Стандарттау жөніндегі уәкілетті органның функциялары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейдегі СМЖ құжаты ПОӘК ПОӘК 042–18-9.1.5403-2013
ПОӘК
Стандарттау пәнінен 18.09.2013 ж.
оқу-әдістемелік № 1 басылым
материалдар

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В073200 Стандарттау, сертификаттау және метрология

(салалар бойынша) мамандығы бойынша

Стандарттау пәнінен

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей

2013

Мазмұны

1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Тәжірибелік сабақтар

Дәріс сабағының құрылымы:

№1 дәріс
Тақырыбы: Кіріспе

Дәріс сабағының мазмұны:
1 Пәннің мақсаты мен қарастыратын мәселелері.
2 Стандарттаудың тарихына қысқаша мәліметтер.

1 Осы курстың мақсаты стандарттау саласында табысты қызмет істеу үшін
студенттерге теориялық білім және тәжірибелік дағдылар беру.
Осы курсты оқудың негізгі мәселесі - стандарттау саласындағы негізге
алынатын стандарттарды меңгеру және олардың талаптарын тәжірибе жүзінде
қолдануды үйрену. 2 Стандарт деген сөз ағылшын тілінен аударғанда норма,
үлгі, эталон, модель дегенді білдіреді, яғни басқа ұқсас объектілердің
эталондарымен салыстыруға арналған.
Стандарттау адам қоғамының дамуы мен тығыз байланысты. Ежелгі кезде
бірыңғай өлшемдер жүйесін, стандартты өлшемді құрылыс материалдарын,
стандартты диаметрі бар су құбырларын қолдану – бұның бәрі сол заманда
стандарттау қызметінің жұмыс істегеніне дәлел.
Сол сияқты Ежелгі Мысырда құрылыста тұрақты, стандартты өлшемі бар
кірпіштерді қолданды, олардың өлшемдерін арнайы шенеуніктер қатаң бақылады.
Грек архитектурасының тамаша ескерткіштері – дүниежүзіне танымал
болған шіркеулер, олардың бағандары шағын ғана элементтерден жасалған.
Ежелгі римляндар су құбырларын салғанда стандарттау принциптері мен
әдістерін сол кезден бастап қолданған.
Орта ғасырда салалардың дамуына байланысты стандарттау әдістері жиі
қолдана бастады. Сол кезде маталардың енінің өлшемдері, оның құрамындағы
жіптердің бірыңғай саны орнатылды, маталар өндірісінде қолданылатын
шикізатқа бірыңғай талаптар анықталды.
1785 жылы француз инженері Леблан қарулық құлыптардың партиясын – 50
данада дайындап шығарды, олардың әрбіреуі тек өздеріне тән маңызды
қасиеттерге ие болды. Бұл өзара-алмастырушылық және бірегейлік қасиеттері.
Осы құлыптардың әрқайсысын алдын-ала дайындамай қарудың кез-келгеніне сала
берді.
Жаппай өндіріске көшу мақсатымен Германияда қарулық зауытта қаруларға
стандарт орнатылды, бұл стандарт бойынша қарудың калибрі 13,9 мм тең болды.
19 ғасырдың екінші жартысында стандарттау жөніндегі жұмыстар барлық
өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүргізілді.
Стандарттау бұл жылдары тек бөлек фирмалардың және кәсіпорындардың
ішінде ғана жүргізілді. Бірақ қоғамдық еңбектің бөлінуі салдарынан
стандарттау ұлттық және халықаралық маңызына ие болды.
1846 жылы Германияда теміржол колеясының ені мен вагондардың тізбекті
құралдары бірыңғайланды.
1869 жылы мұнда алғашқы анықтамалар кітабы жарық көрді, бұл
анықтамаларда темірдің стандартты профилдерінің өлшемдері берілді.
1870 жылы Еуропаның бірқатар елдерінде кірпіштердің стандартты
өлшемдері орнатылды.
1891 жылы Англияда, біраз соңыра басқа мемлекеттерде Витворт атты
бұрандыларды стандарттау енгізілді (ол дюйммен өлшенді), біраздан кейін
елдердің көбінде ол метриялық бұрандыға ауысты.
Халықаралық стандарттаудың басталуы 1875 жылы Парижда 17 ел қатысқан
Халықаралық метриялық конвенцияны кабылдауын және Халықаралық өлшемдер және
таразылар бюросының орнатылуын айтуға болады. Ұлттық және халықаралық
стандарттаудың бұл алғашқы жетістіктері өндірістік күштің дамуына үлкен
тәжірибелік әсерін тигізді.
19 ғасырдың соңында және 20 ғасырдың басында техника, өнеркәсіп және
өндірістің дамуы күшейді. Осыған байланысты экономикалық қатынастар жағынан
жақсы дамыған елдерде ұлттық стандарттаудың ұйымдастырылуымен айнала
бастады, солардың салдарынан бұл мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық
ұйымдар құрылды.
Англияда 1901 жылы стандарттар Комитеті құрылды, оның басты мақсаты –
Британ империясының экономикалық күшін шикізатқа, өнеркәсіптік бұйымдарға
және әскери техникаға стандарттарды дайындап, енгізу арқылы күшейту болды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде және одан кейін көптеген
мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдар құрылды, мысалы,
Бельгияда (1912 ж.), Голландияда (1916 ж.), Германияда (1917 ж.),
Францияда, Швайцарияда, Америка Құрама Штатында (1918 ж.), Австрилияда,
Швецияда, Чехословакияда (1922 ж.), Норвегияда (1923 ж.), Финляндияда,
Польшада (1924 ж.), Данияда (1926 ж.) және Румынияда (1928 ж.).
Халықаралық тауаралмасу және ғылым мен техника салаларында тығыз
байланыстардың кеңейту салдарынан стандарттау жөніндегі Халықаралық
ассоциация (ИСА) құрылды, бірақ оның жұмысы екінші дүниежүзілік соғыстың
басталысымен тоқтатылды.
1943 жылы Біріккен ұлттар ұйымының шегінде стандарттау жөніндегі
мәселелермен шұғылданатын Координационды комитет құрылды, оның бюросы
Лондонда және Нью-Йоркте орналасты.
1946 жылы Лондонда стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО)
құрылды, оның құрамына 33 ел қатысты. Қазіргі кезде ИСО ірі халықаралық
техникалық ұйымдардың құрамына кіреді (оның мүшелері болып 146 ел
саналады).
ИСО басқа стандарттау жөніндегі жұмыстар көптеген халықаралық және
өңірлік ұйымдарда жүргізіледі.
Мысалы, Еуропалық көмір және болат бірлестігінің шегінде 1953 жылы
болат бойынша Координационды комиссия құрылды, ол бірлестіктің құрамына
кіретін мүшелер үшін, яғни Германия, Франция, Бельгия, Италия, Голландия
және Люксембург сияқты мемлекеттерге еуропалық стандарттарды дайындап
шығаруға уәкілетті болды.
Қазақстандағы стандарттаудың даму тарихы Кеңес одағы кезінде басталды.
1923 жылы Семейде Омбылық өлшемдер және таразылардың салыстырып-тексеру
палатасының бөлімшесі ашылды. 1925 жылы Алматыда Семейлік өлшемдер және
таразылар салыстырып-тексеру палатасының Алматылық бөлімшесі ашылды.
1931 жылы Алматыда стандарттау жөніндегі Қазақ өңірлік бюросы құрылып,
1938 жылы ол өлшемдер мен өлшеу аспаптары жөніндегі жұмыстармен
шұғылданатын уәкілетті комитет Басқармасына өзгертілді.
Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғаларына 1993 жылы Стандарттау және
сертификаттау туралы ҚР заңын, ал 1999 жылы Стандарттау туралы ҚР заңын
қабылдау болып саналады.
2004 жылы Қазақстанда Техникалық реттеу туралы ҚР заңы қабылданып,
2005 жылдың мамыр айында ол күшіне енеді.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1 Стандарттаудың даму тарихы?
2 Қай мемлекетте ең алғашқы рет стандартты өлшемді кірпіштерді қолдана
бастады?
3 Стандарттаудың маңызы?

Ұсынылатын әдебиет:
1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента
качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003г. 450с
2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.:
Юрайт, 2000г. 465 с.
3 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под
ред. Проф. В.А.Швандера.-М.: ЮНИТИ-ДАНА,2000. 487с

Дәріс сабағының құрылымы:

№2 дәріс
Тақырыбы: Стандарттау саласындағы терминдер
мен анықтамалар

Дәрістің мазмұны:
1 Стандарттау және оның интерпретациясы
2 Стандарт және оның түрлері

1 Стандарттау саласында және басқа да ғылым немесе техника салалыранда
нақты ғылыми – зерттелген терминология керек.
Стандарттау терминінің анықтамасы кең болған соң, Қазақстан
Республикасының Стандарттау туралы заңында стандарттау және стандарт
деген сөздерге келесі анықтамалар беріледі:
Стандарттау – нақты бір немесе әлеуметті мәселелер жайында жалпы және
көп рет пайдалану үшін белгілі салада ережелерді реттеудің оңтайлы
дәрежесіне жетуге бағытталған қызмет;
Стандарт – уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте
және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне
ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат;
Техникалық реттеу туралы заңында келесі анықтамалар берілген:
Стандарт - көп мәрте және ерiктi түрде пайдалану мақсатында техникалық
реттеу объектiлерiне қағидаларды, жалпы қағидаттар мен сипаттамаларды
белгiлейтiн құжат;
Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты
көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу
арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды
ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет;
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат - стандарттау жөніндегі
қызметтің әр түріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды,
ережелерді, сипаттамаларды, принциптерді белгілейтін құжат.

2 Алдын ала ұлттық стандарт - қолдану процесінде қажетті тәжірибені
жинақтауға арналған және тұтынушылардың қалың көпшілігіне қолжетімді,
уақытша қолданылатын стандарт;
Әскери және қосарланған мақсаттағы тауарларға (өнімге), жұмыстар мен
көрсетілетін қызметтерге әскери стандарт - белгіленген және арнайы
пайдалану мақсатында әскери мақсаттағы объектілерге қағидаларды, жалпы
қағидаттар мен сипаттамаларды белгілейтін, мемлекеттік құпияларды құрайтын
және таратылуы шектеулі мәліметтерден тұратын, Қазақстан Республикасының
Үкіметі айқындаған тәртіппен бекітілген нормативтік-техникалық құжат.
Консорциум стандарты - консорциум әзірлеген және бекіткен, оның мүшелері
қолданатын стандарт;
Негізге алынатын стандарт - қолданылу саласы кең немесе техникалық
реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарт;
Өңірлік стандарт - стандарттау жөніндегі өңірлік ұйым қабылдаған және
тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
Ұлттық стандарт - уәкiлеттi орган бекiткен және тұтынушылардың қалың
көпшiлiгiне қолжетiмдi стандарт;
Ұйым стандарты - ұйым дербес бекіткен стандарт;
Үйлестірілген стандарт - техникалық регламенттерде белгіленген
талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін стандарт;
Үкіметтік емес стандарт - Қазақстан Республикасының коммерциялық емес
ұйымы әзірлеген және бекіткен стандарт;
Халықаралық стандарт - стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған
және тұтынушылардың көпшілігі қол жеткізе алатын стандарт;
Шет мемлекеттiң стандарты - шет мемлекеттiң стандарттау жөнiндегi
уәкiлеттi органы қабылдаған және тұтынушылардың қалың көпшiлiгiне
қолжетімді стандарт.
Нормативтік техникалық құжат - техникалық және технологиялық нормаларды
қамтитын нормативтік құжат;
Техникалық регламент - өнімдерге және (немесе) олардың өмірлік циклінің
процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, Қазақстан
Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін
және қолданылатын нормативтік құқықтық акт.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1 Стандарттауға қатысты терминдердің мазмұнын ашу?
2 Стандарттардың қандай түрлерін білесіздер.
Ұсынылатын әдебиет:

Дәріс сабағының құрылымы:

№3 дәріс
Тақырыбы: Стандарттаудың заңнамалық базасы

Дәрістің мазмұны:

1 Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы заңы
2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің
заңнамалық негізін жетілдіру

1 Алғашқы рет Қазақстан Республикасының стандарттаудың құқықтық
негізі 1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Стандарттау және
сертификатау туралы заңында бекітілді.
1993 жылы Стандарттау және сертификатау туралы заң қарастырылып
Қазақстанның даму барысымен және нарықтық реформаның өтуімен Қазақстан
Республикасының Стандарттау туралы жаңа заң қабылданды, яғни 2003 жылдың
маусым айының 13 – інде өзгертіліп толықтырылған заң.
2005 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасы Техникалық реттеу
туралы заң күшіне енді. Осы заң Қазақстан Республикасында өнімнің,
көрсетілген қызметтің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
бағытталған мемлекеттің техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін
белгілейді. 2006 – 2008 жылдары осы заңға өзгертулер еңгізілген.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1Техникалық реттеу заңының мазмұны?
2Техникалық реттеудің мақсаттары?

Ұсынылатын әдебиет:
1 Техникалық реттеу туралы ҚР Заңы.2000ж.

Дәріс сабағының құрылымы:

№ 4 дәріс
Тақырыбы: Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі

Дәрістің мазмұны:
1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы
2 Құзыретті орган

1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы келесідей:
1) Қазақстан Республикасының үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;
4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы
сарапшылық кеңестері;
5) саудадағы техникалық кедергілер санитарлық және фитосанитарлық
шаралар жөніндегі ақпарат орталығы;
6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
7) сәйкестікті растау жөніндегі органдар, зертханалар;
8) сәйкестікті растау, стандарттау және аккредиттеу жөніндегі сарапты –
аудиторлау;
9) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен
стандарттардың мемлекеттік қоры құрайды;
2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы
құзыретіне мыналар жатады:
1) техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыттарын әзірлеу
2) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құру;
3) техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламасын бекіту;
5) қорғау технологияларын қолдану ережелерін және міндетті қорғануға
жататын құжаттар мен объектілер тізбегін бекіту;
6) техникалық – экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің депозитариесін құру
және жүргізу ережелерін бекіту;
7) өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестерді, қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мүдделі үшін консультациялық – кеңесші органдары құру;
8) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өз
құзыреті шегінде қабылдау оларға өзгерістер немесе толықтырулар еңгізу;
9) сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды
аккредиттеу тәртібін белгілеу;
10) Қазақстан Республикасы конституциясында заңдарында және Қазақстан

Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де
функцияларды атқару;

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1 Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің мазмұны?
2 Құзыретті органның атқаратын қызметтері?
Ұсынылатын әдебиет:
1 Техникалық реттеу туралы ҚР Заңы.2000ж.

Дәріс сабағының құрылымы:

№ 5 дәріс Техникалық реттеу жөніндегі уәкілетті орган

Дәрістің мазмұны:
1 Уәкілетті органның құрылымы.
2 Стандарттау жөніндегі уәкілетті органның функциялары.

1 Уәкілетті органның құрылымы.

2 Уәкiлеттi орган мынадай функцияларды орындайды:
Стандарттау саласында:
1) мемлекеттiк стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттың
жiктеуiштерiн әзiрлеудiң, келiсудiң, есепке алудың, бекiтудiң, сараптаудың,
өзгертудiң, жоюдың және қолданысқа енгiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;
2) техникалық регламенттермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және
әзiрлеудi ұйымдастырады;
3) халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердiң
техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, стандарттау, сәйкестiктi
растау және аккредиттеу жөнiндегi ұсынымдарын Қазақстан Республикасының
аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн белгiлейдi;
4) мемлекеттік, халықаралық және өңiрлiк стандарттардың, шет мемлекеттер
стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестiктi растау және
аккредиттеу жөнiндегi ережелер мен ұсынымдарды басып шығаруды және таратуды
ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды;
5) мемлекеттiк стандарттаудың жоспарларын әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi;
6) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк тiлдегi
және орыс тiлiндегi аудармаларын растауды ұйымдастырады.
7) өнімді таңбалау тәртібін белгілейді және оларды бақылауды жүзеге
асырады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1 Уәкілетті органның құрылымы?
2 Уәкілетті ораганның атқаратын функцияларының маңызы?

Ұсынылатын әдебиет:

1 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента
качества. Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003г. 450с
2 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.:
Юрайт, 2000г. 465 с.
3Техникалық реттеу туралы ҚР Заңы.2000ж.

Дәріс сабағының құрылымы:

№ 6 дәріс Техникалық регламенттер

Дәрістің мазмұны:
1 Техникалық регламенттер жөнінде жалпы мәліметтер
2 Техникалық регламенттердің мазмұны

1 Техникалық регламенттер Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-
тармағында көзделген мақсатта әзiрленедi және қолданылады.
Техникалық регламенттерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады,
Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және
техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге
өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.
Техникалық регламенттерде айқындалған талаптар, Қазақстан
Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген
өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған
санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда,
өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең
дәрежеде белгiленедi және қолданылады.
Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары
мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның
нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.
Процестерге қойылатын техникалық регламенттерде айқындалған талаптар
Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға
жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.
Техникалық регламенттерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн
Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды
орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс.
Техникалық регламент мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-
техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн
жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою
немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.
Техникалық регламентте оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең
уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық
регламентті қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы
әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм
шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.
Өнімді өндіру кезінде үйлестірілген стандарттар пайдаланылған болса,
техникалық регламенттердің талаптары орындалған болып саналады.
Өнімді өндіру кезінде техникалық регламенттерде белгіленген талаптар мен
нормалардың орындалуы қамтамасыз етілетін жағдайларда өзге де стандарттарды
пайдалануға болады.

2 Техникалық регламенттердің мазмұны
Техникалық регламенттер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере
отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi
қажеттi талаптарды белгiлейдi.
Техникалық регламентте:
1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған
тiзбесi;
2) техникалық регламентті қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн
өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.
Техникалық регламентте өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан
өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның
iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-
түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне
қойылатын талаптар болуы мүмкiн.
Техникалық регламентте, келтiрiлетiн зиянның деңгейi ескерiлетiн,
өнiмнiң конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптардың болмауы
салдарынан Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген
мақсаттарға жету қамтамасыз етiлмейтiн жағдайларды қоспағанда, өнiмнiң
конструкциясы мен орындалуына қойылатын талаптар болмауға тиiс.
Егер шет мемлекеттердiң, халықаралық және өңiрлiк ұйымдардың нормалары
мен стандарттары Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында көзделген
мақсаттарға сәйкес келсе, олар техникалық регламенттерді әзiрлеу кезiнде
негiз ретiнде толық немесе iшiнара қолданылуы мүмкiн.
Ұзақ пайдаланған кезде жол берiлетiн қауiп-қатер деңгейiн анықтауға
мүмкiндiк бермейтiн факторларға байланысты зиян келтiруi мүмкiн өнiмге
қойылатын талаптарды айқындау мүмкiн болмаған жағдайда, техникалық
регламентте тұтынушыны өнiмнiң ықтимал зияны туралы және оған байланысты
факторлар туралы хабардар етуге қатысты талаптар болуға тиiс.
Техникалық регламенттерде зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере
отырып, техникалық реттеу объектiлерiне:
1) азаматтардың жекелеген санаттарын (кәмелетке толмағандарды, жүктi
әйелдердi, бала емiзетiн аналарды, мүгедектердi) қорғауды қамтамасыз
ететiн;
2) егер мұндай талаптардың болмауы климаттық және географиялық
ерекшелiктерге байланысты Техникалық реттеу заңының 4-бабының 1-тармағында
көзделген мақсаттарға жете алмауға әкеп соғатын болса, Қазақстан
Республикасының жекелеген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерiнде қолданылатын;
3) техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде адам өмiрi мен
денсаулығына, Қазақстан Республикасының және басқа да iргелес
мемлекеттердiң қоршаған ортасына қауiп төндiретiн трансшекаралық қауiптi
өндiрiстiк объектiлерге қойылатын арнайы талаптар болуы мүмкiн.
Өнімнің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптар
техникалық регламенттерде ғана белгіленеді.
Техникалық регламентті әзiрлеу, сараптау, қабылдау, өзгерту және оның
күшiн жою ерекшелiктерi
Техникалық регламент, техникалық регламентке өзгерiстер және (немесе)
толықтырулар осы Заңның ережелерiн ескере отырып, белгiленген тәртiппен
әзiрленедi, қабылданады және күшiн жоюға жатады.
Техникалық регламенттерді әзiрлеу, өзгерту, толықтыру немесе оның күшiн
жою жөнiндегi ұсыныстарды құзыретiне мiндеттi ережелер мен нормаларды
белгiлеу кiретiн мемлекеттiк органдар стандарттау жөнiндегi техникалық
комитеттердiң, мүдделi тараптардың ұсыныстарын ескере отырып дайындайды
және уәкiлеттi органға ұсынады.
Уәкілетті орган техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспардың
жобасын жасайды және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту үшін
ұсынады. Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі бекітілген жоспар
бекітілген күннен бастап бір ай ішінде жариялануға тиіс.
Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспарда көзделмеген
техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жұмыстарды бюджет қаражаты
есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.
Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган жобаны,
нормативтiк құқықтық актiге өзгерiстер мен толықтыруларды немесе оның күшiн
жоюды әзiрлей бастаған кезден бастап бiр айдан кешiктiрмей, ресми басылымға
және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеге техникалық регламенттің жобасын
әзiрлеу, оған өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе оның
күшiн жою туралы белгіленген нысанда хабарлама бередi.
Егер техникалық регламентте белгiленген талаптар тиiстi халықаралық
стандарттардың талаптарына сай келмесе немесе тиiстi халықаралық
стандарттар жоқ болса немесе техникалық регламентте белгiленген талаптар
өнiмнiң Қазақстан Республикасына импортының немесе Қазақстан
Республикасынан экспортының жағдайларына әсер етуi мүмкiн болса, техникалық
регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган уәкiлеттi орган арқылы:
1) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт
қолданылатын өнiм тiзбесi, актiнiң мақсаты мен оны әзiрлеу қажеттiгi туралы
хабарлайды;
2) техникалық реттеу саласында әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық акт
туралы егжей-тегжейлi мәлiметтердi немесе мазмұны халықаралық стандарттар
талаптарына сай келмейтiн нормаларын көрсете отырып, оның көшiрмесiн
мүдделi тараптардың және шет мемлекеттердiң сауал салуы бойынша табыс
етедi.
Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеу туралы хабарлама жарияланған
кезден бастап оның жобасы мүдделi тараптардың танысуы үшiн қолжетiмдi
болуға тиiс.
Техникалық регламенттің жобасын әзiрлеген мемлекеттiк орган:
1) жобаны жария талқылауды ұйымдастырады;
2) алынған ескертпелердi есепке ала отырып жобаны пысықтайды және оны
уәкiлеттi органның ресми басылымына және ортақ пайдаланылатын ақпараттық
жүйеге орналастырады;
3) техникалық регламенттің жобасына алынған ескертпелердi мүдделi
тараптарға олардың сауал салуы бойынша бередi.
Техникалық регламенттің жобасын жария талқылау мерзiмi (оны әзiрлеу
туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жария талқылаудың аяқталғаны
туралы хабарландыру жарияланған күнге дейiн) кемiнде күнтiзбелiк алпыс күн
болуға тиiс.
Техникалық регламенттің жобасын жария талқылаудың аяқталғаны туралы
хабарлама уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын
ақпараттық жүйеде жариялануға тиiс және онда жобамен және алынған
ескертпелердiң тiзбесiмен танысу тәсiлi, техникалық регламенттің жобасын
әзiрлеген мемлекеттiк органның атауы, оның почта және электрондық мекен-
жайы туралы ақпарат болуға тиiс.
Техникалық регламент жобасының түпкiлiктi редакциясы Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылдау үшiн ұсынылады.

Техникалық регламентті қабылдау күнi мен қолданысқа енгізу немесе күшiн
жою күнi аралығында оның талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi iс-
шараларды жүзеге асыру үшiн қажеттi уақыт кезеңi көзделуге тиiс.
Техникалық регламентті төтенше жағдайларға (адамның өмiрi мен
денсаулығына, қоршаған ортаға немесе ұлттық қауiпсiздiкке тiкелей қауiп
төнуiне) байланысты әзiрлеу, қабылдау және қолданысқа енгiзу қажет болған
кезде техникалық регламент жария талқылаусыз қабылданады.
Техникалық регламентті қабылдау туралы хабарлама уәкiлеттi органның
ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде жариялануға,
сондай-ақ Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығына жолдануға тиiс.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1Техникалық регламенттің маңызы?
2 Техникалық регламенттердің қолданылу саласы?

Ұсынылатын әдебиет:
1 Техникалық регламент.
2 Техникалық реттеу туралы ҚР Заңы.2000ж.

Дәріс сабағының құрылымы:

№ 6 дәріс Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар

Дәрістің мазмұны:
1 Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар
2 Нормативтік құжаттарға қойылатын талаптар

1 Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттау жөнiндегi
нормативтiк құжаттарға:
1) халықаралық стандарттар;
2) өңiрлiк стандарттар және техникалық-экономикалық ақпарат
жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi ережелер мен ұсынымдар;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк стандарттары мен техникалық-
экономикалық ақпарат жiктеуiштерi;
4) ұйымдар стандарттары;
5) Қазақстан Республикасының стандарттау жөнiндегi ұсынымдары;
6) шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары,
техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi
ережелерi, нормалары мен ұсынымдары жатады.

2 Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар ҚР СТ 1.5 стандартының
талаптарына сай болуы керек

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1 Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттармен танысу?
2 Нормативтік құжаттармен жұмыс істеу?

Ұсынылатын әдебиет:
1Техникалық реттеу туралы ҚР Заңы.2000ж.

Дәріс сабағының құрылымы:

№8 дәріс Мемлекеттік стандарттар

Дәрістің мазмұны:
1 Мемлекеттік стандарттар, олардың сипаттамалары
2 Мемлекеттік стандарттарды жасау, қайта-қарау, жою тәртібі

1 Мемлекеттік стандарттар міндетті болып есептеледі, егер олар туралы
мәліметтер Қазақстан Республикасының заңдары мен техникалық
регламенттерінде берілсе.

Мемлекеттік стандарттар:
- мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң жалпы ұйымдастыру-әдiстемелiк
ережелерiн белгiлейтiн, негiзге алынатын стандарттар;
- өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң бiртектi топтарына, қажет жағдайда
нақты өнiмге, көрсетiлетiн қызметке қойылатын талаптарды белгiлейтiн
өнiмге, көрсетiлетiн қызметке арналған стандарттар;
- процестерге арналған стандарттар;
- өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi, процестердi бақылау әдiстерiне арналған
стандарттар болып бөлiнедi.
Мемлекеттік стандарттарда:
- техникалық регламенттерде белгiленген талаптардың сақталуын қамтамасыз
ететiн өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгі жөнiндегi қажеттi талаптар;
- өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi жiктеуге қойылатын талаптар;
- өнiмнiң бiрiздiлiк, үйлесiмдiлiк және өзара алмастырушылық
көрсеткiштерi;
- терминдер мен анықтамалар;
- өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң тұтыну қасиеттерi мен сипаттамаларын
қоса алғанда, функционалдық мақсатының көрсеткiштерi;
- қабылдау, буып-түю, таңбалау, тасымалдау, сақтау, кәдеге жарату және
жою ережелерi;
- сапасы мен қауiпсiздiгiн сынау әдiстерi;
- ресурстардың барлық түрлерiн сақтауға және ұтымды пайдалануға
қойылатын талаптар;
- менеджмент жүйесін енгiзудi қамтамасыз ететiн, өндiрiстi ұйымдастыруға
қойылатын талаптар;
- белгiлi бiр қызмет саласына арналған ұйымдастырушылық-әдiстемелiк
сипаттағы ережелер, сондай-ақ жалпы техникалық нормалар мен ережелер
белгiленуi мүмкiн.
2 Мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу, келiсу, қабылдау, есепке алу,
өзгерту және оның күшiн жою тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1Мемлекеттік стандарттарды табу?
Мемлекеттік стандартармен жұмыс істеу?

Ұсынылатын әдебиет:

1 Техникалық реттеу туралы ҚР Заңы.2000ж.

Дәріс сабағының құрылымы:

№9 дәріс Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау және ақпаратпен
қамтамасыз ету

Дәрістің мазмұны:
1 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды жоспарлау
2 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ақпаратпен қамтамасыз ету

1 Қазақстан Республикасы экономикасының салаларындағы басым бағыттарды
ескере отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, стандарттау
жөнiндегi техникалық комитеттерiнiң, жеке және заңды тұлғаларының
ұсыныстары негізiндегi стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен
бағдарламалары уәкiлеттi орган белгілеген тәртiппен бекiтiледi. Мемлекеттiк
стандарттау жөнiндегi жұмыстардың жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеген
кезде Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптар, Қазақстан
Республикасының әлеуметтiк және экономикалық дамуының жоспарлары мен ғылыми-
зерттеу жұмыстары, жылдық және ұзақ мерзімдi мемлекеттiк және салалық
ғылыми-техникалық бағдарламалар ескерiледi. Мемлекеттiк стандарттау
жөнiндегi жұмыстардың бекiтiлген бағдарламалары мен жоспарлары уәкiлеттi
органның ресми баспа басылымдарында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық
жүйеде жарияланады. Мемлекеттiк стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын
әзiрлеу тәртiбiн уәкiлеттi орган бекiтедi.
2 Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ақпаратпен қамтамасыз етуді
техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қоры жүргізеді.
Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттiк қорын уәкiлеттi
орган мен мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде құрады. Мемлекеттiк
құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi
қоспағанда, техникалық реттеу саласында әзiрленетiн және қабылданатын
нормативтiк құқықтық актiлер, мемлекеттiк, ұлттық, халықаралық, өңiрлiк
стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, ұйымдар
стандарттары және стандарттау жөнiндегi ұсынымдар туралы ресми ақпарат,
сондай-ақ көрсетiлген құжаттар пайдаланушыларға қолжетiмдi болуға тиiс.
Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу
жөнiндегi нормативтiк құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сiлтемелерiн
басып шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен
қамтамасыз ету уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.
Құжатты әзiрлеген тұлға әрбiр стандарттың және стандарттау жөніндегі өзге
де нормативтiк құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және олардың бiр
данасын уәкiлеттi органға бiрыңғай анықтамалық-библиографиялық деректер
базасын құру үшiн жiбередi.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1Стандарттау жөнінде қандай жұмыстар жүргізілуде?

Ұсынылатын әдебиет:

1Техникалық реттеу туралы ҚР Заңы.2000ж.
2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества.
Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
3 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.:
Юрайт, 2000 г. - 465 с.
4 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под
ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.
5 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, Тұмар, 2007 ж. –
224 б.

Дәрістің сабағының құрылымы:

№10 дәріс Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын
мемлекеттік бақылау

Дәрістің мазмұны:
1 Мемлекеттік бақылау объектілері 
2 Мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар

1 Техникалық регламенттің күшi қолданылатын өнiм, процестер, сәйкестiктi
растау жөнiндегi органдар және зертханалар техникалық регламенттерде
белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау мен қадағалау
объектiлерi болып табылады.

2 Мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды
адамдарға:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөніндегі
бас мемлекеттiк инспекторы - уәкiлеттi органның басшысы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөнiндегi
бас мемлекеттiк инспекторының орынбасарлары - уәкiлеттi орган басшысының
орынбасарлары;
3) облыстар мен қалалардың мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөніндегі
бас мемлекеттiк инспекторлары - аумақтық органдардың басшылары;
4) облыстардың және қалалардың мемлекеттiк бақылау мен қадағалау
жөнiндегi бас мемлекеттiк инспекторларының орынбасарлары аумақтық органдар
басшыларының орынбасарлары және олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң
басшылары;
5) мемлекеттiк бақылау мен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар
- аумақтық органдардың барлық санаттағы мамандары жатады.

Техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес қарсы, рейдтік тексерулер түрінде де
жүзеге асырылады.
 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

Ұсынылатын әдебиет:
1Техникалық реттеу туралы ҚР Заңы.2000ж.
2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества.
Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
3 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.:
Юрайт, 2000 г. - 465 с.
4 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под
ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.
5 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, Тұмар, 2007 ж. –
224 б.

Дәрістің сабағының құрылымы:

№11 дәріс Халықаралық, өңірлік және шет мемлекеттердің ұлттық
стандарттарын қолдану тәртібі

Дәрістің мазмұны:
1 Шет мемлекеттердің стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды қолдану
шаралары

2 Шет мемлекеттердің стандарттарын қолдану әдістері

1 Қазақстан Республикасының аумағында Техникалық реттеу туралы заңында
көзделген мақсаттарға сай келетiн халықаралық және өңiрлiк стандарттар,
техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, ережелер, нұсқаулықтар мен
ұсынымдар, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары,
техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, стандарттау жөнiндегi
ережелерi, нормалары мен ұсынымдары қолданылуы мүмкін. Халықаралық және
өңiрлiк стандарттарды, шет мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк стандарттары ретiнде қолдану үшiн:
- Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және аккредиттеу
жөнiндегi халықаралық және өңiрлiк ұйымдарға мүшелiгі;
- Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында стандарттау
саласындағы ынтымақтастық туралы екi жақты (көп жақты) шарттардың
(келiсiмдердiң) болуы қажеттi талап болып табылады.
- Қазақстан Республикасы мүше болып табылмайтын халықаралық және өңiрлiк
ұйымдардың стандарттарын Қазақстан Республикасының жеке және заңды
тұлғаларының қолдануы көрсетiлген стандарттарға келiсiм-шарттар мен
шарттарда сiлтеме болған жағдайда жүзеге асырылады.
- Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, техникалық-экономикалық
ақпарат жiктеуіштерiн, ережелер мен ұсынымдарды, сондай-ақ шет
мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында
қолдану тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
- Қазақстан Республикасының аумағында қолданылуға тиiс халықаралық
өңірлік стандарттар, ұлттық стандарттар және шет мемлекеттердің стандарттау
жөніндегі нормативтік құжаттары Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген
техникалық регламенттерде белгiленген талаптарға және олармен үйлестiрiлген
стандарттарға қайшы келмеуге, сапалық көрсеткіштері бойынша мемлекеттік
стандарттардан төмен болмауға және олардың құзыретiне кiретiн мәселелер
бойынша мемлекеттiк органдармен келiсiлуге тиiс.
- Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық және өңiрлiк
стандарттар мен стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттар Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк стандарттарымен және стандарттау жөнiндегi
нормативтiк құжаттарымен бiрдей әрi тең дәрежеде қолданылады.
- Шет мемлекеттер ұйымдарының стандарттарын қолдану көрсетiлген
стандарттарды қолдануға құқық беретiн олардың түпнұсқасын ұстаушы
ұйымдармен жасалған шарттар (рұқсаттар) негiзiнде жүзеге асырылады.

2 Халықаралық және өңiрлiк стандарттарды, техникалық-экономикалық
ақпарат жiктеуiштерiн, ережелер мен ұсынымдарды, сонымен қатар шет
мемлекеттердiң ұлттық стандарттарын Қазақстан Республикасының аумағында
қолдану тәртібін ҚР СТ 1.9 сәйкес уәкілетті орган орнатады. Қазақстан
Республикасының аумағында қолдануға жататын халықаралық, өңірлік
стандарттар, шет мемлекеттердің ұлттық стандарттары мен стандарттау
жөніндегі нормативтік құжаттар ҚР техникалық регламенттерімен орнатылған
талаптарға қарсы келмеуі қажет, сонымен қатар олар сапалық көрсеткіштері
бойынша мемлекеттік стандарттардан төмен болмауы керек және құзыреттілігіне
кіретін сұрақтары бойынша мемлекеттік органдармен келісімге жатады.

Халықаралық стандарттарды қолдану келесі әдістермен жүргізіледі:
-сыртқы бетін ауыстыру арқылы (обложки);
-қайта-өңдеу арқылы;
-есептік тіркеу арқылы.
Сыртқы бетін ауыстыру әдісі бойынша халықаралық стандарттың сыртқы бетін
мемлекеттік стандарттың сыртқы бетіне ауыстырады.
Қайта-өңдеу әдісі бойынша халықаралық стандарттың негізінде мемлекеттік
стандарт әзірленеді.
Халықаралық стандарттарды мемлекеттік стандарттар ретінде қолдану үшін
есептік тіркеу әдісі қолданылмайды. Бұл әдісті кейбір жағдайларда ғана
қолданады: жаңа технологиялар мен өнімдерді енгізу үшін халықаралық
стандарттарды қолдану керек болған жағдайда немесе ҚР аумағында нормативтік
құжаттарды қолдану шектеулі болса ғана.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

Ұсынылатын әдебиет:
1Техникалық реттеу туралы ҚР Заңы.2000ж.
2 Основы стандартизации, метрологии, сертификации и менеджмента качества.
Учебное пособие под редак. Тазабекова Алматы.: 2003 г. - 450 с.
3 Е.М. Лифиц Основы стандартизации, метрологии и сертификации. М.:
Юрайт, 2000 г. - 465 с.
4 Стандартизация и управление качеством продукции: Учебник для вузов. Под
ред. Проф. В.А.Швандера. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000 г.- 487 с.
5 Жанзақов М.М., Мырзабек К.А. Стандарттау – Қызылорда, Тұмар, 2007 ж. –
224 б.

Дәрістің сабағының құрылымы:

№12-13 дәріс Стандарттау әдістері

Дәрістің мазмұны:
1Стандарттау әдістерінің жіктелуі.
2 Үйлесімді сандар жүйесі мен параметрлік қатарлар.
3 Унификаттау және агрегаттау.
4 Кешенді және озық стандарттау.

Стандарттау қызмет түрі ретінде жалпы ғылыми және арнаулы әдістердің
жиынтығына сүйенеді. Бұл әдістер жиынтығы қайталанып кездесетін міндеттерді
оптималды шешу үшін қажет болып табылады.
Стандарттау жұмыстарында жиі қолданылатын әдістер:
1) стандарттау нысандарын ретке келтіру;
2) параметрлік стандарттау;
3) унификациялау;
4) агрегаттау;
5) кешенді стандарттау;
6) озық стандарттау.
Стандарттау нысандарын ретке келтіру стандарттау нысандарының алуан
түрлігін басқару болып табылады. Мысалы, жіктеуіштер, типтік
конструкциялар, комплекттеуші бұйымдар, процестер, ережелер, құжаттардың
формалары (нұсқалары) ретке келтіру жұмыстарының нәтижесі болып табылады.
Ретке келтіру стандарттау нысандарын жүйелеу (жүйеге келтіру),
типтендіру, селекциялау, симплификациялау және оңтайлау арқылы (жолымен)
жүзеге асырылады.
Жүйелеу – біртекті, өзара байланыстағы стандарттау нысандарының белгілі
тізбегін тағайындау болып табылады.
Нысандардың алуан түрлігін ескерсек, жүйелеудің маңызы өте зор болып
табылады, өйткені оларды өзара байланыстырылған және өзара бағыныстағы
топтарға біріктіруге, оларды жіктеуге жіне ранжирлеуге мүмкіндік береді.
Мысалы, Қазақстан Республикасында қолданылатын техника-экономикалық және
әлеуметтік ақпарат жіктеуіштері жүйелеу жұмыстарының нәтижелері болып
табылады.
Типтендіру – бірқатар стандарттау нысандарына ортақ сипаттар негізінде
типтік конструкциялық немесе технологиялық шешімдерді әзірлеу жөніндегі
әрекеттер болып табылады. Типтендіру нәтижелері типтік конструкциялар,
бұйымдар, ережелер, процестер, құжаттар формалары, есептер, жұмыс жүргізу
тәртібі және т.б. болып табылады.
Селекциялау - әртүрлі қызметтер облыстарындағы ары қарай да өндіруге
немесе қолдануға қолайлы деп танылған нақты стандарттау нысандарын іріктеп
алу.
Симплификациялау – селекцияға кері - әртүрлі қызметтер облыстарындағы ары
қарай да өндіруге немесе қолдануға қолайлы емес деп танылған нақты
стандарттау нысандарын іріктеп алу.
Басқа сөзбен айтқанда симплификациялау деп әр қолданылатын элементтердің
санын қолайлы минимумге дейін қысқартуды (мысалы, ыдыстың, ыдыс-аяқтың,
бекіту элементерінің өлшемдік типтерін азайтуды) айтады.
Оңтайлау – мүмкін болғандардың ішінен ең жақсы (оңтайлы) стандарттау
нысанын таңдап алу. Стандартталатын нысандардың параметрлерінің (арналу,
қауіпсіздік, сапалық параметрлері, тұтыну қасиеттері және т.б.) оңтайлы
мәндерін табуға негізделеді.
Стандарттау нысандарын оңтайлау экономика-математикалық әдістері және
оңтайлы модельдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Параметрлік стандарттау – параметрлердің қолайлы номенклатурасын және
сандық мәндерін таңдау және негіздеумен байланысты стандарттау әдісі.
Параметр – (parametron – грек - өлшеуші) – процестің, құбылыстың немесе
жүйе, машина, аспаптың кез келген қасиетін сипаттаушы шама болып табылады.
Өнімнің ең маңызды параметрлері болып оның арналуын және қолдану
шарттарын айқындаушы сипаттары табылады:
- өлшемдік параметрлер (киімнің, аяқ киімнің размері, ыдыс аяқтың
сиымдылығы.;
- салмақтық параметрлер (спорт инвентарінің жеке түрлерінің салмағы);
- машиналар мен аспаптардың өнімділігін сипаттаушы параметрлер
(желдеткіштің өнімділігі, көліктің жүру жылдамдығы);
- энергетикалық параметрлер (тоңазытқыш пайдаланатын қуаттын мөлшері) және
т.б.
Белгілі типке жататын, яғни белгілі қызметке арналған, жұмыс істеу
принципі мен конструкциясы айқындалған өнім бірнеше параметрлермен
сипатталады. Параметрлердің тағайындалған мәндерінің жиынтығы параметрлік
қатар деп аталады. Мысалы тоқ шамдарының параметрлік қатары (пайдаланатын
қуаты бойынша): 25, 40, 60, 75, 100, 150, 200, 250, 500 Вт.
Параметрлік қатардың бір түрі болып өлшемдер қатары табылады. Мысалы,
маталар үшін өлшемдік қатар мата енінің жеке параметрлерінен, ыдыс-аяқ үшін
– жеке сиымдылық параметрлерінен құралады. Бір типті өнімнің (материалдың)
әр өлшемі типтік өлшем (типоразмер) деп аталады. Мысалы, қазіргі кезде
ерлер киімінің 105 типтік өлшемі және әйелдер киімінің 120 типтік өлшемі
бекітілген.
Параметрлер қатарларын стандарттау процесі параметрлік стандарттау деп
аталады. Мысалы, киім және аяқ-киімнің өлшемдік қатарларын құру үшін
көптеген еркек және әйел адамдарын (әртүрлі жастағы, әртүрлі өңірде
тұратын) антропометриялық өлшеулерден өткізу керек. Алынған нәтижелер
математикалық статистика әдістерімен өңделеді.
Үйлесімді сандар және үйлесімді сандар қатарлары. Машина, аспап,
ыдыстардың параметрлік қатарлары үйлесімді сандар жүйесіне сәйкес құралады.
Үйлесімді сандар деп геометриялық прогрессия бойынша өзгеретін сандар
тізбегінің жиынтығын айтады. Бұл жүйенің мағынасы – параметрлер мәндері
үшін кез келген санды ала бермей, тек қана белгілі математикалық заңға
бағынатын мәндерді ғана алу болып табылады.
Параметрлік стандарттауда негізгі стандарттар ГОСТ 8032 Предпочтительные
числа и ряды предпочтительных чисел және ГОСТ 6636 Нормальные линейные
размеры болып табылады.
ГОСТ 8032 бойынша 4 негізгі үйлесімді сандар қатары бекітілген:
1- қатар - R5 – 1,00; 1,60; 2,50; 4,00; 6,30; 10,00 – прогрессия
знаменателі 1,6;
2- қатар – R10 – 1,00; 1,25; 1,60; 2,00; 2,50; ... – прогрессия знаменателі
1,25;
3- қатар – R20 – 1,00; 1,12; 1,25; 1,40; 1,60; ... – прогрессия знаменателі
1,12;
4- қатар – R40 – 1,00; 1,06; 1,12; 1,18; 1,25; ... – прогрессия знаменателі
1,06.
R- индексі француз инженері Ш. Ренар атымен аталған. Бұл инженермен
үйлесімді сандар қатарларын құру тарихы байланысты.
1 – 10 сандары аралығында R5 қатарында 5 сан бар, R10 қатарында - 10
сан, R20 қатарында - 20 сан, R40 қатарында - 40 сан бар.
Параметрлік қатардың жиілігі оңтайлы болуы керек: тым қою қатар
тұтынушылар мүдделерін максимум қанағаттандыруға мүмкіндік береді, бірақ,
екінші жағынан, өнімнің типтік өлшемдері тым көбейіп кетеді. Сондықтан R5
қатарын қолдану R10 қатарына қарағанда дұрыс болып табылады, ал R10 қатарын
қолдану R20 қатарын қолданғаннан дұрыс болып табылады.
Үйлесімді сандар жүйесін қолдану белгілі типті өнімнің параметрлерін
бірыңғайландыру ғана емес, сонымен бірге бөлшектерді, бұймдарды, көлік
құралдары мен технологиялық жабдықтарды параметрлер бойынша сәйкестендіруге
мүмкіндік береді.
Мысалы, машина жасау саласындағы стандарттау тәжірибесі көрсеткендей,
бөлшектер мен тораптардың параметрлік қатарлары машина және жабдықтардың
параметрлік қатарларында негізделу керек. Бұл жерде мынадай ереже сақталуы
керек: машиналардың R5 қатарынан алынған параметрлерге бөлшектердің R10
қатарынан алынған параметрлер сәйкес келу керек, R10 қатарынан алынған
параметрлерге бөлшектердің R20 қатарынан алынған параметрлер сәйкес келу
керек және тағы солай. Теміржол вагондары мен автокөліктің жүк көтеру
қабілеті, контейнер, жәшік және жеке алынған консерві банкасының
өлшемдерінің қатары R5 қатары бойынша құрылу керек. Бұл шара консерві
банкасына арналған ыдыс және оларды тасымалдайтын көлік құралдарын ұтымды
қолдануға мүмкіндік береді.

Радиотехникада Халықаралық электротехникалық комиссиямен қабылданған Е
қатары байынша құрылған үйлесімді сандар қолданылады. Е қатарлары:
Е3 – q = 2,2;
Е6 - q = 1,5;
Е 12 - q = 1,2.
Бұл қатарлар ГОСТ 2825 Ряды номинальных сопротивлений постоянных
резисторов және ГОСТ 2519 Ряды номинальных емкостей постоянных
конденсаторов стандарттарымен бекітілген.
Конденсаторлар үшін 1,5; 2,2; 3,3; 4,7; 6,8 (пФ, мкФ) сиымдылықтар
қатары қолданылады.
Унификациялау – (бірыңғайландыру) (лат. unus – бір) - өнім, процестер
және қызмет көрсетулер түрлерінің, олардың параметрлерінің және
өлшемдерінің мәндерінің оңтайлы санын таңдау (тағайындау).
Бірыңғайландыру – бірдеңені бірыңғай жүйеге, формаға, бірегейлікке
келтіру. Мысалы техникада бірыңғайландыру деп өнімнің және оны шығаруға
қажет құралдардың минимум санды типтік өлшемге, маркаға, қасиеттерге
келтіруді айтады.
Бірыңғайландырудың мақсаты өнімнің, процестердің қажетсіз көп түрлері
болуға жол бермеу және олардың санын негізгі тұтынушыға қажетті минимумға
келтіру болып табылады.
Бірыңғайландыру стандарттау нысандарын жүйелеу, типтендіру (типтеу),
селекциялау, симплификациялау және оңтайлауға негізделеді және төмендегі
бағыттарда жүзеге асырылуы мүмкін:
- бұйымдар, машиналар, жабдықтар, аспаптар, тораптар мен бөлшектердің
параметрлік және типті өлшемдік қатарларын әзірлеу;
- біртекті өнімдердің бірыңғайланған топтарын құрастыру мақсатында типтік
бұйымдарды зерттеп дайындау;
- бірыңғайланған технологиялық процестерді, сынау әдістерін, құжат
формаларын және т.б. зерттеп дайындау;
- біртекті стандарттау нысандарының номенклатурасын оптималды минимуммен
шектеу.
Бірыңғайландыру мына түрлерге бөлінеді:
- типтік-өлшемдік бірыңғайландыру (мысалы, функционалдық арналуы бірдей,
бір-біріне бас параметрлерінің сандық мәнімен ажырасатын өнімдер);
- тип шегіндегі бірыңғайландыру (мысалы, бас параметрі бірдей, құрамдық
элементтерінің конструкциясымен ажырасатын өнімдер);
- тип аралық бірыңғайландыру (мысалы, әртүрлі типті және конструкциялы
өнімдер).
Жүргізу аймағына байланысты нысандарды бірыңғайландыру салааралық,
салалық және зауыттық болуы мүмкін.
Ең жоғары экономикалық әсерге жобалау сатысында қол жеткізуге болады.
Бірыңғайландыру нәтижелері бұйымдардың, бөлшектердің, тораптардың типтер,
параметрлер және өлшемдер стандарттарының, конструкция, марка және т.б.
типтік (бірыңғайланған) конструкциялары альбомы түрінде өңделеді.
Агрегаттау - бұйымдардың, машина, аспап және жабдықтарды бөлек
стандартты бірыңғайланған бөлшектер мен тораптардан құрау және қолдану
әдісі. Бұндай бөлшектер мен тораптар әртүрлі қосылыста конструкциясы және
сыртқы бейнесімен ажырасатын өлшемдердің кең номенклатурасын өзірлеуге
мүмкіндік береді. Мысалы, жиһаэ өндірісінде щиттардың 15 өлшемін және
стандартты жәшіктердің 3 өлшемін қолдану осы элементтерді әртүрлі
комбинациясы арқылы жиһаздың 52 түрін құруға мүмкіндік береді.
Бірыңғайланған, стандартты, өзара алмастырылатын бөлшектер мен
тораптарды қолдану нәтижесінде бұйымның жөндеуге келу қабілеті мен
жөндеудің тиімділігі жоғарылайды.
Агрегаттау машина жасау, радиоэлектроника және өлшем құралдарын жасау
салаларында кеңінен қолданылады. Аталған салаларыдың дамуы бұйымдар
конструкциясының күрделігі және жиі өзгеруімен сипатталады. Әртүрлі
машиналарды жобалау және жасау үшін машинаның конструкциясын бір-бірінен
тәуелсіз жинау бірліктеріне (агрегаттарға) бөлу қажет болып шықты. Әр
агрегат машинада белгілі функция атқаратындай қылып жасалатын балды. Бұл
шара агрегаттарды бөлек бұйым ретінде шығаруға және оның жұмысын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уәкілетті мемлекеттік орган, құрылымы және міндеті. Техникалық комитеттер
Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнінен лекция жинағы
Парламенттік бақылау функциячы
«Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар
Стандарттау жөніндегі органдар
Нормативтік актілерді жіктеу туралы жалпы түсінік
Халықаралық стандарттар
Стандарттарды зерттеп дайындау, бекіту және енгізу тәртібі
Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету
Пәндер