ҚҰНДЫЛЫҚТАР ТАБИҒАТЫ ЖӘНЕ АДАМ МЕН ӘЛЕМ БОЛМЫСЫНДАҒЫ ОРНЫ

Құндылықтар мәселесі гуманитарлық ғылым салалары мен философияның ең басты зерттеу нысандарының бірі болғандықтан маңыздылыққа ие. Сондықтан да құндылықтардың мәнін пайымдау үшін құндылықтар болмысының бастапқы негізіне көз жүгірту керек. Жаңа дәуірде пайда болған құндылықтарға қатысты ғылым ұғымына қатысты қатаң көзқарас қалыптасқан және діни-дүниетанымдық қағидаттар өз пәрменділігін, айқындылығын жоғалтқан [1, 30 б.].
Орта ғасырдағы діни дүниетанымның құлдырауы барысында біртұтас әлемді қабылдау үрдісі және адамның әлемдегі өз орнын, тіршілігінің мәнін пайымдау толығымен жойылып, оның өз мінез-құлқын реттеудің ішкі және сыртқы ақиқатқа жатқызылу үрдісінен қол үзілді. Сондықтан да адамның рухани өмірінде пайда болған бостық әлем көрінісін, адамның дүниетанымын объективті және субъективті шынайылыққа негізделген ғылыми пайымдау қағидаттары тұрғысынан адамның ақылойы арқылы толықтырылады деген тұжырым жасалған.
Тек түрлі аксиологиялық ағымдар мен мектептердің өкілдері ұсынатын құндылықтар ұғымының өзімен танысқан кезде ғана құндылықтар теориясының қазіргі күйіне қатысты сын пікірлердің айтылуы айқын болады. Атап айтар болсақ, кейбір философиялық еңбектерде құндылық болуы тиіс нәрсе құбылыс ретінде ғана айқындалады. Америкалық психолог М. Рокич құндылықты адамның белгілі бір көзқараста болып, соған нық сенуін білдіреді деп, өз еңбегінде негіздемелері әралуан санаттар түрлерін ұсынады. Ал тағы да бір еңбегінде - құндылықтарға қоршаған орта объектілерінің спецификалық әлеуметтік анықтамалары ретінде түсініктемелер береді. Сонымен қатар, ақиқаттың белгілі бір құбылыстарының әлеуметтік және мәдени мәніне сілтеме жасау ретінде көрсетіледі.
Кей кездері құндылықтар әлеуметтікболмыстың бастапқы нысаны, әлеуметтік субъектінің әлеммен - табиғи және қоғамдық әлеммен (олардың құрамдас бөліктері өз кезегінде әлеуметтік біртұтас затты құрайды) де әрекеттесудің негізі ретінде қарастырылады, түсіндіріледі. Осы категорияны сипаттайтын осындай көзқарастар зерттелетін объекттің қасиеттерін нық анықтап, оның мәнін жете пайымдауға мүмкіндік бермейді. Құндылықтар туралы көптеген ұғымдар мен көріністердің ішінен бірқатар ортақ қасиеттерді атап өтуге болады. Оларды қысқаша тұжырымдайтын болсақ құндылық дегеніміз жеке тұлға үшін не бір топ тұлғалар үшін тиісті немесе идея ретінде мәні бар немесе екеуінің де қос жиынтығы ретіндегі нақтылықтың объектісі (затты немесе затты емес) ретінде сипатталады.
Алайда мәні бар деген ұғымның өзі нақты анықталған ұғым емес, сондықтан да құндылық ұғымы не болмаса кеңейтілген түсіндірмесінде беріледі. Не болмаса құндылық ұғымы тек экономикалық тұрғыдан қарастырылатын ұғым немесе адамның қажеттілігі ретінде түсіндіріледі. Құндылық ұғымының кеңейтілген түсіндірмесіне сәйкес құндылықтар дегеніміз адамдарды құндылықтар үшін әрекет етуге итермелейтін белгілі бір идеалды болмыстар. Жеткілікті негіздемелерсіз құндылықтар категориясын дәріптеушілік құндылықтарды нақты әлемдегі онтологиялық негіздерден айырады, олардың табиғатын және шынайылылықпен объективті себеп-салдарлы байланыстарын анықтауға, адам мен қоғамның мінез-құлқында уәждемелеуге кедергі туғызады. Құндылықтарды олардың тек экономикалық пайдалылық тұрғысынан ғана пайымдау оның асқан рухани сипатынан айырады.
Оларды адам қажеттіліктерін қанағаттандырудың пайдакүнем құралдары арқылы адамның іс-әрекетінің белгілі бір функционалды реттеу тетіктеріне айналдырады. Құндылықтарды әрқалай түсінуге байланысты әдетте құндылықтар туралы әңгімелер әрбір адамға құндылық, игілік деген не екендігі алдын ала белгілі болатындай етіп түсіндіріледі. Бұл феноменді кезінде Платон да атап өткен болатын. Ол игілік туралы пайымдағанда ... бізге игіліктің не екендігін түсінбейтін адамдар секілді сөгіс айтады. Өздері бізге игіліктің не екендігін білетін адамдармен сөйлескендей қатынас танытады да игілік деп жақсы нәрселерді атайды, олар игілік деп жиі айта берген жағдайда біз олардың не айтып тұрғандығын бірден аңғарып кететіндей деп айтқан болатын [2, 34 б.].
Құндылық категориясын және жалпы құндылықтар теориясын пайымдау күйіне жасалған талдауды аяқтап, осы философиялық проблематиканың өте белсенді әзірленуі құндылық ұғымының мәнін анықтаудан бастап философиялық дискурстың жалпы құрылымында да аксиологияның орнын аңғаруға, философиялық дискурстың құрылымын әзірлеуге қатысты аса жемісті көзқарасты табуға дейін осында басым болған әдіснамалық және теориялық сәйкессіздікті жоюға әкеліп соқтырған жоқ екендігін аңғару керек [3, 25 б.].
Құндылық - жаңа философияның да бастапқы кезеңі. Ресейлік философ Л. Шестовтың философиясына назар аудару құндылықтар мәселесіндегі әдіснамалық және теориялық әралуандылықтың себебін түсінуге тырысады. Бір жағынан адам үшін пайдалы, не болмаса жағымды нәрсенің яғни, адамды болмыспен көрінбейтін желі байланыстыратыны маңыды болады. Екінші жағынан - адамның іс-әрекетінің Жақсылық пен Жамандық туралы көріністермен байланысы және осындайда туындайтын белгілі нысан бойынша әрекет ету қажеттілігі туралы. Сондықтан да құндылықтардың табиғаты әртүрлі, олар: экзистенционалды және метафизикалық табиғат, екеуінің де табиғаты Канттың ілімінде сипатталған [4, 68 б.].
Сондай-ақ, құндылықтарға қатысты екі: экзистенционалды және метафизикалық көзқарастар қалыптасқан. Этикалық көзқарастың негізінде Жақсылық пен Жамандық ұғымдары қаланған және соның шеңберінде адамның құндылықтарға, сол құндылықтарға иелік ету жөніндегі мінез-құлқын сипаттайтын өз-өзіне жеткілікті болмыстар болып табылады [5, 84 б.].
Кант пен Гегель еңбектеріне жасалған талдау өздігінен құнды іс-әрекеттер тек шынайы тұлғаға ғана тән екендігін көрсетті. Ресейлік философ Н. Бердяев өзінің тұлға туралы ілімінде тұлғаның негізгі қасиеттері туралы былай деп айтқан: Тұлға - табиғаттың емес, рух категориясы және ол табиғат пен қоғамға бағынбайды. Оның пайымдауынша тұлға табиғат пен қоғамның бір бөлігі және қандай да болмасын біртұтас заттың бір бөлігі ретінде қарастырылуы мүмкін емес. Экзистенциалды философия, адамның экзистенциалды әлемнің негізі ретінде тұлға қоғамның бір бөлігі емес. Керісінше, қоғам тұлғаның бір бөлігі, тек оның әлеуметтік жағы ғана.
Тұлға дегеніміз бүтін субъект, ол бір субъекттің бір бөлігі бола алмайды. Экзистенциалды философия үшін адамда табиғи қасиеттердің бар болуына қарамастан адам тұлғасының ерекше табиғи болмыстан тыс мәні бар. Жеке тұлға затқа қарама-қайшы ұғым, ол объектілер әлемінемүлде қайшы келетін белсенді субъект, әлем субстанциясының экзистенционалды орталығы. Аксиологиялық, бағалаушы сипаттағы объект. Аксиологиялық, баға беруші сипаттағы субстанция. Адамның міндеті - Тұлға болу - Адамның бүкіл күрделі рухани-жан сезім - тәндік құрамы бірыңғай субъект болып табылады. Тұлға үшін мәні бар құбылыс - тұлға болмысынан тыс субстанцияның, яғни өзінің бір саты жоғары тұратын субстанция болуы өте маңызды. Егер де тұлғадан биік тұратын болмыс болмаса тұлғаның өзін де тұлға ретінде қалыптасты деп айта алмаймыз. Сол кезде тек ру мен қоғамға бағынышты индивидум ұғымы ғана болары сөзсіз, сол кезде табиғат адам болмысынан биік, адам тек табиғаттың бір бөлігіне ғана айналады. Ресми білім беру жүйесінде нарық талаптарына сәйкес техникалық және басқару дағдыларына, икемділіктеріне мән беріледі. Сол арқылы дәстүрлі академиялық пәндер шеттетіледі. Ақпараттық технологиялар ақпараттың қарқынды түрде берілуіне қарамай, олардың маңызды бір бөлігінің пайдасы шамалы болып келеді. Қазіргі әлемде адам құқығын қорғау аясында қос стандарттар орын алған, бұл батыс мемлекеттерінің сыртқы саясатта өздеріне пайдалы кезде ғана қолданыс табатын құралына айналды. Сонда жаһанданудың жағымсыз жақтарымен қалай күресу қажет? Саяси ғылымдар докторы Зұлпыхар Гаипов оған қарсы тұрар күш - ұлттық мәдениет деп санайды [6, 32 б.].
Біздегі кейбір ұлтшылдардың қазақ құрып бара жатыр деген ешбір дәлелсіз байбаламдары қарапайым халықты уайымға салып қояды. Сол арқылы қоғамдық сана қалыптасып жатыр. Бүгінде қазақтың ұлттық мәдениеті, тілі мен дініне қара аспанды төндірудің қажеті жоқ. Қазақ қазақ болғалы басынан небір нәубетті жылдар өтті. Қазақ - аласапыран жылдарда да ұлттық құндылықтары жойылмай сақталып келе жатқан бірден бір ұлт. Атырау мен Алтайдың, Қызылжар мен Түркістанның қазақтары ешбір диалектісіз сөйлейді. Ал көрші Өзбекстанның оңтүстігі мен солтүстігі өзбек тілінде сөйлессе де, бір-бірін түсінбейді. Шағын ғана жері бар Қырғызстанның бүгінде оңтүстік пен солтүстік болып қырқысып жатқанын көріп отыр. Бұл жағынан салыстырып қарағанда, Қазақстанда ауызбіршілік те, өзара түсіністік те бар.
Ең бастысы - тіліміз бен дініміз таза. Қазір қазақ тілін дамыту үшін деп ұрандататындар бар. Қазақтың тілі - атам заманнан бері дамып, кемелденген тіл. Сондықтан тіліміз ешқашан өлмейді, жойылмайды. Жаһандануға қарсы тұруға қауқар боларлық күш - ұлттық мәдениет. Бұл тұрғыда елімізде Мәдени мұра бағдарламасы, Рухани жанғыру аясында көптеген шаруа атқарылды. Әлі де атқарылып жатыр. Ұлттық мәдениетті сақтай отырып, рухани жаңаруға ұмтылуда Жапонияның тәжірибесіне сүйенгеніміз дұрыс болар еді. Жапония десе, кез келген адамның көз алдына кимоно, самурайлардың қылышы және керамика елестейді. Дәл осылай бүкіл әлем қазақ дегенде, қымыз, ұлттық киімдеріміз, ұлттық ойындарымызды елестететіндей болуымыз керек қой. Мысалы, Жапонияда ұлттық киімдерді тігетін шеберлерге мемлекет тарапынан арнайы гранттар бөлінеді. Яғни қарапайым іскерлерді ынталандырып отырады. Бізде де мемлекет тарапынан үлкен қолдау болып жатса, ұлттық құндылықтарымызды заманауи үлгіде жаңғыртуға әбден болады.
Әрине, З. Гаиповтың қазақ тілінің патриоттарын ұлтшыл деп атаған пікірін құп алмаймыз, алайда ұлттық мәдениет туралы ойы көңілге қонымды екендігін атап өткен жөн [7, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz