Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
1. Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: мәдениеттің мәнін және қызметін анықтау

Мәдениет - халықтың мыңдаған жылдар бойындағы шығармашылығы, онда қауым мен жеке адамның рухани ізденісі, халықтың даналығы мен адамгершілік нышандары жинақталады. Адамзаттың рухы мен келбеті, оның ерік-бостандығы мен тарихи зейін-ісі, философиялық жүйелері мен аңыз- өсиеттері, орны толмайтын шығындары мен өмірлік сабақтары, діні мен тілі, ділі мен мұраты- осының бәрі мәдениетпен біте қайнасқан.Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Кейін оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киін кию, өмір сүру,т.б.
Мәдениеттің негізгі қызметтері: адамды қалыптастыру қызметі, жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі, танымдық қызметі, реттеу қызметі, комуникатифтік, қарым-қатынастық қызметі.

Адамды қалыптастыру қызметі. Бұл-мәдениеттің қоғамдағы басқа қызметтерін бойына жинақтайтын жәнә оның негізі мазмұнымен тікелей байланысты нышан. Адамға ең қиыны - адам болу. Ал оның негізгі шарттарырың бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Жалғастық, мәдениет мұрагерлік қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі бір ұрпақтан екінші ұрпаққа берілетін бүкіл адамдық өмір тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты. Танымдық қызметі. Мәдениеттің бұл қызметі- мәдениет пен білімнің арақатынасын сипаттайды.

2. Ғылыми пән ретіндегі мәденитеттану тарихы.
Мәдениет ұғымы алғашқы пайда болған кезде ол адамның табиғатқа ықпал етуін анықтау үшін, яғни оның дүлей күштерін бағындырып, көздеген мақсатына жететіндігін білдіру үшін қолданылады
Мәдениеттану жеке пән ретінде XIX ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану -- мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы, мәдениет философиясын қамтиды. Мәдениеттану қоғамда болып жатқан түрлі процестерді (материалдық, әлеуметтіқ, саяси, адамгершілік, көркемдік тағы басқалары) барынша қамтып, мәдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмір сүруінің принциптерін және бір-біріне этно-әлеуметгік, саяси-моральдық, ғылыми, көркемдік және тарихи сипаттамаларымен, жағдайларымен ерекшеленетін түрлі мәдениет түрлерінің өзара байланыстарымен, төуелділіктерімен зерттейді. Мәдениеттану философия шеңберінен босап шығып, білім саласының жеке жүйесіне айналды. Бұл термин тәрбиелеу, оқыту деген ұғыммен қатар, білім беру, білімділік, ағартушылық, мәдениет деген мағыналарға да ие болған. Бұл жағдайда тәрбие мен білімнің жәй ғана байланыстары жайындағы идеяны аңғаруға болады. Гректер сонау көне заманның өзінде-ақ өмірге икемді, қабілетті, жан-жақты қалыптасқан азаматтарды тәрбиелеуге бағытталған сирек кездесетін білім беру жүйесін жасады. Адамға деген мұндай қамқорлықта сөзсіз гуманистік құндылық бар, оның негізінде мәдени процестердің мақсаты үшін күресетін адам идеалы жатыр.

3. Мәдениет морфологиясы: мәдениеттің кеңістігі мен уақыты, мәдениеттің негізгі бөлшектері.
Мәдениет әлемі екі қосалқы жүйеге бөлінеді: материалдық және рухани құндылықтар; - мәдениеттің материалдықтұрпатына әдеттетехниканың, еңбектің, тұрғын үйдің жағдайы, киімнің сипаты, сондай - ақ мемлекеттік жүйе, сот өндірісі, армия білім жүйесі сияқты организмдер жатады; - мәдениеттің рухани көрінісіне ғылым жетістіктері, өнегелік, өнер, дін, құқықтық және саяси сана, тиісті идеялар, нормалар, теориялар жатады. Мәдениеттің құрылымы оның тиімділік, жүйелелік деңгейі тұрғысынан берілуі мүмкін. Осы көзқарас тұрғысынан ол екі қосалқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет құрылымы
Мәдениет морфологиясы туралы
Зиялыларымыздың рухани тұлғасы ұлт болмысымен сабақтас
Жастар субмәдениетімен әлеуметтік жұмыстың ерекшеліктері
Этноцентризм, этноаралық үрейлену, этноаралық шиелініс және этноаралық толеранттылық
Халық педагогикасы
Жоғары оқу орны студенттерінің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың ғылыми- практикалық негіздері
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Жеке тұлға теориясы
Құндылық түсінігінің тарихи дамуы
Пәндер