Шешім қабылдау психологиясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Шешім қабылдау психологиясы
* Шешім қабылдау басқару іс-әрекетінің маңызды құраушысы ретінде
* Шешім қабылдауға бейсананың әсері.
Шешім қабылдау барлық психологтармен дерлік басқарудың орталық сәті болып мойындалады. Сондықтан да осы критерий бойынша еңбек процесіндегі басты ролдер анықталады: басшының және бағынушының. Шешімді жоспарлауда (іздеу мен шешім қабылдау процессінде, сонымен қатар мақсаттарды, міндеттерді және оларға қол жеткізу құралдарын анықтау), ұйымдастыруда (шешім, әртүрлі ресурстар түрінің бірігуіне және адамдардың ортақ іс-әрекетіне бағытталған), мотивацияларды басқаруда, бақылауда және т.б. көрініс табады.
Шешім қабылдау -- бұл мәселені түсінуді, адекватты мақсаттарды бекіту және осы мақсатты іске асыру үшін құралдарды таңдауды болжайтын күрделі ой процессі. Өкінішке орай, айтылған бұл процесс сыртқы орта жағдайлары мен жоғарғы басшылардың қысымының салдарынан жиі жағдайда стихиалы түрде жүреді. Сондықтан до оның іске асырылуы күрделі жүреді. Профессор Л.Зайверт, уақытты рационалды қолдану неміс институтының жетекшісі көптеген менеджерлер келесілерді дұрыс көреді дейді:
* Дұрыс жұмыстар жасағанның орнына дұрыс жұмыс жасау;
* Шығармашылық альтернатива жасағанның орнына мәселелерді шешу;
* Қолданған құралдарды оптимизациялаудың орнына құралдарды жнақтау;
* Нәтижелерге қол жеткізгеннің орнына міндеттерді атқару;
* Пайданы арттырудың орнына шығындарды азайту.

Бұлардың барлығы -- дұрыс шешім қабылдамаудың нәтижесі. Дұрыс шешім қабылдамау неге мүмкін болады? Және - осы сынды басқарудағы есептен жаңылыс ықтималдылығын қалай төмендетуга болады? Бұны түсіну үшін, адамдардың психологиялық ерешеліктеріне көңіл аудару керек, яғни осы әрекет қандай психологиялық ерекшеліктің арқасында жүзеге асты.
Шешім қабылдауда адамның білімі, қызығушылығы, дүниетанымы көрініс табады және бір адамның ғана емес. Бұл процесстің маңызды ерекшелігін адамдар мен жағдайларға қарсы тұра алатын, күрделі, өзгермелі жағдайларда белгіленген мақсатты іске асыруды қолдап отыратын адамның еріктік мінезі құрайды. Бұл процесс қысқа уақыт аралығында басшыға көптеген әртүрлі бағыттағы шешімдерді қабылдауға тура келетінімен күрделенеді.
Шешім қабылдауды әр түрлі негіздер бойынша классификациялау қабылданған:
* Қамту аймағы бойынша (ортақ және жеке);
* Әрекет уақыты бойынша және болашақ шешімге әсер ету дәрежесі бойынша (жылдам, тактикалық және стратегиялық);
* Функционалды белгілері бойынша (шешім, жоспарлауды, ұйымдастыруды, мотивацияны, бақылауды шыңдауға арналған);
* Мазмұны бойынша (политикалық, техникалық, технологиялық);
* Жаңалық дәреже бойынша (екішілдікке негізделген, стандартты, шығармашылық, бірегей);
* Шешім қабылдау шешетін мәселенің анықтылық дәрежесіне байланысты (шешім, анықтылық шарттарында, тәуекел шарттарында қабылданған);
* Тұлғаның интелектуалы немесе эмоционалды-еріктік сферасына бағытталуы бойынша (интеллектуалды, еріктік, эмоционалды).

Интуитівті шешеім жактаушы мен қарсы анализінсіз шешімнің дұрыстығын сезу негізінде қабылданады. Интуитівті шешімнің үлесі жұмысқа жаңа қызметкерді қабылдауда жоғары: бұл жерде үміткердің дайындығы ғана емес, тәжрибесі және талаптарға сай келу де маңызды,
Прагматикалық бағдарланған шешім, бұл білімге, жинақталған тәжрибеге негізделген таңдау. Ең алдымен, мұндай тәсіл технологиялық шешімге сипатты.
Рационалды шешім өткен тәжрибеге байланысты емес, ол аналитикалық шешімге негізделеген. Мұндай көзқарас стратегиялық шешімдерде анықтаушы болуы крек.
Шындығында шешім қабылдау процесі кезінде барлық үш тәсіл де күшіне енеді, оның біреуі басым болып табылады. Сонымен қатар, басшы әр түрлі жағдайларды әр қилы әрекет етеді. Шешім қабылдауда тиісті анализ жүргізу үшін әрқашан толық ақпарат бола бермейді. Мұндай кезде істің барысына интуиция, сезім енеді, тіпті оған рационалды түсіндірулер болмаса да оқиғаның дұрыс жүрісін ойға салады. Мысалы, адам патенциалды серіктесімен қандайда бір келісімшартқа отырар алдында бір нәрсенің дұрыс еместігін сезеді, соның әсерінен келісім шартқа отырмауы мүмкін. Ал технологиялық шешім қабылдау процессі білім мен тәжрибеге негізделген, бірақ мұнда да интуативті шешімге орын бар. Стратегиялық таңдау рационалды тәсілді талап етеді. Ол шешім қабылдаушы адамның мотивациясы мен дұрыс ойына сүйенеді.
Шешім қабылдау жұмысы аз дегенде үш негізгі құраушыдан тұрады:
*
Тұлғалық (нақты топтың қызығушылығын ескере отырып, шешім қабылдаушы басшының мақсаттары мен ұйым мақсататын салыстыру);
*
Рәсімдік (нақты мәселелердің ағымды жағдайын анықтау, алда болатын өзгерстер дәрежесін анықтау, сонымен қатар олардың қарым-қатынасының үзілуін жеңіп шығатын іс-шара ұйымдастыру);
*
Технологиялық (нәтиже мен оның көрсеткішін анықтау, тәуекелге баруды болжау, ресурстарды іздеу және т.б.)

Стратегиялық шешім қабылдау кезінде қоғамға арналған миссияның қалыптасуын көрсететін интегративті құраушыны ескеру қажет.
Басшы сонымен қатар оптималды шешімді іздеу барысында коллективті де бұл іске тартуы мүмкін. Мұндай жағдайда әр түрлі жақтардың өзара әрекет етуі шешім қабылдаудың тиімділін жоғарлатады, ұйымшылдық артып, әлеуметтік-психологиялық климат жақсарады, еңбек процесі нәтижесіндегі тұлғаның өз еңбегіне қанағаттануы күшейеді, сонымен қатар қабылданған шешімге жауапкершілік бөлінеді. Көптеген психологтар соның ішінде К.Левин, топтық шешім қабылдау процессі анағұрлым тиімді деп есептейді.
Қазіргі уақытта басқару шешімдерін өңдеу тәсілдерінің көптеген түрлері жинақталған. Әртүрлі белгілер негіз болған 3. Янчан, М. Естрон, Г. Добров, В. Глюминский ұсынған шешім қабылдау тәсілдерінің классификациясы белгілі. Тәсілдердің үш класын В.Лисичкин атап көрсетті:
1. Жалпығылымдық ( логистикалық және эвристикалық сипаттағы тәсілдер - бақылау, тәжрибе, анализ, синтез, индукция, дедукция, экспертті бағалар, ойдың ұжымдық генерациясы);
2. Интерғылыми ( барлыған жалпылайтын сипатқа ие емес тәсілдер, бірақ әртүрлі іс-әрекет сфера объектілерінің кең шеңберінде қолданылады: математикалық статистика, моделдеу және т.б.);
3. Жеке (бір объектіге немесе білім саласына тән тәсілдер).
Көптеген ғалымдар сонымен қатар шешім қабылдауда қолданылған тәсілдерді қолданған аппараттың қалыптасу белгілерене қарай үш топқа бөледі:
1. Формальды тәсілдер (статистикалық, экономико-математикалық, сонымен қатар экономико-математикалық моделдер);
2. Эвристикалық тәсілдер ( аналогиялық және имитационды моделдеу тәсілдері);
3. Экспертті баға тәсілдері ( қазіргі уақытта кең қолданылатын тәсілдердің қатарына енеді). Күрделі объектілерді зерттеу барысында экспертті бағалар шартты анализ құралы немесе басқа тәсілдермен сәйкестендірілетін жеке дара тәсіл ретінде есептеледі.

Шешім қабылдау процессін қалай жүзеге асыру қажет - бұл менеджменттің міндеті. Басқару психологиясы бұл процесстің ішкі шарттарын ашуға, шешім қабылдаудың субъективті негізін ашуға ұмтылады. Ең алдымен, шешім қабылдау барлық психикалық функциялардың ( қарапайым сезім сияқты функциялардан бастап жоғарғы қабылдау, ес, ойлау, қиялдау функцияларына дейін) көмегімен жүзеге асады. Бұл функциялардың қалай жұмыс істейтіндігі жайлы келесі тараулардың бірінде айтылатын болады. Берілген тарауды ой процессінің бір аспектісін ғана анализдейміз - ойлау мәселенің шешімі ретінде. Айта кететіні , шешім қабылдау процессі психологиялық механизмдерге негізделуіне қарамастан ол анағұрлым күрделі процесс болып табылады.
К. К. Платонов ұсынған шешім қабылдау сызбасын қарастырайық. Этаптары сызбада көрсетілген кез келген ой әрекеті, қандай да бір мәселенің туындауынан пайда болады. Мәселені шешуді ой әрекеті аяқтайды. Дегенмен, табылған шешім жаңа ой әрекетінің немесе күрделі, ұзақ ойлау поцессінің бастауы болатын жаңа сұрақтарды туындатуы мүмкін. Қалыпты жағдайдағы адамның психикасы үшін мәселені шешу білім, біліктілік және тәжрибегебайланысты.

Бірақ В. А. Розанованың көрсетуі бойынша басқару міндеттері өзіне тән сипаттарға ие:
1. Міндеттер анықталмаған, кей жағдайларда қарама-қарсы сипатта болуы мүмкін;
2. Міндеттерде оны шешуге мүмкін болатын құралдар туралы ақпарат жеткілікті түрде болмауы;
3. Міндетті шешуде оған сәкес нақты шешім алгоритмінің болмауы;
4. Міндеттер жиі уақыт тапшылығы шартында шешіледі.

Американдық психологтар В. Врум және Ф. Йеттен шешім қабылдау кезіндегі басшының мінез-құлқына әсер ететін негізгі алты факторды бөліп көрсетті:
1. Басшы тұлғасының индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері (темперамент, міндет, қабілеттер), өмірлік тәжрибе, құндылықтарға бағытталуы.
2. Шешімнің құрылымы, мәселенің құрылымдық дәрежесі.
3. Индивидуалды шектеулер. Мынандай жағдайлар кездеседі, егер басқарушыға қызметкерлер білмейтін қосымша ақпаратты басқа жақтан іздестіру қажет болатын. Басқарушы бұл ақпараттың қаншалықты керектігін және ол ақпаратты алу қажет па жок па соны шешуі тиіс.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Басқару психологиясы ғылым ретінде
Менеджмент психологиясы бойынша дәрістер
Басқару психологиясының пәні мен әдістері
Менеджмент психологиясы
Кеңес беру психологиясы
«Саяси психология» пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Қылмыс оқиғасын қайта қалпына келтіру психологиясы
Басқару психологиясының негізгі түсініктері
Ұжым психологиясы мәселесі
Саяси психология саясаттану мамандықтарының студенттеріне арналған оқу құралы
Пәндер