ХІХ ғасырдың І жартысындағы Франция мен Испания өнері

ӨНЕР ТАРИХЫ
ХІХ ғасырда Францияда белең алған көтеріліс қозғалыстары жалпы қоғамдағы көптеген пікірлердің өзгеруіне, көзқарастардың қалыптасуына алып келді. Революция идеясы бұл бірлікті, еркіндікті, теңдікті ұран еткен болатын. Эрнст Гомбрих өзінің еңбегінде дәл осы ХІХ ғасырдың І жартысындағы кезеңді белгілі бір елдің стильдік ерекшелігіне қарай қарастырмайды. Ол суретшілер арасындағы ортақ байланыстың негізінде зерттейді. Бұл байланыс қоғамда жетекші рөл ойнаған қаһарман бейнесімен және де отан алдындағы үлкен ар-ождандық міндетімен байланыстырады.
Эрнст Гомбрих романтизмнің негізін сонау классицист суретші Жак Луи Давид шығарма- шылығынан қарастырады. Классицизм тарихтан білетініміздей антикалық емес, енді Рим мәдениеті мен өркениетінің идеалдарын алдыға тарта отырып, қаһарман бейнесін қайта жаңғыртуға негізделген кезең болатын. Ол тек қана үлгі болатын өнерді, үлгі болатын бейнені жасады. Сондықтан да классицизм кезіндегі бейнелеу өнері академиялық қағидаларға қатаң бағынды. Жак Луи Давид өзінің шығармаларында осы адалдықты, отан алдындағы міндеті мен оның алдында өз жанын құрбан етуге дайын қаһарман бейнесін терең қарастырады. Мысалы, оны Ағайынды Горацилердің анты атты көркем туындысынан көре аламыз. Композиция мейлінше классикалық сипатта шешіліп, Римнің Республикалық кезеңіндегі хал-ахуалды көз алдымызға елестетеді. Ағайынды Горацилер әкесінің алдында отан үшін жандарын қиюға дайын екендерін айтып ант етуде.
Дәл қаһармандық тақырыбы өлім тақырыбымен әрқашан бірге жүреді. Өйткені өлімге тіке қарамайынша қаһармандық қасиеттерді көрсету мүмкін емес. Давидтің өлімді, өлімнің бет-бейнесін айқын суреттеген туындыларының бірі Мараттың өлімі деп аталады. Давид өзінің шығармашылығының алғашқы кезеңінде революционерлерді жақтайды. Сол кездегі революцияның ең жетекші өкілі Марат болатын. Давид Мараттың досы әрі замандасы болды. Сондықтан Мараттың өлімі ең алдымен Давидке ерекше әсер етеді. Өйткені ол досын жоғалтты. Революцияның жетекші өкілі ретінде Марат көптеген жауыздықтарға да бой алдыртқан болатын. Классицизм кезеңінде Давид Мараттың өлімін академиялық мектептің заңдылықтарына сүйене отырып, өте қайғылы драмаға толы шынайы сипатта бейнелейді, яғни тарихи деректерге сүйене отырып суреттейді. Марат Давидтің замандасы болғандықтан әлі сол уақытта тарихқа айналып үлгермеген еді. Сондықтан да Давид өзінің сана-сезімінен өткізген қайғы табын осы картинасында айқын әрі анық көрсетуге тырысады. Әдетте классицисттер өз жұмыстарын өте ұзақ уақыт жазатын. Ал, Давид осы туындысын алты айда-ақ бітіріп, көрерменге ұсынған болатын. Марат қаншалықты революционер болса да, ол науқас еді. Осы себептен ол өмірінің басым бөлігін дертіне дауа болатын су толтырылған ваннада өткізеді. Марат революция жолында көптеген қатігездіктер мен құрбандықтарға да барды. Сондықтан да Мараттың бейнесінде өз заманының құбыжығын көрген Шарлотта Коде оны өлтіруді жоспарлайды. Осы мақсатта ол хат әкелген сыңайда Мараттың бөлмесіне келіп, оны өлтіреді. Картинадан ваннада отырған Маратты және оның алдындағы жазу үстелін көрсетеді. Жазу үстелінің төменгі жағына Давид өзінің қолтаңбасын қалдырады. Туындының аясы оның мазмұнын тарқата қараңғы қою түстерде шешім тапқан. Қара, жасыл, ақ түстер осы картинаның мазмұнына жүгінгендей. Давидтің Мараттың өліміне тіке қарап, оның өлімін үлгі еткісі келгенін де байқау қиын емес.
ХІХ ғасырдың басында романтизм Франция өнерінде жетекші рөл атқарады. Тарихқа үңіліп, романтизмнен кейінгі кезеңдерге де көз жүгіртетін болсақ, әдебиетті, музыканы, бейнелеу өнерін бір кезеңге тоғыстырған дәл осындай ауқымды бағытты көре алмаймыз. Бірақ романтисттер өзінің бастамасын классицист суретші Давид шығармашылығынан ғана алған жоқ қой. Оның алғышарттарын испан суретшісі Франсиско Гойя шығармашылығынан да айқын көреміз.
Гойя бүкіл өмірін, әсіресе революцияға дейінгі шығармашылығының алғашқы кезеңін сарай суретшісі ретінде өткізеді. Бұл ХVІІ ғасырдағы Испания өнерінің алтын ғасырынан кейін испан бейнелеу өнеріне жаңаша бір леп алып келген дара тұлға болатын. Бір ғана суретші Гойя тұлғасынан біз ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басындағы Испания мәдениетін, Испания тарихын және осы жерде болған төңкерістердің табын айқын көре аламыз. Гойя тек қана сарай суретшісі болып қалмайды. Сонымен қатар, Испанияда мекен еткен билеушілердің өз отанына ешбір аяушылық танытпай, жаны ашымай сол мекенді құрбандыққа шалғанын өзінің графикалық парақтары мен кенептерінде айқын көрсетеді.
Франсиско Гойя сарай суретшілігіне қабылданбас бұрын, сарай маңындағы шпалералық мануфактураның жетекшісі болады. Ол мануфактуралардың эскиздеріне жарияланған кезекті байқауда жеңіске жетіп, тапсырысты ұтып алады. Нәтижесінде, Гойяның шығармашылығының бастапқы кезеңінде ол өз халқының ойын сауық, салт-дәстүр көріністерін сарай бейнелеу өнерінде айқын көрсетіп, оны салтанатты-парадтық бейнелеу өнерімен байланыстырады. Мануфактураға жасаған эскиздері Ойын, Алыптар, Маскарад секілді тақырыптарда орындалып, қарапайым халықтың алғаш рет сарай бейнелеу өнеріндегі көрінісін байқаймыз.
Гойя 1980 жылдардан кейін нақты сарай суретшісі ретінде ресми түрде бекітіледі. Шы- ғармашылығының осы кезеңінде ол сарай қызметкерлерінің, корольдің, Король Карл ІV мен оның әйелі Луизаның отбасылық жеке тұлғалық портреттерін жазады. Әсіресе, Король Карл ІV отбасылық портреті ерекше қызығушылық тудырады. Гойя осы портретті жазуда олардың киіміне, салтанатты сипатына ерекше мән бере отырып, астыртын сарказм мен патша отбасының негізгі бет-бейнесін ашып береді. Толық портреттен айқын сезетініміз патшалықты басқарып отырған Карл ІҮ емес, оның әйелі Мария-Луиза. Ол топтық портреттің ортаңғы бөлігінен орын алып, мейлінше өркөкірек, тәкәппар сипатта шешім тапқан. Франсиско Гойя бейнеленуші патша отбасының барлық мүшелеріне жарықты мол түсіріп, олардың киімдерінің әсемдігін, әшекейлерінің көркемдігін барынша айшықтай отырып, келбеттеріне де назар аударады. Әсіресе Мария-Луизаның тартымсыз түр-сипаты арқылы оны бір мазаққа айналдырғандай әсер қалдырады.
Гойя сарай суретшісі бола отырып, халықтың мұң-мұқтажына, қиыншылықтарына назар салмай қоймайды. Мұндай тақырыптарды әдетте Гойя графикалық парақтарында айқын ашып жеткізуге тырысқан. Мысалы, 1797 жылдан бастап бес жыл бой салынған Капричос атты графикалық топтамасы 80 парақтан тұратын. Бұл парақтарда аллегориялық суреттеу арқылы Гойя халық арасында белең алған азғындаушылыққа, билік пен халық арасындағы байланыстың әлдеқашан үзілгендігіне, дін қызметкерлерінің де азғындағаны соншалық халықтың арқасында тек қана өз мүддесін көздейтінін айқын көрсетеді. ХІХ ғасырда Капричос сериясы жазылған уақытта, Испания әлі де болса католиктік шіркеу қарамағында қатты қысымда өмір сүріп жатқан болатын. Серия көптеген нұсқада көшірмеленіп, халық арасына тарап кетеді. Гойя секілді суретшілер халықтың мұң-мұқтажын билік пен діни басшыларға жеткізудің құралы, ақпараттық тасымалдаушы тұлғалары саналатын. Сондықтан да шіркеу тарапынан дәл осы сарказмға толы гротескілі әжуа суреттерді көре отырып, діни басшылар өн бойындағы кемшін тұстарын айқын көре бастайды. Олар әрине Гойяны жазалай алмайды. Өйткені осындай қоғамда белең алған сұрқия арам дүниелердің барлығының бастауында Гойя тұрмағанын, Гойя тек сол ақпаратты өн бойынан өткізіп, өзінің пайым-түсінігі жағынан талқылап көрсетуші екенін түсінеді. Шіркеу инквизицияның арқасында әжептәуір байып, ал Карл ІV де халқына еш жаны ашымастан оның мал-мүлкін талан-таражға салған тұлғалардың бірі болатын. Гойя осындай биліктің немқұрайдылығын сезіне отырып, графикалық парақтарында айқын ашып көрсетеді.
Капричос парақтарының ішінде бізді ерекше толғандыратын туындылардың бірі Сана түсі құбыжықтарды оятады деп аталады. Бұл жерден ұйқыға кеткен адамдарды көреміз. Ол ұйықтаған сәтте оның маңайын сан түрлі құбыжықтар жайлаған. Бұл Гойя өмір сүрген қоғамның айна қатесіз келбеті еді. Ұйқыдағы адам еш оянғысы келмейді. Ол өзінің маңайын жайлаған құбыжықтарды, соғыс пен революция салдарын көргісі келмейді. Сондықтан да ол басын көтергісі келмеген күйі қалың ұйқыға шомған. Капричос сериясының тағы бір парақтарынан есек арқалаған адамдарды көреміз. Адам есекке міну керек болса, Гойя керісінше оларды адамдардың арқасына арқалатып қояды. Осы арқылы олардың сана-сезімінің төмендегенін, тіпті белгілі бір жағдайда деңгейінің сол есекпен теңескенін айтқысы келгендей еді. Ал аристократтар герцогиняны қарапайым халық арқасына көтеріп, арқалап тұр. Тағы бір парақтарында дін қызметкері жазаға тартылса, енді бірінде олардың беттері құбыжыққа ұқсап, өсек айтуда. Осындай аллегориялық әдіс арқылы Гойя халыққа да, билікке де түсінікті тілде өз заманының бет-бейнесін айқын көрсетіп әшкерелейді.
1800 жылдары Испанияда төңкеріс болып, француз билігі басып кіреді. Бұл тұста Карл ІV өзінің басын сауғалап, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz