Қазақстан ежелгі дәуір тарихының жазба деректері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан ежелгі дәуір тарихының жазба деректері.

Тарих ғылымы белгілі бір мәселені зерттеуді, оң алдымен, деректер жинаудан бастайды. Деректер тарихи болмысты шындық тұрғысынан оқып-үйренуге бағыт береді. Ежелгі Қазақстантарихы жөнінде жазбаша деректемелер көне парсы, көне грек, латын, қытай тілдерінде бізге келіп жетті. Бұл жазбаша деректемелер мазмұны мен сипаты жағынан сан алуан.
Басты деректемелердің бірі Зороастризмніңкиелі "Авеста"[1] деген ісітап атауымен белгілі. Ахура Мазда Құдайына арналған "Авеста" жырларының авторы Заратуштра ("Кәрі түйеші" деген мағына береді) делінеді. Заратуштра Каспий теңізінің шығыс-солтүстігін қоныстанған арий тайпасының Спитама руынан шыққан.
Шамамен алғанда, адамзат тарихындағы тұңғыш пайғамбар, абыз Заратуштра, біздің заманымызға дейін IX ғасырда өмір сүрді. Табиғи дарынының арқасында арийлердің батыр ұлдары жайлы жырлап, отыз жасында жаңа дінді ойлап табады. Қазақстан, Орталық Азия, Иран, Әзірбайжан, Aуғанстан жерінде таралған Заратуштра ілімінің қасиетті жазбалар жипағы біздің заманымызға дейін III ғасырында хатқа түскен 21 кітаптан тұрады. "Авестаның" сақталған бөлігінде Құдай атына айтылатын әнұрандар (гимндер) бар.
Басында Айға, Күнге, отқа, суға табынатын арийлер оның діни уағыздарын қабылдай қоймады. Әсіресе турлар қатты қарсылық көрсеткен. Заратуштра басқа жақтарға қоныс аударып, өз ілімін көрші елдерге таратады. Осылайша зороастризм діні дүниеге келді. Заратуштра уағыздарының Қазақстанның ежелгі тұрғындарының тарихын, мәдениетін танып білуде маңызы зор. Онда шығыс ирандық көшпелі тайпалар "турлар" деген жинақ атаумен беріледі. Сонымен қатар "Авестада" "сайримдер", "дахтар" деген тайпалар туралы да айтылады.
Tурлар мен арийлер арасындағы шым-шытырық оқиғалар Әмудария мен Сырдария, Каспий мен Арал, Еділ мен Кама өңірлерінде өрбиді. Бұл "әнұрандағы" кейіпкерлер доңғалақты арбаларға мінген. Олардың қарулары -- садақ пен жебе, найза, айбалта, кәсібі -- мал өсіру (өгіз, жылқыжәне түйе), тамағы -- ет пен сүт, Құдайға құрбандыққа шалуға жылқы, сиыр, қойәкелетіндігі баяндалған.
"Авестадағы" Құдай әнұрандары Орталық Азиямен оның солтүстігінде жапсарлас жатқан Қазақстанның баұташы-егінші тайпаларының рухани өмірі туралы құнды материал береді. Арийлердің Құдайға құрбандық шалып, оның атына мадақтау айтатын жерлері археологиялық деректермен де расталып отыр.

2) Парсы деректері: Авеста, Бехистун сына жазбалары.

Бехистун сына жазуы -- Парсы патшасы Дарий I өзінің жеңістерін тарихта қалдыру үшін Ирандағы Керманшах-Хамадан жолының бойындағы жартасқа б.з.б. 516 ж. жаздырған жазулар. Бехистун сына жазуы екі бөліктен тұрады: жоғарғы жағында көтеріліске шыққан дұшпандарын аяғына жығып тұрған Даридің бейнесі, оның айналасында және төменгі жағында көне парсы, элам, вавилон тілінде 14 қатар етіп жазылған жазулар бар. Қар, жаңбыр суынан қорғау үшін жартастың төменгі жағы шабылып, тік қашалған.
1837 ж. парсы қызметіндегі ағылшын офицері Генри Роулинсон арқанға байланып тұрып, 50 м биіктіктегі Бехистун сына жазуының көшірмесін алды. Сөйтіп сол уақытқа дейін сыры белгісіз болып келген сына жазуды басқа сына жазулармен салыстыра оқуға мүмкіндік туды.
Дарий I Бехустин жазбалары Қазақстан тарихы үшін аса маңызды ежелгі парсы деректерінің бірі де бірегейі болып табылады. Еңбекте Дарийдің билік басына келуі мен оның жүргізген саясатына, әсіресе сыртқы саясатына көп мән беріледі, әрі бізге қажетті тұсы- Таяу Шығыс пен Орталық Азия тұрғындарының орналасқан жерін, тайпаларының атауын тізбектеп көрсеткен, тарихи географиялық мәліметтерге толы дерек болып табылады.

Бехисту сына жазуы көнеше парсыша: Парсы патшасы Дарий І өзінің жеңістерін тарихта қалдыру үшін Ирандағы Керманшаһ -- Хамадан жолының бойындағы жартасқа б.з.б. 516 ж. жаздырған жазулар. Бехистун сына жазуы екі бөліктен тұрады: жоғарғы жағында көтеріліске шыққан дұшпандарын аяғына жығып тұрған Даридіңбейнесі, оның айналасында және төменгі жағында көне парсы, элам, вавилон тілінде 14 қатар етіп жазылған жазулар бар. Қар, жаңбыр суынан қорғау үшін жартастың төменгі жағы шабылып, тік қашалған. *1837 ж. парсы қызметіндегі ағылшын офицері Генри Роулинсонарқанға байланып тұрып, 50 м биіктіктегі Бехистун сына жазуының көшірмесін алды. Сөйтіп сол уақытқа дейін сыры белгісіз болып келген сына жазуды басқа сына жазулармен салыстыра оқуға мүмкіндік туды.
1846 ж. Роулинсон Лондондағы Корольдік Азия қоғамына сына жазуды оқу кілтін тапсырды. Алайда, сына жазудағы әр белгінің бір сөз болып оқылуы, кейде әр түрлі мағына беруі ғалымдар арасында сенімсіздік туғызды. Француз елшісі Э. Боттаның Күйінжікте жүргізген қазбалары кезінде табылған қыш тақтаға жазылған сына жазу сөздіктері мен оқулықтары Бехистун сына жазуын оқуды жеңілдетті.
Тек 1857 ж. Лондонда ағылшын ғалымдары Роулинсон мен У.Тальбот, неміс-француз ғалымы Ж. Опперт және ирландиялық Э. Хинкстің жаңадан табылған сына жазуларды бір-бірінен бөлек, бірақ бір мағынада оқуы таластың тоқтауына себеп болды. Бехистун сына жазуы тек парсы тарихының ескерткіші ғана емес, ол мыңдаған жылдар бойы сырын ішке бүккен сына жазуды оқуға мүмкіндік берген адамзат тарихындағы маңызы зор ескерткіш. Бехистун сына жазуында сақ тайпаларының құрылымы туралы құнды деректер сақталған.

Авеста - Иранның өте ертедегі маңызды ескерткіші. Ол біздің кезімізге дейін қасиетті зороастризм діні мәтіндері арқылы жетті. Араб шапқыншылығына дейін (VII ғ.) зороастризм Иран өкіметінің діні болған. Арабтар жаулағаннан кейін Иранда зороастризм дінін ұстайтындарды қуғынға ұшыратып, соңына түскеннен кейін, зоратуштрашылар тұрғылықты мекендерін тастап кетуге мәжбүр болды. Ираннан шыққан зороастристердің көпшілігі бүгінге дейін бұрынғы діни сенімдерін сақтаған. Кейбір бөлігін Үнді елінде кездестіруге болады. Олардың бір бөлігі қазіргі кезде Иранның қалалары Иязд, Керман, Тегеран, Ширазда тұрады. Зороастристерді Иранда Гебрлер деп атайды.
Парсылар ертедегі дін-сенімімен бірге қасиетті жазба Авестаны ұмытпай сақтап келеді. Ертедегі араб, грек, сирия, армян елдерінің авторлардың жинақтарының ішінен Иранда қасиетті Авеста кітабының болғаны жайында мәліметтер бар. Иран тілдес халықтар арасында ұлы ақын Фирдоусидің әдеби өңдеуімен (X-XII ғғ.) жазылған эпопеясында да Авеста туралы жазылған.
Зороастризм діні адамдарды пәктікке, шыншылдыққа, тырысуға және жамандықтан арылуға шақырды. Ұзақ өткен ғасырларда Заратуштараның өмірі белгісіз болды. Кейбір тарихшылардың пікірінше, оны Рей немесе Азербайжанның адамы деп білген [1, 394-395 бб.].
Бірақ ғылымда әртүрлі қолжазбалар Авестадан қысқа үзінділері XVII-XVIII ғ. ғана белгілі болған. Белгісіз тілде жазылған Авестаны тек жас ғылым француз Анкетиль Дюпперон (1731-1805) XVIII ғ. Индияға барған сапарында ашқан. Ол 1754 ж. Оксфордта сақталған Авеста жазбасының бірнеше беттерін қарастырып Индияға баруға шешім қабылдады. Индияда 6 жылдың ішінде А. Дюпперон зороастризм дінін қабылдағандармен достасып, олардың сеніміне кірді. Сол арқылы парсы діни әдет-ғұрыптарымен танысты, қасиетті мәтіндерін оқуын үйренеді. 1761 ж. А. Дюпперон Парижге оралғаннан кейін сол жиналған материалдарын қарастырып, нәтижесінде Авестаның аудармасын жасады, осындай жолмен ғылымға ежелгі парсы тілінің маңызды ескерткіші ашыла бастайды. Осы кезден бастап Авеста көптеген басқа тілдерге аударыла бастаған.
Авестада сол заманда мекендеген халықтардың тарихы, мәдени өмірі олардың діндері, аңыздары, батырлар эпостары туралы сақталған мәліметтері бар. Сонымен бірге Авеста Иран тілдерінің мәңгі өшпес мәдени жәдігері болып табылады. Авестаның ертедегі бөлімі б.э.д. II ғ. I жартысында Орта Азияда шыққан оның ішінде сол кездегі дәуірдің өмірін әртүрлі тайпалардың тіршілігін, көшпенді Орта Азия малшыларын, олардың діни-аңыздарын әдет-ғұрпын суреттейді. Авестаның кейінгі бір бөлімдері Пайғамбар - заратуштраның атымен және оның берген ақылдарымен байланысты. б.э. I ғасырында зороастристік шіркеу өте үлкен ықпалды болған. Әсіресе Сасанидтер кезінде (б.ғ. III - VII ғғ.) зороастризм патша билігімен сақталды. Ахеменид кезеңінің өзінде Авестаның мәтіні жазылған. Ол 12 мың сиыр терісінде алтын сиялармен Персопольдық сарайларда сақталған болатын. Бірақ бұл жазу А. Макендонский шапқыншылығында жойылды деп айтылады. Содан кейін Шапур I тұсында бұл киелі кітап қайта өңделді. Авестаның қай жерде, қай кезде жазылғаны туралы мәселенің дауы әлі бар.
Иран әдебиеті мен тарихын зерттеуші И.С. Брагинский парсы елінің көне әдебиеті мен олардың алғашқы діни кітаптарын талдайды. Ғалым біздің жыл санауымызға дейін жүйеленген Авеста діни және әдеби кітабының 17 аяты-йасындары (бөлімдері) түгел дерлік өлең өлшеміндегі Иранның ең ескі жазба әдебиетінің туындылары екенін анықтаған. Оның айтуынша: Авеста аяттарын Заратуштра (Зороастра) пайғамбары жазған. Оның мазмұны өз кезінің адамдарының зұлымдыққа, қарсы ізгілік жолында тәрбиелейтін шешен новелла, асқақ эпос, жан-жүйеңді толқытар нәзік лирикаға толы [2, 42 б.].
Авеста 21 кітаптан тұрады, әрбір кітап насқ деп аталады. Авестаның әрбір насқ араб шапқыншылығына дейін авесталық - тексттен және зендтен құрылған болатын. Әрбір насқтың өзіне тән жеке атауы болған.
Авеста тек қана дұғалар жинағы емес, сонымен қатар заңдар, кодекстер, астрономия, астрология, медицина т.б. ғылымдардың жинағы. Бұл кітапта табиғат жан-жануар тіршілігі, жер мен аспан иелігі, адам мен жаратушының ара қатынасы туралы аңыздар, арнайы болжамдар берілген. Адам жаратушының ең сүйікті құлы екені, оның бойындағы ақыл-ойы, өсуі, өзгеруі, еңбектенуі, табысқа жетуі және т.б. жайлары жайында нақты көрсетіледі. Мұнда әділ патша билігін аңсау, тату-тәтті жақсы өмір сүру, ақылмен адал істеп, өз еңбегімен күн көру, барлық кедей адамдарға қайырымдылық көрсетсе деген ізгі пікірлер жинақталған. Біздің күнімізге дейін, бізге тек қана Авестаның кейбір бөліктері жеткен. Сондай-ақ Авестаның барлық мәтіндері сақталмаған. Ғылымға белгілі Авестаның жазбаша мәтінінің әрбір бөліктері ең көп жиналған жинағы болып табылады. Бұл текст бірнеше бөлімдерден тұрады:
1.Ясна. Авестаны құдайларға табыну сиыну бөлшегі. Ол 72 тараудан
тұрады.
2.Висперад - 24 тараудан құралған. Оның бәрі көптеген құдайларға
бағышталған.
3.Видепдат. Диюлерге қарсы сөз деген сөз. 22 тараудан тұрады. Ол сондай-ақ Авестаның 19-шы насығы.
4.Яшта - құрметтеу. Мазмұны жағынан Авестаның ең көп бөлшегі. Ол
күнге, жерге, айға бағышталған. Сондай-ақ 22 әнұран мен өлеңдерден құралады. Онда Орта Азия көшпенділерінің өмірі, діни танымы. Діни ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тас дәуірінің кезеңдері
Деректанудың даму тарихы
«Деректану теориясы» пәні
Тарихи жады негізінде мәдени сабақтастық және ұлттық-азаматтық бірегейлік
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәнін оқытудың мәні мен мазмұны
Қазақстан тарихы туралы көне жазба деректері (иран, грек, қытай)
Ежелгі грек жазба деректері
Қытай жазба деректерінде
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Пәндер