Зейіннің түрлері. Зейіннің негізгі қасиеттері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Зейіннің түрлері. Зейіннің негізгі қасиеттері.

Өзiнiң пайда болуы мен iске асу жағынан, əдетте, зейiн ырықсыз , ырықты, үйреншікті болып үш түрге бөлiнедi.

Ырықсыз зейін. Егер мұғалімнің түсіндіруі мазмұны жағынан қызықты болып келсе, көрнекі құралдар қолданылса оқушылар педагогтың сөздерін өздері ақ ұйып тыңдайды, көрсеткендерін көңіл қоя қарайды. Мұны ырықсыз зейін деп атайды. Ол көбінесе адамда өзін қыспай өзінен өзі болатыны былай тұрсын, сонымен қатар бір нәрсені көруге, естуге алдын-ала ниеттенбесе де пайда болады.

Ырықсыз (алдын ала ниеттенбеген) зейіннің физиологиялық негізі адамда қоршаған ортада болып жатқандарға көңіл аударуға қоздыратын барлау рефлексі болып табылады.

Ырықсыз зейін нақты айтқанда неден пайда болады? Ең алдымен, күшті тітіркендіргіштерден пайда болады. Мәселен, күннің құлақты тұндыра күркіреуі немесе мылтықтың жақыннан атылуы қай адамды да олардың даусына еріксіз назар аудартады. Тітіркендіргіштердің салыстырмалы күшінің маңызы зор, түнгі тыныштықтан шыққан сыбдыр да адамның көңілін аударады. Адамның көңілін аудару үшін тітіркендіргіштердің күтпеген жерден пайда болуы, олардың күші онша үлкен болмаса да маңызды келеді. Қарама-қарсы заттар мен құбылыстар осылай әсер етеді. Мысалы, ұзын адамның қасында қысқа адам тұрса, бірінші ұзын адамға қөңіл аударады. Ырықсыз зейіннің аударылуына адамның ішкі жан дүниесі күйінің маңызы зор. Мәселен, қарны ашқан адам ас үйден шыққан тамақ иісін сезеді, ал тамағы тоқ адам ол иіске көңіл аудармайды. Музыканы жақсы көретін адам, әнді естігенде де зейінін салып тыңдайды.

Ырықты зейін. Алдына мақсат қойып, түйілетін көздеген нәрсесін алдын ала белгілеп, ал әдейілеп алып зейінін соған аударуды ырықты зейін деп атайды.

Бұл адамның еркімен істелетін жұмыс күші. Ырықты зейін жұмыстың басынан аяғына дейін күшті сарқып жұмсауды тілейді. Адам өз зейінін ырықты жұмсап шұғылданғанда қиыншылықтарды ығыстырып жеңеді. тОқушылар зейінін тек қана сабаққа бөлу үшін күш жұмсайды. Зейінге бөгде тітіркендіргіштер - ауру, шаршау, басқа ойлар кедергі болады, алаңдатады. Зейінге мұндай кедергінің кеселі тимеу үшін іс-әрекет істеледі: алаңдатып тұрған нәрселерді алып тастау, құлаққа қатты естілген дыбысты кемітеміз. Ырықты зейін тұрақты зейінмен байланысты. Адам жұмысты қызығып істесе, жұмыс нәтижелі болады. Оқушы кітаптан дәптерге көшіргенде, «енді не істемекпін?» деген сұраудан бастаса зейінмен істейді, қатесіз орындайды. Ой жұмысына дененің қимыл әрекеті қосылып отырғаны жақсы. Жаңадан оқып үйренген бала кітаптан оқып отырған сөзін қолымен көрсетіп отырса, зейін тұрақтайды. Ырықты зейін - ұйымдастырылған психика қызметі. Ырықты зейіннің ырықсыздан өзгеше бір белгісі: ырықсыз зейінмен істелген іс жеңіл істеледі, көп шаршатпайды. Ырықты зейінмен істелген іс көбірек шаршатады, терең ойлануды қажет етеді.

Жоғарыда айтылған айырмашылықтарына қарап ырықты және ырықсыз зейінді жігі басқа екі түрлі деп қарауға болмайды. Жұмыс үстінде, сабақ процесінде ырықты зейін ырықсыз зейінге айналады. Оқу материалын меңгеруде оқушы ырықты зейінмен бастайды. Бара-бара ырықсыз зейінге ауысады. Ырықты зейін ырықсыз зейінге ауысқанда білімді меңгеру көп жеңілденеді.

Үйреншікті зейін. Үлкен адамдардың зейіні көбінесе үйреншікті болады. Бала кітап оқуды, жазу жазуды әдейілеп зейін салып, қайрат күш жұмсап үйренеді. Бұларды меңгеріп алған соң, қызықтырып тұрған күрделі міндетіне ырықты зейін бағынып, кейін арнайы күш жұмсалмай ақ орындалады. Бұл процесті үйреншікті зейін деп атайды.

Біздің зейініміз өзіміздің қызығып атқаратын күрделі іс әрекетімізбен байланысты. Ұзақ уақыт кітап оқимыз, грамматикалық талдау жасаймыз, шет тілді зерттейміз. Осындай іс әрекетті әуелде зейін салып істейміз де, артынан үйреншікті зейінге айналады. Сөйлеу үйреншікті зейінмен орындалады. Үйреншікті зейін ырықты зейінмен дамып қалыптасады.

Зейіннің негізгі қасиеттері. Зейіннің кейбір ерекшеліктері болады, бұл әр адамда әр түрлі ерекшеліктермен бейнеленеді.

Кейде адам жұмысқа не бақылауға сондай беріліп кетеді де, басқа нәрсені байқамайды. Бұл - зейіннің қасиеті, ал зейіні аударылған нәрсеге берілу, мұны зейінің бөлінуі деп атайды.

Зейіннің маңызды қасиеті - оның тұрақтылығында, басқа нәрсеге көңіл аудара берілмеуінде, осының арқасында адам белгілі бір затқа немесе әрекетке ұзақ уақыт көңіл аударып шұғылдана алады.

Егер бір нәрселердің суретін салған, не сандар немесе әріптер жазылған плакатты көпшілікке сәл ғана көрсетсе, біреулері - ондағы объектілердің көбін, екіншілері атын есіне сақтап айтып береді. Алдыңғыларды зейін аумағы үлкен, яғни бір мезгілде қабылдайтын заттар саны көп, соңғыларында аз. Егер қабылданатын объектілер бірімен бірі байланысты болса, онда адамның байқап қалатын объектілер саны көп болады.

Бізге көбінесе назарымызды бір затқа ғана аудармай, бірнеше затқа аударуға қатарынан, екі-үш рет әрекет жасауға тура келеді. Мәселен, мұғалімнің өзінін назарына бір ғана баланы алмайды, 30-40 оқушыны алады, олардың не істеп жатқанын және мінез құлқын байқауға, оның тақтаға не жазғанын қарауға, жұмысын бағалауға, сабақтың жалпы өту барысын байқауға, уақытты белгіленген жоспардың орындалуын, т. б. қадағалауға тиіс. Қатарынан бірнеше заттарды немесе әр түрлі әрекеттің орындалуын қадағалау зейіннің ерекше қасиетін, оның бөлінуін сипаттайды.

Зейіннің көлемі. Зейінді бір қойғанда ақ жақсы қамтып, анық қабылдаған нәрселердің саны зейінің көлемін білдіреді. Көз зейіні бір дегенде әріп, сан, сурет бірнеше нәрселердің санын анық қабылдайды, қанша қабылдағанын тахистаскоп аппаратымен санауға болады. Тахистаскоп кішкене терезесі бар қалқан. Терезеден өте қысқа, 0, 07 секундтай уақытта сандар немесе дауыссыз әріптер көрсетіледі. Сонда ересек адам бір өңкей нәрселерден бес-алтауын анық қабылдайды. Балалар үш-төртеуін ғана анық қабылдай алады. Көп элемент қамтыған зейін көлемі кең зейін де, аз қамтыған зейін көлемі тар зейін болады. Егер қабылдағанымыз мағыналы тұтас сөз не сөйлем болса, зейіннің қамтыған элементтерінің саны көбейеді, көлемі кеңиді. Тахистаскоп терезесінен 3-4 әріптен құралған бірнеше сөздер көрсетсек, сауатты адам 3-4 сөз қабылдайды, бірақ сөздің жеке әріптерін қабылдамайды. Тахистаскоп арқылы зейіннің көлемін зерттеу әдісі зейіннің дара ерекшеліктері болатынын анықтап берді.

Сыннан өткендердің бірқатары ештеңе қоспай тахистаскоп терезесінен көргенін дәлме-дәл қабылдайды. Бұл - объективтік тип. Енді біреулері көргеннің үстіне өзінен сөз қосып қабылдайды. Бұл - субъективтік тип. Сабақ оқытып тұрған мұғалімге кең көлемді зейін керек, педагог сыныпта отырған баланың бәрін көріп тұруға тиіс. Зейіннің тар көлемдісі де жарамсыз сипат бола бермейді. Іске қатты қадалып түйілген тар зейін зерттеу ісі үшін өте керек. Мысалы, микроскоппен зерттеп отырған кісінің зейіні.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Зейін және оның қасиеттері
Инженер еңбегіндегі зейіннің ролі
Зейіннің қасиеттері
Үйреншікті зейін - зейіннің ерекше түрі
Зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой пікірлері
Зейін туралы жалпы ұғым
Бала зейінін дамытуда ойынның маңызы
Зейінді дамыту және оны тәрбиелеу жолдары
Мектеп жасына дейінгі балалардың ерікті зейінін қалыптастыру жасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz