Ежелгі тарихи жазбалардың тарихнама ғылымындағы рөлін анықтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ежелгі тарихи жазбалардың тарихнама ғылымындағы рөлін анықтау.

Негізгі сұрақтар:

Ежелгі шығыс мемлекеттерінің жазба деректері

Ежелгі шығыс елдерінде мемлекет алғаш ұлы өзендер аймағында пайда болды. Себебі тұщы су, өзен жағасындағы аңдар,жабайы астық тұқымдас әр түрлі шөптердің мол болуы өзеннің теңізге құяр сағасында (атырау) адамдардың көптен шоғырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың көптеп шогырлануына әсер етті.Бұл жағдай адамдардың ахуалын жақсартып қана қойған жоқ, сонымен бірге бала туудың өсуінеде әсер етті.Адам саны көбейген сайын теріп жейтін және аулайтын аңдар белгілі бір территорияда азая бастағандықтан адамдардың бір тобы біртіндеп егіншілікке көшуге мәжбүр болды. Әдетте өзен арнасы кей жерлерде (әсіресе атырауда) бірнеше арнаға бөлініп, баяулай бастайды. Осындай табиғи каналдардың негізінде адамдар өзен суын бұруды,тоған салуды үйрене бастады.Тың жерге егін салған адамдар тобы тез байып,басқалардан ерекшелене бастағандықтан өз жерін қорғауға көбірек көніл бөліп,қамалдар мен шіркеудар салуға кіріседі Міне осылайшіркеудар мен қамалдарнегізінде кала-мемлекеттер пайда болды. Суару жүйесінің ролі басым болгандықтан Ежелгі Шығыс елдерінде осы жүйені ұйымдастырушы мемлекеттің меншігі басым еді. Шығыс елдерінде ұжымдық еңбектің басым блуына еңбек-құрал жабдықтарының мыстан және тастан жасалуы да әсер етті.
Ежелгі Шығыстағы қала-мемлекеттерде бастапқыда діни билік басым болды. Себебі егіншілікпен айналысушы халықтың табиғаи ортаға тәуелділігі ерте заманда тіпті күшті болатын. Сондықтан табиғи куштерге табыну кең етек алды. Сонымен бірге жердің тез тұздану,балшықтану процесі жаңа жерлерде каналдар салу арқылы игеруді қажет еткендіктен ұжымдық еңбекті керек етті. Ал коллективтік еңбекті ұйымдастыруда шіркеуның ролі ерекше болды. Шіркеу сонымен бірге қамал және қойма функциясын да атқарды. Сондықтан бастапқы кезде шіркеу басшысының беделі жоғары және шіркеу жері көп болса, бірте-бірте территорияларға талас күшейіп, соғыстардың жиіленуінің әсерінен әскери басшы-патша діни билікті өз қолына шоғырландырды. Патша негізгі ұйымдастырутырушыға айнала бастады. Ежелгі Шығыстағы мемлекеттің ішкі бөліктерінің өзара байланысының да діни сипаты басым болды. Каналдар салу,су бөлу, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру-қоғамдық істер мекемесінің пайда болуына әсер етті. Бұл мекеме патша бұйырығымен жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу үшін халықтарды қоғамдық еңбекке мәжүбірлеп отырған. Мысалы, Египеттегі пирамидалар, Қытайдағы Ұлы қорған осындай жолмен салынған.Қоғамдық істер мекемесі және жерге мемлекет меншігінің болуы-ежелгі Шығыстағы мемлекеттің басты ерекшеліктерінің бірі. Адам санының өсуі өмір сүру үшін табиғи ортамен күрестің күрделенуіне алып келді. Осы мәселені шешу барысында басқару жүйесі де күрделене бастады және бірте-бірте шектен шыға бастады. Бастапқыда патша билігін мойындату үшін құдайдың баласы немесе құдай қалаған адам сияқты уағыздар айтылса, кейіннен патшаны құдай қатарына қосып қойды. Басқарудың күрделенуіне әлеуметтік топтардың арасындағы күрестің шиеленісуі де әсер етті. Мемлекетті басқаруға экономикалық жағынан ықпалды топтар-ақсүйектер, әскерибасшылар, дінбасылар,сауда адамдары араласуға мүдделі болды. Себебі олардың жағдайын жақсартуға,байлығын көбейтуге мемлекет жүргізіп отырган саясат тікелей әсер етіп отыргандыктан,олар осы баскаруға қатысуға тырысты және патшаға ықпал ету үшін өзара таласып отырды. Патшалар және олардың арасындағы ықпалды топтар бұл мәселені ушықтырмау үшін діни жолмен қиындықтан шығуға тырысты. Осы топтардың қоғамдағы ролі діни қағидалар бойынша бекітілді. Ежелгі Үндістанда әлеуметтік топтпрдың ролі дін және заң арқылы бекітілді. Қоғам төрт үлкен топқа бөлінді; дін адамдары-брахмандар,әскери басшылар-кшатрийлер, егіншілер-вайшилер және құлдар-шудралар. Осы топтардың қоғамдағы ролін бекіту үшін брахмандар құдайдың аузынан, кшатрийлер қолынан, вайшилер-санынан, ал шудралар табанынан жаралды деген аңыз пайдаланылды.
Ежелгі Шығыстағы мемлекетке тән тағы да бір ерекшелік-барлық жерге мемлекет меншігінің болуы.Жерге мемлекет меншігінің болуы өте күрделі жолмен бекітілді және бұл процесс биліктің қалыптасуымен тығыз байланысты.
Бірақ билік әр түрлі айсақта әр түрлі жағдайлардың әсерінен қалыптасқандықтан сипаты жағынан ерекшеліктері болды. Сондай ерекшеліктер шығыстағы билік жүйесінен айқын көрінеді. Мемлекет билігі мен діни биліктің күрделі байланысының нәтежесінде пайда болған ежелгі Шығыстағы билікті шығыс деспотиясы деп атаймыз. Деспотия, деспотизмсөзі ежелгі грек тілінен аударғанда шексіз билік ұғымыны білдіреді.Бұл сөз ХVІІ Ғ. аяғы мен ХVІІІ ғ. басында өмір сүрген француз жазушысы Ф.Фенелонның романындағы адамдардың барлығы қорқынышта өмір сүргетін және заңмен қорғалмаған қоғамды атаған болатын. Әдетте шығыстағы мемлекеттік басқаруды деспотия деп атайтын себебі патшаның діни, азаматтық, әскери, атқару және сот билігін қолына шоғырландыруына және халықтың негізгі бөлігінің құқықтық жағынан қорғалмауына байланысты.

Гомердің туындыларының тарихи маңызы

Гомер - ежелгі грек халқының аты аңызға айналған эпик ақыны. Алайда Гомер туралы нақты деректер жоқ. Оның өмір сүрген уақытын шамамен б.з.б. ІХ-VІІІ ғасырлардың арасы деп көрсетсе, Отаны ретінде 7 қала аталады. Олар: Смирна, Хиос, Колофон, Саламин, Родос, Аргос, Афины қалалары. Гомер сөзінің өзі бірнеше мағынада түсіндіріледі (соқыр, тұтқын, пайғамбар, ақын т.б.). Гомер өміріне байланысты ежелгі тарихшы Геродот, Плутархтың т.б. зерттеулері бір-біріне қарама-қарсы. Мифке сүйенсек, Гомердің ата-бабалары әншілер Мусей мен Орфей; әкесі - Аполлон құдай (кейде өзен құдайы Мелет), ал шешесі Каллиопа деп айтылады. Гомерді өлең шығарарда музалар шабыттандырып отырған. Гомер бүкіл Грекияны, Кіші Азия жағалауларын аралап жүріп өлең шығарған, поэтикалық жарыстарға қатысқан соқыр ақын болған деген де болжам бар. Одиссея поэмасында бейнеленетін туғаннан соқыр аэд Демодокты Гомердің өз бейнесі болуы да мүмкін деген де болжамдар бар. Павсанийдің айтуынша, Гомер Хиос аралында дүние салған. Бұл шындыққа жанасымды пікірлердің біріне жатады. Себебі, бұл аралда өздерін Гомердің ұрпақтарымыз деп есептейтін гомеридтер деп аталатын ру өмір сүрген. Олардың көпшілігі әнші болып келеді. Гомерлік диалект көнегрек тілінің ионийлық және эолийлық диалектілерінің қосындысы болғандықтан, Гомердің қай тайпаға жататындығы жайлы да нақты деректер жоқ. Грек мифологиясына сүйенсек, Эллиннің (ежелгі гректер өздерін - эллин деп атап, отанын - Эллада дейтін болған) Дор, Эол және Ксуф атты үш ұлы; Ксуфтың Ион есімді баласы болған. Осыдан келіп, тайпалар мен диалектілер - дорийлық, эолийлық және ионийлық болып үшке бөлінген делінеді. Кішіазиялық жағалаудың солтүстігінде эолийлықтар, орталығында ионийлықтар, ал оңтүстігінде дорийлықтар орналасқан.[2] Грек халқының жыршы-аэдтерінің бірегейі Гомер қаламынан туындап, әлем халқына танылған туындылары: Илиада мен Одиссея поэмалары. Бұлар - ежелгі грек халқының батырлық жорықтарын суреттейтін көркем шығармалар. Аталған поэмаларының шыққан дәуірі, қандай жағдайда дүниеге келгені жөнінде мәліметтер сақталмағандықтан, оларға қатысты әлі де анықталмаған, шешілмеген күрделі мәселелер көп. Ғылымда бұл Гомер мәселесі деп қарастырылады.[3] Гомер мәселесі эллиндік дәуірде туды. Б.з.б. ІІІ ғасырда грек ғалымдары Гомер поэмаларының түпнұсқасын көптеген қолжазба материалдар негізінде қалпына келтіруге тырысты. Сонда ғалымдар поэмалардың айырмашылықтарын байқайды. Кейбір александриялық мектептің филологтары мәтіндік талдауларға сүйене отырып, тіпті Илиада мен Одиссея екі түрлі автордың шығармасы деген қорытындыға келді. Бірақ, олардың жорамалы қолдау таппайды. Көптеген зерттеушілер Илиада поэмасы ақынның жас күнінде жазылған; оның негізгі тақырыбы - әрекет пен күрес, батырлардың көзсіз ерлігі; автор батырлардың жойқын соғыстағы асқан қаһармандығын шабыттана жырлаған; ал Одиссея ақынның қартайып, шау тартқан шағында жазылған дүниесі болғандықтан, мұнда Одиссей батырдың басынан кешкен қиындықтарын баяндаумен ғана шектелген деген қарсы пікір айтады. Антика заманының ойшылдары Гомерді пір тұтқанымен, оның кемшілігін жиі, ашық айтып отырған. Ақын, философ Ксенофон Колофонский (б.з.б. VІ ғ.) Гомер шығармаларына көп сын айтса, Платон оны тірі болса мемлекеттен қуып шығуға дайын екенін жасырмайды. Оның ойынша, Гомер поэмалары жастарды бұзады, олардың тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Гомердің ең қатал сыншысы Зоил болды (б.з.б. ІV ғасыр), кейін оның аты жалпыланып, Зоил сөзі аяусыз, кешірімсіз, зұлым сыншы деген мағынада қолданылды. Гомерді кемсітіп, оның еңбектеріне күлгені үшін жырдың табынушылары Зоилды жардан лақтырып жібереді. Софист, философ Дион Хорцостың (б.з.б. І-ІІ ғғ.) пайымдауынша, Гомер поэмаларының негізі дұрыс қаланбаған, себебі Троя соғысы гректердің атақ-даңқсыз, көп азап шегіп Отанына құр қол қайтуымен аяқталады. Гомер мәселесімен Аристотель, Метродор Лампсаксий (б.з.б. Vғ.), александриялық филолог Зенодот (б.з.б. ІІІ ғ.), Аристарх Самофракийский (б.з.б. ІІІ-ІІ ғғ.) және Аристархтар да айналысқан. Антика дәуірінде бұл шығармаларға жазылған көптеген түсіндірмелер мен комментарийлер сақталған, ол - схолия деп аталды.

3. Ежелгі грек тарихшылары Геродот пен Фукидидтің шығармаларына талдау жасау

Геродот (б.з.д. 484-425) - "тарихтың атасы". Геродот омірі -Геродоттың Египет, Сирия, Вавилон, Солтүстік Қаратеңіз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
КСРО дәуіріндегі түріктану ғылыми саласы
Ертедегі грек тарихшылары
Қазақтың ауыз әдебиеті
Ұлттық мерзімді басылымдардың Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне жаңа көзқарасты қалыптастырудағы рөлі: тарихнамалық талдау (1985-2005 жж.)
Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар тарихы зерттеулерде
Ұлы Француз революциясы және оның тарихнаманың дамуына ықпалы
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы
Пәндер