1921-1922 жылдардағы аштық салдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Орындаған:Қонақбай Алина

Тобы:5В020300-тарих 4 курс

1921-1922 жылдардағы аштық салдары

1921-1922 жылдардағы ашаршылық Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.

Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалды. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді. Ашаршылықтың көп аймақтарды қамтуы Ашаршылық отырықшы аймақтарды да қамтыды. 1921 жылғы ақпан-наурыз айларында Қостанай губерниясындағы Исаев-Дедов аудандық кеңесі атқару комитетінің Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесіне жолдаған есебінде аудан тұрғындарының аш екендігі, сондай-ақ жекелеген ауылдардың наразылық білдіріп жатқаны туралы айтылды. Бірқатар аймақтарда шаруалар арасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жиналған астықты рұқсатсыз бөліп алған фактілері атап көрсетілді. Мәселен, Дмитриев селосының екі жүзге жуық әйелі көршілес кенттерден қосылған әйелдермен бірге жиналған астықты Орынбор астық қоймасына тапсыруға ашық қарсылық білдірді, «егер сіздер жиналған астықты әкететін болсаңыздар біз аштан қырыламыз» деген ұранмен шықты. Ал Васильев селосының тұрғындары кәдімгі күн сайынғы таңғы жиында шіркеу қоңырауымен бір мезгілде бір үзім нан мен мал азығы төңірегінде қызу айтыс ұйымдастырды. Олар кеңестердін жергілікті өкілдерін: «бізге астық беріңіздер, әйтпесе біз аштан қырыламыз» деген айқаймен қарсы алды. Никольск селосының тұрғындары, сол кезде көктемгі дән себу науқанына әзірленген тұқымдық астықты рұқсатсыз өзара бөліп алды. 1921 жылғы тамыздан бастап Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілді. 1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР-інің жеті губерниясының бесеуі: Орынбор, Ақтөбе, Бөкей, Орал және Қостанай губерниялары және Адай уезінің тұрғындары аштыққа ұрынды. Жұқпалы аурулардың таралуы Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ, оба, дінгене және басқа аурулар да қатар келді. Жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың саны республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Аштық пен қайыршылық күй, эпидемия, ауруханалардың жетіспеуі, осының бәрі аурулар арасындағы өлімнің санын көбейтіп жіберді. Мысалы, Қостанай губерниясында аштар мен аурулардың 75%-ға жуығы көз жұмды. Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны болды.

Ал 1920 жылдың соңында республиканың барлық тұрғындарының саны 4 781 263 адам еді. Оның 50, 3%-ы - қазақтар, 31, 2%-ы - орыстар, 14, 4%-ы - украиндар болатын. Қазақ республикасында 1922 жылдың наурыз және сәуір айларындағы дерек бойынша, Семей губерниясының тұрғындарын қоспағанда, алты губерния тұрғындарының 68, 2%-ы ашықты. Кейбір губернияларда ашыққандар саны орта көрсеткіштен де асып кетті. Мәселен, Орал губерниясында тұрғындардың 99%-ы, Орынбор губерниясында -80, 3%-ы, Қостанай губерниясында 74, 5%-ы аштық құрсауында қалды. Бөкей губерниясында осы көрсеткіш 29, 5%-ды, Ақмола губерниясында 40, 2%-ды құрады. Аштық пен құрғақшылықтан зардап шеккен губернияларда мал саны күрт азайды. Тек Қостанай губерниясында ғана 1920 жылмен салыстырғанда 1922 жылы жылқы 63%-ға, ірі қара (сауын малы) 50%- пайызға, ұсақ мал 65%-ға азайды, егіс алқабы 62%-ға қысқарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ашаршылықтың халық демографиясына салдары
Әскери коммунизм саясаты
Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. аштықтар:құжаттар, статистика, ақпарат
1921 - 1922 жылдардағы ашаршылықпен күресі және балаларға көмегі
1921 - 1922 жылдардағы аштық
1921-1922 жылдардағы ашаршылық
Қазақстандағы аштық: 1921-1922 ж. ж
Ашаршылық нәтижесі
1921-1922 және 1931-1933 жылдардағы ашаршылықтың сол кездердегі баспасөздегі көрінісі
Аштықтың ауыр зардаптары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz