Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір


Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
1) Қазақ мемлекеттілігінің тарихи бастаулары мен сабақтастығы: ежелгі және ортағасырлар, жаңа дәуір.
Қазақстан тарихының бастауы ежелгі дәуірде адамзаттың қалыптасуымен ұштасады. Адамзат осыдан 3 млн жыл бұрын Солтүстік Африка, Азия елді мекенінде қалыптасқан деседі. Жалпы адамзат тарихы 3 кезеңнен тұрады: тас дәуірі, мыс(қола) дәуірі, темір дәуірі. Адамзат үшін тас дәуірінің маңызы зор болды. Бұл кезде адамның жерден бауырын көтеріп, қолдары еңбек етуге бейімделуі жүзеге асты. Тас дәуірінің өзі: палеолит, мезолит, неолит, энеолит болып 4кезеңге бөлінеді. Ең ұзаққа созылған палеолит кезеңінде епті адамдар тастан қашап, аңға шыққанда, күнделікті тұрмыста қолданылатын еңбек құралдарын жасап үйренді, от пайда болды. Мезолит(орта тас) кезеңінің басты ерекшеліктері: садақ пен жебенің жасалуы, жануарлардың қалға үйретілуі болды. Неолит(жаңа тас) өз кезегінде әйгілі қыш құмыраларымен, тас өңдеу шеберлігінің биікке көтерілуімен, егіншіліктің қалыптасуымен көзге түседі. Тас дәуірінің соңғы кезеңін мыс-тас(энеолит) қамтиды. Бұл кезеңде адам баласы алғаш рет металл өндіріп, жаңа дәуірге аяқ басты. Қола дәуірінің басты жаңалықтары: мыс пен қалайы құймасынан берік, әрі көркем материал-қоланың алынуы және рулардың бірігуінен пайда болған алғашқы тайпалық одақтар. Қола дәуірі артта қалып, тарих сахынасына адамзат тарихына аса маңызды өзгерістерді дүниеге әкелген жаңа кезең - темір дәуірі аяқ басты. Темір дәуірінде көшпелі мал шаруашылығы дамыды; адамдар өндірісте темірді пайдалана бастады және ең басты жаңалығы - үлкенді кішілі мемлекеттер пайда болды. Оларға біз сақтарды, сарматтарды, ғұндарды, үйсіндерді және қаңлыларды жатқызамыз. Қазақстан жерінде мекендеген ең алғашқы тайпалық одақ - Сақтар. Олар Алтайдан Дунай өзеніне дейінгі аралықты мекендеген әскери демократиялық мемлекет. Сақтар тәуелсіздігін сақтау мақсатында парсыларға, гректерге қарсы күрес жүргізіп, жеңіске жетуі- олардың саяси тұрғыдан кең қанат жаюына ықпалын тигізді. Еліміздің батыс бөлігіне қоныс тепкен сарматтар(савромат) грек, рим тарихшыларының назарын тыс қалдырмаған. Олардың тілі скифтердің тіліне жақын болып келеді. Қытай жылнамаларында Байкалдан Ордосқа дейінгі аралықта билік еткен ғұндар, сол кезеңде Түбет тауларымен шектесіп жатқан алып аймақты бағындырып, ұлы державаға айналды. Қытай империясына қарсы жорықтар жасап, олардың жерін басып алады. Аттила(Еділ) тұсында Днестрден Римге дейін, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі аралықты бағындырды. Сонымен қатар ғұндар Еуропаны Римдіктердің үстемдігінен азат етті. Алайда уақыт өте ғұндар екіге бөлініп кетеді. Оның солтүстік бөлігі Қазақ жерінде уақытша қоныс теуіп, ары қарай Еуропаға жылжыйды. Бұл кезең халық арасында «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» деген атпен сақталып қалды. Қытай жылнамаларында ең көп кездесетін тайпалар : үйсіндер мен қаңлылар. Үйсіндер Қазақстан жеріне Орта Азиядан жер теуіп келген көшпелі тайпа. Қаңлылар туралы жазбалар аз емес, оларға: қаңлы тайпасының өмірі мен тұрмысын егжей тегжейлі баяндап жазған Цыма Цяньның « Тарих жазбалары » еңбегі; Ирандықтардың «Авеста» кітабы; қытай империясының «Цянь Ханьшу» атты тарихи қолжазбалары жатады.
Ортағасырлардағы Қазақстан.
Қағанаттар билеген заман. Қазақ жерінде алғаш іргесін қалаған феодалдық мемлекеттің бірі Түрік қағанаты болып табылады. Ол Алтайдан Каспий теңізіне дейінгі ұлан-ғайыр жерді мекен еткен. Түрік қағанатынық құрамы 30-дан аса теле(тирек) тайпаларынан тұрады. Ұзақ уақыт бойы жужандардың тепкісін жеген түріктер оларға қарсы шығып, жеңіске жетіп, аз уақыттың ішінде қуатты қағанатқа айналады. Түріктердің жазба әдебиетінің көне ескерткіштеріне «Күлтегін» мен «Тоныкөк» жатады. 751 жылы Атлах қаласының маңында арабтар мен қытайлар арасында үлкен шайқас болып өтті. Ол тарихта «Атлах шайқасы» деген атпен қалды. Нәтижесінде қытайлар Жетісудан біржолата кетіп, Қазақ жеріне ислам діні тарай бастады. X ғ ортасында ислам дінін мемлекеттік дін деп Қарахан мемлекетінің билеушісі Мұса жария қылды. Орталық Азия, Солтүстік Қытай, Маньжурия мен Уссури өлкесінде мекендеген қидан тайпалары Жетісу жерінде 1128 жылы Қарақытай атты алып мемлекет құрды. 1141 жылы Қатуан жерінде қарақытайлар мен қарахандықтар арасында жойқын соғыс болып өтті. Дамыған орта ғасырларда қазақ хандығы құрылып, шөбі шүйгін елді-мекенімізге моңғолдардың жойқын шапқыншылықтары көбейді, басқада ірілі-ұсақты хандықтар құрылды. XIII ғ Орталық Азияның ауқымды аумағында Шыңғысхан(Темүжін) басшылығымен Моңғолия атты ірі әскери - феодалдық мемлект құрылды. Мемлекеттің басты заңы «Жасақ(Яса) » деп аталды. Шыңғысхан Найман, Керейіт, Жалайыр секілді мемлекет жанындағы түрік тілдес тайпаларды бірінен соң бірін қол астына қаратып, 1211-1215 ж аралығындағы қысқа межеулікте Қытай империясының жерін иемденеді және Қазақстан мен Орта Азия жерлеріне көз тігеді. Шыңғысхан қайтыс болғаннан кейін Моңғол империясы құлайды. Оның орнына қуатты мемлекет Алтын орда қалыптасты. Батый ханның бастамасымен 1236-1242 ж батысқа қарай жорық жасалынып, күшейе түседі. XIV ғ мемлекет ислам дінін қабылдайды. Мемлекет ішкі араздастық әсерінен ыдырап, орнына Әбілқайыр (Өзбек) хандығы құрылады. Ол « Тоқсан екі баулы өзбек» атты қолжазбада 92 ру-тайпадан тұрды делінген. Әбірқайыр хан Үз-Темір тайшы бастаған ойраттардан жеңіліп, жеңілісті ішкі қайшылықтан болды деп есептеп, өзі күманданған адамдарды жазалап қатаң тәртіп енгізуді ұйғарады. Жаңа хандық құруды көздеген Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайырдың қол астынан шығып, Жетісуға ауып кетеді. Сұлтандар Жетісудың Қозыбас тауында 1465-1466 жылдары Қазақ хандығының іргесін қалайды. Бұл жаңалық кеңінен тарап, көп ұзамай Әбілқайырдың құлағына жетеді. Өзіне бағынбай кеткен Жәнібек пен Керейді жазалау үшін ірі қол жинап аттанған жолда қайтыс болады. Осылайша Қазақ хандығы жойылу қаупінен айырылып, шекарасын кеңейте бастайды.
XVII ғ 2 жартысында Жоңғария мемлекеті Қазақ хандығына жойқындыра шабуылдар жасайды. Екі ел арасындағы соғыс бірнеше жүз жылдарбойы жалғасын тапты. Қазақ халқы ептілігі мен қайсарлығының арқасында : 1726 ж Бұланты өзенінің бойындағы Қарасиыр маңында («Қалмақ қырылған»), 1730 ж Итішпес Алакөл жанында («Аңырақай») шайқастарында ірі жеңістерге жетеді. 1755 жылы Қытай мен Жоңғар арасында соғыс басталады. Нәтижесінде 1761 ж Жоңғарлар толығымен талқандалынып, жеріне Шыңжаң провинциясы құрылды.
Ресей императоры I Петр Қазақстан жерін Орта Азияның ішкі аудандарына кіретін «Кілт және қақпа» деп атады. Шұрайлы жерлерімізді қол астына қарату мақсатында әртүрлі экспедициялар жіберіп, бекіністер сала бастады. 1731 ж ақпан айының 19 күні Кіші жүз елшілері Әбілқайыр мен 29 старшыны Анна Ионновнаның қабылдауында болып, Кіші жүздің Ресей қарамағына өтуі туралы антқа қол қояды. Сонымен қатар 1740 ж Ресейдің қол астына Орта жүз кірсе, XVIII ғ аяғында Ұлы жүз өткен болатыні. Осылайша Қазақстанда хандық билік толығымен жойылды. Алайда қазақтар оңай беріле салуды жөн көрмей, түкпір-түкпірден көтерілістерге шықты. Қазақ жерін толығымен жаулауды мақсат екткен Ресей империясы ендігі жерде реформалар құра бастады. 1867-1868 ж шілде айының 5 күні қабылданған «Сырдария мен Жетісу жерлерін басқару туралы ереже» негізінде Қазақстанды Ресейге қосу толығымен аяқталады. 1868 ж «Уақытша ереже» шыққан соң ауқымды қазақ жері Ресейдің еншісіне көшті. Бұл реформаға қарсы Орал, Торғай, Маңғыстау жерлерінде көтерілістер болды. Нәтижесінде қарсы шыққан аймақтар 90 мың қой мөлшерінде соғыс шығынын төлеуге мәжбүр болды. 1886 ж маусым айының 2 күні «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже» бекітіліп, ірі қалаларда алғаш полиция приставтары құрылды.
2. Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі.
XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорын» құру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары қазақтардың жайылым, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Ресейдегі аграрлық саладағы өзгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П. Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды.
1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер негізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бұл облыстардан 40, 5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz