Огюст Конт позитивизмі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ БАСҚАРУ КАФЕДРАСЫ

«ТАРИХЫ ТАНЫМ ФИЛОСОФИЯСЫ» ПӘНІ БОЙЫНША

№3 СОӨЖ /СӨЖ

http://edurk.kz/cms/uploads/images/LOGO%20KazNU.jpg

Тақырыбы: Позитивизмнің ғылым философиясы ретіндегі көрінісін және оның дамуының негізгі кезеңдері

Орындаған:

«Менеджмент » мамандығының

2 курс студенті

Серікбай Ботакөз Байғалиқызы

Тексерген:

Сулейменов П. М.

Саяси ғылымдарының кандидаты,

Доцент

Алматы, 2022

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Позитивизм түсінігі

2. Позитивизм кезеңдері

Позитивизм өкілдері

3. Огюст Конт позитивизмі

4. Э. Мах позитивизмі

5. Рихард Авенариус позитивизмі

6. Спенсер Герберт позитивизі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

1. Позитивизм (франц. посітівісме - оңды, дұрыс, нақтылы) - нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт.

Позитивизм 19 ғасырдың 30-жылдарында қалыптасты. Позитивизм негізін салған француз ойшылы О. Конт. Позитивизмнің алғашқы өкілдері: Э. Литтре, Г. Н. Вырубов, П. Лаффит, И. Тэн, Дж. С. Милль, Г. Спенсер болды. Позитивизм жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың методологиясына елеулі ықпал етті. Позитивизмнің кейінгі дамуы барысында махизм, неопозитивизм, аналитикалық философия қалыптасты [3] .

Позитивизм - бұл принципке негізделген, яғни барлығы шынайы дейтін философиялық бағыт. Позитивтік білім жеке арнайы ғылымның және олардың синтетикалық бірігуінің жемісінен келіп тууы мүмкін, сонымен қатар философия ерекше ғылым ретінде ақиқатты өз бетімен іздеуді ұсынуға, ешқандай құқығы жоқ. Егер тілдік тұрғыдан алып қарасақ, сөз позитив «пост» -қа, «жұрнақ» -тивус «белсенді қатынас» және жұрнақ деп аударуға болатын -ысым ол «теория немесе ілім» синонимі [1. 85] .

2. Позитивизм өзі дамуында үш кезеңнен өтті:

1. Бірінші позитивизм жоғарыда аталған мәселелерді алғашқы болып қойып, философияның міндеті - объективті өмір сүруші материалдық дүние туралы нақты ғылымдар жинаған білімдерді қорыту және жүйелеу деп ымдады. Бұл кезеңнің екілдері - О. Конт, Г. Спенсер, Дж. Милль.

2. Махизм - дүниені түйсіктер жиынтығы ретінде бейнелеп, философия адам тәжірибесінің сезімдік негізін, психифизиологиялық формаларын сараптауы тиіс деп есептеді, яғни субъективтік идеализмге көбірек бет бұрды. Негізгі өкілі - австриялық физик Э. Мах.

3. Неопозитивизм - ғылыми теориялардың ақиқаттылығын, салтырмалы құндылығын анықтау тәсілдерін зерттеумен айналыс Өкілдері: К. Поппер, И. Лакатос, Т. Кун және т. б. Олар ғылыми білімд тексерудің негізігі принциптері ретінде верификация, фальсификация және конвенция принциптерін ұсынды.

Позитивизм, гносеологиялық тұрғыдан алғанда, «пайдасыз» немесе «зиянсыз» дегенді білдіреді. Яғни, сіз алдыңғы идеяларға немесе априорлық идеяларға сенбейсіз, өйткені ғылыми әдіс арқылы объективті түрде көрсеткенге дейін бәрі ашық [3] .

Позитивизм термині Францияда 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Позитивизм туралы бірінші болып сөз еткен француз философы Сен-Симон, әлеуметтік философияның ізашары. Алайда, бұл француз әлеуметтанушысы және философы болды Огюст Конт Бұл философиялық ағымды британдық философ және саясаткер Джон Стюарт Миллмен бірге насихаттаған. Конт те, Милль де барлық білім немесе философиялық немесе ғылыми қызмет ғылыми әдіс арқылы тексерілетін нақты және мүмкін фактілерден басталуы керек деген ойға негізделген, сондықтан олар тәжірибе басталғанға дейін кез-келген білім түрінен бас тартты. Позитивизмнің тамыры француздық ағартушылықтан немесе ағартушылықтан бастау алады, мұнда рационализм мен Давид Юм ұсынған 18-ғасырдағы ағылшын эмпиризміне назар аударылады. Сол сияқты, бұл француз революциясы саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістерден кейін жасаған нәтижелердің бірі болды, нәтижесінде адамдар мен қоғамдарды олардың тәжірибелеріне сүйене отырып зерттеу объектілері ретінде орналастырылды. Демек, позитивизм - бұл эмпиризм конъюгациясы, бұл барлық білімдер тәжірибенің немесе бақылаудың қандай да бір түрі арқылы алынатындығына негізделген философиялық ағым, мұнда логика мен математика қолдану арқылы фактілер шеңберінен шығады ғылыми әдіс. Ғылыми әдістің әкесі Рене Декарт идеялар туа бітті деп мәлімдеді. Кейінірек Джон Локк тәжірибені барлық білімнің катализаторы ретінде енгізу арқылы бұл ойды жоққа шығарды. Идеялардың басқа тәртібінде позитивизм термині бақытты болу және жақсы пайда алу үшін неғұрлым жағымды, жайлы және практикалық қатынасты білдіреді. Стаканның жартысы бос немесе әйнек жартысы психологиялық ұқсастықпен айтқандай, позитивизммен айналысатын немесе позитивті адам әрқашан әйнектің жартысын толық көреді [2] . XIX ғасырдың соңына таман капитализм дәуірі алға тартқан мәселелерге Жаңа дәуір философиясының жауап беруге қауқары жетпеді. Кезінде француздың моралист-философы Ф. Ларошфуко ғылымдағы арзан сынға және соқыр фанатизмге өзінің бағасын бере келіп, философияның ғылымдар жүйесіндегі орнын көрсеткен болатын: «философия өткен өмір мен болашақтың қиындықтарын, ауыртпалықтарын жеңді, бірақ қазіргі өмірдің ауыртпалығынан жеңілді». Бұл сөз ғасырлар тоғысында тоқырауға ұшыраған жаңаеуропалық метафизиканы мейлінше дәл көрсетеді. ХХ ғасырдың басында Еуропада философияға тағы бір кезекті «төңкеріс» әкелген позитивизм бағыты (қоғамға практикалық пайда әкелетін, тек жекелеген ғылымдарға ғана қатысты позитивтік білімдер) пайда болды. Бұл бағыттың өкілдері «бұрынғы» философия ғылыми емес, тым ойшыл деді. Сол себепті ол жаратылыстану және нақты ғылымдар секілді тексерілген білімге сүйенуі қажет, сөйтіп практикалық пайда әкелуі тиіс. Философия тек деректерді зерттеп, ешқандай бағалауға жол бермеуі керек, зерттеулерінде ғылыми құралдарға жетекшілік етуі қажет. Бұл бағыттың негізін қалап, «Позитивті философия» курсында оның басты ұстанымдарын ұсынған Огюст Конт болды. Ол ұстанымдар ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың соңындағы көптеген позитивтік теориялар мен тұжырымдарға негіз болды. Позитивизм XVIII ғасырдағы француз ағартушылық философиясының орнын басқан болатын. Ағартушы энциклопедистер секілді Конт ғылымнан культ жасап, оның мүмкіндіктеріне шексіз сенімін білдірді. Ойлаудың ғылыми әдістері қолданылатын салалардың шексіз көп екендігін айтты (метафизиканы қосқанда) . Олар жасаған ғылымдардың жіктемесін көп жағдайда энциклопедистердің өсиетінің жүзеге асырылуы ретінде қарастыру керек. Жіктемеде ғылымдар табиғи иерархиясына қарай бөлінеді: математика - астрономия - физика - химия - биология - әлеуметтану. Оның ойынша, осы ғылымдардың байланысын қарастыратын «жалпы» ғылымды «философия» деп атау орынды. Алайда оның дәстүрлі метафизикамен еш байланысы болмауы тиіс, себебі олардың зерттеу пәні мен әдістері екі түрлі болып келеді. Ғылым мен философияны салыстыра келіп, Конт ғылымға практикада қолданылатын позитивті, дәлелденген білімдердің көзі деген анықтама береді. Ал философия «білімдердің жалпы жүйесі» болғандықтан да ғылымға қажет емес. Ол «синтетикалық» ғылым, сол себепті де жаратылыстану ғылымдарының жетістіктерін жинақтаумен айналысуы керек. Ол «әрбір ғылым - өзіне-өзі философия» болып табылады. Позитивистердің «Метафизика жойылсын, физика жасасын!», деген ұраны мен адамзаттың діни, метафизикалық және ғылыми ойлауының дамуындағы «үш кезең заңының» шығу төркіні де осында жатыр. О. Конт дүниеден озған соң, позитивистік ойлардың орталығы Англияға ауысты. Ең алдымен ол логик Джон Стюарт Милльдің есімімен тығыз байланысты болды. «Силлогистік және индуктивтік логикалық жүйелер» атты еңбегінде ол ағылшын эмпирикасының негізін салушы Ф. Бэконның индуктивтік логикалық әдістерін әрі қарай дамытты. Біздің біліміміз сезім арқылы келетін тәжірибелеріміз деген ұстанымды - біздің бақылауымыздағы құбылыстар ғылыми заңға қалай айналады деген сұрақты алға тартты. Оның ойынша, эмпирикалық пен теориялық пайымдаулардың арасында айтарлықтай принциптік айырмашылық жоқ. Милль адамның жүріс-тұрысын механистік, физикалық тұрғыдан түсіндірушілерді сынады. Себебі ол кезде адамның еркіндігі, сондай-ақ адамгершілік таңдау мүмкіндіктері ескерілмейді. Утилитарист ретінде Милль мынадай пікірлер айтады: адамдар барлық нәрседен пайда көруге тырысады, себебі адамдар адамгершілік әрекеттерді орындауы керек, сондықтан «адамгершілікке жат әрекет еткенше, пайда көрген тиімдірек». Ағылшын философы әрі әлеуметтанушы Герберт Спенсер «Негізгі бастаулар», «Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде», «Әлеуметтанудың негіздемесі», «Этиканың негіздемесі» атты бірқатар еңбектердің авторы. Ол биологиялық эволюция туралы идеяны Дарвиннен бұрын айтқан болатын. Табиғат әлеміндегі тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталу ұстанымдарын қалыптастырды. Ол эволюция туралы идеясының табиғаттағы және қоғамдағы барлық құбылыстар мен процестерге - ғарышқа, органикалық және бейорганикалық табиғатқа, тіпті социумға да тән деп есептеді. Оны әлеуметтанудағы екі бағыттың - «органицизм» мен «эволюционизмнің» негізін қалаушы ретінде атап көрсетуге болады Бұл екі бағыт әлеуметтік прогресті қоғамдық құбылыстардың интеграциялануы және интеграциялану процесі ретінде қарастыруға мүмкіндік берді. Осы екі бағыттың негіздеріне сүйене отырып, Спенсер алғашқылардың бірі болып жүйелердің жалпы теориясын жасауға тырысты. Құрылымдық функционалдық және эволюциялық талдау нәтижелері оған әлеуметтік жүйелердің құрылымы мен қызметіне тән бірқатар маңызды ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік берді. Нақтылап айтқанда, қоғамның әлдеқайда күрделі түрлерінің пайда болуына әкелетін даму және құлдырау циклдері мен интеграциялану және дифференциациялану процесін тануға әкелді.

Позитивизмнің екінші тарихи формасы - махизм мен эмпириокритицизм Эмпириокритицизм - «таза тәжірибеге» негізделген философиялық жүйе, басқаша - сыни эмпиризм деп атайды. Бұл жүйе «әлемнің шынайы бейнесі туралы ұғымдарды» қалыптастыру мақсатында кез келген метафизикалық болжамды жоққа шығарады да, философияны тек тәжірибеге негіздейді. Позитивизм махизм кезеңінде таным мен тәжірибенің табиғаты; субъекті мен объекті мәселесі; «зат», «субстанция» ұғымдарының сипаты; шындық өмірдегі «негізгі «элементтердің» табиғаты; физикалық пен психикалықтың қатынасы т. б. мәселелермен байланысты қарастырылды. Бұл мәселелерді зерттеуде махистер феноменологияға қатысты көзқарастарды қалыптастырды, бұл жағынан позитивизм Д. Юмнің философиясы мен Д. Берклидің субъективтік идеализміне жақындады. Олар «әлемдегі элементтердің» «бейтарап» сипатта болатынын дәлелдеді. Махистер материализм мен идеализмнің «метафизикалық» қайшылығын жоққа шығаруға тырысқанымен, іс жүзінде субъективтік идеализм мен феноменологияның көзқарастарын ұстанған болатын. Эмпиризм - кездейсоқ құбылыс емес. Теорияның абстрактылы ұғымдарының эмпирикалық деректермен байланысы мәселесі ғылымда негізгі категориялардың мағынасын жіктеуге қажеттілік туған кезде ғылымның логикасы тәжірибеде қаншалықты негізделген деген мәселеге байланысты үнемі көтеріліп отырады. Бұл мәселе ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында да туындады. Бұл кезде жаратылыстану саласында революция болған еді. Бұл ретте Э. Махтың классикалық физикадағы негізгі теориялық ұғымдардың логикалық сипатына қатысты еңбегі де үлкен пікірталас тудырды. «Механика» деп аталатын еңбегінде ол Ньютонның уақыт пен кеңістіктің шексіздігі турасындағы пікірлерін сынап, салмақ, есептеу жүйесі т. б. ұғымдардың «логикалық мазмұнын» анықтауға тырысады. Электронның дүниеге келуі Мах пен Авенариусты «материяның жоғалып кететіндігі» туралы пікірге жетеледі. Егер философияның негізгі ұғымы жалған, қолдан жасалған болса, онда осыған дейінгі жасалған метафизикалық пайымдаулар да қате, сондықтан ғылымды керексіз метафизикалық абстракциялардан тазалау керек. Осы пікірге сүйеніп, олар «эмпириокритицизм материализм мен идеализмнен жоғары» тұрады дегенді айтты. Мах пен Авенариус заттар мен бізді қоршаған өмірдегі шындықты «адамның сезімдерінің кешені» деп, субъективтік идеализм тұрғысынан анықтайды. Әлемдегі заттардың түр-түсі де, салмағы да жоқ әрі жылы да, салқын да емес. Адамдар оларды сезім органдары қалай сезсе, солай қабылдайды деді. Дегенмен, махистер бір нәрсені ескермеді, бұл мәселенің шешімі маңызды екі сұрақтың - сезім көздері қандай және олардың қалыптасу тетіктері қандай деген сұраққа жауап бола алмайды. Белгілі француз математигі әрі физигі Анри Пуанкаре бірқатар танымдық мәселелерде эмпириокритицизмге жақын келді. «Ғылымның құндылығы» атты еңбегінде ғылымдағы прогресс ондағы қалыптасқан ұстанымдардың өзіне күмәнмен қарауға әкеледі деді. Мысалы, Эйнштейннің ашқан жаңалығы жарықтың жылдамдығы жарық көзінің жылдамдығына байланысты болмайтынын көрсетті. Радиоқабылдағыштан берілетін қуаттың салмағы тұрақты әрі әрекетке сай және ол әрекетке қарсы балама жоқ екендігі Ньютонның үшінші заңына да сенімсіздік тудырды. Евклидтің геометриясы жалғыз болуы мүмкін жалғыз геометриялық жүйе екендігі жоққа шықты. ХІХ-ХХ ғасырлардың тоғысында осындай сәйкессіздіктер физиканы тоқырауға ұшыратты. Қалыптасқан теориялық түсінікке сай келмейтін жаңа ғылыми деректер табиғаттың заңдарына конвенция түрінде, яғни шартты сөйлемдер түрінде қарау керектігін көрсетті. Заңды шартты түрде жазылған сөйлем деп түсіндіру Пуанкаренің таным теориясының басты ерекшелігі болды, нәтижесінде ол «конвенционализм» деген атау алды. Пуанкаренің ойынша, «бұл конвенциялар біздің рухымыздың еркін әрекет етуі нәтижесінде туады және оған бұл салада ешқандай кедергілер жоқ. Ол өзінің қалауынша пайымдайды . . . » деді.

Позитивизмнің үшінші тарихи формасы неопозитивизм - ХХ ғасырдағы философия бағыты болып саналады. Философиялық-методологиялық актуальды мәселелерді шешуді және талдауды ұсынып, қазіргі ғылымдардың дамуымен қатар алға жылжыды: ғылыми ойланудың таңбалық құралын атқаруға, ғылымның теоретикалық аппараты мен эмпирикалық базисінің қатынастарын арттыруға, білімнің формалдануы мен математикалануының табиғаты мен функцияларында көріне бастады. Неопозитивизм ошақтары Х1Х ғасырдың 20-жылдарында бір сәтте Австрияда, Англияда, Польшада пайда болды. Олардың көрнекті өкілдері: М. Шлик, Р. Карнап, Г. Рейхенбах, Л. Витгенштейн.

“Үшінші позитивизмнің” өкілдері философияның не қандайда бір ақиқат жөніндегі, не таным теориясы жөніндегі ғылым еместігін айтады. Философия - табиғи және жасанды тілдерді логикалық талдаумен байланысты қызметтің ерекше түрі. Сондықтанда непозитивизмнің бірінші варианты логикалық позитивизм деген атқа ие болды [2] .

Логикалық позитивизм немесе неопозитивизм - бұл тілді талдауды өзінің ғылыми әдіснамасында қамтитын және эмпирикалық және тексерілетін барлық нәрсені талдаумен немесе зерттеумен шектелетін философиялық ағым. Бұл позитивизм туындысы 20 ғасырда пайда болды және оны Вена үйірмесінің мүшелері дамытты.

Төменде позитивизм деп аталатын философиялық ағымды анықтайтын негізгі сипаттамалар келтірілген.

• Ұғымдардан бас тартыңыз априори және расталмаған әмбебап типтегі түсініктер немесе нанымдар.

• Позитивизм эмпирикалық фактілер білімнің негізі екендігіне негізделген.

• Бұл ғылыми әдіспен негізделген ғылыми сипаттағы білімді жарамды деп санайды.

• Ғылыми әдіс ғылыми және гуманистік тергеулерге қолданылуы керек.

• Позитивизмнен алынған білім объективті болуы керек.

• Құжатталған дәлелдемелер сіздің түсіндіруіңіз емес, ең маңыздысы [4] .

Позитивизм өкілдері:

3. Огюст Конт

Позитивизмнің негізін салушы фанцузфилософы О. Конт. Конт есімімен позитивизмнің бірінші этапының дамуы тығыз байланысты. Конттың ең көлемді еңбектерінің бірі - «Позитивтік философия курсы». Позитивизм философия сының басты мәні мынада болған - метафизика эрасы бітіп, позитивті білім, яғни позитивизм эрасы басталды.

Ғылыми заңға жүгінетін болсақ Конт та өзінің білімін заңға негіздемек болып, “Сатылардың үш заңын ” ұсынды.

Бірінші заңы - теологиялық;

Екінші заңы - метафизикалық;

Үшінші заңы - позитивті;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану теорияларына кіріспе
Әлеуметтанушылар туралы мәліметтер
Огюст Конттың позитивизмі
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Батыс әлеуметтануының негізін салушы
Огюст Конт
Неопозитивизм философиясы
Огюст Конттың өмірі
Әлеуметтану ғылымының дамуы
О.Конт-әлеуметтанудың негізін салушы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz