БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕГІ ТҰЛҒАЛЫҚ ТӘРБИЕ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
БІРТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТЕГІ ТҰЛҒАЛЫҚ ТӘРБИЕ
6.1. Тәрбиелік үдеріс мәні мен ерекшелігі
Педагогикалық үдерістің аса маңызды элементтерінің бірі тұлғалық тәрбие ісі. Тәрбиенің жалпы әлеуметтік қызметі - өткен әулеттер тәжірибесін, білімін, ептіліктері мен дағдыларын, әрекет-қылық үлгілерін, т.с.с. өскелең ұрпаққа меңгерту. Ал әрқилы қауымдастықтағы тәрбиенің нақты қызметі қоғам өмірінің шарттарына, қоғамдық қатынастар сипатына, мәдениетіне, құндылықтылық бағыт-бағдарына орай тарих желісінде өзгеріске түсіп, нақтыланып барады.
Тәрбие тек тұлға қалыптасуына көмекші істермен шектелместен, адам даралығын дамыту шарттарын да түзеді. Адам тәрбиесіндегі басты міндеттердің бірі- оның өз басының әлеуметтік даму шарттарын айқындап алуы. Бұл екі жағдайдың іске асуына тәуелді. Олардың біріншісі- жеткіншектерді нақты әлеуметтік қатынастарға араластыру, яғни тәрбиеленушілер бойында обьектив және субьектив бірліктерден құралатын іс-әрекетке деген тұлғалық сезім, қалыптар пайда ету. Объектив бірлік - бұл тұлғаның өз қызмет-әрекеті, ал субъектив бірлік - тұлғаның сол әрекетке болған қатынас күйі. Екінші шарт - әлеуметтік әрекеттестікке келу үдерісіндегі балалардың өз мүмкіндіктерін іске асыра білуі. Бұл шарттың орындалуынан бала өзінің тұлғалық дамуына қажет іс-әрекеттің мақсаты мен маңызын байқап, өз "менін" танып, өзі араласқан іс-әрекеттің жақын да алыс міндеттерін дәл әрі айқын сезінуге мүмкіндік алады. Осыдан бала қоршаған болмыс, нақты адамдар ортасында өзінің кім екенін толықтай аңдап, олармен қалай қатынас жасау қажеттігін түсінетін болады.


Тәрбие - бұл белгілі педагогикалық мұраттарға сай арнайы ұйымдастырылған ықпалдар көмегімен тұлға қалыптасуынаа бағытталған мақсат бағдарлы үдеріс.
Педагогикалық үдерістің негізгі элементі болған тәрбие өз ішіне төрт мәнді белгіні қамтиды:
- ықпалдардың мақсат бағдарлылығы;
- сол ықпалдардың үлгі, өнеге, әлеуметтік-мәдени бағдар, мұраттарға сай бағдарлануы, сондай-ақ тәрбие үдерісінің адамзат дамуының тарих барысындағы жетістіктеріне сай келетін құндылықтарына орай жүргізілуі;
- ұйымдастырылатын тәрбие ықпалдары мен әсерлерінің белгілі жүйеде болуы мен және орындалуы;
- адамның әлеуметтік тәжірибені меңгеріп, тұлғалықты және даралықты дамуға түсуі.
Тұлға қалыптасуына бағытталған тәрбиелік үдеріс өзінің негізгі ерекшеліктеріне, арнайы сапалық танымал көріністеріне ие.
Бұл тұрғыдан ең алдымен ескерілетін жәйт-тәрбие үдерісінің көп жағдаяттылығы. Тәрбие тек мектепте емес, ол отбасыда, мектептен тыс мекемелерде іске асып барады. Педагогтардың тәрбиелік ықпалы көптеген сан қилы ұжымдардың іс-әрекетімен толығып барады. Тәрбие үдерісінің көп жағдаяттылығы, тәрбиелік ықпалдар кеңдігі тұлға қалыптасуында көптүрлі мүмкіндіктерді пайдалануға жол ашады. Сонымен бірге, бұл жағдайлар себебінен тәрбие үдерісі қиыншылыққа да кезігеді. Саналуан ықпалдарға түскен тәрбиеленушілер ұнамды тәжірибелік қор жинақтаумен бірге теріс өнегеге де тап болуы мүмкін.
Тәрбие үдерісінің екінші ерекшелілігі оның ұзақ мерзімділігі. Осыдан тәрбие мектепке дейінгі жас шақтарында басталып, мектептен соң да жалғасын табады. Гельвеций пікірінше, адамның барша өмірі тұтастай ұзақты бір тәрбиелік желі. Адам есейген шағында да тәрбиеленеді не қайта тәрбиеге түседі. Ол өзінің еңбек, моральдық тәжірибесін топтап, жетілдіруде, өз білімін кеңейту мен тереңдетуде, эстетикалық құндылықтар меңгеруде ешбір үзіліс не тыным таппайды. Әлбетте, мектептік жылдар тұлғанын жедел дамып, мінезі мен әрекет-қылықтық қалыптасуының басты себебшісі.
Тәрбие үдерісінің ұзақ мерзімділігінің айғағы оның нәтижелерінің бір сәтте көрінбеуі. Шәкірт арифметика ережелерін, тарихи деректері мен оқиғаларды қысқа уақытта игеріп алуы мүмкін, ал демнің арасында оны ұжымшыл, жақсы серік, адал да кішіпейіл адам етіп қалыптастыру мүмкін емес. Бұл үшін едәуір уақыт қажет болады. Қай жағдайда да тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеуде жедел әрі үлкен табысқа жетуді мақсат ету орынсыз.
Тәрбие үдерісінің үшінші ерекшелігі оның сатылық сипатында, бұл сатылық бірнеше кезеңдерден тұрады:
1-саты: балалар отбасы мен мектепте тәртіп, әрекет-қылықтың алғашқы ережелерін игереді;
2-саты: әрекет-қылық туралы алғашқы ұғымдар негізінде шәкірттер әдептілік түсінігі мен қоғамда қабылданған тәртіп ережелерін меңгереді;
3-саты: наным-сенімдер қалыптасады, мінез-құлық дағдылары тұрақталады, сезімдері кеңейіп, бой түзейді. Бұл сатыда балалар қандайда іс-әрекеттің себеп-салдарлылығын белгілі идеялық, адамгершілік принциптері негізінде түсіне бастайды.
Аталған сатылардың бәріде өзара тығыз байланысқан, өз алдына айқара шектелмеген.
Тәрбие үдерісінің келесі, төртінші ерекшелігі- тәрбие жұмыстары мазмұнындағы шоғырлылық. Бұның мәні - тәрбие барысында тұлғаның қандай да бір сапасына бірнеше рет қайталай назар салуға тура келеді. Бірақ бұл қарадүрсін қайталау емес, бала жасының ерекшелігі мен тәрбиелік деңгейіне сәйкес кеңейтіліп, тереңдей түскен қайталаулар. Адам қасиет-сапалары кезегімен емес, бәрі бірдей өзара байланыста қалыптасады. Қайсы бір тұлғалық қасиетті тәрбиелей отырып, педагог тәрбиеленушінің басқа сапаларының дамуына ықпал жасайды.
Тәрбиенің бесінші ерекше белгісі - оның екі тараптылығы мен белсенді үдерісті болуында. Тәрбиеленуші тек нысан (объект) ғана емес, ол тәрбие субъекті де. Осыдан педагогтың тәрбиеленушілерге тұрақты өзіндік талдау, өзіндік бағалау, өзіндік тәрбие қажеттілігін белгілеу міндетін үйрету маңызды роль атқарады. Шәкірттерді үздіксіз өзіндік күш салуға талпындырып, олардың жан белсенділігін оятып, барынша дербес іс-әрекетке ұмтылысын дамыту қажет. Егер педагог өзінің тәрбиелеп отырған шәкіртінің орнына өзін қоя біліп, мәселеге оның көзімен назар салса, бұл мәселенің шешілуі қиын болмайды.
Тәрбиенің алтыншы ерекшелігі- бұл үдеріс нәтижесінің сырттай көзбен онша елене бермеуінде. Тәрбиеші жұмысын тексеру және бағалау аса қиыншылықты іс. Ол әрқандай ұнамды сипаты қашықтаған, уақыт озған сайын көрінгіш келеді. Осыдан педагог өзінің тынымсыз әрекетінің жемісін тез арада көре алмайтынына, осы жолда басқалардың айыбымен тіпті сынға ұшырайтынына да дайын болғаны жөн. Сондықтан педагог өз шәкірттеріне үлгі-өнеге көрсету үшін ғана емес, талай рет болып қалар өзіне деген әділетсіздіктер жағдайында байсалдылық пен ұстамдылықты болу үшін өте кішіпейіл адам болғаны абзал.
Тәрбие үдерісінің ақырғы жетінші ерекшелігі - оның болашаққа бағытталған іс-әрекетте болуында. Әр педагог өз тәрбиеленушілерінің өмірге алдағы өзгеріске түсетін, басқаша қоғамдық қатынастар жағдайында араласатынын ұмытпағаны қажет. Сондықтан тәрбие жұмыстарының барысында бүгінгі күн талаптарын ғана ескеріп қоймастан, техникалық ілгерілеу мен қоғамдық дамудың болашағына мән бергені жөн. Болжастыруда көрегендік танытып, бүгінгі тіршілік астарында болашақ мәселелерін байқай біліп, және олардың болашақ адамдарына қоятын талаптарын күні ілгері сезу және оған балаларды үйрету - ұлағатты педагогқа қажетті және бір ұтымды сала.
6.2. Тәрбие - біртұтас үдеріс
Егер тәрбие біртұтас үдеріс күйінде ұйымдастырылса ғана, оның барша мүмкіндіктері толығымен ашылады.
Тәрбие үдерісінің біртұтастық мәні - оның барша бөліктері мен қызметтерінің жалпы "мақсатқа" бағытталуында, адамның тұтастай қалыптасуына ықпал жасап, оның әлеуметтік даралығы мен әлеуметтік тұлға сапаларын дамытуға арналуында. Тәрбиелік істерді ұйымдастырудағы біртұтастық бағыт- әр педагог іс-әрекетінің жалпы "мақсатқа" сәйкестігі - "тәрбие" мен өзіндік тәрбиенің, тәлім мен өзіндік тәлімденудің бірлігі; - педагогикалық жүйелер арасындағы байланыстарды, яғни ақпарат алмасу байланысын, ұйымдасу - іс-әрекеттер (бірлікті іс-әрекет әдістерін) байланысын, басқару мен өзіндік басқарым байланысын қалыпқа келтіру. Осы тұрғыдан тәрбиелік үдерісті педагог пен шәкірт әрекеттері іске асыуы тиіс жүйе құрастырушы жағдаят және мақсаты тәрбиеленуші тұлғасын дамыту болған біртұтас қозғалысты жүйе ретінде қарастыруға болады. Тәрбиелік үдеріс тәлім мекемесіндегі педагогикалық қызметтің ажыралмас өзегі. Сонымен бірге бұл үдеріс оқу-үйретім, тәрбие мекемесінің ұйымдастыру аймағымен шектелмей, әлеуметтік ортадан болатын барша ықпалдарды да ескерумен атқарылады.

Тәрбие үдерісінің қозғаушы күші - бұл тәрбиеленушіге бағытталған әрқилы да әртарапты әсерлер мен оның біртұтас тұлғасының қалыптасуына бағытталған ниеттері арасындағы қайшылықтар тоғысында туындайды. Егер педагог тарапынан қойылған тәрбие мақсаттары шәкірттің даму мүмкіндіктерінің жақын аймағынан болып, әрі олардың маңыздылығы оның бағамына сәйкес келсе, қандай да қарама-қарсылық ықпалды қозғаушы күшке айналады. Керісінше де, мұндай қайшылықтар, егер бала қоршаған әлеуметтік ортадан, әсіресе, өз педагогы тарапынан болатын оң ықпалдарды ажыратып, оларды қабылдауға дайын болмаса, жүйенің тиімді дамуына себін тигізе алмайды. Тәрбиелеу нәтижесінде әр шәкірттің тәрбиелік деңгейі қаншалықты өзгеріске түссе, тәрбиелік үдеріс қатынасшылары арасындағы қарым-қатынас сипаты да соншалықты өзгерісте болуы күтіледі. Бұл тұрғыдан, "тәрбие үдерісі" және "тәрбие жүйесі" түсініктерінің арасындағы өзара байланыстықты қарастырған жөн. Әлбетте, бұл екі құбылыс арасындағы байланыс табиғи құбылыс. Бір тараптан - тәлім-тәрбие мекемесінде педагогикалық мақсаттарды белгілеу үдерісінде тәрбиелік жүйе жасалады әрі ол дамиды, ал екінші тараптан - бұл жүйе тәрбиелік міндеттердің табысты шешілуінде басты себепке айналады. Егер тәрбие үдерісін жүйелілік тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда "тәрбие жүйесінің дамуы" мен "тәрбие үдерісі" өзара сәйкестікте екенін байқаймыз.
Біртұтас педагогикалық үдеріс есептелетін тәрбие жұмыстары педагог пен тәрбиеленушілер арасындағы әрекеттестік байланыстарға негізделеді. Жетекшілік бұл үдерісте педагогтар есесіне тиеді. Бұлай болса, педагог тәрбие үдерісінің субъекті де, ал тәрбиеленуші - оның объекті.
Педагогтар субъект ретінде тәрбие жұмыстарының орындалып, шешілуіне мақсатты бағытталған кәсіби іс-әрекет - қызметті атқарады. Бұл іс-әрекет балаға ғана бағытталған мақсатты ықпалмен шектелмейді, ол баланы қоршаған әрқилы орта ерекшеліктерін ескеруді және сол ортаға белсенді ықпал жасауды көздейді. Осыдан, өз кәсіби қызметтерін атқару барысындағы педагогтың шәкіртіне жасаған әрекет ықпалына негізделген педагогикалық іс-әрекет тәрбиелік жұмыс деп аталады. Тәрбие жұмысы өз ішіне тәрбиеленуші тұлғасын тиімді дамытуды, белгіленген міндеттерге сай тәрбие формалары мен әдістерін және үдерістің өзін іске асыруды қамтамасыз етуші ұйымдастыру және педагогикалық міндеттерді қамтиды. Бұл жұмыс педагогтар мен жасөспірімдердің бірлікті іс-әрекетін көзде ұстап, балаға күшті ықпал-әсерлер тигізуші әлеуметтік мәселелер қатынастарын реттеп барады.
Тәрбие жұмысы үш топ қызметтің іске асуына байланысты жүргізіледі:
- педагогтың шәкіртке тікелей ықпал жасауы: бала дамуының ерекшеліктерін, қоршаған ортасы мен қызығуларын зерттеу; тәрбиелік ықпалдарды бағдарластыру; баламен жеке-дара жұмыс алып барудың әдістері мен формалары кешенін іске асыру; тәрбиелік ықпал тиімділігін талдау;
- тәрбиелеуші орта түзу: ұжымды ынтымақтастыру; жайма-шуақ көңіл жағдайын қалыптастыру; тәрбиеленушіні әртүрлі әлеуметтік қызметтерге тарту; балалардың өзіндік басқарым тетіктерін дамыту;
- әлеуметтік қатынастар субъекттерінің балаға тигізетін әсер-ықпалдарын реттеп бару: отбасыға әлеуметтік жәрдем; педагогикалық ұжыммен әрекеттестікке келу; бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын реттеп бару; әлеуметтік келеңсіз ықпалдарын оқшаулау; басқа да тәлім,тәрбиелеу мекемелерімен байланыстар түзу. Тәрбие жұмысындағы педагогтың басты қызметі - ұйымдастырушылық, яғни мақсат белгілеу, жоспарлау, үйлестіру, тиімділікті талдау, т.с.с.
Тәрбие үдерісінде педагогтың маңызды орын иелейтінін атаумен бірге бүгінгі педагогика адам тәрбиесінің нәтижесі мен сол адамның белсенділігінің арқасында ғана болатынын баса уағыздайды. Тәрбие үдерісінде үлкен назар аударатын мәселе - тұлғаның сырттай ықпалдарды өңдеуге салып, одан өзіне қажеттісін іріктеп, меншіктей білуі. Сырттай ықпалдар адамға өздерінің сипатымен маңызды емес: олар қаншалықты шәкірт даралығына сай келеді, оларға деген баланың қатынас қозғалысы қандай, бала іс-әрекеті мен қылығында олар қай дәрежеде іске асуы мүмкін?-дегендей сұрақтар кезкелген адам дүниесінде шешімін тауып отырса, сырттай ықпал қабылданады. Сондықтан да, тәрбие үдерісінде тәрбиеленуші бала не ересек тәрбие субъекті санатында танылады. Тәрбие үдерісі өз ішіне табиғи түрде тұлғаның өзіндік тәрбиесін де қамтиды.

Өзіндік тәрбие - бұл тұрақтанған мұраттар мен наным-сенімдерге негізделіп, саналы белгіленген мақсаттарға сәйкес әр адамның өз тұлғалық сапа-қасиеттерін өзгертуге арналған педагогикалық іс-әрекеті.
Өзіндік тәрбие әрқандай тұлғаның белгілі даму деңгейіне, саналық қалпына, өз қылықтарын басқалар әрекеттерімен саналы салыстырып білуіне байланысты. Адамның өз мүмкіндіктерін саралай білуінен, шынайы бағалау қабілетінен, өз кемшіліктерін тануынан оның қандай да кемелге жетіскенін байқап, оның өзіндік тәрбие жүргізе алатынына сенім артамыз.
Өзіндік тәрбие келесі тәсілдерді қолданумен іске асып барады: өзіндік міндет қоя білу, өзіндік есеп бере алу, өз әрекеті мен қылығын бағалай тану және өз ісі мен әрекетін қадағалай білу.
Өзіндік тәрбие өзіндік басқарым үдерісінде орындалады. Бұл үшін әр адам өз мақсатын, әрекет бағдарламасын жасап, бағдарлама орындалуына бақылау қойып, нәтижелерді бағалау, қажет болса, реттеу, түзетулер енгізе білуі қажет.
Адамның өз дербестігін тануы - оның саналы өмірлік бағдар, мақсат, құндылықтар, адамгершілік қалыптар, кәсіп, тіршілік шарттарын таңдай білуінен аңғарылады.
Өзіндік тәрбие әдістері:
- өзін өзі тануы: өзіндік бақылау, өзіндік талдау, өзіндік баға, өзіндік салыстыру;
- өзін өзі меңгеруі: өзіндік сенім, өзіндік қадағалау, өзіндік билеу, өзіндік иландыру, өзіндік қолдау, өзіндік есеп, өзіндік мәжбүрлеу;
- өзіндік ынталандыру: өзіндік бейім, өзіндік қуат-қолдау, өзіндік жаза, өзіндік шектеу.
Өзіндік талдау, өзіндік баға, өзіндік қадағалау, өзіндік реттеу, өзіндік сендіру - өзіндік тәрбие тәсілдерінен.

6.3. Тәрбие заңдылықтары мен принциптері
Педагогика тәрбие үдерісінің негізіне алынған жалпы заңдылықтарды ашып, біршама принциптерді нақтылайды.
Педагогикалық міндеттерді шешуде тиімді нәтижелерге қол жеткізуші педагогикалық үдерістің тұрақты әрі мәнді байланыстары - тәрбие заңдылықтары деп аталады.
Бұл заңдылықтар қатарына енетіндер төмендегілер:
1) Тұлға тәрбиесі сол тұлғаның іс-әрекетке араласу барысында іске асады. Әрбір адамның тәлім игеруі оның танымдық іс-әрекетке қатысуынан болады. Еңбекке араластырмай, тұлғаны аралық қатынастарға түсірмей, ұжымдық мәселелерді шешуге қатыстырмай, адамды еңбеккерлікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу мүмкін емес. Осыдан тәрбие нәтижесі құрғақ уағыз, сөзбен емес, өскелең әулет өкілін жасына сәйкес қоғамдық қатынастарға келтіріп, еңбек әрекетіне қосудан болады. А.С.Макаренко пікірінше, тәрбие нәтижесі - тәрбиеленушілердің өмірі мен іс-әрекетін мазмұнды ұйымдастырудан.
2) Тәрбие - бұл қалыптасушы тұлғаны нақты іс-әрекетте белсенділікке ынталандыру. Тұлғаның тиімді дамуы мен қалыптасуы оның нақты іс-әрекеттегі жоғары белсенділікке ие болуынан. Егер адам өз қызметіне селқостықпен қараса, нәтижеге жетуде енжарлық танытса, тәрбие ісі қай уақытта да ақталмайды. Ал белсенділік болу үшін тұлғаның қажетсіну аймағын дамыту керек. Қажеттікті сезінуден тәрбиеленуші іс-әрекетке өз белсенділігімен араласуға ынталы болады.
3) Тәлім және тәрбиенің ажырамас бірлігі. Тәлім, білім әрқашан адамның жалпы мәдениетінің қалыптасуына бағытталады. Осының негізінде қоғам өкілі дамиды, қажетті білімдер мен қабілеттер орнықтырушы әлеуметтік тәжірибені игереді. Тәлім мен тәрбие әрекеттестігінен тұлға жетіледі. Тәлім игере отырып, адам дамиды. Даму барысында ол өз қызметтері мен қарым-қатынастары аймағын кеңейтеді, ал ол өз кезегінде жаңа білімдер мен ептіліктерді игеруге ынталандырады.
4) Тәрбиелік ықпалдардың біртұтастығы - тәрбие мақсаттарының мазмұны мен әдістерінің бірлігі, әлеуметтік ұстанымдар мен педагог талаптарының ұштастығы, тәрбиелік үдеріс субъекттері тарапынан қойылатын барша талаптардың өзара байланыстылығы.
5) Тұлғаға деген адамгершілік қатынас және сыйластықтың жоғары талаптармен бірлесе жүруі.
6) Тәрбие үдерісінде шәкіртке болашақтағы жетістігін аша көрсетіп, табыс қуанышына бөленуге жәрдемдесу.
7) Тәрбие үдерісінде жастардың ұнамды сапа қасиеттерін таба біліп, оларға арқа сүйеу. П.П. Блонский пікірінше, оқу-үйретімде кемшілігі бар шәкіртпен күресу керек емес, ал оның өзімен бірлікте ондағы кемшіліктерге қарсы реттеу әрекеттерін жасаған орынды. Осыдан баланы сынап, таптамай, оған деген мейір көрсетіп, кезіккен қиыншылықтарды жеңуге көмек көрсету қажет.
8) Тәрбиеде шәкіртің жас және даралық ерекшеліктерін ескеру қажет.
9) Тәрбие үдерісінде баланы өзіндік тәрбие іске асыруға баулу қажет.
Аталған заңдылықтар негізінде тәрбие принциптері іске асырылады. Тәрбие принциптері - бұл тәрбие мазмұны мен оны іске асыру жолдарын анықтайтын тәрбиелік үдерісті ұйымдастырудың негізгі талаптары.
- Тәрбиенің адамгершілікке бағыттау принципі - адамаралық қатынастар жүйесінде баланы негізгі құндылық ретінде қарастыруды талап етеді. Осыдан әрбір адамға сыйластық қатынас жасап, оның ар-намыс, рухани сенімі мен көзқарас еркіндігі сақталуын қамтамасыз ету қажет. Бұл принцип тұрғысынан баланың тән-дене, әлеуметтік және психикалық салауаттылығына қамқорлық - басты міндет. Бұл принциптің орындалу шарттары: баланың іс-әрекет, еңбекке араласу еркіндігі; мақсатқа жету жолында балаға болған сенім; тәрбие міндеттерін анықтауда тек жақсылықты көздеу; бала қызығулары мен даралық талғамын ескеріп, оның жаңа ұмтылыстарына дем беру; педагогикалық ықпалдардың болымсыз салдарының алдын алу; балаға өзінің әлеуметтік қорғанысты екенін сезіндіріп, оны өз мүдделерін қорғауға баулу.
- Тәрбиенің әлеуметтік жағдайларға сай келуі. Бұл принциптің іске асу шарттары: тәрбие міндеттері мен демократиялық қоғамның әлеуметтік даму міндеттерінің өзара байланысы; бала тұлғасына ықпал жасаушы әлеуметтік мекемелер әрекеттестігін үйлестіру; балаларға арналған әлеуметтік-педагогикалық жәрдемді қамсыздандыру; педагогикалық үдерісті қоғамның нақты мүмкіндіктеріне сәйкестендіру; қоршаған әлеуметтік ортаның әрқилы жағдайларын (ұлттық, аймақтық, ауыл-қалалық, оқу-үйретім орны ерекшелігі және т.б.); сабақ барысында қабылданатын ақпараттарды реттеу.
- Тәрбиені дараландыру принципі: әрбір шәкіртің әлеуметтік даму бағытын айқындауды көздейді. Осыдан әр баланың жеке ерекшелігіне сәйкес арнайы міндеттер белгіленеді, бала өз мүмкіндіктеріне сай келетін қызметтерге қатыстырылады, тұлғаның оқу-үйренім, танымдық, сабақтан тыс білім топтау қабілеттері ескеріледі, әр шәкіртке өз мүмкіндіктерін танытып, оларды іске асыруға жол ашылады.

- Тәрбиелеуші орта түзу принципі тәлім мекемесінде бала әлеуметтігін қалыптастыратын қатынастар ұйымдастыруды талап етеді. Тәрбиелеуші ортаның түзілуі үшін педагогикалық үдеріске араласқандардың өзара жауапкершілігі, өзара түсіністігі, өзара жәрдемі, қиыншылықтарды бірлесе жеңу қабілеттері болуы тиіс. Бұл принциптің іске асуы келесі шарттарға тәуелді: ұжымдық мақсат басымдылығын көзде ұстау; ұжым мүшелерінің бәріне маңызды келетін жетекші іс-әрекеттер түрін анықтау; балалардың өзіндік басқарымын дамыту; балалар мен ересектердің ынталылығы мен дербестігін өрістету; әртүрлі балалар бірлестіктерін түзу; шығармашылыққа ұмтылыс қалыптастыру; мектеп бірегейлігін көрсете білу; өзара жауапкершілікті тәуелділік қатынастарының болуы. Бұл принцип педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың бірнеше ережелерінің орындалуынан көрінеді: мектеп бала үшін сүйікті орынға айналып, осыдан ол ондағы ұжым қуанышы мен күйзелісіне ортақ болуы, мектептің жалпы мақсаты әр педагог пен шәкірттің мақсаты ретінде қабылдануы тиіс; балаларға мейлінше сенім білдіру қажет; ұжымның әрбір мүшесі жаңа қатынастар мен жаңа істерге мұрындық бола білгені жөн; немқұрайлы педагог немқұрайлы шәкіртті жаратады.
- Тәрбиелік оқу-үйретім принципі. Бұл принципке сәйкес дұрыс ұйымдастырылған оқу-үйретім тұлға дамуы мен қалыптасуында шешуші қызмет атқарады, ал оның табысты болуы көбіне шәкірттердің еңбекке деген жауапкершілігін тәрбиелеуге, оларда тәртіптілік, жинақтылық және сенімді сапалардың қалыптасып баруына тәуелді.

Оқу-үйретім - аса маңызды тәрбиелік құрал. Ол білім, ептілік және дағдыларды қабылдатумен шектеліп қалмастан, нақты саясат, идеология, моральдық сапалармен қаныққан тұлға тәрбиелеудің бірден бір арқауы. Оқу-үйретім үдерісі тұлғаның тек ақыл-ес дамуын қамтамасыз етіп қоймастан, сонымен бірге ол дүниетаным мен адамгершілік болмыстың қалыптасуына, эстетикалық талғам мен тән-дене қасиеттерінің дамуына, әрекет-қылық дағдылары, әдістерінің орнығуына ықпал жасайды. Ғылым негіздерін меңгеру барысында шәкірттер тұрмыстық және өмірлік бағыттарын дұрыс таңдауға үйренеді, қауымдық бірлікті тіршілік ету қалыптары мен ережелерін игереді. Дәрістерде олар жақсы мен жаманды, адалдық пен арамдықты, достық пен залымдықты айырып, әділет және азаматтық борыш ұғымдарының төркінін түсінуге баулынады. Бұл үдерісте игерілген білімдер әрбір болашақ тұлға -азаматтың наным-сенімдерінің орнығуына негіз береді.
Оқу-үйретім, негізінен, ұжымда жүргізілетіндіктен оның барысында шәкірттер көпшілікпен бірге жасауға және еңбектенуге дағдыланады, бірлікті өмір рухында тәрбиеленеді. Осыдан әр шәкірттің ұжымшыл, көпшіл болуға деген ықыласы арта түседі. Оның моральдық келбетінің тіктелуіне дәріс мазмұны ғана ықпал жасап қоймастан, бұл орайда оқу-үйретім әдістерінің, таным жұмыстарын ұйымдастырудың да мәні орасан. Даралап айтатын болсақ, олар келесідей:
- оқу-үйретім мазмұны тұлғаның адамгершілік пайымы мен бағамының орнығуына жанама ықпал жасайды, инабатты кемелденген тұлға қалыптасуына жәрдемін тигізеді;
- шәкірттің әрекет-қылық дағдылары мен әдеттерінің қалыптасуына оқу-үйретім әдістерінің әсері мол. Мектептің көздегені шәкіртің білімге деген қызығушылығын, әуестігін, белсенділігі мен ынталылығын көтеру, Осыдан тәлім ордасы жанжақты дамыған, рухани қуат беретін оқу-үйретімнің белсенді әдістері мен тәсілдерін мейлінше еркін әрі молынан пайдалануға ұмтылады;
- оқу-үйретімнің дамытушылық ролін жоғарылатуда пәнаралық байланыстардың маңызды болатыны дау тудырмайды. Пәндер арасындағы байланыстарды түсінген шәкірт сабақ материалын тереңдей ұғып игереді, өз санасында әлемнің тұтастай бейнесін қалыптастыру мүмкіндігіне ие болады. Бұл өз кезегінде жастардың диалектикалық-материалистік дүниетанымының негіздерін қалайды;
- оқу-үйретімнің тәрбиелік маңызының көтерілуіне мұғалімдердің өз тәрбие жұмыстарына зерттеушілік сипат бере білуі, шәкірттердің дербес өзіндік жұмыстарының жоғары деңгейде ұйымдастырылуы зор ықпал жасайтынын күнделікті тәжірибе дәлелдеп отыр. Кейінгі жылдары осыдан жоғарғы сыныптарға пікір - таластар, семинарлар, баяндама жасап, рефераттарды қорғау, қосымша әдебиеттерге шолу жасап, кабинеттер мен мектеп учаскелері және зертханаларында өзіндік ізденіс-зерттеу дәрістері кең қолданымға енуде. Мұндай қалыптан тыс оқу-үйретім жұмыстарының нәтижесінде күнделікті сабақта шәкірттердің жоғары интеллектуалдық сапа көрсетуіне жол ашылады;
- оқу-үйретімнің тәрбиелік ролінің артуына игерілген білім деңгейіне берілетін әділ баға да үлкен ықпал жасайды. Бұл шәкірттерді жүйелі оқу-үйретім еңбегіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық үдеріс бойынша дәрістер
Мұғалімнің инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру – ұстаздық шеберлікті арттырудың алғышарты
Оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесі және бейнелеу өнерінің асыл мұраларын кейінгі ұрпаққа насихаттау
Болашақ Мұғалімдердің Оқу-Тәрбие Үдерісінде Ізгілік Қасиеттерін Қалыптастыру
Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендіру ерекшеліктері
Тәрбие, тәлім–тұлға. Педагогика: жалпы негіздері және тәрбие теориясы бойынша оқу құралы
Кемел адам - тұлға қалыптасуы
Педагогикалық үдерістегі инновациялық оқыту әдістері
Ата- аналардың МДМ-мен өзара қатынасындағы психологиялық-педагогикалық құзырлық бағдарламасы
Дене шынықтыру және спорт саласындағы оқыту әдістері дәріс
Пәндер