Коринебактериялар, микобактериялар, алапес (лепра) қоздырғыштар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ МЕББМ
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ МЕББМ


РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Коринебактериялар, микобактериялар, алапес (лепра) қоздырғыштар. Спирохеталар: мерез, қайталама сүзек, лептоспироз, хламидиялар, микоплазмалар.

Дайындаған: Турагалиев Х.А
Тексерген: Магистр Сайлаубек Қ.Х
Курс: 2
Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау
Тобы: 201 А

2021 жылы
Жоспар

1. Патогенді коринебактериялар
2. Патогенді микобактериялар
3. Патогенді алапес (лепра) қоздырғыштар
4. Патогенді спирохеталар: мерез, қайталама сүзек, лептоспироз, хламидиялар, микоплазмалар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Патогенді коринебактериялар
Күл қоздырғыштары
Күл (дифтерия) қоздырғыштары Corynebacterium туыстығына жатады. Бұл туысқа адамдарға патогенді дифтерия таяқшалары, патогенді емес жалған дифтерия таяқшалары және дифтероидтар жатады.
Күл қоздырғыштарын 1883 жылы Т.Клебс анықтаған, ал таза түрде бөліп алған: 1884 жылы Ф.Леффлер.
Морфология. Күл таяқшалары жіңішке, қисық таяқшалар, көлемі 3 - 6*0,3 - 0,5 мкм. Шеттері қалындау, оның ішінде волютин түйіршіктері болады (Бабеш - Эрнст түйіршіктері). Күл бактериялары қозғалмайды, спора және капсула түзбейді. Грам оң. Анилин бояуларымен жақсы боялады. Бояуға сілтілі метилен көгі мен күлгін кристалл қолданылады. Күл таяқшаларының айырмашылығы - олар полиморфты: яғни әртүрлі ұзын, қысқа. Түзу, жуан т.б. Жағындыда қосақталып орналасады. Микроскопиялық зерттеуде жағындыдағы орналасуы мен валютин түйіршіктері лифференциалды - диагностикалық белгісі болып саналады.
Культивирлеу. Күл коринебактериялары факультативті анаэробтар. 35-37 градус температурада рН 7,4-7,8 өседі. Жәй қоректік орталарда көбейеді. Қан және сарысу орталарында культиверлейді. Негізгі өсіретін орталар - Клауберг, Бучин, Тиндель орталары. Күл коринбактериясы 3 биоварға бөлінеді:
1. Гравис
2. Митис
3. Интермедиус
Биовар гравис - R- формалы, Клауберг ортасында шеттері қиылған, сұрғылт - қара түсті, ірі колониялар 2-3 мм түрінде өседі. Сорпада үгінді қабыршақ және түйіршік тұнба түзеді.
Биовар митис Клауберг ортасында - S- формалы тегіс, қара түсті колония түрінде өседі. Сорпада біртегіс лайланады.
Биовар интермедиус аралық - Клауберг ортасында жалтыр, ұсақ, қара түсті колония түрінде өседі.
Ферментативті қасиеті. Күл бактериясының 3 биоварының ферменті цистиназа цистинді.
Негізгі зерттеу әдістері.
Қоректік орталар.
1. Микробиологиялық
2. Бактериоскопиялық
3. Биологиялық
1. Клауберг ортасы
2. Пиза ортасы
3. Бунин ортасы
4. Тинсдаль ортасы

Патогенді микобактериялар
Туберкулез коздырғыштары.
Mycobacteriaceae туыстығына жіңішке, тармақталған саңырауқұлақ тәрізді таяқшалар жатады. Қоректік ортада жәй өсуі де саңырауқұлақтарға жақындатады. Микобактериялар қышқыл - сілті және спиртке төзімді, себебі қабықшасында майлы балауыз зат бар. Микобактериялар тұқымына патогенді және патогенді емес өкілдер жатады. Адам үшін патогенді туберкулез және лепра қоздырғыштары.
Туберкулез жануарлар, құстар, кеміргіштер арасында кеңінен тараған.
Туберкулез таяқшасының бірнеше түрі бар:
1. Адамдікі - Mycobacterium tuberculosis
2. Сиырдікі - Mycobacterium bovis
3. Құстікі - Mycobacterium avium
4. Тышқандікі - Mycobacterium murium
5. Атиптік микобактериялар.
Атиптік микобактериялар 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Микобактериялар өзара қоректік ортаға, өсім жылдамдығына, пигмент құрауына, қатал азадық және пероксидазалық белсенділігіне байланысты. Адамдарда I және Ш топ микобактериялары ауру қоздырады.
Морфология. Туберкулез қоздырғыштарын 1882 жылы Р.Кох ашқан. Ол жіңішке таяқшалар, мөлшері 1,5 - 4*0,3 - 0,5 мкм. Қозғалмайды, спорасы және капсуласы жоқ. Грам оң. Циль - Нильсон бойынша қызыл түске боялады.
Культивирлеу. Туберкулез қоздырғыштары - аэробтар. 37-38 градус температурада рН 5,8 - 7,0 өседі. Культуралдық айрықша қасиеті: қоректік ортаны талғайды және жәй өседі. Әуелі арнайы орталарда өседі: Петраньян, Петров, Левенштейн - Йенсен орталары. Сонымен қатар глицерин - сорпа, глицерин - агар, глицерин -картофель орталарында да өседі. Көбінесе ВОЗ ұсынған стандартты Левенштейн - Йенсен ортасы қолданылады. Соңғы кезде Финна II ортасы қолданылады, онда аспарагиннің орнына Na глутамин қолданылады. Сонымен қатар синтетикалық орта Сотон да қолданылады. Туберкулез микобактериясы R және S формада кездеседі. R - форма вируленттілеу. Тығыз қоректік ортада туберкулез қоздырғыштары құрғақ әжімді, крем түсті, шеттері қиғаш колония құрайды. Сұйық қоректік ортада 10 - 15 күннен кейін қабырша тәрізді өседі.
Ферментативті қасиеті. Тұрақсыз, сондықтан диагностикалық маңызы жоқ.
Токсин түзуі. Эндотоксин түзеді, ол туберкулин деп аталады. Оны 1890 жылы Р.Кох анықтаған. Туберкулиннің аллергендік қасиеті бар. Ол cay организмге әсер етпейді. Оның әсері жұқтырылған организмде білінеді, сондықтан туберкулинді аллергиялық пробалар қоюда қолданады (реакция Манту) туберкулинді сиыр туберкулезінің микобактериясынан дайындайды.
Антигендік қасиеті. Туберкулез мибактериясының антигеніне қарсы өте аз мөлшерде қарсы дене бөлінеді, сондықтан ол диагностика үшін қолданылмайды.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Туберкулез микобактериясы ең төзімді бактерия. 100 градус температурада минуттан кейін өледі. Ультракүлгін сәулесі бірнеше сағаттан кейін өлтіреді. Кептірілген қақырықта 10 айға дейін сақталады. Төмен температурада көпке дейін сақталады. Дезинфекциялаушы ерітінділе сулема, карбол қышқылы 5% 1 тәуліктен кейін өлтіреді. Олар хлорамин мен хлорлы әкке сезімтал.
Жануарлар қабылдаушылығы. Жануарлар мен құстарда, адамдарға қарағанда сирек ауырады. Тәжірибелік жануарлардан қояндарға сезімтал.
Инфекция көзі. Адам.
Таралу жолдары. Ауа түйіршіктері, ауа шаңдары, сәбилер плацента арқылы жұқтыруы мүмкін.
Патогенезі. Туберкулез ауруы көптеген клиникалы формаларымен сипатталады. Көбінесе өкпе формасы кездеседі. Өкпеден тыс: асқазан және ішек туберкулезі, бүйрек, сүйек, ми қабаттары туберкулезі, т.б. Ауа түйіршіктері арқылы жұққанда өкпе зақымданады. Өкпеде төмпешік (бугорок) tubercul пайда болады, оны ішінде микобактериялар болады. Организмнің қорғаныс күші жақсы болса, төмпешік қатып қалады, одан бактериялар шықпайды. Бұны Очаг Гона деп атайды (жабық процесс). Организм қолайсыз жағдайға ұшырап, қорғаныс күші азайғанда төмпешік еріп, оның ішінен бактериялар шығып, басқа аймақтарды зақымдайды. Каверна пайда болады - ашық процесс, кейде өлімге тіреледі. Көбінесе туберкулез созылмалы түрде болады. Тұрмыс және жұмыс жағдайлары да маңызды рөл атқарады.
Иммунитет. Адамның туберкулезке қарсы табиғи иммунитеті болады, кейде қоздырғыш жұққанмен, ауру пайда болмайды.
Алдын - алу шаралары. Уақытында ауруды анықтау, оқшаулау.
Арнайы шара - тірі БЦЖ вакцинасы қолданылады. Оны жаңа туған сәбилерге иыққа тері астына енгізеді. Ревакцинация 7-12 жаста әр 6 - 7 жылдан кейін қайталанады. 30 жасқа дейін.
Емі. Антибиотиктер: стрептомицин, рифампицин, ПАСК, фтивазид, т.б.
Микробиологиялык зерттеу.
Зерттеу мақсаты. Қоздырғышты анықтау.
Зерттеу материалы.
1. Қақырық (туберкулез өкпе, бронх)
2. Плеврадан экссудат (туберкулез окпе, плевра)
3. Нәжіс (ішек түрінде)
4. Зәр (туберкулез буйрек)
5. Жұлын сұйықтығы (туберкулезді менингит)
6. Қан
Негізгі зерттеу әдісі: 1. Бактериологиялық; 2. Люминесценттік;
3. Бактериоскопиялық; 4. Биологиялық; 5. Аллергиялық;
Қоректік орталар: 1. Левенштейн - Иенсен ортасы; 2. Жұмыртқа ортасы;
3. Финна II ортасы.

Алапес (Лепра) қоздырғыштар
Алапес - адамдарда болатын генерализацияланған бірінші реттік созылмалы ауру. Клиникасы және жоғары тыныс алу жолдарының кілегейлі қабатының гранулематозды зақымданулары және жүйке жүйесі мен ішкі ағзалардың бұзылыстарымен сипатталады.
Аурудың аталуы грекше lерrоs - қабықшалы, бұдырлы сөзімен байланысты. Алапестік зақымданулар - негізі-туберкулездегідей спецификалық гранулема болып табылады.
Ауру қоздырғышы -Мусоbасtеrіum lерrае, 1874 жылы норвегия дәрігері Г.А.Гансен микроскопиялық зерттеулер нәтижесінде ашқан. Аурудың 85%-нан астамы Азия мен Африка континенттерінде кездеседі. Қазақстанда да алапес ауруы тіркелген.
Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Мусоbасtеrіасеае
Туыстастығына: Мусоbасtеrіum
Түрі:Мусоbасtеrіum lерrае
Морфологиясы және тинкториалдық қасиеттері. Мусоbасtеrіum lерrае -тік немесе иілген, жұмырланған таяқшалар. Морфологиялық ерекшеліктері бойынша туберкулез қоздырғышына ұксас. Грам оң, спора түзбейді, микрокапсуласы бар. Қозғалмайды. Қоздырғыштың ерекшелігі қышқылға, спиртке тұрақты, сондықтан Циль-Нильсен әдісімен ғана боялады. Антилепроздық препараттар әсері морфологиялық өзгерістер пайда болады және де қышқыл мен спиртке тұрақтылығы жойылады. Мусоbасtеrіum lерrае тіндік макрофагтардың жасуша ішілік облигатты паразиттері және де тері аймақтық жүйке жүйесі жасушаларына (лемоциттер) жоғары деңгейдегі тропизмділігі бар (арнайы зақымдау).Қоздырғыш жасанды қоректік орталарда дақылданбайды. Мусоbасtеrіum lерrае - дақылдандыру үшін арнайы жасуша дақылдары жасалған. Қоздырғыш жасуша цитоплазмасында көлденең бөлініп көбейеді, бір жасушадан микробтың 1-3 жаңа ұрпағы пайда болады, олар бір-бірінен ажырамайды, сондықтан осы қоздырғышқа тән шар тәрізді жиынтықтары орналасады ("globi"). Олардың ішінде микобактериялар бір-біріне қатарласып орналасады, қораптағы сигареталарға ұқсас, осындай түрлері зақымданған ағзаларда да орналасады. Бұндай жиынтықтар шар тәрізді 200-300 жасушадан тұрады, қоздырғыштың таза дақылы болып келеді. Алапес ауруында аяқталмаған фагоцитоз дамиды. Зақымданған макрофагтар ерекше қасиеттерге ие - бозарған ядросы және көбіктенген цитоплазмасы бар. Ерекшелік қоздырғыштың метаболизм өнімдерінің құрамында липидтердің көп орналасуына байланысты. Микрокапсуласы және липидтерге байланысты микобактериялардың фаголизомалық ферментте тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Мусоbасtеrіum lерrае-ға туберкулез қоздырғышындай полиморфизм тән: таяқша түрлері, лентацияланған, дән тәрізді пішіндері болады. Осы ерекшеліктерін бактериоскопиялық зерттеулерде тексеру қажет. Мусоbасtеrіum lерrае - ның L-пішінді түрлері де кездеседі.
Ферменттік белсенділігі. Көмірсу көзі ретінде глицерин және глюкозаны ыдыратады. Осы қоздырғыш арнайы О-дифенолоксидаза ферментіне ие (ДОФА-оксидаза). Бұл фермент басқа бактерияларда кездеспейді. Тыныс алуы бойынша - аэроб, сондықтан тотығу-тотықсыздандыру ферментерін түзеді-пероксидаза, цитохромоксидаза, супероксиддисмутаза, сукцинатдегидрогеназа және т.б.
Антигендік қасиеті. Мусоbасtеrіum lерrае ның антигендік қасиеттерінің өзгешеліктері бар: эвантсыз микроорганизмдердің суспензиясы жасушалық иммундық реакцияларды күшейтеді. Осы обактериялардың бірнеше антигендері барлық микобактерияларға соның ішінде ВСО вакциналық тарға ортақ болып келеді. Бұл жағдайды алапеске қарсы сақтандыруға қолданады. Мусоbасtеrіum lерrае -да және 0(1), М+, Кһ-, Р+ қан топтағы адамдарда гетерофилді антигендер табылған. Сондықтан осы адамдардың алапес ауруына сезімталдығы жоғары, себебі Мусоbасtеrіum lерrае -ның ағзада персистенциялануы антигендік мимикриямен байланысты.
Резистенттілігі. Өте жоғары. Адамдардың өліктерінде М. lерrае ұзақ уақыт сақталады. Адам организмінен тыс жағдайда тіршілік қабілеттілігін жылдам жоғалтады.
Эпидемиологиясы, патогенезі және клиникалық көріністері.Алапес ауруы төмен деңгейдегі жұқпалық қасиеті бар антропонозды инфекция. Бұл ауру әлеуметтік-экономикалық жағдайға тікелей байланысты. Табиғи резервуары және қоздырғыштың көзі-ауру адам. Жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде алапес қоздырғыштары қоршаған ортаға көп мөлшерде түседі. Әсіресе антибиотиктерге тұрақты лепроматозды аурулар өте қауіпті, бұлардың мұрын бөліндісінде қоздырғыш өте көп мөлшерде орналасады. Негізгі жұғу механизмі - аэрогенді.
Таралу жолдары: ауа-тамшылы, лепромалар мен инфильтраттары ьдырағанда ойық жараның бөліктері және көптеген биологиялық бөлінулер арқылы жұғады.
Ену қақпасы - жоғары тыныс алу жолдарының кілегей қабаты және зақымданған тері. Солар арқылы енген қоздырғыш лимфагематогенді жолмен таралып, тері жасушаларын және жүйке жүйесі леммоциттерін зақымдайды. Себебі қоздырғыш фибронектин байланыстырушы ақуыз боледі. Осы арқылы олар жасушаға өтеді.
Инкубациялық кезеңі 3-5 жылға дейін, дегенмен 6 айдан 30 жылға дейін созылуы мүмкін. Алапес кезіндегі барлық тіндердің зақымдануы ағзаның иммундық реакциялар нәтижесі болып табылады. Ал аурудың дамуы толығымен макроорганизмнің резистенттілігіне байланысты.
Алапестің келесі клиникалық түрлерін ажыратады: туберкулоидты, лепроматозды. Лепроматозды түрі эпидемиологиялық жағынан өте қауіпті.
Белгілері. Алапес теріні әр түрде зақымдайды, сезімін жоғалтады, аяқ пен қол сал болып қалады. Алапестің алғашқы белгісі денеге түскен ақтаңдақ жайлап ұлғаяды, ауырмайды және қышымайды. Алғашында ақтаңдақта сезіну қалпында болады.
Егер ақтаңдақ терісінің сезінуі азайса немесе мүлде жоғалса, онда бұл алапес болуы мүмкін.
Теміреткі сияқты ақтаңдақ сақина тәрізді дөңгеленіп тұрмайды. Кейінірек байқалатын белгілері организмнің бұл ауруға қарсылық ету дәрежесіне байланысты әр түрлі болады. Мынадай белгілерін қадағалаңыз:Қол мен аяқтың жансыздануы немесе сезімнің жоғалуы, немесе қол мен аяқтың майысып бұзылуы, ақтаңдақта сезіну нашарлайды. Жеңіл әлсіздік немесе аяқ пен қол басының майысып, бұзылуы.Тері астында ісінген нервтер пайда болады.Олар басқан кезде ауруы да және ауырмауы да мүмкін. Тырнағы және майысқан башпайлар.
Иммунитеті. Алапеске қарсы жасушалық иммунитет пайда болады. Макрофагтар алатын қоздырғышының көбеюін шектей алмайды. Сонымен қатар, фенолды гликолипидтерге және басқа антигендерге антиденелер көп мөлшерде түзіледі. Бұл аурудың клиникалық түрлеріне байланысты.
Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу материалы-тері мен мұрын кілегей қабықшалары бөлшектері, қақырық, лимфа пунктаттары т.б. Зерттеу үшін бактериоскопиялық, серологиялық әдісі қолданылады. Жедел әдісі бактериоскопиялық. Жағындыны Циль-Нильсен әдісімен бояйды. Қорытынды диагноз кою үшін тері және кілегей қабаттарын гистологиялық зерттеулермен толықтырады.
Серологиялық диагностикасы - фенолды гликолипидке қарсы антилипидтерді ИФТ көмегімен анықтау.
Қосымша зерттеулері - аурудың иммундық статусын анықтау, фенолды гликолипид лейкоциттердің бласттрансформация реакциясын және лепроминді сынама қою.
Аллергологиялық аса сезімталдықты анықтауға лепроминмен сынама қойылады. Лепроминді сынама - Фернандес және Мицуда реакциясы арқылы жүргізіледі.
Емдеуі
Емдеуі. Алапеске қарсы емдеуге арналған негізгі препараттар: сульфон препараттары, дапсон солюсульфон, диуцифон. Сонымен қатар, рифампицин, клофазимин, фторхинолондар қолданылады. Емдеу үзаққа созылады (3-10 жылға дейін). Бірақ алапес қоздырғыштары жүйке жүйесінде, бүлшық еттер сақталуы мүмкін.Алапесті әдетте емдеп жазуға болады, бірақ оның дәрілерін ұзақ жылдар бойы қабылдау керек. Аурудың ең жақсы емі римфампин мен клофазиминді қосып пайдалану. Лепра реакциялары пайда болған жағдайда (қызу болу, бөріту, аяқ пен қолдың ісуі, көздің ауыруы немесе көруі нашарлауы) дәріні қабылдауды жалғастырыңыз, бірақ дәрігерге көріну керек.
Алдын алуы. Алапеске қарсы арнайы сақтандыру препараттары жасалмаған, тек қана эпидемиялық аудандарда ВСС вакцинасы қолданылады. Оның құрамында А лепромин және ВСG бар. Вакцинаны егу алдында лепромин сынамасы қойылады. Теріс нәтижелі Мицуда реакциясы бұндай адамдардың микобактерия жұқтырғанын, аурудың жасырын кезеңінің дамуын көрсетеді. Сондықтан оларға жоспардан тыс ВСG вакцинасы егіледі.
Қолдың, аяқтың, көздің зақымдануының алдын алу. Алапес салдарынан пайда болған үлкен ойық жара жанға батырып ауырмайды, оларды болдырмауға болады. Бұл жаралар -- дененің жансыздануының нәтижесі, өйткені зақымдануға жансыз дене қарсыласа алмайды. Мысалы, терісінің жаны бар адамның ұзақ жүргеннен аяғы мүйізгектенеді, бірақ жүре алмай қалады немесе ақсап жүреді. Ал алапестен ауырған адамның терісі ауырмайды. Сондықтан ол қашан мүйізгек жара болғанша жүре береді, сосын оған инфекция түседі. Инфекция ауыртпай еніп, сүйекке дейін жетеді. Сөйтіп сүйек бұзылып, аяқ формасы өзгереді.
Алапестің дүние жүзінде таралуы, 2003.

Патогенді спирохеталар: мерез, қайталама сүзек, лептоспироз, хламидиялар, микоплазмалар.
Спирохеталар Spirochaetaceae туыстығына жатады. Олар жіңішке, иректелген микроорганизмдер (штопор тәрізді) талшықтары, капсуласы, спорасы жоқ. Өте қозғалмалы. 4 түрлі қозғалыстан тұрады:
1. келу
2. иілмелі
3. толқын сияқты
4. айналмалы
Спирохеталардың мөлшері 5 - 500 мкм ұзындығы, 0,3 - 0,75 мкм ені. Адамдарға патогенді спирохеталарға келесі тұқымдар жатады.
1. Treponema - мерез қоздырғыштары
2. Borrelia - эпидемиялық және эндемиялық қайталама сүзегі, Венсан ангинасы.
3. Leptospira - лептоспироз қоздырғыштары. Морфологиялық жағынан спирохеталар иректерінің санымен және боялуына байланысты ажыратылады. Негізгі бояу әдісі -Романовский - Гимза. Бұл әдіспен боррелиялар жақсы боялады - көк -күлгін түске, ал трепонемалар - боз - қызғылт түске. Спирохеталарды тірілей зерттейді. Спирохеталар қоздыратын ауруларды спирохетозалар деп атайды. Спирохетозалардың клиникасының ерекшелігі - циклдық ағымы.

Мерез қоздырғышы
Treponema pallidum 1905 жылы Ф.Шаудин ашқан. Мерезді зерттеуде И.И. Мечников, П. Эрлих, Д.К. Заболотный зор үлес қосқан.
Морфология. Treponema pallidum спираль тәрізді жіпше, мөлшері 8 - 18*0,08 - 0,2 мкм біркелкі иректерден тұрады, иректер саны 12 - 14. Қозғалмалы. 4 түрде қозғалады. Романовский - Гимза бойынша боз - қызғылт түске боялады, сондықтан оны бозғылт трепонема деп атайды. Дұрыс боялмауы онда нуклеопротеидтің аз мөлшерде болуы. Трепонемаларды тірілей қара аймақта зерттейді. Спора және капсуласы жоқ.
Культивирлеу. Қоректік ағзаны талғайды. Жасанды қоректік ортада өсу үшін ми немесе қоян бүйрегі және асцит сұйықтығы болу керек. Жәй өседі: анаэробты жағдайда, 5-12 күнде, 35 - 36 градус температурада. Тауық эмбрионында жақсы көбейеді. Жасанды қоректік ортада өсіргенде өзінің вируленттігін жояды. Бұндай өсімді культуральды деп атайды. Тауық эмбрионында өсірген культураны тіндік деп атайды.
Ферментативтік қасиеті - жоқ. Культуральды штаммалары өзара индол және күкірттісутек түзуімен ажыратылады.
Токсин түзуі анықталмаған.
Антигендік құрылымы. Полисахаридті, липидті, протеинді антигендік комплекстері бар. Серотоптары мен сероварлары анықталмаған.
Қоршаған орта факторына төзімділігі - тұрақсыз. 45-55 градус температура 15 минуттан кейін өлтіреді. Төмен температураға төзімді, мұздатқанда 1 жылға дейін сақталады. Спирохеталар ауыр металл тұздарына сезімтал (сынап, висмут, мышьяк). Дезинфекциялаушы ерітінділер бірнеше минуттан кейін өлтіреді, олар пенициллинге, бициллинге сезімтал.
Жануарлар қабылдаушылығы. Табиғи жағдайда жануарлар мерезбен ауырмайды.
Инфекция көзі. Ауру адам.
Таралу жолдары. Тікелей жанасу, тұрмыстық - ыдыс - аяқ, төсек арқылы. Сәбилерге ауру шешесінен плацента арқылы жұғады.
Патогенезі. Ауыз қуысының және жыныс жолдарының кілегей қабаттары арқылы енеді.
I кезең - спирохеталар кілегей қабатқа еніп, инкубациялық кезеңнен кейін (3 апта) енген жерде жара пайда болады: оның түбі және шеттері тығыз, қатты - қатты шанкр деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туберкулез. Алапес. Дифтерия, көкжөтел. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы. Спирохеталар, микоплазма, хламидия, риккетсия. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы
Тері туберкулезі
Оба тектес қоздырғышы
Өсімдіктерді жіктеу принциптері
Жалған туберкулез ауруы
Ірі қара туберкулез ауруы
Бактериялардың құрылымы
Эпидемиологияның даму тарихы
Микробиология пәні және тапсырмалары. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Микроорганизмдерді жүйелеу принциптері. Бактериальды клетканың морфологиясы, қүрылысы және химиялық қүрамы
Тағамды санитарлық микробиология пәнінен дәрістер
Пәндер