Эшерихиялар, сальмонеллалар, шигеллалар, тырысқақ, кампилобактер
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ
НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ
УНИВЕРСИТЕТ
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ МЕББМ
ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ МЕББМ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Эшерихиялар, сальмонеллалар, шигеллалар, тырысқақ, кампилобактер
Дайындаған: Турагалиев Х.А
Тексерген: Сайлаубек Қ.Х
Курс: 2
Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау
Тобы: 201 А
2021 жылы
Жоспар
1.Эшерихиялар
2.Сальмонеллалар
3.Шигеллалар
4.Тырысқақ
5.Кампилобактер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Эшерихиялар
Бұл тұқымға Е.соІі жатады.
Сонымен қатар биологиялық қасиеттері әртүрлі басқа да ішек таяқшалары болады.
Ішек таяқшасын 1888 жылы адам нәжісінен Эшерих анықтаған және соның есімімен аталған.
Е.соІі мекендейтін жері - ішек.
Ішек таяқшасы - адамның қалыпты микрофлорасы.
Тіршілік барысында Е.соІі ас қорытуға қабілетті ферменттер өндіреді, кейбір витаминдерді синтездейді (витамин В). Сонымен қатар патогенді микроорганизмдерге, яғни дизентерия, іш сүзегі, токсикоинфекция қоздырғыштарына қарсы әсер етеді. Тоқ ішекте ішек таяқшасының болмауы дисбактериоз ауруын қоздырады, яғни ішектің қалыпты мекендеушілерінің құрамы өзгереді, протейлер, коккалар, саңырауқұлактар пайда болады.
Организмнің қорғаныс тұрактылығы өзгерген кезде эшерихиялар басқа органдарға еніп, ауыр патологиялық процесстер тудырады. Сондықтан оларды шартты - патогенді микроорганизмдер деп есептеуге болады - қалыпты жағдайда олар сапрофиттер, ал өзгергенде ауру қоздырады.
Ішек таяқшалары нәжістермен сыртқы ортаға бөлінеді. Ішек таяқшаларының суда, топырақта басқа да объектілерде табылуы олардың нәжістермен ластанғанын, ал олардан ішек таяқшасының коли-титр, коли - индексінің анықталуы олардың санитарлық жағдайын көрсетеді.
Морфология. Ішек таяқшасы қысқа, шамамен 0,5 - 3,0*0,5 - 0,8 мкм таяқшалар. Грам теріс. Көбінесе қозғалмалы перитрихтар. Ішек таяқшаларының кейбір вариантары қозғалмайды, көптеген штаммалары капсула түзеді. Спора болмайды.
Культивирлеу. Ішек таяқшасы - факультативті анаэроб. Жәй қоректік орталарда 37 градус температурада рН 7,2 - 7,8 жақсы өседі. Адамның және жануарлардың ішінінен алынған штаммалар 43 - 45 градус температурада өседі, ал салқынқандылардың ішек таяқшалары бұндай көбеймейді. Ішек таяқшаларының бұндай айырмашылығы объектілердің санитарлық жағдайын анықтағанда маңызды, себебі адамдар мен жануарлардың ішек таяқшаларының анықталуы санитарлық жағдайдың нашар екенін көрсетеді.
Ет - пептонды агарда ішек таяқшасы шеті тегіс лайлы, томпақ, ылғалды колония құрады. Ет - пентонды сорпада тегіс лайланған колония. Капсуласы бар өсімдер шырышты колония түрінде өседі.
Эшерихияларды ажырату үшін дифференциалды -диагностикалық орталар қолданылады: эндо және эозинметилен көгімен олар (ЭМК) ішек таяқшасы Эндо ортасында металдай жылтыр қызыл түсті колония құрады, ал ЭМК-агарда қара - күлгін колония.
Ферментативті қасиеті ішек таяқшасы ферментативті белсенді. Ол лактозаны, глюкозаны, магнитті, мальтозаны, сахарозаны, басқа да көмірсулармен спиртті қышқыл мен газга дейін ыдыратады. Белок ыдырату қасиеті: индол түзеді. Желатинді ерітпейді. Кейбір биоварлар лактоза мен сахарозаны ыдыратпайды. Токсин түзуі эшерихиялар эндотоксин түзеді.
Антигендік құрылымы. Эшерихиялар микроб клеткасының антигендік құрылымына байланысты ажыратылады. Эшерихиялардың 3 типі бар:
1. О - антиген (соматикалық)
2. К - антиген (капсулалы)
3. Н - антиген (талшықты)
О - антиген температураға тұрақты, бактериянының клетка қабырғасында орналасқан. О - антиген культураның серологиялық топқа жататынын көрсетеді.
Эшерихияның К - антигені әртүрлі: А, В, L және М.
А мен М - температураға тұрақты.
В мен L - температураға өзгергіш. К - антигені О - антигенге қарағанда клетка қабырғасында жоғары орналасқан, сондықтан оның қатысуымен реакция агглютинациясы О - қансарысуымен болмайды.
О - антигенін анықтау үшін культураны 100 градусқа дейін қыздырады: қыздырған К - антиген бұзылады, ал О - антиген қамсарысумен байланысқа түседі.
Эшерихиялардың К - антигенінің 100 типі бар. Н - антиген тек қана қозғалатын штаммаларда болады, себебі олар талшықтармен байланысты. Эшерихиялардың Н - антигенінің 50 типі бар.
Н - антигеннің анықталуы бөлінген культураның серовариантын анықтауда маңызды.
Эшерихиялардың серовариантарынан басқа бөлінген культураның фаговарын анықтауға да болады. Фаговарларды анықтаудың эпидемиологиялық маңызы зор.
Эшерихиялардың антогонистіқ қасиеті, шіріту және патогенді бактериялардың өсімін тоқтату қабілеті, дисбактериозға және басқа да ішек -ауруларына қарсы бактериялық препараттар дайындауда қолданылады.
Қоршаған орта факторларына төзімділігі. Эшерихиялар тұрақты. 55 градус температурада 1 сағаттан кейін, ал 60 градус температурада 15 минуттан кейін өледі. Суда, топырақта 2-3 айға дейін сақталады, ал сүтте сақталып қана қоймай - көбейеді. Дезинфекциялаушы ерітінділер: 3 % хлорамин, сулема ерітіндісі 1:1000 20-30 минуттан кейін өлтіреді.
Е.соІі бриллиант жасылына өте сезімтал.
Жануарлар қабылдаушылығы. Эшерихиялардың кейбір серотоптары кейбір жануарларға патогенді, оларда ішек ауруларын қоздырады. Тәжірибелік жануарлардан Е.соІі - ге кроликтер, ақ тышқандар, теңіз свинкалары сезімтал.
Культураны енгізу түріне байланысты әртүрлі аурулар қоздырады: тері астына енгізгенде - қабыну және абсцесс; тамыр арқылы енгізгенде - перитонит және сепсис.
Инфекция көзі. Ауру адам. Бактерия организмге сыртқы ортадан (экзогенді инфекция) сонымен қатар іштен (эндогенді инфекция) енеді.
Таралу жолдары. Инфекцияның экзогенді түрі тұрмыстық -жанасу арқылы таралары. Қоздырғыштар лас қолдар, ыдыстар, төсектер, ойыншықтар, тамақтар, шыбындар арқылы беріледі.
Патогенез. Эшерихиялардың қоздыратын ауруларын эшерихиоздар деп атайды.
Эшерихиоздардың дамуы қоздырғыштың ену түріне және серотобына байланысты. Ауыз арқылы енгенде ішек аурулары пайда болады. Адамдарда ауруды көбінесе О - тобының қоздырғыштары тудырады.
Бұл бактерияларды энтеропатогенді ішек таяқшалары (ЭПІТ) деп атайды. ЭПІТ - ның бірнеше тобы бар:
1 - топ - жас сәбилерде колиэнтерит қоздырғыштары (серотиптар 0111; 026; 055; 086 т.б.)
2 - топ - дизентерияға ұқсас аурулар қоздырғыштары (025; 0124; 0143; 0144 т.б.)
3 - топ - холераға ұқсас аурулар қоздырғыштары (01; 05; 06; 078 т.б.)
Ішек таяқшалары азық - түліктерге түсіп, көбейеді. Токсикоинфекция ауруын қоздырады.
Эндогенді инфекция әртүрлі органдарды зақымдайды: өттің қабынуы (холецистит), қуықтың қабынуы (цистит), қанға жұғу (сепсис).
Иммунитет. Осы ауруды қоздырған серовариантқа ғана болады. Эшерихиялардың әртүрлі варианттары болуы иммунитетті тұрақты болдырмайды.
Алдын - алу шаралары. Санитарлы - гигиеналық режимді, жеке гигиенаны сақтау.
Арнайы алдын - алу шаралары жоқ.
Емі. Антибиотиктер: ампициллин, тетрациклин, т.б. Колипротеинді фаг жақсы нәтиже береді.
Микробиологиялық зерттеу.
Зерттеу мақсаты: ЭПІТ табу және ажырату.
Зерттеу материалы: 1. Нәжіс, 2. Құсық.
Ошақтық коли - энтерит ауруы болғанда азық - түліктерді, қолдың жуындысын, ойыншықтарды т.б. заттарды зерттейді.
Материалды алу әдістері.
1. Нәжіс - 3 - 5 гр. нэжісті 30 % глицерині бар пробиркеге жинайды.
2. Құсық - 3 - 5 гр. стерильді ыдысқа жинайды, NaCl ерітіндісімен араластырады.
Негізгі зерттеу әдісі. Бактериологиялық.
Сальмонеллалар
Бұл энтеробактериялар туыстығына адамдар мен жануарларда ауру қоздыратын 2000 астам бактериялар жатады. Бұл ауруларды сальмонеллездар деп атайды. Сальмонеллалар морфологиялық, культуралдық, ферментативтік қасиеттері бойынша ұқсас, ал антигендік құрылымы бойынша өзгеше.
Сальмонеллалар 2 - ге бөлінеді:
1. монопатогенді
2. полипатогенді
Монопатогендіге іш сүзегі, паратиф А жэне паратиф В жатады. Бұл аурулармен адамдар ғана ауырады.
Полипатогендіге адамдар мен жануарлар ауруларының қоздырғыштары жатады.
S.typhi алғашқы рет 1880 жылы Эберт іш сүзегінен өлген адамның мүшесінен анықтаған. 1886 жылы Ашар мен Баксад іш сүзегіне ұқсас аурудың іріңі мен зәрінен биохимиялық және серологиялық қасиеті өзгеше бактериялар анықтаған. Оларды S.paratyphi А және S.paratyphi В деп атаған. 1885 жылы ағылшын ғалымы Д.Сальмон шошқа тырысқағының қоздырғышын анықтады. Одан кейін көптеген ұқсас бактериялар анықталып, Сальмонелла туыстығына біріктіріп, сол ғалымның атымен аталған.
Морфология. Барлық сальмонеллалар ұсақ 1,0 - 3,0*0,6 - 0,8 мкм таяқшалар. Грам теріс. Қозғалмалы, перитрихтар. Спора және капсула түзбейді.
Культивирлеу. Сальмонелла - факультативті анаэробтар. Қоректік ортаға талғампаз емес. ЕПА жэне ЕПС 37 градус температурада (20 - 40 - қа дейін) және рН 7,2 - 7,4 (5,0 - 8,0 дейін) жақсы өседі. ЕПА - да нәзік, жартылай мөлдір, томпақ, жалтыр колониялар, ал ЕПС - де бірыңғай лайланған колониялар құрады.
Аурудан бірінші алынған материалдан (қан, зәр, құсық) өсім жәй болады. Оны көбейту үшін қоректік органы құнарландырады: селенитті сорпа, Мюллер ортасы, Кауфман ортасымен.
Сонымен қатар элективті орта да қолданылады: аралығында (10 - 20 %), Рапопорт ортасы. Дифференциалды - диагностикалық Эндо, Плоскирев орталарында, түссіз колония түрінде өседі (себебі лактозаны ыдыратпайды). Висмут - сульфит агарда 48 сағаттан кейін қара түсті колония құрады.
Жаңа дайындалған S.paratyphi В культурасын термостатта 18-20 сағат инкубациялағаннан кейін және 1 - 2 тәулік бөлме температурасында ұстағаннан кейін колонияның шетінде шырышты белдік пайда болады.
Ферментативті қасиеті. Сальмонеллалар глюкозаны, маннитті, мальтозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады. Іш сүзегі қоздырғыштары бұл қанттарды тек қышқылға дейін ыдыратады.
Сальмонеллалар лактоза мен сахарозаны ферменттемейді. Белок ыдырату қасиеті: көптеген сальмонеллалар белокты орталарды күкірттісутекке дейін ыдыратады. Индол түзбейді, желатинді ерітпейді.
Токсиндігі. Сальмонеллалар эндотоксин түзеді.
Антигендік кұрылымы және классификациясы. XX ғасырдың басында ғалымдар сальмонеллалардың антигендерінің көптүрлі екенін анықтаған. 1934 жылы Кауфман агглютинация реакциясының нәтижесінде барлық сальмонеллаларды топтар мен типтерге бөлген және антигендік құрылымының диагностикалық схемасын ұсынған. Осы схема арқылы сальмонеллаларды идентификациялайды (ажыратады).
Сальмонеллалардың 2 түрлі антигені болады: О және Н.
О - антиген - липополисахаридпротеинді комплекс, температураға тұрақты, формалиннің әсерінен белсенділігін жояды.
Н - антиген талшығымен байланысты, температураға өзгергіш, спирт пен фенолдың әсерінен белсенділігін жояды, формалиннің әсеріне тұрақты.
Барлық сальмонеллалар О - топтарға бөлінеді, олардың әрқайсысының О - антигенгі болады, араб санымен белгіленеді.
S.typhi сонымен қатар Vi - антигені болады, О - антигенге қарағанда микроб клеткасында жоғары орналасады, О - қансарысу агглютинациясына қарсыласады. Бұл антиген температураға өзгергіш. Ол қоздырғыштың вируленттігімен байланысты. Vi - антиген сонымен қатар паратиф С - да болады.
Сонымен қатар арнайы сальмонелла фагтары бар, олар аурудың көзін және таралу жолдарын анықтауда пайдаланылады.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. Сальмонеллалар тұрақты. 100 градус температурада бірден өледі, ал 60 - 70 градус температурада 10 - 15 минуттан кейін өледі. Олар салқын температурада, таза суда, мұзда бірнеше ай сақталады. Кептірілген және тұздалған етте - 2 айға дейін сақталады. Кептіруге шыдамды, шаңда көпке дейін сақталады.
Дезинфекциялаушы заттардың әсерінен бірнеше минуттан кейін өледі.
(2 - 5 % фенол, 1:1000 сулема, 3 - 10 % хлорамин).
Жануарлардың қабылдаушылығы. Көптеген сальмонеллалар адамдарда, жануарларда және құстарда аурулар қоздырады.
Шигеллалар
Дизентерияның қоздырғышын бірінші рет 1891 жылы А.В.Григорьев анықтаған. 1898 жылы японияның ғалымы Шита зерттеген. Одан кейінгі жылдары басқа да түрлері анықталған: 1900 жылы Флекснер, 1915 жылы Зонне, 1917 жылы Штутцер - Шмитц 1934 жылы Лардж - Сакс.
Халықаралық классификация бойынша, барлық дизентерия қоздырғыш бактериялар бір түрге біріктіріліп, Шиганың есімімен шигеллалар деп аталған.
Морфология. Шигеллалар көлемі 2 - 3*0,4 - 0,6 мкм таяқшалар, талшықтары жоқ, спора және капсула түзбейді. Грам теріс.
Культивирлеу. Шигелла - факультативті анаэроб. Қоректік ортада талғампаз емес. ЕПА және ЕПС - да 37 градус тампературада рН - 7,2 - 7,4 көбейеді. Элективті және дифференциалды -диагностикалық орталар -- Плоскирев, Эндо, т.б. Дөңгелек, сұрғылт, жартылай мөлдір, көлемі 1,5-2 mm S - формалы болып өседі. Сұйық қоректік ортада бірыңғай лайланған, R - формалы тұнба түзеді.
Ферментативтік қасиеті - аз, лактозаны, сахарозаны ыдыратпайды. Белок ыдырату қасиеті де аз дамыған, индол мен күкірттісутек тұрақты емес, сүтті ұйытпайды, желатинді ерітпейді.
Маннитке байланысты 2 - ге бөлінеді: маннит ыдырататын және ыдыратпайтын.
Токсин түзуі. Эндотоксин түзеді. Шига шигелласы сонымен қатар экзотоксин түзеді.
Антигендік құрылымы мен классификациясы. Топтық және типтік антигендері бар.
Халықаралық классификация бойынша 4 топқа бөлінеді: А, В, С,Д.
А тобы: Григорьев - Шига, Штутцер - Шмитц, Лардж - Сакс дизентериясы, типтік антигендері бар.
В тобы: Флекснер дизентериясы топтық және типтік антигендері бар.
С тобы: Бойда дизентериясы - типтік антигені бар.
Д тобы: Зонне дизентериясы - түрлік антигені бар.
Қоршаған орта факторына төзімділігі. 100 градус температура шигеллаларды бірден өлтіреді. 60 градус температурада 20 - 30 минуттан кейін өледі. Төмен температураға төзімді. Суда 3 айға дейін, көкөністер мен жеміс - жидектерде 10-15 айға дейін сақталады. Күн сәулесі 2-3 сағаттан кейін өлтіреді.
Дезинфекциялаушы ерітінділер 20 - 30 минуттан кейін өлтіреді.
Жануарлардың қабылдаушылығы. Маймылдардан басқа жануарлар дизентерияға сезімтал емес.
Инфекция көзі. Ауру адам және бактерия тасымалдаушы.
Таралу жолдары. Тамақ арқылы - су, көкөністер, жеміс-жидектер, шыбындар арқылы.
Патогенез. Шигелла тамақпен тоқ ішекке түсіп, көбейеді, кейбіреулері өледі. Одан эндотоксин бөлініп, тоқ ішектің кілегей қабатын зақымдайды, қанды ісік пайда болып, жансызданады. Сонымен қатар ол орталық нерв жүйесіне әсер етеді. Әсіресе шига қоздырғышы тудырған дизентерия ауыр түрде болады: интоксикация, қанды іш өту.
Иммунитет: Аурудан кейін иммунитет тұрақты емес, қайталануы мүмкін.
Алдын - алу шаралары: Жалпы санитарлы - эпидемиялық шаралар: дезинфекция, ауруды оқшаулау, ауруды уақытында анықтау. Арнайы шаралар: Жанасуда болған адамдарға дезинтерияға қарсы бактериофаг беріледі. Емі. Антибиотиктер, сульфаниламидті препараттар, симптоматикалық препараттар. Микробиологиялық зерттеу. Зерттеу мақсаты: Диагноз қою үшін шигелланы анықтау және ажырату (идентификациялау), бактерия тасымалдаушыны анықтау, азық - түліктен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz