Әріп жазбаларының тарихы


Әріп жазбаларының тарихы.
Жоспары:
- Әріп жазуының пайда болуы.
- Феникий, арамей, семит жазуларының пайда болу тарихы.
- Грек, латын жазуларының пайда болуы.
Әріп жазуы буын жүйелі жазудан кейін пайда болды. Таза күйінде консонантты-дыбыстық жазу II мың жылдықтың екінші жартысында пайда болса, вокалданған-дыбыстық жазу (вокализованно-звуковое письмо) біздің дәуіріміздің I мың жылдығының басында пайда болған.
Әріп жазуының пайда болуының дүние жүзілік мәдениеттің дамуы үшін үлкен маңызы болды. Жазу жүйелерінің ішінде әріп жазуы - ең қолайлы жазу. Әртүрлі тілдерде буын саны мен сөздің санынан дыбыстың саны әлдеқайда аз. Осыған орай дыбыстарды таңбалау үшін, әдетте, 20-дан 40-қа дейінгі таңба санының өзі жеткілікті болады. Әріп жазуындағы таңбалардың мұндай шағын мөлшері жазуды меңгеруді, сауаттылыққа үйретуді жеңілдетеді. Әріп жазуы - сөздерді ғана емес, сонымен бірге, олардың дыбыстық жағы мен грамматикалық формаларын да дәлме-дәл белгілеу үшін өте-мөте қолайлы жазу.
Ертедегі әріп жазуы (финский жазуы, ежелгі еврей жазуы, арамей жазуы және т. б. ) консонантты-дыбыстық жазу болды. Ондағы таңбалар тек дауыссыз дыбыстарды ғана белгілейтін болған. Жазудың бұл жүйесі дауыстыларға қарағанда дауыссыздардың қызметі мен мәні басым тілдерде пайда болып, қалыптасқан. Мысалы, семит тілдерінде (ішінара хамит тілдерінде) сөздің түбірі дауыссыз дыбыстардың тіркесінен құралады да, оларға дауыстылар қабаттасқанда, ол дауыстылар түрлене отырып туынды сөздің әр түрлі грамматикалық формаларын білдіреді.
Консонантты-дыбыстық таңбалар алғаш рет египет жазуында пайда болады. Ежелгі египет тілінің семит тілдерімен (ассиро-вавилон, финикий, ежелгі еврей тілдері және т. б. ) бірсыпыра ортақ жақтары болған. Мысалы, египет тілінде дауыстылардан дауыссыздардың мәні басым. Бұл тілде де сөздің түбірі дауыссыздардан құралады. Египет жазуы таза дыбыстық жазу болмаған. Бұл жазу қоспа (комбинированные) жазу түрінде болды да, онда идеографиялық логограммалар мен фонетикалық логограммалар, екі немесе үш консонантты таңбалар мен консонантты-дыбыстық таңбалар қабаттаса қолданылған.
Зерттеушілер ең алғашқы таза дыбыстық жазу мен финикий жазуын атайды. Жазу тарихының мамандарының пікірі бойынша, финикий жазуының ескерткіштері (Ахирам, Асдрубаал, Абибаал, Элибаал жазба ескерткіштері және т. б. ) біздің заманымызға дейінгі Х-XI ғасырларда пайда болған.
Финикий жазуында 22 таңба бар.
Олардың әрқайсысы жеке дыбысты таңбалаған. Финикий жазуындағы таңбалардың барлығы да дауыссыздар мен жартылай дауыстыларды белгілеген де [мысалы, w (waw), j (jod) ], дауыстылар жазуда түсіріліп, ешбір әріппен таңбаланбаған. Финикий алфавитіндегі әрбір әріптің өзінің аты бар және әріптің дыбыстық аты әрқашан әріп атының бірінші дыбысына сәйкес келеді (мысалы: b - bet, d - dalel) . Финикий аріптерінің аты әріптің дыбыстық мағынасымен ғана емес, сонымен бірге оның графикалық формасымен де байланысты болған. Мысалы, waw (вав) деп аталатын әріп (семитше waw «шеге» дегенді білдіреді w әрпін ғана белгілеп коймайды, сонымен бірге формасы жағынан шегені еске түсіреді (көзге елестеді) .
Ертедегі консонантты-дыбыстық жазудың қатарына финикий жазуымен бірге протохонаан, протосинай, угарит жазулары енеді. Финикий жазуымен қатар Аравия жарты аралында оңтүстік семит жазу жүйелері болған. Батыс семит әріп жазуларының ішінен үшеуі (угарит, протоханаан, протосинай жазулары) жойылып кеткен. Ал финикий алфавиті кейінгі әріпті-дыбыстық (буквенно-звуковое) жазу жүйелерінің жасалуына негіз болған.
Логографиялық жазу мен буын жүйелі жазуға қарағанда, әріп жазуы бір елден екінші елге ауысуға икемді болды. Әріп жазуының өте-мөте қарапайымдылығы, әр түрлі тілдерге жанасымдылығы, халықтардың арасындағы сауда қатынасы мен мәдени қатынастың және т. б. қатынастардың дамуы - осының бәрі әріп жазуының дүние жүзіне кең тарауына мүмкіндік берген қолайлы жағдайлар болып саналады. Кейбір халықтар басқалардан әріп жазуын кабылдай отырып, оның алфавиттік құрамын өз тілдерінің дыбыстық жүйесіне икемдеп өзгерткен. Мысалы, финикий алфавитінің негізінде грек жазуын жасауда, ал грек алфавитінің негізінде грек жазуын жасауда, ал грек алфавитінің негізінде славян жазуынжасауда осылайболды (В. А. Истрин) .
Әріп жазуының таралуы біздің заманымызға дейінгі I мың жылдықтың алғашқы ғасырларынан басталады. Әріп жазуы негізгі екі түрлі бағытта таралды. Шығыста финикий жазуының негізінде пайда болған арамей жазуынан Азия халықтарының әріп жазу жүйелері жасалып таралады. Батыста финикий жазуының негізінде пайда болған грек жазуынан Европа халықтарының әріп жазу жүйелері жасалып таралады. Шығыстағы әріп жазуы жүйелерінің көпшілігінде белгілі дәрежеде финикийлік консонантты принцип сақталса, батыста грек жазуынан бастап, барлық жазулар воколданған-дыбыстық жолмен дамыды.
Шығыстағы әріп жазуы жүйелерінің барлығы да (ежелгі еврей жазуынан басқалары) шығу тегі жағынап арамей әріп жазуынабарып тіреледі дедік.
Алғашында арамей жазуының финикий жазуынан пәлендей айырмашылығы болмаған. Кейіннен арамейліктер жазуға кейбір өзгерістер енгізеді, жеке әріптердің таңбаларын оңайлатады. Арамей жазуын ежелгі семит халықтары - еврейлер, ассириялықтар, вавилондықтар және басқалар қабылдай бастайды.
Арамей жазуының негізінде жасалған жазу жүйелерінің генеаеологиялық схемасы.
Арамей жазуы персиялық сына жазуымен (персидская клинопись) қатар Персияның мемлекеттік жазу жүйелерінің біріне айналады. Арамей тілі мен жазуы біздің заманымыздың III- IV ғасырларында арамейліктердің оңтүстіктен қоныс аударғаң арабтармен ассимиляциялануының нәтижесінде жойылып кетеді.
Арамей жазуынан тараған жазулардың төрт түрлі бұтағы бар. Олар мыналар: еврей жазуы, иран жазуы, сирия жазуы және араб жазуы. Осы бұтақтардың әрқайсысынан бірнеше жазулар жасалып дамыған.
Семит тілдерінің бірі - араб тілінде дауыссыз дыбыстардың қызметі айрықша. Олар сөздің консонантты негізін құрайды. Араб алфавиті дауыссыздар мен жартылай дауысты әріптерден құралған. Дауыстылар ең алғашқы араб жазуында дәлме-дәл емес, шамамен белгіленген (мысалы, «әліп» кейде әр түрлі, дауыстылардың бірнешеуін белгілеу үшін қолданылған) Кейіннен араб жазуында дауыстыларды таңбалау үшін жазудың үстінен немесе астынан койылатын таңбалар пайда болады. Араб жазуындағы әріптер жеке-дара тұрғандағы қалпы сөз басында келуі немесе сөз ортасы мен сөз аяғында келуіне қарай төрт түрлі графикалық формаға ие болады. Араб жазуы құрылысы жағынан флективті сөздерінің түбір құрамы консонантты болып келетін семит тілдері үшін қолайлы болғанмен, басқа тілдер үшін жанасымды бола алмады. Араб жазуы түркі тілдерінде сөйлейтін халықтарға ертеректе тараған болатын. Араб жазуы түркі тілдерінің дыбыстық құрамына да, агглютинативті сипатына да сай келмеді. Сондықтан оны түркі тілдерінде сөйлейтін халықтар өз тілдерінің, дыбыстық ерекшеліктеріне ыңғайластырып өзгертті, қосымша әріптер мен диакритикалық белгілер енгізді. Алайда араб жазуының консонантты сипаты, графикалық жағынан күрделілігі түркі тілдері үшін жат, қолайсыз екендігін көрсетті. Түркі тілдерінде сөйлейтін Кеңес Одағындағы халықтар латын алфавитін, кейінірек орыс алфавитін қабылдады. Индонезия мен Турция араб жазуынан латын жазуына көшті Араб жазуы араб елдерінен басқа, Иранда, Ауғанстанда. Пакистанда, Малазияда т. б қолданылады.
Әріп жазуына, әсіресе гректер үлкен өзгерістер енгізіп, оның дамуына ат салысты. Олар дауыссыздарды ғана емес, сонымен бірге дауысты дыбыстарды да таңбалау үшін арнаулы әріптерді енгізді. Грек жазуы финикий жазуынан шыққан дедік. Бұған мынадай дәлелдер бар: 1) финикий жазуы сияқты, грек жазуы да әріп жазуы болды; 2) өзінің дыбыстық мағынасы және графикалық формасы жағынан грек әріптерінің көпшілігі финикий әріптеріне сәйкес келеді; 3) грек әріптерінің аттары да финикий алфавитіндегі әріптердің аттарына өте-мөте ұқсас; бұлар (әріп аттары) -формасы жағынан әріптерді елестететін заттардын семит тіліндегі атаулары; ал грек алфавитіндегі әріп аттарының грек тілімен ешқандай байланысы жоқ; 4) финикий жазуы мен ертедегі грек жазба нұсқаларындағы жазудың бағыты да бірдей (оңнан солға қарай) болған. Грек жазуының бағыты кейіннен өзгерген (солдан оңға қарай) .
Грек алфавитінің классикалық деп аталатын вариантында 24 әріп бар (17 дауыссыз, 7 дауысты), ал финикий алфавитінде 22 әріп болған. Гректер финикий әріптерінің графикалық формасына кейбір өзгерістер енгізген; финикий алфавитіндегі әріптердің аталуын негізінен сақтай отырып, гректер олардың атынын соңына а дыбысын жалғастырған (мысалы: alef - alfa, bet - beta және т. б. ) .
Грек жазуынан барлық европа алфавиттері жасалып таралады. Мысалы, батыс грек жазуы негізінде этрус, копт және латын алфавиттері жасалып, латын алфавитінен күллі батыс европа халықтарынын алфавиттері таралып дамыды.
Грек алфавитіне қарағанда классикалық латын алфавитінің құрамы басқаша болды (12-таблицаны қараңыз) . Грек алфавитіндегі кейбір әріптер (мысалы, «тэта», «омега», «пси») латын алфавитіне енбеді; қайсыбіреулері (мысалы, «ипсилон», «ро»,
хи») дыбыстық мағынасын өзгертіп барып енді. Кейбір әріптер латын алфавитіне енгенде, мағынасын сақтап, формасын өзгертті (мысалы, «ламбда»), Көне дәуірдегі грек жазуы мен латын жазуында әріптер бас әріптер (прописные) және кіші әріптер (строчные) болып ажыратылмағанда, бас әріптің таңбалары ғана болған. Кіші әріп таңбалары орта ғасыр дәуірінде ғана жасалған.
Латын алфавиті француздар, испандықтар, румындар, италияндар, ағылшындар, немістер, шведтер, датчандар, финдер, венгерлер, чехтар, словактар, поляктарға тарады. Америка мен Австралиядағы жазу жүйелері түгелімен, Африкадағы жазу жүйелерінің көпшілігі және Түркия мен Индонезияның қазіргі жазулары латын жазуына негізделген. Латыналфавитіне негізделген европа халықтарының және т. б. халықтардың жазу жүйелерінің қалыптасуы грек алфавитіне (жазуына) негізделген славян жазуына, әсіресе орыс алфавитіне негізделген. КСРО халықтарының жазу жүйелерінің жасалып қалыптасуынан басқаша болды. Грек жазуының негізінде славян тілі үшін айрықша алфавит жасалды да, ол көне славян тілінің (старославянский язык) өзіндік ерекшелігі бар дыбыстық құрамын дұрыс көрсете алды. Орыс жазуына негізделген КСРО халықтарының алфавиттерінде әрбір тілдің дыбыстық ерекшеліктерін таңбалайтын қосымша әріптер алынып, ол алфавиттер еліміздегі тілдердің әрқайсысының дыбыстық құрамын түгел қамтып белгілей алатын болды. Ал мұны батыс европа халықтарының латынға негізделген алфавиттері жайында айта алмаймыз. Батыс европа халықтарының жазу жүйелерінде, тілдерінің дыбыстық құрамының әр түрлі болуына қарамастан, біркелкі дерлік алфавиттерқолданылады. Оларда байырғы латын алфавитіне елеулі өзгерістер енгізілмеген. Бұл алфавитің құрамындағы 23 әріпке орта ғасыр дәуірінде жаңадан екі-ақ әріп (w, j) қосылған. Мұнан басқа жаңалық: латын әріптерінің бірі - v (и) орыс тілінің у немесе в әрпінің мағынасын білдіру ынғайына қарай екі түрлі таңбамен (начертание) қолданылатын болды. Сөйтіп, батыс европа халықтарының жазу жүйелерінде латын алфавиті елеулі өзгеріссіз, толықтырусыз қолданылып келеді. Толықтыру да, өзгерісте енгізбей, алфавитті жай қабылдай салудың салдарынан батыс европа тілдерінің дыбыстық құрамы мен алфавиттерінің арасында алшақтық келіп туды. Мысалы, француз тілінде 17 дауысты, 18 дауыссыз, неміс тілінде 16 дауысты, 21 дауыссыз; ағылшын тілінде, дифтонгтарды қоспағанда, 15 дауысты, 15 дауыссыз дыбыс бар. Ал қазіргі батыс европа алфавиттерінде дыбыстардың осынша мол түрлерін белгілейтін 26 ғана әріп бар (оның алтауы дауыстыларды, жиырмасы дауыссыздарды таңбалайды) . Осыдан батыс европа жазу жүйелерінде әріптердің асты-үстінен койылатын көптеген диакритикалық таңбалар мен екіден жетіге дейін әріптердің тіркестері қолданылатын болды. Мысалы, х, ч, ш, щ дауыссыздары батыс европа жазу жүйелерінде әріптердің мынадай тіркестерімен беріледі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz