Бактериялардың патогендік қасиеттері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

НУО «КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ

УНИВЕРСИТЕТ»

«ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ

МЕДИЦИНАЛЫҚ

УНИВЕРСИТЕТІ» МЕББМ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Инфекция түрлері. Таралу жолдары. Бактериялардың патогендік қасиеттері. Иммунды патологиялар.

Дайындаған: Турагалиев Х. А

Курс: 2

Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау

Тобы: 201 А

2021 жылы

Жоспар

1. Инфекция түрлері.

2. Таралу жолдары.

3. Бактериялардың патогендік қасиеттері.

4. Иммунды патологиялар.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер.

Инфекция түрлері

Микроорганизмнің патогенділігіне, макроорганизм қабылдаушылығына және аурудың клиникалық ағымының да көрінуіне байланысты.

1. Типтік немесе әдеттегі (формалар) түрлері - инфекциядық ауру дамуы, клиникалық көрінісі осы ауруға тән.

2. Атиптік немесе әдеттегідей емес өшірілген түрі - кейбір белгілер өшірілген немесе нашар білінеді. Бұл түрде аурудың толық диагнозын қою қиын, тек қана микробиологиялық зерттеуден кейін ғана белгілі болады.

3. Жасырын немесе белгісіз түрі - аурудың сыртқы белгілері білінбейді, бірақ ішкі органдарда патологиялық өзгерістер болады, қанда серологиялық реакцияның нәтижесінде қарсы денелер табылады.

4. Латентті түрі (қалғып жатқан инфекция) ауру қоздырғыш микроорганизмде ұзақ уақыт бойы білінбейді. Қолайсыз жағдайлар болып (салқын тигенде, шаршағанда, дұрыс тамақтанбағанда) орган әлсірегенде латентті инфекция әдеттегі инфекцияға айналып, ауру тудырады.

5. Бактериотасымалдаушы: организмдегі патогенді микробтар сыртқы ортаға ешқандай клиникалық белгісіз және ішкі органда зақымдамай бөлінеді. сау адамдарда және инфекциялық аурумен ауырған адамдарда кездеседі.

Іш сүзегімен, дифтериямен, (күл) тырысқақпен, дезинтериямен ауырған адам көп уақытқа дейін бактериотасымалдаушы болып қалады. Егер 3 айға созылса - жедел түрі, 3 айдан асса - созылмалы түрі деп аталады. Мысалы: іш сүзегімен ауырған адам өмір бойы тасымалдаушы болып қалуы мүмкін.

Сау тасымалдаушылар - өздері ауырмайды, бірақ қоздырғышты қоршаған ортаға бөліп шығарады. Бұл адамдар инфекцияға қарсы екпе алғандар, олардың иммунитеті яғни қабылдамаушылық қабілеті жақсы. Бұндай инфекцияға дифтерия, менингит, полиомиелит жатады.

http://microbak.ru/wp-content/uploads/2015/01/Ano1.jpg Заражение возможно при контакте с домашними животными http://microbak.ru/wp-content/uploads/2015/01/cador1.jpg http://us.123rf.com/450wm/paramat/paramat1204/paramat120400025/13086585-%D0%9A%D0%BE%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B0-%D0%B5%D1%81%D1%82-%D1%82%D1%80%D0%B0%D0%B2%D1%83-%D0%BD%D0%B0-%D0%BF%D0%BE%D0%BB%D0%B5.jpg

Таралу жолдары

Инфекция көзі - адам және жануар. Сонымен қатар реконволесценттер, жасырын түрімен ауырған аурулар, микробтасымалдаушылар да болуы мүмкін.

Барлық инфекциялық аурулар инфекция көзіне байланысты 2 топқа бөлінеді:

1. антропоноздар - инфекция көзі - адам (ауру, бактериятасымалдаушы) мысалы: іш сүзегі, дизентерия, тырысқақ, қызылша, соз, мерез.

2. зооноздар - жануарлар ауырады, сонымен қатар оларға адамдар да сезімтал.

Таралу жолдары: 1. ішек (нәжіс-ауыз) ; 2. aya түйіршіктері;

3. трансмиссивті; 4. жанасу;

http://veterinarua.ru/images/28/image112.jpg http://www.ku8.ru/uploads/posts/2009-03/1237727212_pch1301-20pch1350.gif http://teachpro.ru/EOR/School%5COBJSupplies10/Html/der10090.files/image004.jpg

http://www.zoj.kz/uploads/posts/2010-01/1264071517_dreamstime_10679819_p2_resize.jpg  Туа біткен мерез http://ok-t.ru/mydocxru/baza2/243024267447.files/image060.png

Бактериялардың патогендік қасиеттері.

Патогенділік - микроорганизмнің инфекциялық процесс қоздыру қабілеттілігі, ол микробтың түрлік қасиеті, микроорганизмнің патоморфологиялық, патофизиологиялық және клиникалық көріністермен сипатталады. Ол микробтардың әртүрлі патогенділік белгілеріне (капсула түзу, ферменттер және токсиндер бөлу т. б. ) жауап беретін гендермен байланысты. (tox-ген т. б. )

Патогендік факторлары (вируленттілік) . Патогенділік бактериялардың биологиялық көрсеткіші ретінде олардың үш қасиетімен көрсетіледі: инфекциондылық, инвазивтілік, токсигенділік.

Инфекциондылық деп қоздырғыштардың организмге еніп, ауру шақыру қабілетін, сондай-ақ микробтардың тасымалданудың бір механизмі арқылы көшіп, беткейлік кедергілерді (тері және кілегей) өтіп өзінің патогенді қасиеттерін сақтап қалу қабілетін түсінеміз. Ол қоздырғыштарда олардың организм жасушасына бекіп, колонизациясын қамтамасыз ететін факторлардың болуымен түсіндіріледі.

Инвазивтілік деп қоздырғыштардың организмнің қорғаныш механизмдерін өтіп, көбейіп, жасушаларына еніп, онда көбею қабілетін айтады. Бұл қасиет патогенді микроорганизмдерде жасушаға еніп, көбеюін, фагоцитозды әлсіретіп, оған кедергі жасайтын «агрессия мен қорғаныш» ферменттерінің көп болуын қамтамасыз ететін патогенділік факторларының болуымен түсіндіріледі.

Токсигенділік олардың экзотоксин өндіруімен сипатталған. Улылығы эндотоксиндердің болуымен сипатталған. Экзо және эндотоксиндер өзіндік әсермен сипатталады және организм тіршілігінде терең бұзылыстар туғызады.

Инфекционды, инвазивті, токсигенді қасиетттер бір-бірімен байланыспаған, олар әртүрлі микроорганизмдерде әртүрлі көрінеді. Бірінші орынға инвазивті қасиеттері шығатын микроорганизмдер болады. Оған оба қоздырғышы жатады. Y. pestis экзотоксин түзсе де (тышқан токсині), оның патогенділігінің негізгі факторы қоздырғышын клеткаішілік көбейіп, организмге таралуын қамтамасыз ететін организмнің қорғаныш механизмдерін әлсірететіндері болып табылады. Ал сіреспе, дифтерия, ботулизм қоздырғыштарының әлсіз инфекциозды қасиеттері бола тұрып, аурудың дамуын, патогенезін, клиникасын шарттайтын күшті экзотоксин бөледі.

Яғни, патогенділік сияқты күрделі биологиялық қасиет патогенді бактерияларда патогенділіктің арнайы факторлары болуымен анықталады. Оларға жатады:

Хемотаксиси және қозғалғыштық (кірпікшелері болатын бактериялар) . Хемотаксиси арқылы бактериялар өздерінің жасуша нысанаға қатынасты орналасуына, ал кіпікшелердің болуы олардың жасушаға жақындауын жылдамдатады.

Кілегейлі субстраттарын бұзатын ферменттер. Кілегей қабықшаның эпителиальді жасушаларын жабады. Протеаза, нейроминидаза және басқа ферменттер кілегейді бұзып, микроорганизмдер әрекеттесетін рецепторлардың босауына әсер етеді.

Адгезия және колонизация факторлары. Ол факторлар көмегімен бактериялар жасуша мембраналарындағы рецепторларды таниды. Бактерияларда адгезия факторының функциясын жасуша қабырғасының әртүрлі құрылымдары атқарады: фимбриялар, сыртқы мембрана белоктары, ЛПС және басқа компоненттер. Адгезия патогенділік болуының басты механизмі болады. Бактериялар жасушаларда, кілегейлі жасушалардың бетінде (олардың мембранасында), немесе олар арқылы өтіп ары қарай организмге тарала алады. Сондықтан бірде-бір қоздырғыш, оның ішінде вирустар да жасушаға беки алмаса өзінің патогенділігін көрсетпейді. Өз кезегінде токсиндер де жасуша-нысана мембранасының рецепторларымен байланыспаса, өзінің улы функцияларын көрсетпейді. Сондықтан адгезия және колонизация факторлары ауру дамуының басты механизмдері.

Инвазия факторлары. Бактерияға жасушаға енуге көмектесетін факторлар. Әдетте олар клетка белсенділігін әлсіздейтін және бактериялардың клеткаішілік көбеюін қамтамасыз ететін факторлармен қоса жүреді. Инвазия факторлары грам теріс бактерияларда сыртқы мембрана белоктары түрінде берілген.

Фагоцитозға кедергі жасайтын факторлар, яғни фагоцитоздан қорғайтын. Олар клетка қабырғасының компоненттерімен байланысқан, олар фагоциттерден жасушаларды жасырып, олардың белсенділігін төмендетеді. Мұндай факторлар көптеген бактерияларда бар. Олар гиалурон қышқылынан тұратын капсула түрінде болады, фагоциттермен танылмайды

Фагоцитозды әлсірететін факторлар. Мысалы, Y. pestis-те V-W-антигендер. Мұндай факторладың болуы көбіне фагоцитоздың аяқталмағандығын шарттайды. Көбіне ол фагоциттердің «қышқылдық жарылысын» әлсірететін заттардың бактериямен бөлінуімен сипатталады. Аяқталмаған фагоцитоз ауру ағымының созылмалы түрге ауысуының басты себебі (хрониосепсис) .

Бактериялардың «агрессия және қорғаныш» ферменттері. Фибоинолизин, лецитиназа, гиалуронидаза, протеаза сияқты ферменттер көмегімен бактериялар өздерінің агрессивті қасиеттерін көрсетеді. Қорғаныштың басты ферменті (мысалы, стафилококктарда) плазмокоагулаза болады. Фибриногенді фибринге айналдыра тұрып бұл фермент жасушалардың айналасында оларды фагоцитоздан қорғайтын қабықша түзеді. Патогенділік бактериялардың басқа да ферменттерімен байланысты болуы мүмкін, мысалы, аминопептидазамен, улы қасиеттері бар бактериялардың тіршілік өнімдерімен байланысты.

Микроб токсиндері. Экзотоксиндерді және эндотоксиндерді ажыратады. Эндотоксиндер тек грам теріс бактерияларда ғана болады. Олар липополисахаридтермен олармен байланысқан белоктармен берілген. Эндотоксин ерекшелігі, олар термотұрақты және бактерия жасушасынан олар бұзылғанда бөлініп шығады. Эндотоксиндер экзотоксиндерге қарағанда әсер еткенде спецификалы емес. Олардың улылығы мен пирогенділігі спецификалы емес. Олардың улылығы мен пирогенділігі ЛПС құрамына кіретін және әртүрлі грам теріс бактерияларда ұқсас құрылымы болатын А липидке байланысты. Эндотоксиндердің пирогенді әсері олардың бас миының термореттеуші орталықтарына тікелей әсер етуімен байланысты емес. Олар полиморфты ядролы лейкоциттердің белгісіз пирогенді заттар бөлуімен байланысты. Эндотоксиндер қабыну агенттері болады: олар капиллярлардың өткізгіштігін бұзады, жасушаларға бұзушылық әсер етеді. Олардың қабындыру мен пирогенділігі спецификалы емес. Эндотоксиндермен уланудың әртүрлілігі ЛПС-қа ғана байланысты емес, сонымен қатар көптеген биологиялық белсенді заттардың бөлініп шығуымен байланысты (гистамин, серотонин, простогландин, лейкотриендер) . Әртүрлі мүшелер мен ұлпалардағы бұзылыстар осы заттармен байланысты.

ЛПС-ң үш компоненті де - А липиді, полисахарид ядросы және оның қайталанатын бүйірлік моншақтары, антигендік қасиеттерге ие. ЛПС интерферондар синтезін классикалық жол бойынша, комплемент жүйесін белсендендіреді, лимфоциттерге қатынасты митогенді әсерін тұрақтайды, сондай-ақ аллергиялық қасиеті болады. Оның улы әсері экзотоксинмен салыстырғанда, формалинмен өндегенде өшпейді, және ЛПС анатоксинге айналмайды.

Экзотоксиндер. Оларды грам оң және грам теріс бактериялар өндіреді. Грам оң бактерияларда экзотоксиндер арнайы секреттеуші жүйе арқылы, ЦП және жасуша қабырғасы арқылы сыртқы ортаға белсенді түрде шығарылады. Грам теріс бактерияларда (холера вибрионы, токсигенді ішек таяқшалары, сальмонеллалар) кейбір экзотоксиндер (энтеротоксиндер) тек белгілі жағдайларда инфицирленген организмде синтезделеді және жиірек цитоплазмада сақталып, ол бұзылғанда ғана шығады.

Иммунды патологиялар.

Иммунды патология - патологиялық кұбылыс. Иммундық реакциялардың көптігімен немесе жетіспеушілігімен көрінеді. Иммунды жауаптың бұзылуына байланысты туындайтын патологиялық процестерді зерттейтін жалпы патологияның жаңа саласы.

Аурудың белгілері:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патогенді бактериялардың антигендік құрылымы
Патогенді аурулар
Сүттің химиялық құрамы және қазіргі жағдайы
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы. Бруцеллезді серологиялық анықтау
Қазір оба микробынан жасалған, вакциналар барлық елдерде осы ауру пайда болар алдынан кеңінен қолданылып жур
Патогендік бактериялардың антигендік құрылымы және Микроорганизмдер антигендері
Су дайындау технологиясында табиғи суды зарарсыздандыру әдістерін зерттеу
Йогурт технологиясын жетілдірудің заманауи бағыттары
Стафилококктардың патогенділік факторлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz