Антибиотиктерді алу тәсілдері
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ МЕББМ
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ МЕББМ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Химиопрепараттар мен антибиотиктер. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдықтарын анықтау.
Дайындаған: Турагалиев Х.А
Курс: 2 курс
Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау
Тобы: 201 А
2021 жылы
Жоспар:
1. Химиотерапия және антибиотиктер туралы түсінік.
2. Антибиотиктердің жіктелуі.
3. Антибиотиктерді алу тәсілдері.
4. Антибиотиктердің әсер ету спектрі және механизмі.
5. Антибиотиктердің кері әсерлері.
6. Бактериялардың антибиотиктерге сезімталдықтарын анықтау.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Химиотерапия және антибиотиктер туралы түсінік.
Химиотерапия - бұл химиялық заттар көмегімен арнайы антимикробты, антипаразитарлы емдеу. Бұл заттар маңызды қасиеттерге ие - макроорганизм жағдайында ауру туғызатын микроорганизмдерге карсы таңдаулы әсер көрсетеді.
Антибиотиктер (грек сөзі anti bios - өмірге қарсы) микроорганизмдермен, жануар жасушаларымен, өсімдіктермен түзілетін химиотерапиялық заттар, сонымен қатар олардың туындылары мен синтетикалық өнімдер, олар микроорганизмдердің өсуін тоқтатады және жоюға арнайы қабілетті, сондай-ақ қатерлі ісіктің дамуын басады.
Химиотерапияның негізін салушы неміс химигі, Нобель сыйлығының лауреаты П.Эрлих, ол құрамында мырышы бар химиялық заттардың спирохета мен трипаносомаларға жою әсерін дәлелдеді және 1910 жылы бірінші химиотерапиялық препарат - сальварсанды (бұл макроорганизмге қауіпсіз, бірақ қоздырғышты жоятын мырыш қосылысы) алды.
1935 жылы басқа неміс химигі Г.Домагк анилинді бояғыш заттардың ішінен - пронтозил немесе қызыл стрептоцидті анықтады, бұл экспериментальды жануарларды стрептококты инфекциядан қорғайды, бірақ организмнен тыс бұл бактерияларға әсер етпейді. Осы ашуы үшін Г.Домагк Нобель сыйлығын алды. Кейінірек анықталғандай, ағзада сулъфаниламидті түзумен пронтозил ыдырайды, ол in vivo және in vitro жағдайында антибактериалды белсенділікке ие.
Сульфаниламидтердің микроорганизмдерге әсер ету механизмін Р.Вудс ашты, ол сульфаниламидтердің бактериялардың тіршілігіне қажетті фолий қышқылынын биосинтезіне қатысатын парааминобензой қышқылының (ПАБҚ) құрылымды аналогы болатынын анықтады. Бактериялар сульфаниламидті ПАБҚ орнына пайдалана отырып жойылады.
Бірінші табиғи антибиотикті 1929 жылы ағылшын бактериологы А.Флеминт ашты. Бактериалды дақылдың өсуіне кедергі келтіретін Penicillium notatum зең саңырауқұлағын зерттеу барысында бактериялардың өсуін тоқтататын затты анықтап оны пенициллин деп атады. 1940 жылы Г.Флори мен Э.Чейн тазартылған пенициллинді алды. 1945 жылы А.Флеминг, Г.Флори мен Э.Чейн Нобель сыйлығының лауреатары болды. Қазіргі уақытта әртүрлі микроорганизмдер туғызатын ауруларды емдеу үшін қолданылатын химиотерапиялық препараттардың орасан зор саны бар.
Антибиотиктердің жіктелуі П.Эрлих ашқан уақьттан бергі кезеңде 10000 астам әртүрлі антибиотиктер алынды, сондықтан осы препараттарды жүйелеу маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта антибиотиктердің әртүрлі жіктелуі бар, бірақ олардың ешқайсысы да жалпы қабылданбаған. Антибиотиктердің басты жіктелуінің негізінде олардың химиялық құрылысын да жатыр.(кесте)
Кесте. Химиялық құрылымына байланысты табиғи антибиотиктердің жіктелуі
Класс
Кластардын аты
-
I
II
III
IV
V
VI
VII
р-Лактамдар
Макролидтер
Аминогликозидтер
Тетрациклиндер
Полипептидтер
Полиендер
Анзамициндер
Пенициллиндер,
цефалоспориндер т.б.
Эритромицин,
азитромицин т.б.
Стрептомицин,
канамицин,
гентамицин, амикацин т.б.
Окситетрациклин, доксициклин т.б
Қосымша класс
-
Полимиксиндер, бацитрацин т.б. Нистатин, амфотерицин В т.б. Рифампицин т.б.
Левомицетин, линкомишш, гризеофульвин т.б.
Синтетикалық антибиотиктердің маңызды класына хинолондар мен фторхинолондар (мысалы, ципрофлоксацин), сульфаниламидтер (сульфадиметоксин), имидазолдар (меронидазол), нитрофурандар (фурадонин, фурагин) жатады.
Антибиотиктердің көп бөлігінін шығу тегі табиғи және олардың негізгі продуценттері микробтар. Микроорганизмдер өзінің табиғи өмір сүру ортасында бола отырып - әсіресе топырақта өзіне тән тіршілігі үшін күресу заты ретінде антибиотиктерді түзеді.
Алу көзіне байланысты антибиотиктерді алты топқа бөледі:
саңырауқұлақтардан, мысалы Penicillium туыстығынан (пенициллиндер, гризеофульвин), Cephalosporium туыстығынан (цефалоспориндер) т.б. алынатын антибиотиктер;
актиномицеттерден алынған антибиотиктер; бұл топ барлық антибиотиктердің 80 % кұрайды. Актиномицеттердің ішінде Streptomyces туыстығының өкілі негізгі маңызға ие, бұл стрептомициннің, эритромициннің, левомицетиннің, нистатиннің және басқа да көптеген антибиотиктердің продуценті болып табылады;
продуценттері бактериялардың өзі болып табылатын антибиотиктер. Көбіне осы мақсатта Bacillus және Pseudomonas туыстығынын өкілдерін қолданады. Мысалы бұған полимиксиндер жатады;
бацитрацин;
жануар текті антибиотиктер; балық майынан эктерицид алынады;
өсімдік текті антибиотиктер. Бұларға фитонцидтер жатады, оларды пияз, сарымсақ т.б. өсімдіктер бөледі. Таза түрінде олар алынбайды, өйткені өте тұрақсыз қосылыстар болып табылады. Антимикробты әсерге көптеген өсімдіктер ие, мысалы түймедақ, қырмызы гүл т.б.
синтетикалық антибиотиктер
Антибиотиктерді алу тәсілдері
Антибиотиктерді алудың үш тәсілі бар.
Биологиялың синтез. Осы тәсілмен антибиотиктерді алу үшін микроорганизмдердің жоғары өнімді штамдары мен оларды өсіретін арнайы қоректік орталар қолданылады. Биологиялық синтез көмегімен мысалы пенициллин алынады.
Химиялық синтез. Кейбір табиғи антибиотиктердің құрылымын зерттеуден кейін оларды химиялық синтез жолымен алуға мүмкіншілік туды. Осы тәсілмен алынған бірінші препарат левомицетин. Бұдан басқа, осы тәсіл көмегімен барлык, синтетикалық антибиотиктер жасалынды.
Аралас тәсіл. Бұл тәсіл жоғарыдағы екі тәсілдің бірігуінен тұрады: биологиялық синтез көмегімен антибиотикті ала отырып негізін бөліп алады және оған химиялық жолмен әртүрлі радикалдарды қосады. Осы тәсілмен алынған антибиотиктер жартылай синтетикалық деп аталады. Мысалы, жартылай пенициллиндерге оксациллин, азлоциллин жатады. Жартылай синтетикалық цефалоспориндер, тетрациклиндер т.б. кеңінен қолданылады. Жартылай синтетикалық антибиотиктердің артықшылығы табиғи антибиотиктерге тұрақты микроорганизмдердің сезімталдығы болып табылады. Сонымен қатар, бұл антибиотиктерді өндірудің анағұрлым үнемді, пайдалы тәсілі: алу бағасы өте жоғары табиғи антибиотиктің біреуінен әртүрлі қасиеті бар 100 -ден астам жартылай синтетикалық препараттарды алуға болады.
Антибиотиктердің әсер ету спектрі және механизмі
Әсер ету спектріне, микроорганизмдерге көрсету әсеріне байланысты антибиотиктерді бес топқа бөледі. Сонымен қатар, продуценттері актиномицеттер болып табылатын ісікке қарсы антибиотиктер бар. Әрбір осы топ екі топ астына бөлінеді: кең және тар спектрлі антибиотиктер.
Антибактериалды антибиотиктер препараттардың өте көптеген топтарын құрастырады. Олардың құрамында бактериялардың барлық үш бөлімінің өкілдеріне әсер ететін кең спектрлі антибиотикгер басым. Кең спектрлі антибиотиктерге аминогликозидтер, тетрациклиндер т.б. жатады. Tap спектрлі антибиотиктер бактериялардың аздаған тобына тиімді, мысалы, полимиксиндер грациликуттерге, ванкомицин грам оң, бактерияларға әсер етеді. Жекелеген топтарға туберкулезге қарсы, алапеске қарсы, мерезге қарсы препараттарды жатқызады.
Саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктер препараттарының саны анағұрлым аз. Кең спектрлі әсерге мысалы, амфотерицин В ие, ол кандидозға, бластомикозға, аспергиллезға тиімді; соған қарамастан Candida туыстығына жататын саңырауқұлақтарға әсер ететін нистатин тар спектрлі антибиотик болып табылады.
Антипротозойлы және антивирусты антибиотиктерге препараттардың аз ғана саны жатады.
Ісікке қарсы антибиотиктер цитотоксикалық әсері бар препараттармен өкілденген. Олардың көпшілігі көптеген ісік түрлерінде қолданылады, мысалы митомицин С.
Кесте . Химиотерапиялық препараттар
Антибактериалды препараттар:
Пенициллиндер
Полимиксиндер:
полимиксин В,
полимиксин Е (колистин)
1. Табиғи пенициллиндер Бензилпенициллин Феноксиметилпенициллин (ішуге қолданады)
2. Жартылай синтетикалық пенициллиндер: Пенициллиназаға тұрактылар: клоксациллин, оксациллин, метициллин Карбоксипенициллиндер: карбпенициллин,тикарциллцн Уреидопенициллиндер: антикекірінді-азлоциллин,
пиперациллин Аминопенициллиндер: ампициллин, амоксициллин Комбинациялық препараттар:
құрамында ингибиторлар беталактамаза бар: амоксициллин+клавулонды қышқыл, ампициллин+сульбактам, пиперациллин+тазобактам, тикарциллин+клавулонды қышқыл
Цефалоспориндер:
1-ші ұрпақ: цефалотин, цефазолин, цефалексин, цефаклор, цефадроксил 2- ші ұрпақ: цефуроксим,
цефметазол, цефотиам, цефамандол,
цефокситин
3-ші ұрпақ: цефотаксим,
цефтриаксон, цефтазицим,
цефтизоксим, цефиксим
4-ші ұрпақ: цефпиром, цефепим
Цефамициндер: цефокситин, цефотетан
Монобактамдар:азтреонам Карбапенамдар: имепенем,
меропенем
Гликопептидтер: ванкомицин,тейкопланин
Саңырауқұлақтарға қарсы препараттар
Полиенді антибиотиктер:
Нистатин, Амфотерицин В, Леворин
Азолдар (имидазолдар, триазолдар):
клотримазол, кетоконазол, миконазол, флуконазол
Аллиламиндер: тербенафин (ламизил)
Басқалар: гризеофульвин, флуцитозин (фторцитозин)
Пентамидин, ко- тримоксазол
(пневмоцитоз)
Вирусқа қарсы препараттар
Амантадин, ремантадин, ацикловир, фамцикловир, ганцикловир,
валацикловир,
видарабин,
идоксуридин, трифторидин,
рибавирин, фоскарнет, зидовудин (азидотимидин), диданозин
Протозойдтарға қарсы препараттар
Инфекция пpeпapaттap
Малярия
Гистошизотропты:
Примахин,хлоридин Гематошизотроптылар: хлорохин (хингамин), мефлохин, хинин, пириметамин, прогуанил Амебиаз
Лямблиоз Трихомоноз Метронидазол, йодохинол Метронидазол Метронидазол, тинидазол
Макролидтер: эритромицин,
азитромицин, кларитромицин,
спирамицин, олеандомицин Тетрациклиндер:
тетрациклин, доксицилин,
окситетрациклин Аминогликозидтер: стрептомицин,гентамицин, амикацин, тобрамицин, канамицин
Акзамициндер: рифамицин, рифампицин, рифабутин Хинолондар: налидиксонды қышқыл, пипемидинді қышқыл Фторхинолондар: офлоксацин, ципрофлоксацин, норфлоксацин, пефлоксацин Сульфаниламидтер: сульфадимидин, сульфадиметоксин, сульфаметоксазол Нитрофурандар: фурагин, фуразолидон, нитрофурантоин Нитроимидазолдар: метронидазол, тинидазол, орнидазол
Хиноксолин туындылары: диоксидин,хиноксидин Линкозамидтер: линкомицин, клиндамицин
Пиримидиндер: триметоприм, пириметамин
Амфениколдар: хлорамфеникол
(левомицетин)
Котримоксазол
(сульфаметоксазол мен
триметопримом
Туберкулезге қарсы препараттар
1-ші ұрпақ:жоғары тиімдіпрепараттар: изониазид, рифампицин
2-ші ұрпақ. орташа тиімді препараттар: стрептомицин,
канамицин,флоримицин, циклосерин, этамбутол, этионамид, протионамид
3-ші ұрпақ: төмен тиімді препаратгар: ПАСК, тиоацетазон
Лейшманиоз Трипаносомоз Бабезиоз Токсоплазмоз Циклоспоридиоз
Криптоспоридиоз Изоспороз
Балантидиоз
Микроспоридиоз Бластоцистоз
Пентамидин, Амфотерицин В, солюсурамин Сурамин, пентамидин Хинин+клиндамицин Пириметамин, триметоприм,
спирамицин Метронидазо,
ко-тримоксазол
спирамицин,
Фансидар,
Пириметамин,
йодохинол
Антибиотиктерді антибактериалды әсері бактерицидті, яғни бактерияларды жоятын (мысалы, пенициллиндер, цефалоспориндер) және бактериостатикалық - бактериялардың өсуі мен дамуын тоқтататын (тетрациклиндер, левомицетин) болуы мүмкін.
Бактериостатикалық антибиотиктердің мөлшерін көбейткенде олар бактерияларды жоя алады. Осыған ұқсас әсерді саңырауқұлаққа қарсы антибиотиктер көрсетеді: фунгицидті және фунгиостатикалық.
Әдетте ауыр ауруларда бактерицидті және фунгицидті антибиотиктерді тағайындайды. Микроорганизмдерге антибиотиктердің әсері олардың микроб жасушасында өтетін әртүрлі биохимиялық реакцияларды басу қабілетіне байланысты. Әсер ету механизміне байланысты антибиотиктер бес топқа бөлінеді:
+ жасуша қабырғасының синтезін бұзатын антибиотиктер. Бұл топқа мысалы, бета-лактамдар жатады. Осы топттағы препараттар ең жоғарғы талғамды әсермен сипатталады: олар бактерияларды өлтіреді және макроорганизмнің жасушасына әсер етпейді, өйткені макроорганизмде бактерияның жасуша қабырғасындағы басты элемент-пептвдогликаны элемент-пептидогликаны жоқ. Осыған байланысты бета-лактамды антибиотиктердің макроорганизм үшін улылығы төмен.
+ жасуша мембранасының синтезі мен молекулярлы ұйымдастыруын бұзатын антибиотиктер. Мысалы полимиксиндер, полиендер;
+ ақуыздың түзілуін бұзатын антибиотиктер; бұл препараттардың ең көп топтары. Бұл топтьщ өкілдері аминогликозидтер, тетрациклиндер, макролидтер, левомицетин, олар ақуыз түзілуін әртүрлі деңгейде бұзады;
+ нуклеин қышқылдарының түзілу ингибиторлары - антибиотиктер. Мысалы, ДНҚ түзілуін хинолондар, РНҚ түзілуін рифампицин бұзады;
+ пурин мен аминқышқылдар түзілуін басатын антибиотиктер. Мысалы, сульфаниламидтер.
Антибиотиктердің кері әсерлері
Алынған мыңдаған препараттардың ішінде клиникалық. тәжірибеде тек 150-200 препарат ғана қолданылады. Бұл келесі себептермен түсіндіріледі: антибиотиктер жоғары тиімді антимикробты заттар бола отырып макроорганизмге көрнекті теріс әсер көрсетеді, сондықтан науқас еміне қолдануға болмайды. Тіпті қолданылатын антибиотиктердің өзі басқа дәрілік препараттар сияқты организмге кері әсер етеді.
Антибиотикотерапияның асқынуларының бірнеше тобын бөледі.
Токсикалық реакция. Антибиотиктердің токсикалық әсері препараттың қасиетіне, оның мөлшеріне, енгізу тәсіліне, науқастың жағдайына байланысты. Осы топтағы асқынулардың ішінде бірінші орында бауырдың асқынуы тұр. Мұндай әсерге тетрациклиндер ие. Екінші орынды нефротоксикалық әсері бар антибиотиктер алады, мысалы аминогликозидтер: бауыр мен бүйректің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz