Зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек көрсету

Орындаған : Нурмухамедова О.
Тобы:128-18а
Қабылдаған: Сералиева У.

Шымкент 2020 ж.
Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жайттардың әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.
Алғашқы көмек - зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп, оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.
Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы -- бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында).
Жаралардың зақымдануына жарақаттаушы зат формасына, құрал түрлерiне қарай бiрнеше түрі бар.
Жарақаттардың түрлері:
1. Тері бүтіндігінің бұзылуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа - терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.
2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану.
3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тиген жерде пайда болады. Тікелей емес жарақаттар, ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақаттар.
4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.
Жарақаттың себебі - механикалық факторлар (соғылу, ауыр салмақты плитаның астында қалу, биіктен құлау).
- химикалық факторлар (қышқылдардың, улағыш заттардың әсері).
- физикалық факторлар (ыстық, суық, қысым, электр тогының, рентген, иондаушы сәулелердің әсері).
- биологиялық факторлар (бактериялардың, вирустардың, басқа макро және микроағзалардың әсері)
- психикалық факторлар (қорқу, ренжу, абыржу салдарынан).
Жарақаттанушылықтың түрлері: 1) транспорттық (автокөліктік, темір, әуе, су жол көліктік), 2) өндірістік (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық), 3) балалық, 4) тұрмыстық, 5) спорттық, 6) көшелік, 7) әскерлік, 8) жасандық (суицидтік) жарақаттанушылық.
Жергілікті белгілері: дененің зақымданған бөлігінің ауырсынуы, бозаруы, ісінуі, қан кетуі, қызметінің бұзылуы.
Жалпы белгілер: ес-түсінен айырылуы, ыстығы көтерілуі, тамырдың нашар соғуы, артериалық қысымның төмендеуі, тыныс алудың, зат алмасудың бұзылуы және т.б.
Жарақаттардың асқынуы: жарақаттық шок, талықсу; қансырау, қан кету; жара инфекциясы; өмірге маңызды мүшелердің қызметінің (жүрек, бүйрек, өкпе) бұзылуы.
Әсiресе ауыр зақым алғанда, оқ тигенде есiнен танады. Зақымданған кезде миға келетiн қан күрт азаятын болса да адам ес-түсiн бiлмей қалады. Мұндай жағдайда естен тануды шок деп атайды.
Шоктың төрт дәрежесi бар.
І дәрежелi шок - орташа жарақат алған кезде болады. Мұндайда терi бозарады, кейде көгередi, бұлшық еттерi дiрiлдейдi. Тыныс алу минутына 90-100-ге қан қысымы сынап бағанасынан 10060 мм-ге дейiн төмендейдi.
ІІ дәрежелi шок -- ауыр жарақат алғанда пайда болады. Мұндай жағдайда шырышты қабаты мен терi бұзылады.
Адам сүлесоқ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зақымданған және науқас адамдарды күту
Қатты әсер ететін улы заттар /ҚӘУЗ/
Дәрігерлік алғашқы көмек
Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету
ЖАНБАС СҮЙЕК СЫНҒАН КЕЗДЕГІ ДӘРІГЕРГЕ ДЕЙІНГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК
Алғашқы медициналық көмек көрсету туралы ұғым
Қан тоқтату тәртібі
Құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру
Төтенше жағдайлар кезіндегі жарақаттар
Құтқарушының беделі
Пәндер