ХІХ ғасырдың І жартысындағы Реализм және Импрессионизм өнері


ХІХ ғасырдың І жартысындағы Реализм және Импрессионизм өнері
ӨНЕР ТАРИХЫ
ХІХ ғасырдың І жартысындағы Реализм және Импрессионизм өнері
ХІХ ғасыр өнері өзінің құрылымында өте күрделі. Алғашында ол француз революциясынан бастау алып, романтизм үлгісінде көрініс табады. Кейін романтисттердің ізденістері шынайылыққа, натурализмге жақын келуімен реализм мектебінің негізін қалайды. Тек реалисттер революция мен қаһармандық тақырыптарды емес, керісінше күнделікті тұрмыс-тіршілікті, қарапайым шаруаның өмір көріністерін шынайы жеткізуге тырысады. Реализм өз бастауын ХІХ ғасырдағы графикалық өнерден алса керек. Өйткені Оноре Домье өз шығармашылығында қарапайым шаруа адамның, соның ішінде әйел адамдардың ауыр тұрмысын, анық әрі айқын бейнелеп жеткізеді.
Кескіндеме өнерінде Барбизон мектебі реалистік бейнелеу мәнерін жалғастырып, айрықша сипат алады. Енді табиғатты бейнелеу, оның сан түрлі түстерін өз шығармашылықтарында көрсету бірнеше суретшілердің топтасып сурет салуы арқасында жүзеге асады. Мұдай суретшілердің тобын Барбизон мектебі дедік. Ол Париж маңындағы Барбизон деген елді мекеннің атымен аталып, кейіннен осы жерге суретшілер көптеп жиналып, өз шығармашылықтарын дамытады. Барбизон мектебінің өкілдері бейнелеу өнеріне табиғатқа шығып сурет салуды, барлық нәрсені тек қана тірі табиғаттан үйрену керектігін дәріптейді. Барбизон мектебінің жетекші өкілі Гюстав Кюрбе және Франсуа Милле болды.
Франсуа Милле шығармашылығы өз негізінде тыныштықты, тыныштыққа мүлгіген табиғатты кескіндейді. Табиғатты жеке дара пейзаж ретінде алмайды. Милле табиғатты қарапайым шаруаның өмір тіршілігімен терең байланыста суреттейді. Осылайша қарапайым адамдардың күнделікті ауыр тіршілігі Милле шығармашылығында керемет түстердің әуезді үндестігіне бөленіп, ерекше сыр шертеді. Мұндай туындылардың бірі - «Масақ жинау».
«Масақ жинау» туындысына жіті мән беріп қарайтын болсақ, белдері бүгілген күйі еңкейіп масақ жинаған шаруа адамдарын көреміз. Туындының өн бойын жайлаған тыныштық әсері бір сәтке туындыны тоқтатып қойған секілді әсер қалдырады. Тыныштық үнсіз бір әуенге ұласқан секілді. Милле өз шығармашылығында күннің атуы мен батуын және күн шыққаннан батқанға дейінгі аралықты зерттеуге өте жақын болды. Масақ терушілер «Анжелюс» атты туындысында күннің батар алдындағы ала көлеңке сәтті керемет өте тартымды бейнелейді.
Франсуа Милленің ерекше сезімге толы тартымды жұмыстарының бірі «Анжелюс» деп аталады. Анжелюс кешкі уақытта оқылатын дұғаның аты, яғни ерлі-зайыпты екі адам шаруа барысында далада барлық жұмыстарын тоқтатып қойып, дұға уақытында тыныштыққа бөленіп, дұға тыңдап тұр.
Тағы да жұмыстан тыныштық ерекше айқын сезіледі. Күннің батып бара жатқан әсері ала көлеңкеленіп, адамдардың тыныштығын одан бетер үдете түскендей. Анжелюс тақырыбы арқылы Франсуа Милле өз кенебінде шаруа адамдарының әрқашан тәубеге, шүкірге келетінін, аз да болса, қиын да болса сол тұрмысына, сол өміріне рақмет айта білетіндіктерін айқын мәнерлеп көрсетеді.
Реалистік бағыттағы Барбизон мектебінің жетекші өкілі Гюстав Курбе деп жаңа атап кеттік. Гюстав Курбе жалпы табиғатында өте сабырсыз, беймаза адам болған. Ол өзінің жүрген жерінде айғай-шу шығарып, дөрекі мінезімен ерекшелініп көрінетін. Шығармашылығында да ол өзін ерекшелеп, топтан екшелеп көрсетіп, туындыларында сол наразылығын айқын сездіре біледі. Курбенің сондай жұмыстарының бірі «Сәлеметсіз бе, Курбе мырза!» деп аталады. Дәл осы туындысы арқылы Курбе сол уақыттағы суретшіні қабылдау принципінің өзгергенін айқын бенелейді. Бұған дейін суретші ауқатты тапсырыс беруші адамның алдына баратын. Өйткені әрбір кескіндемелік туынды реалисттерге дейін сюжетке, мазмұнға тәуелді болған еді. Енді Барбизон мектебінің өкілдері табиғатқа шығу арқылы, табиғатты өзін сол таза күйінде зерттеп, сол табиғаттан үйрену арқылы кескіндеме ешқандай тақырыпқа, сюжетке тәуелді емес екенін айқын көрсетеді. Олардың әсерлі, мың түрлі құбылған табиғат көріністері көрерменін елітіп, арнайы тапсырыс бермесе де адамдар еркін сатып ала алатын еді. Сондықтан да Курбе жаңа қоғамда, жаңа заманда суретшіге деген көзқарастың өзгергенін осы туындысында айқын көрсетеді. Курбе мольбертін ұстап, кезекті пленерге шыққан. Оның алдынан екі ауқатты адам шығып баскиімдерін шешіп, өздері еңкейе сәлем берген. Ал, Курбе паң, өр күйінде олардың алдында бір саты жоғары тұрғандай әсер қалдырады. Мольберт суретшілердің дәл осы Барбизон мектебінің реалистік кезеңінен бастап табиғатқа шығып сурет салуға арналған құралы. Ол кішкене қобдиша немесе сандықша сияқты. Осы сандықшаның ішіне суретшілер өздерінің сурет материалдарын, қылқалам бояуларын алып шығып жұмыс жасайды. Енді суретшілер шеберханада отырып сурет салуға мәжбүр емес. Суретшілер еркіндікке шықты. Дәл осы ХІХ ғасырдың орта шенінде зауыттар арнайы майлы бояуларды құтыларда жасап шығара бастайды. Құтыдағы бояу өзіңмен бірге алып жүргенге, кез келген табиғат көрінісін арнайы табиғат аясында отырып салуға ыңғайлы болды. Гюстав Курбенің осындай наразылыққа, өзінің бір ерекше мінез-құлқын айшықтап көрсетуге бейім туындыларының бірі «Ормандағы жерлеу» деп аталады. Бұл жерде қарапайым адамның жерлеу көрінісін тамашалай аламыз. Тарихқа көз жүгіртсек жерлеу үрдісі, жерлеу барысы қай кезде жүргізілетін? Эль Греко да «Граф Оргасты жерлеу» немесе осы секілді танымал, киелі тұлғаларды жерлеумен байланысты болатын. Реалистік тақырыптағы Барбизон мектебінің шығармашылығы импрессионизм мектебінің қалыптасуына тікелей ықпал етеді.
Барбизон суретшілері табиғат көрінісін табиғатқа шығып кескіндеп, кейін оны шеберханада аяқтайтын. Дәл осы әдісті енді импрессионисттер өз шығармашылығында қолдана бастайды. 1872 жылы импрессионисттердің ең алғашқы көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеге барлық дерлік импрессионнистер қатысып, ол Париж қаласындағы ең танымал көшелердің бірі Монмартрда ұйымдастырылады. Монмартр көшесінде сол кезде суретші Навараның студиясы орналасқан болатын. Осы студияның екінші қабатына импрессионисттер өз жұмыстарын қояды. Әдетте импрессионисттердің жұмыстарының көлемі аса үлкен емес, кіші көлемді және этюдтік характерде болатын. Этюдтік сипат алуы олардың үнемі, ұдайы табиғатты зерттеуімен байланысты болды. Егер де Барбизон мектебінің өкілдері жалпы табиғат көрінісінің ауқымды бейнесін жасаған болса, импрессионисттер бір сәтті, бір мезетті ғана бейнелеумен айналысады. Олар бір ғана көріністен 10, 15, 20 туындыға дейін жазатын. Өмір бір ғана мезеттерден тұрады деп түсінген импрессионисттер сол мезетті зерттеуге жіті назар қояды. Алғашқы көрмеге атау Клод Моненің шығармашылығынан алынады. Клод Моне көрмеге қойған жұмысын «Көкжиектегі қайықтары мен кемелері бар Гаврдың көрінісі» деп атайды. Ренуардың інісі Клод Моненің осы жұмысының атауын «Impression Soleil Levant», яғни «Әсер. Күннің шығуы» деп атаған болатын. Дәл сол уақытта импрессионисттердің ешбірі өздерінің шығармашылық бағыттарына осы атау ие болады деп ойламаған еді.
1874 жылы Луи Леруа есімді әдебиет сыншысы осы топ өнерінің шығармашылығына «импрессионизм», яғни «әсер» мағынасын беретін сөзді қолдана бастайды. Алғашында импрессионисттерге бұл сөз мазақ ретінде көрінетін. Олар, бұл атауды қабылдағысы келмегендерін көбіне наразылықтарымен білдіріп отыратын. Алайда табиғаттағы бір сәттік мезетті зерттеуге арналған импрессионисттердің шығармашылығына басқа бір атауды беру мүмкін емес секілді көрінеді. Клод Моне өзінің осындай кіші көлемді жұмысымен жалпы импрессионизм тарихында ерекше орын алады. Алайда импрессионист суретшілердің шығармашылығының басталуы 1872 жылдан емес, 1863 жылдан бастау алады.
Франция ХІХ ғасырда жалпы Еуропалық өнердің орталығына айнала бастайды. Жан-жақтан осы Еуропаның түпкір-түпкірінен келген суретшілер осы Францияда жинақталады. Францияда керемет өнер академиясы құрылады. Соның нәтижесі ретінде жыл сайын күзде салон көрмесі ұйымдастырып отыратын көремеге жұмыстар қатаң тәртіппен қабылданып, академиялық қағидаларды сақтаған жұмыстар ғана өтетін. Көрмеге өткен жұмыстардан өтпей қалған жұмыстардың саны өте көп болатын. Сондықтан 1863 жылғы көрмеге осындай өтпей қалған туындылар қатары аса көп болды. Суретшілер жиналып, Наполеон ІІІ өздерінің наразылықтарын білдіріп, көрмеге өтпей қалған жұмыстардың көрмесін өткізетін арнайы орын сұрайды. Билік олардың осындай ұсынысын елеусіз қалдырмай оларға арнайы ғимарат салдырып береді. Бұл ғимаратта жұмыстар жерден төбеге дейін ешбір бос орын қалдырылмай ілініп шыққан болатын. Эдуард Маненің ең танымал екі туындысы осы көрмеге қойылып, көрермен тарапынан ең үлкен наразылық тудырған болатын. Бұл жұмыстар «Олимпия» және «Шөп үстіндегі таңғы ас» деп аталады.
Эдуард Мане импрессионист суретші болғанымен ол ешқашан басқа да импрессионисттер секілді тек түсті зерттеумен шектелген жоқ. Композиялық зерттеулерінде де аса бір тың жаңалық ашуға ұмтылмайды. Ол өзіне дейінгі кескіндеме шеберлерінің шығармашылығындағы қалыптасқан композициялық принциптерді сабақтастықта, байланыста көрсетеді. Сондай туындылардың бірі «Олимпия» деп аталады. Маненің «Олимпиясындағы» композициялық ұқсастықты біз Джорджоненің «Ұйқыдағы Венера» атты туындысынан және Тицианның «Урбин Венерасы» атты кенебінен көре аламыз. Аталмыш үш туындыда да жалаңаш әйел бейнесі бірінші планда төсектің үстінде бейнеленген. Тек оларды бейнелеу, жеткізу тілі әртүрлі. Мысалы, Джорджоне армандаған, қиял үстіндегі Венераны суреттейді. Өйткені Венера ол сұлулық құдайы, ол мінсіз болуы керек. Джорджоне осындай қиялшыл, әсершіл Венера көрініс табады. Ал, Тициан керісінше шығыстық мінерге сала отырып, Венераны бірінші планда орналастырса да негізгі акцентті интерьерге және әрбір детальдың бай, өте әсем бедерленуіне баса назар қояды. Венециялық екі суретшінің шығармашылығында Венераның ешқайсысы да назарын көрерменге тік салмаған. Олардың назары, ойы сол кенеп кеңістігінен шықпай кескінделген. Ал, Эдуард Маненің «Олимпиясы» арқылы көрермен мен бейнеленушінің арасында суретші байланыс орнатады. Бұл байланыс жаңа замандағы әйел бейнесімен, әйел образымен, оның жаңа замандағы орнымен айқындалады. ХІХ ғасырда әйелдер өздерінің қоғамдағы орнын ала бастайды. Олар жұмыс істейді, ақша табады. Олар ер адамдар секілді тең дәрежеде білім алуға да құқылы еді. Осындай әйел енді қоғамда қандай болуы керек? Әрине, ол өзіндік көзқарасы қалыптасқан өзіндік ойын ашық айта алатын, өзіне қажет нәрсені талап ете алатын өзіне сенімді әйел еді. Эуард Маненің «Олимпиясы» дәл осындай. Халық тарапынан наразылық тудырған әрекет те осы болды. Олар осыған дейін ашық, өзімшіл, менменшіл әйелді көрмеген болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz