Көнетүркі жазба ескерткіштерінің таралуы мен зерттелуі
Куракбаев Максат, Археология және этнология. Магистратура 1курс.
Семинар №13. Түркілердің руна жазуы. Көнетүркі жазба ескерткіштерінің таралуы мен зерттелуі.
Түрік әлеміне рухани қажеттілік керек, біз оны сактардың, ғұндардың материалдық мәдениетінен іздейміз. Ал, жазба деректері түріктердің тек тарихы ғана емес, сонымен қатар мәдениетін толықтай зерттеуге мүмкіншілік береді. Түрік елдерін ерте орта ғасырларда әлемге танытқан олардың ерлікке толы мәрт мінезі, батырлық әфсаналары мен жырлары, жазу мәдениеті, тәңіршілдік дүниетанымы, балбал тастары болды. Қашанда ұлы дала тұрғындарына тән берік және жасампаз рух бұл дәуірде өзге елдерге үлгі шашты болды. Рухани мәдениет түрік тілінің, әдебиеттің, дүниетанымының, салт-ғұрпының Еуразиялық әлемге тарауына жол ашты. Екінші жағынан Еуразиялық құрылықтың негізгі бөлігін біріктірген алып түрік мемлекеттері, олардың берік шаруашылық-әлеуметтік негізі рухани мәдениеттің серпілісін туғызды. Оның ішінде көне түріктердің жазу мәдениетінің алатын орны ерекше.
Түріктердің жазуы туралы ең алғашқы мәліменттерді қытай деректерінен кездестіре аламыз. Негізінен түрік жазуының пайда болған уақыты V ғасыр деп есептеледі. Ал нақтырақ айтқанда түріктер I V ғасырдың екінші жартысында өзі жазуларын кең ауқымды қолданған. Түріктер басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасағанда өзі жазуларын қолданғаны жайлы көптеген мәліменттер бар. Мысалға алғанда Византия императорына түрік елшісі қағанның жазған хатын алып барған. Мұны Менандр Протектор өз естелегінде көрсеткен. Жалпылама ерте орта ғасырда алғанда түріктердің төл жазуы және алфавиті болған. Әр рулардың таңбалары негізінен жасалған алфавиттік құрамында 35 әріп бар. Ал көне түрік жазуы - рунанемесе сына жазуы деп аталған. Көне түрік жазуының ескерткіштері Орталық Азия аумағында көп табылған. Олардың ішіндегі ең белгісі Солтүстік Моңғолия жеріндегі Орхон, Селенга, Толы өзендерінің табылған тастағы жазулар. Бұл тастарда түріктердің атақты билеушісі мен ақылгөйлері Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құрметіне арналып жазылған руна жазулары сақталған. Ал Қазақстан аумағында Талас, Іле өзендерінің аңғарынан да көне түрік жазуының ескерткіштері табылған.
Түріктің жазба ескеткіштерінің көп кездесетін жері - Сібір өлкесі Енесей өзені бойы. Жазулар құлпытастарға, қыш пен металдарға және басқа да заттарға қашалып жазылған. Осыдан шығатын қорытынды, VII - IX ғасырлар аралығында Қазақстан аумағында ортағасырлық ортағасырлық мемлекеттерде көне руналық түрік жазуы қолданылу аясы біршама зор болған. Түрік руна жазбалары - бұл ұғым тюркологиямен айналысатын адамдардың бәріне таныс. Бірақ барлығы қазіргі ғылымда жиі естілетін руна, рунология сөздерінің қандай мағына беретінің ағара қоймайды. Руна әріп және белгі дегенгі білдірмейді. Оны - құпия және белгісіз сөздерімен ұштастыруға болды. Руна сөзі - латыннын арканум (мысалға Таро арқаны) немесе грекше мисmерион (мистерия) сөздерінің аналогы. Бұл мәліметтер руна сөзінің мағынасы туралы құнды дәлелдер береді. Руналар - ежелгі герман әліпбиінің белгілері (II в. кейінгі ортағасырға дейін), Скандинавия, Исландия, Гренландия, Англия, Солтүстік Европа, Солтүстік Причерноморье, Ескі Ладога және Новгород елді-мекендеріндегі тастардағы, металлдардағы, ағаштардағы, сүйектердегі қаушаулар, белгілер. Руналардың нақты шығу тегі бүгінгі күнге дейін анықталмаған. Норвеж ғалымы К. Марстрандердың ойынша рунадар солтүстік италийлік әліпбидің модификациясы болып табылады.
Руна жазбалары футарк көбінесе бір немесе бірнеше сөздерден тұрады. Мысалы, зат есім, қабылдану немесе магиялық брактеатта алтыннан жасалған дөңгелек ілгіш сиқырлау. Бірнеше жолдардан тұратын жазулар сирек кездеседі. Ертедегі түрік жазуын тұңғыш рет ХҮІІІ ғасырдың 20-жылдарында І Петрде қызмет атқарған неміс ғалымы Д.Мессершмидт пен оған еріп жүрген шведтің тұтқын офицері И.Страленберг Енисей аңғарында ашты. Олар Скандинвияның руналық жазуымен ұқсастығына қарап, оны руналық жазу деп атады. Атау онша дәл болмағанымен, қолайлы болып шықты және ғылымда осы атау орнығып қалды.
1889 жылы Н.М.Ядринцев Солтүстік Моңғолияда, Орхон өзенінің аңғарынан руна жазулары бар орасан зор құлыптастарды тапты. Табылған тексті оқудың бірінші болып кілтін тапқан дат ғалымы В.Томсен және жазбаларды алғаш рет оқыған орыс түркологы В.В.Радлов болды. Негізгі ескерткіштердің табылған жері бойынша жазу орхон-енисей жазуы деп атала бастады, ал басқа белгілері тілі және жазылу сипаты бойынша ол ертедегі түріктердің руналық жазуы деп аталып кеткен. Руналық жазулардың барлық табылған ескерткіштері ішінде Солтүстік моңғолияның негізінен алғанда Орхон, Тола және Селенге өзендерінің аңғарларында шоғырланған ескерткіштері ең ірілері болып отыр. Олардың бәрі екінші Түрік қағанаты 689-744 жж. және Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты 745-840 жж. дәуірінде орнатылған. Ең әйгілері - Бірге-қаған мен оның інісі, қолбасшы Күл-тегіннің құрметіне 732-735 жылдары тұрғызылған ескерткіштер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz