Қазіргі таңда іскерлік қарым - қатынасты ұйымдастыру мен оның негізгі ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі таңда іскерлік қарым-қатынасты ұйымдастыру мен оның негізгі ерекшеліктері
Іскерлік қарым-қатынас немесе байланыс қазіргі таңда, жаңа заманда қоғамның барлық салаларында кездесіп отыр. Қоғамның коммерциялық, іскерлік салаларында өнеркəсіптің барлық түрлері мен формаларында сондай-ақ жеке іскерлер мен кəсіпкерлер ретінде жеке тұлғалар кірісе бастады. Іскерлік байланыс саласындағы құзырлық кез-келген білім, ғылым, өнер, өнеркəсіп, сауда сияқты салаларда сəттілікке жету немесе жетпеуге байланысты болып отыр.
Адамдармен дұрыс қатынас жасай алу іскерлік салада, қызметттік жəне кəсіпкерлік іс-əрекетте сəттілікке жетудің ең маңызды факторларының бірі болып отыр. Дейл Карнеги 30 жылдарда ақ адамның қаржылық мəселесіндегі сəттілігі тіпті техникалық немесе инженерлік салада болса да 15 пайызға оның кəсіби шеберлігіне байланысты да 80 пайызы оның адамдармен қатынас жасай алуына байланысты екенін аңғарған.
Іскерлік қатынас адам өмірінің ең маңызды бөлігі жəне бөгде адамдармен қатынас жасаудың негізгі түрі. Мұндай қатынастардың басты қағидаларының бірі болып этникалық нормалар есептеледі, онда адамның ой өрісі, пайымдауы, жақсылық пен жамандық, шындық пен ақиқатсыздық, дұрыстық немесе бұрыстық сияқты қылықтары беріледі. Адамның моралдық нормаларды түсінуіне, оның мазмұнына байланысты оның іскерлік қарым-қатынасқа жеңіл немесе қиын немесе тіпті қиындатып алуы байланысты. Байланыс немесе қатынас дегеніміз қоғамдық субъектердің, əлеуметтік топтардың, халық немесе жеке тұлғалардың арасында ақпарат, тəжірибе, іс-əрекет қабілеттері мен нəтиже алмасуы жүретін өзара қатынас жасау үрдісі. Іскерлік қарым-қатынастың ерекшелігі нақты бір іс-əрекет мақсатында немесе негізінде пайда болатын, қандайда бір өнім немесе іскерлік қажеттілікпен байланысты.
Байланыстың басқа түрлері сияқты іскерлік коммуникацияның тарихи сипаты бар, ол қоғамның түрлі жүйесінде түрлі формада байқалады. Оның айырмашылығы іскерлік коммуникация басқа мақсаттарға қол жеткізудің құралы болып табылады.
Сондықтан берілген мақалада іскерлік қарымқатынас терминіне анықтама беріп оған талдау жасау біздің міндетіміз. Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз қарымқатынастың прагмалингвистикалық, прагмапсихологиялық сипатын анықтаушы мінезқұлықтың перцевтивті, коммуникативті жəне интерактивті дəрежесін қамтитын кəсіби коммуникацияның тұлғааралық мəдениетаралық зонасы [1, 125]. Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз ресми қарым-қатынас саласында болатын коммуниканттардың жалпы құқығы мен мақсаттарына байланысты нақты мəселені шешуге қабілетті жəне қажетті нəтижеге бағытталған коммуникация.
Іскерлік қарым-қатынас деп қызметтік салада адамдар арасындағы байланысты дамытуға бағытталған күрделі де көпжоспралы үрдісті атаймыз. Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз кəсіби, ғылыми, педагогикалық сала қызметінің осы салаларда пəндік қызметті ұйымдастыру мен оптимизациялауға бағытталған іскерлік серіктестердің өзара байланысы үрдісі болып табылатын коммуникацияның бір түрі.
Іскерлік коммуникация дегеніміз бизнестің кəсіби саласында нақты мақсаттарға жетуге итермелейтін қызмет немесе əрекет. Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз кəсіби, ғылыми, коммерциялық жəне басқа қызметтер саласында қолданылатын жəне сол саладағы туындаған мəселелерді ұйымдастыру мен ортақ шешімге келуге қызмет ететін қатынас немесе байланыс түрі.
Іскерлік қарым-қатынас (байланыс, коммуникация) дегеніміз қызмет саласында адамдар арасында байланысты дамытудың күрделі, көпжоспарлы үрдісі, яғни, бірлескен істе нақты нəтиже мен нақты мəселелерді шешетін іскерлік ақпарат мен тəжірибе алмасу үрдісі [2]. Іскерлік қарым-қатынас деп зерттеу нысаны іскерлік салада адамдардың қарым-қатынас аспекті мен іскерлік байланыс тиімділігін қамтамасыз етуші факторлар болып табылатын ғылымды атаймыз.
Іскерлік қарым-қатынас дегеніміз салалық жəне нақты мақсатқа бағытталған іс-əрекет, əрбір коммуникация формасының мазмұны (лекция, баяндама, талқылау, əңгіме), əрбір сөйлеу құрылымы ( қорытынды, ойы, сыни ескертулер, жауап қату) коммуникация мақсаты мен күтілетін нəтижеге байланысты үрдіс.
Іскерлік байланыс деп жиналыс, келіссөз, презентация барысындағы коммуникацияны айтамыз. Іскерлік қарым-қатынас əлеуметтік маңызы бар ұйымдарда, яғни, ғылыми, өнеркəсіп, мекеме, басқару жəне əлеуметтік, коммерциялық, кəсіби деңгейлерде қолданылады.
Іскерлік қарым-қатынас өнеркəсіпті ұйымдастыру мəселесін талқылау, қызмет міндеттерін орындау, іс-əрекетті жоспарлау, сыртқы байланысты орнату, шешім қабылдау, келісім-шартқа отыру, құжаттарды рəсімдеу мақсатында қолданылады [3]. Егер PR дегеніміз мекеменің аудиториямен нақты байланыс орнату, сеніміне кіру, оны түсіну мақсатында коммуникацияны басқару болса, іскерлік қарым-қатынас деніміз осы функцияның практикалық маңызы, оны іскерлік байланыста жүзеге асырушы болмақ. Іскерлік қарым-қатынас саласындағы əрбір коммуникацияның мазмұны мен формасы жəне əрбір сөйлеу конструкциялары коммуникативті мақсаты мен күтілетін нəтижесіне байланысты.
Іскерлік қарым-қатынас төмендегідей функциялар атқарады: инструменталды (басқарудың əлеуметтік механизмі); интегративті (іскерлік серіктестерді байланыстыру); өзіндік презентация (жеке потенциалын көрсете алу); трансляциялық (іс-əрекеттің нақты тəсілдерін бере алу); əлеуметтік бақылау (мінез-құлық пен ісəрекеттерін шектеу); əлеуметтену (іскерлік қарым-қатынастың мəденитеі тəсілдерін жетілдіру); экспрессивті (эмоционалды əрекеттесу). Іскерлік қарым-қатынас өте тиімді болуы үшін барлық компоненттерді, соның ішінде коммуникативті құзырлықты жете білу міндетті. Коммуникативті құзырлық деп қоршаған адамдармен, топтармен, аудиториямен өзара қарым-қатынас жасай алу, келіссөз жүргізе алу тəсілдері мен білім жинағы. Коммуникативті құзырлық білімі деп коммуникация функцияларын, коммуникация үрдісі ерекшеліктерін, үн қату, серіктестердің психологиялық типтері жəне əлеуметтік ролдерін, презентация жасай алу тəсілдерін, коммуникацияның вербалды немесе вербалды емес құралдарын айтамыз.
Іскерлік қарым-ұатынас практикалық пəн болып есептеледі, дегенмен, əлеуметтану, психология, антропология, менеджмент теориялары мен пайымдауларын оқып үйрену жəне қолдану практикалық тəсілдерді түсіну мен ұғынуды тереңдетеді. Іскерлік қарым-қатынас ғылыми сараптама мен теориялық зерттеулер пəні ретінде сан түрлі концептуалды əдістері арқылы ерекшеленіп пəнаралық байланысқа ие болады. Сондықтан іскерлік қарым-қатынас əлеуметтік, психологиялық, мəдениетаралық, лингвистикалық, лингвомəдениетаралық тұрғыдан қарастырылады.
Іскерлік коммуникация іскерлік байланыс саласына қызмет ететіндіктен оған қойылатын талаптар өте қатаң, əсіресе, ең алдымен сөйлеу сапасы (дұрыстығы, дəлділігі, нақтылығы) жəне этикалық нормаларды қатаң сақтау. Көп жағдайда байланыс жəне коммуникация терминдері ортақ мағынада синоним ретінде қолданылады. Дегенмен, зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша коммуникация дегеніміз ақпарат беру үрдісі орын алатын байланыс. Сондықтан ақпаратты қабылдаушы нысан тек адам ғана емес, сондай-ақ машина, жануар болуы мүмкін.
Ал байланыс деп байланыс субъектері тең дəрежелі серіктестердің өзара қарым-қатынасына негізделген екі жақты үрдісті атаймыз. Байланыс коммуникативті (ақпарат жеткізу) қызметінен басқа да қызметтер атқарады, мəселен, регулятивті (мінезқұлықты реттеу қызметі), перцептивті (қарым-қатынасқа түсушілердің бір-бірін қабылдау қызметі), суггестивті (сендіру қызметі). Сондықтан байланыс жəне коммуникация терминдерін синоним ретінде қолданған дұрыс, тұлғааралық байланыста коммуникация дайын түрде мүлдем кездеспейді, ақпарат жеткізу негізінен қоғамда екі жақты үрдіс, яғни, сөйлеу əрекеті.
Іскерлік келіссөздерді тиімді жүргізу, іскерлік құжаттарды дұрыс жəне сауатты құрастыру қазіргі таңда менеджерлердің, барлық деңгейдегі басшылардың, референттердің, хатшылардың, қоғамдық қызметкерлердің, қоғамдық мекемелер көшбасшыларының кəсіби мəдениетінің ажырамас бөлігі болып отыр. Басқару қызметінің барлық салаларында дерлік жоғары нəтижеге жету үшін нақты білім, ақпарат қажет жəне коммуникация ережелері, оны жүргізу формалары мен тəсілдерін меңгеру қажеттілік болып отыр.
Іскерлік қарым-қатынастың өзі белгілі мақсаттарға бағытталған. Яғни, іскерлік қарымқатынасты ұйымдастыру, коммуникация стратегиялары мен тактикаларын таңдау, іскерлік қарым-қатынаста тілдік құралдарды қолдану нақты бір мəселені шешуде тиімді нəтижеге жетуге бағытталады. Іскерлік қарым-қатынастың ең негізгі ерекшеліктерінің бірі коммуникацияға қатысушылардың əлеуметтік ролін қатаң сақтауы, яғни, басшы-жұмысшы, серіктестер, əріптестер тб. Егер іскер адамдар қызмет саласының түрлі сатысындағы тұлғалармен жиі коммуникация жасайтын болса онда байланыстың вертикалды жəне горизонталды түрін қолдануға тура келеді. Байланыстың вертикалды түрі деп коммуникацияға қатысушылардың əлеуметтік жағдайына, əкімшілік-құқықтық нормалармен жəне төмен дəрежедегі жай жұмысшы өзінен қызметі бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Педагогикалық ұжым басқарудың объектісі мен субъектісі ретінде
Психологиялық қарым-қатынас және оның құрамы
Оқу–тәрбие үдерісіндегі қарым–қатынастың өзекті мәселелері
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынастың психологиялық ерекшеліктері
Педагогикалық шеберліктің құрылымы
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың іскерлік қарым-қатынас тілін дамыту
Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас
КӘСІБИ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қазақстандық іскерлік журналистиканың қалыптасуын зерттеу
Пәндер