Ұстазыңды түсінген сен тереңнен



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Фанфар ( Ортаға жеті оқушы шығады қолдарында әріптері бар)
М -- мейірімді
Ұ -- ұлағатты
Ғ -- ғазиз
А -- ақылшы
Л -- лайықты
І -- іскер
М -- маман мерекелеріңіз құтты болсын! (бәрі бірге)
1 -- оқушы:
Сәлем бердік ұстаздар баршаңызға,
Сіздермен тола берсін ортамызда.
Бүгінгі ел басқарған азаматтар,
Білім алған сіздердің арқаңызда.
2 -- оқушы:
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерің,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
3 -- оқушы:
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды.
4 -- оқушы:
Ұлы өмірге жетелеп,
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін.
5 -- оқушы:
Келешекке алтын бақ,
Қосар таудай үлесін.
Жасай берсін жарқылдап,
Ұстаз атты ұлы есім.
6 -- оқушы:
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Бар әлемге еңбегімен еленген.
Сенің бағың өрге қарай өрлесе,
Ол да бірге қуанышқа кенелген.
7 -- оқушы:
Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,
Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.
Ұстаз деген - ұлылардың ұлысы,
Қасиетіне бас иейік мәңгілік!
1 -- жүргізуші:
Армысыздар, аса қадірменді ұстаздар ұжымы, білім шыңына талпынған оқушылар!
2 -- жүргізуші:
Қымбат, Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.
1 -- жүргізуші:
Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әль -- Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы -- қып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін!
2 -- жүргізуші:
Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздердің дана көңілдеріңіз əр оқушының жан дүниесін нұрландырып, жүрегіне шапағат нұрын төгуде. Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, істеріңізге сəттілік тілейміз. Құрметті ұстаздар!
1 -- жүргізуші:
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымын кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтау үшін сахна төріне мектеп басшысыДәмелі Қойбаққызын шақырамыз!
2 -- жүргізуші:
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!
Ән Алтын ұя мектебім
1 -- жүргізуші: Ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстаздарымыз ортамызда отыр.
2 -- жүргізуші: Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
Ұстазым әні
1 -- жүргізуші: Құрметті қонақтар, сіздер салып кеткен сара жол -- ұстаз жолы - ұлы жол. Өткен жолдарыңызға көз жіберіп, еске ала отырып, өздеріңізге бірнеше сұрақ қоюға рұқсат етіңіздер. 1 -- қонаққа сұрақ: Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма? 2 -- қонаққа сұрақ: Ұстаз болу жүректің батырлығы дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыз? 3 -- қонаққа сұрақ: Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? Мектебіңізге айтар тілегіңіз?
Сіздерге көп рахмет, аяулы да мейірбан ұстаздар.
2 -- жүргізуші: Ұстаз - ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім -- тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт -- бағдар беруде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тамақ атаулары
Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы
Ақыл ой тәрбиесі
Бұқар толғауларындағы Абылай мен тарихи Абылай тарих және көркемдік шындық туралы ақпарат
Ұстаз болу – жүректің батырлығы
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781)
К.Ахметованың шығармашылық өмірбаяны
Бауыржан Момышұлы шығармашылығының өзіндік көркемдік сипатын байыптау
Үнді философиясы
Жазушының әңгіме жанрындағы еңбегі қыруар
Пәндер