Трансфузия



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Трансфузия.

Трансфузиология - медицинаның бір саласы болып, қан және қан орнына алмастырушыларды қолдану, асқынуларының алдын алу, нәтижелі емдеу әдістерін зерттейді.
Қазіргі таңда адамдарда қанның 4 тобы белгілі. Қанды топтарға бөлудің негізінде агглютиноген
А және В эритроциттерде, ал агглютиноген α және β сарысуда болуы немесе болмауына байланысты.
Оттенберг ережесі:
Гемотрансфузия жасағанда егер агглютиноген А мен агглютинин α немесе агглютиноген
В мен агглютинин β кездесіп қалған жағдайда агглютинация реакциясы болады. Сондықтан реципиентке құйылатын донордың қаны тобы мен резус факторы бойынша сәйкес келуі тиіс.
Қан топтарының белгіленуі:
І(О) топ
oo Эритроциттерде агглютиногендер болмайды.
oo Сарысуда α және β агглютининдер болады.
ІІ(А) топ
oo Эритроциттерде агглютиноген А болады.
oo Сарысуда β агглютинин болады.
ІІІ(В) топ
oo Эритроциттерде агглютиноген В болады.
oo Сарысуда α агглютинин болады.
ІҮ(АВ) топ
oo Эритроциттерде агглютиногендер А және В болады.
oo Сарысуда агглютининдер болмайды.

Донор - қан тапсыратын адам.
Реципиент - қан қабылдайтын науқас.
Гемотрансфузия - қан құю.

Қан құю үшін донор мен реципиенттің қан топтары және резус факторы сәйкес болуы тиіс.
Қанда резус фактор бар болса Rh+ деп, ал болмаса Rh - деп белгіленеді.

Қан құю көрсетілімдері:
- орнын толтыру мақсатында
- организмнің уын қайтару үшін
- жарақаттық шокта
- организмнің тіршілік процесстерін
стимуляциялау үшін
- терминальды жағдайларда
- гемостатикалық мақсатта

Қан құюға қарсы көрсетілімдер:
- жүрек - тамыр жүйесінің декомпенсациясы
- өкпенің инфильтративтік туберкулезі
- аллергиялық аурулар
- тромбоэмболиялар
- бауыр, бүйректің жедел қабынуы
- нағыз плетора және қатерлі қан толуы

Қан құю әдістері:
- тікелей (бірден құю) - донор венасынан реципиент тамырына құю.
- тікелей емес (бірден құймау) - реципиентке консервацияланған қанды құю.

Қанды реципиентке енгізу жолдары:
- венаға
- артерияға
- сүйек ішіне
- қанды алмастырып құю
- алған қанды қайта құю - реинфузия, аутотрансфузия
- мейіт қанын құю

Қан орнына алмастырушылар:
- Шокқа қарсы әсер етуші препараттар: полиглюкин, желатиноль, гемовинил,
поливинил
- Дезинтоксикациялаушы препараттар: гемодез, реополиглюкин
- Парентеральды тамақтандыруға арналған препараттар: гидролизин, казеин
гидролизаты, аминопептид, аминокровин, липомаиз
- Кристаллоидтар: Рингер-Локк ерітіндісі, ацессоль, дисоль, трисоль, 0,85% хлорлы натрий ерітіндісі

ҚАН ҚҰЮДАҒЫ ҚАТЕРЛЕР, ҚАУІРТЕР,
АСҚЫНУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ

Гемотрансфузиялық шок сәйкес келмейтін қанды құюдан пайда болады канның тобын анықтаудағы қате. Клиникалық белгілері : кеуденің қысылуын сезу, бас ауру, қарынның және сегізкөздің ауруы, тамыр соғуының жиілеуі, қан қысымының төмендеуі, кейде кұсу, зәрдің дәреттің еріксіз кетуі. Бұндай жағдайларда қан шығарылады, плазма, шокка қарсы ерітінділер, 5 процент глюкоза ерітіндісі құйылады, тобы сәйкес келетұғын қан алмастырылып құйылады, сондай-ақ төңірегіндегі майына новокаин тосқауылы жасалынады. Зәр уының денеде күшеюіне асқазанды жуу, жасанды бүйрек аспабы көмегімен ағзадағы улы заттар сыртқа шығарылады.
Резус сәйкес келмейтұғын қанды құю.
Клиникалық белгілері, тобы сәйкес келмейтұғын қанды құйғандағы сияқты болады. Кейде реакция едәуір кейінірек басталуы мүмкін. Альбуминурияның және гематурияның қызыл қан түйіршіктері пайда болуы диагнозды нығайтады. Емдеу шараларыда сәйкес келмейтұғын қанды құюдағы сияқты.
ҚАН ҚҰЮ
Қан және қан орнына қолданылатын сұйықтықтар жөніндегі медицина ғылымының саласы - трансфузиология болып табылады. Қазіргі уақытта республикалық, облытық , аудандық станциялар және қан құю қабинеттері бар, олар есеп жүргізеді, донорларды тексереді,
Консервацияланған қанды даярлау және онымен емдеу мекемелерін қамтамасыз етеді;
Донор - қан тапсыратын адам, реципиент - қан қабылдайтын науқас. Дені сау 18-55 жастағы адамдар донор бола алады, бір рет 250-450 мл. Қан тапсыруына болады, келесінде 8 аптадан ерте тапсыруға болмайды.
ҚАННЫҢ ТОПТАРЫ. Қанды топтарға бөлудің негізінде эритроциттерде агглютиногендер А және В ал қан сары суында А және Б агглютининдер болуы жатады. Осы элементтердің болуына, болмауына қарай қанның қайсы топқа жататындығы анықталады. Адамдарда агглютиногендердің және агглютининдердің 4 комбинациялық түрі бар, демек,
қанның да 4 тобы болады. Бірінші топ І О - эритроциттерде агглютиногендер болмайды, ал сары суда А және В агглютининдер болады.
Екінші топ ІІ А - эритроциттерде агглютиноген А, ал сары суда В агглютинин болады.
Үшінші топ ІІІ В - эритроциттерде агглютиноген В, ал сары суда А агглютинин болады.
Төртінші топ ІУ АВ - эритроциттерде агглютиноген А және В, болады; ал сары суда агглютининдер болмайды.
Агглютиноген А-ның агглютинин А-мен және агглютиноген В-ның агглютинин В-мен кездесуінде пробиркада агглютинация желімдену реакциясы пайда болады, ал тірі организмде донорлық қан эритроциттерінің гемолизі болады.
ҚАН ҚҰЮ
Қазіргі уақытта қан және қан орнына қолданылатын сұйықтар өте кеңінен қолданылады. Ол ауыр асқынулардың алдын алуға мүмкіншілік береді және шынында бағалы және нәтижелі емдеу дәрісі болып есептеледі.
Медицина көмегінің бұл түрі арнаулы пән - трансфузиология болып жүргізіледі.
Ең бірінші қан құю тәсілі ХУІІ ғасырда басталған. 1668 жылы Францияда Людовик ХІУ патшаның дәрігері Дени және хирург Эмерец қозының қанын ауыр науқасқа құйып көрді. Науқас сауығып кетті. Бірақта науқастарға қан әдісі алға баспады. Оған басты себеп қанның тобын білмеушілік болып есептеледі. Тек қана 1820 жылы ақушер Бландел, 1832 ж акушер Вольф әйелдер босанғанда қан ктеуден, қан кетуден, қансыраудан өліп бара жатқан әйелдерге адамның қанын құйды.
1901 жылы Австрия ғылымы К. Ландштейнер бірінші рет адамдардың қанының үш тобы барлығын, ал 1907 жылы чех ғылымы Я.Янский төртінші қан тобын ашты.
ҚАННЫҢ ТОПТАРЫ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ
Қанды топтарға бөлудің негізінде адамның қызы лқан түйіршіктерінде агглютиногендер А және В, ал қан сраы суында а альфа және в бета агглютининдерінің болулары жатады. Агглютиногендер және агглютининдерінің болуына немесе болмауына қарай, қанның қайсы топқа жататындығы анықталады. Адамдарда агглютиногендрдің және агглютининдердің комбинацияларының 4 түрі болады, демек қанның да 4 тобы болады.
Бірінші топ - 0 1. Қызыл қан түйіршіктерінде агглютиногендер болмайды, а сары суда агглютинидер а және в болады.
Екінші топ - А ІІ . Қызыл қан түйіршіктерінде агглютиноген А, ал сары суда агглютинин в болады.
Үшінші топ - В ІІІ Қызыл қан түйіршіктерінде агглютиноген В, ал сары суда агглютинин а болады.
Төртінші топ - АВ ІҮ Қызыл қан түйіршіктерінде екі агглютиногенде А және В болады, бірақ сары суда агглютининдер болмайды. Агглютиноген А-ның агглютинин а мен және агглютиноген В-ның агглютинин в мен кездесуінде пробиркада агглитинация желімденуі реакциясы пайда болады, ал тірі организмде құйылған қан донорлық эритроциттерінің гемолизі болады.
Қан құюда тек донордың эритроциттері ғана рецепиент сары суымен гемолиз береді, бірақ керісінше болмайды. Оттенберг ережесі бойынша бұны былай түсінуге болады, донорлық плазмадағы агглютининдер реципиент қанымен сыйысады, осының салдарынан олардың организмінде титр өте аз және реципиент қызыл қан түйіршіктерін гемолиздеуі мүмкін болмайды. Тек көп мөлшерде қан құйылғанда ғана реципиент қызыл қан түйіршіктерінің гемолизі кері агглютинация болуы мүмкін. Осыған байланысты қан құюда тек донорлық қанның агглютиногендері және реципиент агглютининтері ғана емес, ал құйылатын қанның агглютиногендерді есепке алынуы керек.
ҚАННЫҢ ТОБЫН АНЫҚТАУ. Бұның екі әдісі бар: стандарттық сары су бойынша тура реакция және стандарттық қызыл қан түйіршіктері бойынша кері реакция анықтау.
І . Қан тобын стандарттық сары суларымен анықтау. Қанның тобын бұл әдіс бойынша анықтау үшін анықталатұғын қан белгілі топтардағы сары сумен араластырылады және агглютинацияның бар немесе жоқ болуына қарай қанның тобы анықталады. Анықтау үшін қанның алдын ала даярлап қойылған стандарттық сары сулары 01, А ІІ, В ІІІ, әр топ үшін әртүрлі сериясы қолданылады. Арнаулы шыныға немесе форфорлы тарелқаға 2 тамшыдан стандарттық сары сулар алдын ала сары сулардың топтары карандашпен белігіленіп қойылады әрбір сериядан екі екіден тамызылады. Сары сулар әртүрлі пипеткалармен алуын шарт. Тексеретұғын науқастың бармағы спиртпен тазаланады, және арнаулы ине - скарификатор мен шаншылады, 6 тамшы қан алынады әр қайсысы түйреуіштің басынан үлкен болмауы керек және олар тарелкаларға стандарттық сары сулармен қатар тамызылады. Шыны таяқшалармен қан және сары сулар араластырылады. 5 минуттан кейін сары суларға І тамшыдан изотоникалық ерітінді жалған агглютинацияның бар жоғын білу үшін қосылады.
Тексеру нәтижелері : а егер агглютинация барлық үш жүп тамшыда да болмаса, онда тексерілген қан бірінші топқа 01 жатады; б ІІ сары суларына иеде агглютинацияның болмауы, 01 және В ІІІ сары суларына иелерде агглютинация болса, онда А ІІ қан тобын білдіреді ; в В ІІІ сары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Туберкулезбен ауырған науқастардағы өкпеден қан кету
Қанды құю тарихы
Катетер мен тамырдың тромбозы
Жүйе қан құюға дайын
Қан топтары. АВО жүйесі, резус сәйкестік. Қан құю ережелері
Тұқым қуалайтын ауруларға жалпы сипаттама
Вирустық гепатиттер туралы
Медициналық генетика және кейбір тұқым қуалайтын аурулардың алдын алу мен емдеу. Гендік терапия
Маннитол - маннитол гексагидирлі алкогольдің ерітіндісі
Неонатальді сарғыштану
Пәндер