ХҮІІ ғасырдағы Голландия өнері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ХҮІІ ғасырдағы Голландия өнері

Бүгінгі тақырып с XVII ғасырдағы Голландия өнері. І ғасырда римдіктер Рейн, Маас, Шельде секілді өзендердің солтүстік мұхитқа барып құятын Германияда орналасқан жерлерін төменгі жерлер деп атаған болатын. Дәл осы римдіктер төменгі жер деп атаған Германияның төменгі жақ территориясында Нидерланд мемлекеті орналасты. Нидерланд мемлекеті әу баста сол XV - XVI ғасырларда өтпелі мемлекет қызметін атқарған еді. Өйткені оның саяси, тілдік, этникалық құрамы үнемі ауысып отырды. XVI ғасырда Нидерланд атауы тек географиялық атау болып қалады, яғни саяси, тілдік жағынан бұл жерде бірлік қалмаған еді. Тек XVII ғасырда ғана Испания тарапынан жүргізілген реформа нәтижесінде мемлекет түбегейлі екіге бөлініп кетеді. Оның оңтүстік бөлігі Фландрияның өте бай құнарлы жеріне қызықандықтан Испания басымдық танытып, өзіне қаратады, яғни Фландрия әжептәуір уақыт Испания қарамағында болған еді. Ал оңтүстік бөлігі керсінше, табиғат жағдайы өте қолайсыз, жайсыз болды. Халықтың негізі тұрмыс тіршілігіне егін шаруашылығына тым қолайсыз жерлер солтүстік территория Голландия деп атала бастады. Осылайша, тарих сахнасында екі мемлекет көрініс табады. Испания Фландрияға жетекшілік ету арқылы ол жердегі мәдениеттің, өнердің де өркендеуіне тікелей инквизициямен қысым жасап, оның дамуына тосқауыл болады.

Испаниядан осындай қысым көрген көптеген ғалымдар, суретшілер, өнер адамдары мәжбүрлі түрде Голландияға қоныс аударады. Голландия керсінше, дәл осы өнер, мәдениет жағынан еркін, өз ойын және өзінің шығармашылығын еркін жүргізуге мүмкіндік беретін мемлекет болатын. Тарихта дүниежүзін тек қана құдай жаратса, Голландияны тек қана голландықтар жаратқан деген мақал кең тараған. Бұл мақалды тек голландықтар ғана қолданады. Өйткені, жаңа айтып өткеніміздей, Голландия территориясы орман-тоғайсыз, ұдайы үздіксіз жел соғып тұратын қолайсыз жер еді. Осы батпақты жерді голландтықтар тыңғылықты игеру барысында егін шаруашылығына қолайлы етіп, ал, кең алқапты алай-дүлей жел соққан алқаптарына диірмендер орнату арқылы сол диірмендерді өздерінің күнделікті тұрмысына пайдалануға ыңғайлайды. Түрлі шеберханалар ашылып, шеберлер түрлі қыш бұйымдарын өңдеу, металл өңдеу секілді шеберханаларда жұмыс жасай бастайды.

Осылайша, Голландия алғаш рет Батыс Еуропа территориясында діннің ықпалымен емес, керсінше адамның күнделікті тұрмыс тіршілігін негізге ала отырып, шығармашылықтың дамуына жағдай жасайды. Нақты осы Голландия территориясында діни, мифологиялық тақырыптардан бөлек тұрмыстық тақырыптар жанрлық сипатына қарай дамып, көптеген суретшілердің есімі әлемге белгілі болады. Басқа кезеңдердің барлығында әрине, суретшілер есімі өте көп, бірақ, осындай территориясы шағын Голландия секілді елден осыншама көп суретшінің шығуы елде мейлінше белең алған шығармашылық тұлғалар үшін жайлы болған жағдаймен байланысты еді. Мысалы, әлемге есімі әйгілі Рембрандт, портрет шебері Франс Халс, Ян Стен, Ян Вермеер секілді суретшілер дәл осы Голландия топырағынан шыққан еді. Ең алғаш дүрбі де осы Голландияда ойлап табылғанын біз тарихтан білеміз. Голландия кескіндемесінде суретшілер өзінің шеберлігін шыңына дейін жеткізіп көрсету үшін, осындай кіші жанрлық тақырыптарға көбірек тоқтайтын. Портрет жанрында отбасылы, жеке портрет, топтық портрет әсіресе әскери адамдардың топтық портреттеріне көбірек берілетін.

Ал, пейзаж жанры бұрын соңды портретпен немесе тақырыптық байланыста шешілсе, дәл осы Голландия кезеңінде қала пейзажы, дала пейзажы, көше пейзажы, жеке-жеке көл пейзажы өз алдына жеке жанр ретінде дараланып шығып, тіпті кейбір суретшілер өмірінің соңына дейін дәл осындай кіші жанрларға адал болып қалған еді. Олар дәл осы кіші жанрларда өзінің барлық мүмкіндіктерін, шығармашылық шеберлігін шыңына жеткізе мейлінше жетік бейнелеп отырды. XVII ғасырдағы Голландиялық кескіндеме өнерінің алтын ғасыры Франс Халс шығармашылығынан басталады. Франс Халс портретист суретші болды. Дәл осы жанрды таңдауы арқылы Голландия кескіндеме өнерінің хал-ахуалын айқындауға болады. XVII ғасырда Голландия екіге бөліген кезде ұсақ 14 провинциядан тұратын республика болып қаланды. Сонымен қатар, ол протестанттық республика деп өзін жариялаған болатын. Голландия территориясында билік құрған гасбургтерді қуып шыққан кезде олар католиктік шіркеуден де бас тартқан еді. Католиктік шіркеудің кетуі, протестанттық діннің орнауы енді шіркеуде бейнелеу өнеріне деген сұраныстың жоқ екенін айқын көрсетті. Әрине, ғылым, білім, сонымен қатар қолөнершілік шаруашылықтың барлық қыры Голландияда қарқынды дамып, голландықтар ерекше ерен еңбектің иесі екенін өздерін қоршаған басқа көршілес мемлекеттерге дәлелдеп-ақ болған еді. Алайда, сурет өнері өзінің негізгі шіркеуге емес қоршаған ортаға, халыққа жұмсау керек деген мақсатын дәл осы тұста айқындап алады. Енді тапсырыс беруші аристократтар, бюргерлер болды. Олар көбінде өзінің портреттеріне немесе үйде ілуге арналған шағын көлемді туындыларға тапсырыс беретін. Мұндай туындыларды тапсырыс беруші де, тамашалаушы да қарапайым халық болды.
Франс Халстың кенептерінен біз парадтық портреттерді, топтық портреттерді, отбасылық портреттерді сонымен қатар, қарапайым халықтың да портреттерін көре аламыз. Парадтық, топтық портреттер әрине тапсырыс бойынша жазылуы мүмкін. Алайда, Франс Халстің негізгі кәсіби шеберлігін айқындай түсетін қарапайым халықтың негізгі кейіпкерлерін бейнелеудегі портреттер тапсырыссыз жазылғаны айқын. Олардың жағыс мәнері, жағыстардың кей жерлерде айқыш-ұйқыш түсуі, бейнеленуші кейіпкердің мінезін, психологиясын ашуда, кейбір тұстарын карикатураға дейін жеткізіп бейнелеуін оның ізденіс барысындағы суретші екенін айқын түсінеміз. Адамдардың, аристократтардың парадтық портреттерін бейнелеуде ол бейнеленушінің тұрған немесе отырғанын сәл ғана бір қырынан бұрып бейнеленген ракусын таңдайды. Осы арқылы портретке ерекше салтанаттылық беріп, оның қоғамдағы, өмірдегі статусын киім детальдары арқылы айқын көрсетеді. Мысалы, назар аударып қарасақ, жаға немесе жеңіне қолданған өте әсем, нәзік шілтерден тоқылған жасанды жағалар аппақ түсі арқылы қара түсті костюммен немесе аямен қарама-қайшылықта отырып бірден көзге түседі. Сонымен қатар, осындай аристократтар өзінің қоғамдағы орнын айқындай түсу үшін қолдарына қолғаптарын ұстап түсуді де әдетке айналдырған еді. Дәл сол уақытта қоғамда сәнге айналған мұрт қою, шошақ сақал қою немесе үкілі шляпасын бір жақ шетіне сәл ғана қисайта кию дәл парадтық портреттердің негізгі белгілері еді.

Топтық портреттер салуға да тапсырыс Халске жиі келіп тұрды. Дәл осы топтық портреттер арқылы Франс Халс портрет жанрының ішіндегі тағы бір жанрдың негізін қалады. Мұндай топтық портреттерде бірнеше адам бейнеленіп, олар сол бір гильдияның мүшесі немесе сол қаланың қорғанысына жауапты әскери қызметкерлер болып табылған еді. Олар әдетте көтеріңкі көңіл күйде, қызуқанды әңгіме үстінде бейнеленетін. Тіпті олардың өзара әңгімелері, қол әрекеттері арқылы назарларын бір-біріне аударып, ден қойып тыңдау арқылы тұтас бір композициялық байланыс орнататын. Осындай көңілді, әсерлі мейрам жағдайларында бейнелеу арқылы Франс Халс өмірге деген құштарлығын айқын көрсетіп отырды. Топтық портреттердің тағы бір түрі Франс Халс шығармашылығында жетекші орын алатын отбасы портреті. Франс Халс отбасы мүшелерін табиғат аясына шығарып, әсерлі бір серуен барысында бір-бірімен көтеріңкі көңіл күйде бейнелейді.

Франс Халс адамдарды көңілсіз, ішкі бір кереғарлықта бейнелеуге асықпайды. Ол өзі бейнелеп жатқан адамдардың салтанатты сұлу болып көрінуін басты назарға қойған болатын. Себебі, тапсырыс жеке тұлға тарапынан келіп отыр. Тек өмірінің соңына қарай Франс Халстың осы көп портреттер галереясынан екі бірдей көңілсіз портреттерді көреміз. Олар Қарттар үйіндегі регенттер деп аталады. Екіншісі, Қарттар үйінің Регеншалар деп аталады, яғни регент бұлар қарттар үйінде қарт адамдарға көмек көрсететін қызметкерлер. Осындай портреттері арқылы Франс Халс қара түсті өте шебер пайдаланады. Мейлінше сол қарттықтың азабын, ауру меңдеген өмірді, әрбір адамның өмірінің соңғы кезеңіндегі өлім алдындағы қорқынышын сол регенттердің үстеріне киген қара түсті киім арқылы, бастарындағы қара түсті шляпалары арқылы айқын сезімді жеткізуге бар күшін салған болатын.

Кіші жанрлардың Голландия территориясында қарқынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нидерландының ХVІ-ХVІІ ғасырдағы мәдениеті
ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы біріккен провинциялар Республикасындағы экономикалық өзгерістер
Бейнелеу өнерінен дәрістер жинағы
Алтын жаға
Сефевилер мемлекеті
Ұлы Морав мемлекеті
ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы Герман мемлекеті. Пруссия
Капитализм генезисі дәуіріндегі ағылшын-балтық сауда-экономикалық қатынастарының тарихы
Жаңа және қазіргі заманғы Еуропа және Америка елдерінің тарихы
Кәсіби қазақ тілі пәндік оқу - әдістемелік нұсқау
Пәндер