласкестің өз ақшасына базардағы саудагер баларды жалдап, солардың портреттерін салатыны жайлы айтылады. Оларды натура ретінде пайдаланып, үздіксіз сурет салғаны белгілі. Веласкес әсіресе материалдылықты жеткізудің асқан шебері болады.

Пачеко шеберханасында Веласкес 1617 жылға дейін кәсіби шеберлігін арттырады. Бұдан кейін ол өз шеберханасын ашып, шығармашылығын дамыта бастайды. Пачеко шеберханасынан ол өзінің өмірлік жарын табады.
Ұстазы өзінің қызын 16 жасында Веласкеске ұзатып береді. Қызын ұзатып тұрып ол Ве- ласкестің дарынына, ертеңгі болашағына сенетінін айтқан еді. Веласкес 1617 жылдан бастап өз алдына жеке шығармаларын жаза бастайды. Көбінде ұстазы оған тұрмыстық жанрдағы картиналар жазуға үйретеді. Туындыны үздіксіз, ұдайы жазуды талап етеді. Тұрмыстық жанрдағы туындыларды испандықтар бодогенес деп атаған болатын. Осындай тырнақалды туындылары Таңғы ас, Кәрі аспазшы немесе Жұмыртқа пісірген әйел деген атауларымен белгілі.

Жұмыртқа пісірген әйел картинасына назар аударатын болсақ, біз ас дайындап жатқан әйелді көреміз. Назарымыз ерекше үстел үстінде тұрған әртүрлі заттарға түседі. Бірі қалайы, бірі мыс, енді бірі қыш материалдардан жасалған ыдыстардың материалдылығы өте шебер берілген. ХVІІ ғасырда суретшілер үшін материалдылықты жеткізу оның суретшілігін дәлелдейтін ең басты қабілеті саналған. Сондықтан да осы кезде суретшілер сарай суретшілігіне қызметке тағайындалар кезде ең алдымен осы натюрморт жазудан, содан кейін барып портрет жазудан сынақтан өтетін еді. Веласкестің алғашқы кездегі туындыларының барлығы осы натюрмортпен және тұрмыстық жанрмен тығыз байланысты болды.

Веласкес есімі біртіндеп Севилья қаласына кеңінен таныла бастайды. Ол кіші көлемді тап- сырыстарға қол жеткізе бастайды. Оның есімі мен атағы Севилья шеңберінде шектеліп қалмайды. Дәл осы кезде 16 жасар Филипп ІV таққа отырады. Ол таққа отырғаннан кейін әкесінен кейінгі дәстүрлерді бұзып, маңайын тазалап, сарай қызметшілерін қайта қабылдайды. Осы кезде ол сарай суретшілігіне де адам іздеген болатын. Севильялық талантты суретші жайлы естігеннен кейін арнайы сұраныс жасатып, Веласкесті сарайға алдыртады. Веласкес бірінші натюрморттан, содан кейін Филипп ІV портреттік бейнесін салып, сынақтан өтеді. Веласкестің ерекше таланты мен дарынына тәнті болған Филипп оны сарай суретшілігіне тағайындайды.
Енді Веласкес сарай суретшілігіне тағайындалғаннан кейін қаржыға мұқтаж емес, алайда оның ақырындап шеңбері тарыла бастайды. Сарай суретшінің ең басты міндеті бұл ең алдымен корольдің, оның отбасының салтанатты портреттік бейнелерін сомдау болатын. Сондықтан да осы сарай қызметіне тағайындалған уақыттағы Веласкес шығармашылығының алғашқы кезеңі портреттік туындыларымен ерекшеленеді. Тарихта бір Рембрандты алтын түстің шебері деп атаған едік, ал Веласке күміс түстің королі ретінде белгілі болды. Күміс түс испан ақсүйектерінің салтанаттылық белгісіне айналады. Керемет әдемі, салтанатты әрі жылтырап, әсем көріну үшін күміс түсті жіптермен тігілген костюмдерінің материалдылығын жеткізу үшін суретші күміс түсті мол әрі шебер пайдаланған болатын.

Веласкес сомдаған портреттер галереясының ішінен біз Филипп ІV портретін өте жиі кез- дестіреміз. Сонымен қатар, Веласкес өз заманындағы зиялы қауымның да портреттерін жасайды. Ерекше қызығушлық тудыратыны инфанта Маргаританың портреті. Инфанта Маргаританы Веласкес кішкене күнінен бастап өскенге дейін салады. Бұл портреттер арқылы инфантаның өсу барысын, сол кездегі өзгерістері мен бойжеткенін тамашалай аламыз. Инфанта Маргарита Филипп ІV сүйікті қызы. Сондай-ақ сарай ішінде Веласкеске өзінің портретін салдыру белгілі бір уақытта сәнге айналған еді. Егер Веласкес қылқаламынан туындаған портретің болмаса, онда өзіңнің ақсүйектілігіңе мін келтіретіндей әсер қалдыратын.

Веласкес шығармашылғынан біз 1629 жылдары Вакхтың салтанаты сюжетіне салынған композицияны көреміз. Бір қарағанда ол тақырыбымен ақ антикалық мифология сюжеттеріне жетелейді. Ортада белінен төмен қарай-ақ және қызыл түсті мата оранған, жалаңаш, басына жүзім жапырағынан тәж киген Вакхты көреміз. Ол күш-қайратқа толы жас жігіт ретінде бейнеленген. Маңайынан онымен бірге салтанат құрып, той-думандатқан бір топ адамдарды көреміз. Мән беріп қарасақ, олардың кейбірі тіпті масайып та қалған секілді. Туынды тек тақырыбымен ғана сонау антикалық әлеммен байланысады. Бірақ біз көріп отырған адамдарың барлығы Веласкестің замандастары. Тіпті киім үлгілерін де Веласкес өзгертуге талпынбайды. Баскиімдерінде, сыртқа киімдерінде болсын, суретші өз заманының үлгісін суреттейді. Осылайша, Веласкес алдыңғы буын италияндықтар, венециандықтар жиі қалам тартқан мифологиялық, діни тақырыптарды өзінің мәдениетімен тығыз байланыста суреттеу ерекшелігін көрсетеді.

Веласкес антикалық мифологиямен қатар, діни тақырыптарды өте нәзік жеткізудің шебері. Христос Марфа мен Марияның үйінде атты картинасы туынды ішіндегі туынды деген принципін пайдалану арқылы ерекшеленеді. Дастарқаннан тағы да материалдылығы өте шебер жеткізілген ыдыстарды, балық пен жұмыртқаны көреміз. Балық христиан дінінде ерте христиан кезеңінен бастап Иисус Христостың символдық белгісі. Мұнда Иисус Христос қайда? Біз тұр- мыстық жанрдағы картинаны көріп отырмыз. Ал оның тақырыбы діни-мифологиялық сюжетке жетелейді. Енді туындының оң жағындағы жоғарғы бөлігіне назар аударсақ, Христостың Марфа мен Марияның үйінде Иисус Христостың суреті ілініп тұрғанын көреміз. Мұнда Веласкес тұрмыстық жанрдағы интерьер ішіне картинадағы тағы бір интерьердің кеңістігін енгізе отырып, көз алдымызда кеңістікті кеңейтіп, оның иллюзиясын жасайды. Картина ішіндегі картинада Христос пен Мария Магдаленаның ар жағында есік ашылып, кеңістік тағы да одан бетер кеңейе түседі. Ресей өнертанушылары бұл әдісті туынды ішіндегі туынды дей келе, яғни картина кеңістігін зерттеудегі ерекше бір ізденістердің бірі ретінде атап өткен болатын. Веласкестің осындай керемет ізденістерін жан-жақты қарастырған Сергей Даниэль болса, испандық Хосе Ортега-и- Гассет өзінің Веласкеске кіріспе атты еңбегінде Веласкес өмірбаянын толық қамти отырып, оның өмір жолында шығармашылық жетістікке емес, керісінше әкесі әлдеқашан жоғалтқан ақсүйектік дәрежеге қайта қол жеткізуге тырысқанын айтып кетеді.

Веласкестің портреттер галереясының ішінде ерекше назарға ілігетіні ергежейлілер портреті. Оларды көбінде Инфантаның маңайында бейнелейді. Ергежейлілер сарайда сайқымазақ ретінде сарай қызметкерлері мен патша отбасының көңілін көтеру қызметін атқарады. Ергежейлілерді бейнелеу арқылы олардың адами қасиеттеріне, ішкі нәзік сезімдеріне көңіл бөліп, оларды тұлға ретінде қарастырады.
Веласкес батальдық жанрдың өзін мүлде басқаша қарастырады. Қайта өрлеу, барокко кезеңдерінен қалыптасқан батальдық жанр бұл қарқынды динамикалық қозғалысқа негіз- делген күрделі композициядан тұруы керек еді. Алайда Велескес Бреданың берілуі атты 1625 жылы жазылған туындысында батальдық сюжетті өте мейірімді әрі бейбіт жолмен шешеді.
Голландиялық Бреда қамалының басшысы Юстин Нассауский испандық қолбасшы Спинолаға қамал кілтін табыстап жатыр. Юстин Нассауский бейнеленген жақтағы әскерлер өте шашыраңқы. Олар қолдарына әртүрлі қару-жарақтар ұстанғанымен, олар топтан ерекшеленіп көрінбейді. Ал, керісінше Спиноланың әскері жағында тікесінен қаптап тұрған найзаларды көреміз. Осы арқылы Веласкес өте ұтымды түрде Спиноланың әскерінің өте көп екенін және оның жеңіске жеткен жақ екенін айқын көрсетіп береді. Мұндай тарихи батальдық жанрды бейнелеу әдісі Веласкес шығармашылығында өте ұтымды, сәтті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нидерландының ХVІ-ХVІІ ғасырдағы мәдениеті
Нидерландыдағы буржуазиялық революция және оның тарихи маңызы
Барокко стилі. XVII ғасырдағы Батыс Еуропа өнері
Нидерландыдағы ұлт-азаттық қозғалыс. ХVІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Құрама провинциялардың Республикасы
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы біріккен провинциялар Республикасындағы экономикалық өзгерістер
ХҮІІ ғасырдағы Голландия өнері
Кейінгі орта ғасырдағы испан абсолютизмінің саясаты
Жеті жылдық соғыс, 7 жылдық соғыстан кейінгі Еуропа дипломатиялық жағдайы
Бейнелеу өнерінің саласы кескіндеме өнері туралы
Мектептен сыныптан тыс сәндік қолданбалы өнер үйірмесін ұйымдастыру
Пәндер