Қазақстан Республикасы кеден ісі негіздері


ЖОСПАР
1 ТАРАУ. Қазақстан Республикасы кеден ісі негіздері.
1. 1. Кеден ісінің пайда болуы мен дамуының қысқаша тарихы.
1. 2 ҚР кеден заңдылықтарының қалыптасуы.
1. 3 Қазақстан Республикасының кеден ісі мен кеден саясаты.
1. 4. Қазақстан Республикасы Кеден оргаңдарының құрылымы,
міндеті мен мақсаттары
1. 5. ҚР кеден ісінде қолданылатын негізгі атаулар мен ұғымдар.
2- ТАРАУ. ҚР кеден органдарының экономикалық қызметтері.
2. 1. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік кедендік-тарифтік реттеу, оның негізгі элементтері
2. 2. Сыртқы экономикалық қызметті бейтарифтік реттеу шаралары.
2 4. Тауарлардың кедендік құны және оларды анықтау әдістері
3 -ТАРАУ. Кеден төлемдері.
3. 1 ҚР кеден төлемдері мен баждары, оларды есептеу әдістері.
3. 2. Салықтар, қосылған құн салығы және акциздер.
1 ТАРАУ. Қазақстан Республикасы кеден ісі негіздері.
1. 1. Кеден ісінің пайда болуы мен дамуының қысқаша тарихы.
Сыртқы сауда байланыстары туралы алғашқы жазбаша мәліметтер Ежелгі Египеттің алтыны династиясы ескерткіштерінде сақталған. Сол кезде Египет копестері Фин қалаларымен және жетісу /Двуречья/ мемлекеттерімен сауда қатынастарда болтан.
Көпес керуендерінің жолда үзақ жүруі айтарлықтай қауіп-қатерлі болғандықтар және тоналып қалмас үшін олар қазіргі кеден баждарына сияқты алым-салық төлем құтылған.
Ал енді құл иеленуші дәуірінде мемлекеттік аппаратты сақтап қалу үшін түрлі алымдар мен салықтар, оның ішінде тауарларды шекарадан өткізгені үшін алынған. Көпес керуендері үшін тауарларды тасымалдау ұзақ мерзімге созылатындықтан, жолда бірнеше рет тоқтауға тура келеді. Сондықтан тұрақтайтын жерлерде тауарларды орналастыратын қойма. Орындарын пайдаланғаны үшін де түрлі алымдар төленген.
Ежелгі Грецияда әкелінген тауарлардан оның құнының 1/10 бөлігін құрайтын кеден баждары алынатын болған. Кейінірнек, кеден баждарының мөлшері әкелінетін тауар бағасының 1/20 бөлігінен 1/100 бөлігіне дейін азайтылады. Бұл гректердің сауданы дамытып табыс табу әрекетімен түсіндіріледі. Дәл осындай мақсатпен Аттикедегі 6 мыңдай шетелдіктер кеден баждарынан босатылады.
Біздің жыл санауымызға дейінгі III-ғасырда Карфагенде кеден баждары мемлекеттік кірістің қомақты көзі болған, бұл Риммен соғысты ойдағыдай жүргізуге мүмкіндік береді.
Ежелгі Римде әкелінген тауарлардан портормумдар деп аталатын кеден баждары алынған. Сонымен бірге шекара баждары, /су/ өзен рынок алымдары болған. Кеден баждарының мөлшері әкелінген тауар бағасының 1/40 бөлігінен 1/10 бөлігіне дейін өзгеріп отырған.
Римде баждарды публикандар деп аталатын салт аттылар жинаған. Олар өз мүдделері үшін баждарды барынша көп өндіріп алуға тырысады. Ежелгі Рим ішкі заңдылықтарымен бірге басқада халықаралық - құқықтық құжаттардың кедендік нормалары бекітіледі. Мысалы, біздің жыл санауымызға дейінгі 509 және 348 ж. ж. риммен Карфаген арасында татулық туралы трактаттарда Карфагандықтар мен Рим саудагерлерінің қаржылық құқықтары бекітілген болатын.
Феодалдық бытыраңқылық құрған көптеген шекаралар саудагерлерден кеден баждарын төлеуді талап етуге тырысады. Бұл сауданы дамыту барысындағы кедергі болғандықтан Европа мемлекеттерінің кеден саясатында жалпыға бірдей баждар жүйесін жасау қажеттігі туралы айқыңдама басым бола бастады/ 1707ж. Англия мен Шотландия және 1823ж. Англия мен Ирландия арасындағы шекараларында кедендер жойылған болатын, 1790ж. дейін Францияда ішкі кеден тосқауылдары жоқ болды, ал Германия кеден бірлестіктері 1888ж. дейін созылды.
XV-XVІІІ-ғасырларда феодалдық Европа мемлекеттері экономикалык саясатының негізгі меркантелизм немесе монетаризм болды. Монетаризм - қоғамдық байлықтың өлшемі /тауар немесе алтын емес/ тек ақша екендігін білдіретін айқындама.
Өз тауарөндірушілер мен кәсіпкерлерін табыспен қамтамасыз ету үшін кеден формальдықтарын жүзеге асыру барысында мемлекет әдейі кейбір кедергілер жасаған. Мысалы, бірінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында Австрия- Венгрия бекіткен кеден формалдылықтарын орындаудағы қағидалары Сербиядан алып келінген көп шошқалардың кеден бекеттерінде өліп қалуына әкелген. Осындай қиыншылықтарды жеңу үшін көп жылғы пікірталастардан кейін мемлекет 1928ж. Женевада кеден формальдылықтарын оңайлату туралы Конвенция қабылдауға шешім қабылдайды. Осы Конвенция текстінің астына 21 мемлекет өз қолдарын қояды. Конвенцияда бір-біріне көрші мемлекеттер Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларды тексеріп өткізетін бірлескен инспекциялық комиссия құруды қарастырды.
Россияда кеден ісінің пайда болуы мен дамуы I Петр дәуірінен басталады. Орыс тілінде пайдаланып жүрген «таможня» сөзі ежелгі түрік тілдес халықтарының «тамға» деген сөзінен шыққан. Бұрынғы көшпелі түркі халқының тайпалары мен рулары жеке меншік заттарына, мал мүлкіне белгі ретінде таңба салып отырған. Кейінірек ол ақсүйектер тегінің мөрі ретінде қолданылады. XIII-XV-ғасырларда Русьте «таңба» сөзі «тамға» сөзіне айналып, таңбаланған заттардан алынатын салық мағынасын білдіре бастады. Осы процесс «тамжить» салық алынатын орын «таможня» деген атауға ие болады.
Феодалдық Қазақстанда кеден саласын реттейтін нормативті құжаттар болмаған. Дегенмен, кеден қызметіне байланысты атаулар мен ұғымдар анықталған. Мысалы, кеден баждары мен оның өндіріп алу әдісіне байланысты түрлері: арнайы және тауар бағасына байланысты кеден баждары, ал төлету объектілері бойынша импорттық, экспорттық және транзиттік баждар т. б.
Алғашқы кеден органдары мен кеден тарифтері 1850 жылдары пайда болып, 1857, 1858 жылдары жаңартылады. 1892 Жылы кеден ісі туралы қатынастарды реттейтін алғашғы кеден ісі туралы кодекс дүниеге келеді. Онда контрабанда және кеден тәртібін бұзғаны үшін қолданылатын шаралар белгіленеді.
Кеден ісінің одан әрі дамуы нәтижесінде кеден iciнің алғашқы жарғылары 1904, 1910 жылдары қабылданады.
Кеңес үкіметі дәуірінде кеден ісін реттейтін құжат 1918 жылдың мамырынды қабылданады. ХКК /СНК/ РСФСР 1920Ж. қараша айында «Импорт, экспорт тауарын қабыддау, сақтау, босату тәртібі туралы» декрет шығарады. Бұл 1924 жылғы Совет Одағы Кеден кодексін қабылдауға негіз болды. ХКК /СНК/ өзінің декретімен «Жергілікті кеден мекемелері туралы уақытша қағидалар» бекітеді. 1922ж. ССРО сыртқы сауда Халық Комиссариаты Бас Кеден басқармасының 80 кругі құрамына 283 жергілікті мекемелер кірген, оның ішінде Семипалатинск және Туркестан болған. 1925ж. жергілікті кеден аппаратын қайта ұйымдастыру нәтижесінде Совет Одағы территориясында 11 аудандық кеден басқармалары құрылды, оның ішінде Зайсан және Алматы болатын. Бұл өзгеріс 1928ж. Кеден кодексі қабылданғанға дейін орын алды. Осы кодекс тек 36 жыддан кейін 1964ж. жаңғыртылады. Кеден заңдылықтарын жаңартудағы мұндай ұзақ алшақтық әкімшілік - әміршілдік жүйенің үстемдігінінің, оның ішінде сыртқы саудадағы кедендік-құқықтың динамикалық реттеуді елемеудің нәтижесі болып табылады.
1964ж. қабылданған Совет Одағының Кеден кодексі Одақ деңгейінде орталықтандырылған сыртқы сауда байланыстарының ерекшеліктері бейнеледі, ал 1991ж. соңғы советтік Кеден Кодексі республикалар, оның ішінде Қазақстан биліктіліктеріне зиян келтіре отырып Кеден саласындағы жалпы одақтың орталық өкілеттілігін мейлінше көбейтеді.
Сонымен кеден Ресейде XIII ғасырда пайда болса, ал Қазақстанда совет дәуірінде ғана келген, 200 адамнан тұратын үш-ақ Кеден бар еді, олардың өзі де Мәскеуге бағынатын.
1. 2 ҚР кеден заңдылықтарының қалыптасуы.
Сыртқы экономикалық байланыстарды реттеудің тиімді механизмін құруда кедендік реттеу жүйесі үлкен роль атқарады.
Қазақстаңда рынок қатынастарының қалыптасуы, ұлттық экономиканың әлемдік экономикалық жүйеге кіруі кеден заңдылықтарын түбегейлі реформалауда қажет етеді.
Егемен Қазақстан кеден ісі саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін ең алғашқы заңдылық акт 1991 жылдың желтоқсанында қабылданған «Кеден тарифі мен бажы туралы» заң болатын. Бұл заң 1991ж. қабылданған соңғы советтік Кеден кодексімен бірге «ҚР кеден ісі туралы» заң күші бар жарлық күшіне енген дейін ұлттық кеден заңдылықтарының негізін қалады.
Кеден реттеудін келесі заңдылық акті - ол ҚР Министрлер кабинеті 1993ж. 19 ақпанда қабылданған қаулысы: «Тауарларды шекара арқылы өткізу тәртібі және оларда мәлімдеу туралы». Бұл қаулы ҚР Президентінің «ҚР экономиканы тұрақтандыру және рыноққа бейімделу кезеңінде СЭҚ ұйымдастыру туралы» 1992ж. 25 каңтардағы жарлығы негізінде қабыдцанған болатын.
Рынок экономикасын қалыптастыру барысында ҚР кеден ісінің дамуы - кеден заңдылықтарын тереңірек нақтылауды қажет етеді. Міне осындай қажеттілік ҚР Президентінің заң күші бар жарлығын қабылдауға негіз болды. Бүл 1995ж. 20 шілдеде қабылданған кеден кодексі - негізгі бас құжат болып табылады. Оған өзгерістер мен толықтырулар үнемі енгізіліп отырады. Ең соңғысы 1999 шілдеде орын алды. Кеден ісі туралы көптеген заңдылық актілерге: «Валюталық реттеу туралы» ҚР заңына 1995ж. 20 шілдеде №2370; «ҚР ұлттық банкі туралы 1995ж. 30 наурызда №2155; «Лицензиялау туралы» 1995ж. 17 сәуірде №2200; «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы 1995ж. 24 сәуірде толықтырулар мен өзгерістер енгізілді /2001/.
Сонымен кеден ісі мәселелерін тура және жанама реттейтін Үкімет қаулылары, ережелері мен бұйрықтары рет ретімен шығарылып отырады. Бұған 1995ж. 26 қыркүйекте қабылданған. «Кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібі туралы» нұсқау /№127П/; 1995ж. 26 қазандағы «Кеден баждарын бөліп - бөліп төлеу немесе кейінге қалдыру туралы» нұсқау /№117П/; «ҚР кеден органы жұмыстарын жетілдіру шаралары туралы» қаулы 12 қыркүйек 1996ж. ; 1996 12 сәуірде қабылданған еркін қоймалар туралы ережелер №85П т. б. мысал бола алады.
Әрбір тәуелсіз мемлекет кеден мәселелерін ішкі заңдылықтарымен біржақты реттей алады. Дегенмен кеден саясатының халықаралық маңызы белгілі болғандықтан бұл мәселелер келесімдік реттеулер арқылы шешіледі. Егер мемлекет кеден мәселелерін шешу барысында басқа елдердің мүдделерін еске алмаса немесе оларға зиян келтіретін кеден саясатын жүргізсе, снда халықаралық қатынастарды және сыртқы экономикалық байланыстарды қиындататын «Кеден соғысы» пайда болады. Кеден саласындағы халықаралық құқықтық ынтымақтастықтың қажеттігі - халықаралық сауданың дамуына кедергі жасайтын қазіргі кездездегі Кеден тарифтерін жүзеге асыру барысындағы көптеген Кеден формадылықтарының қиындықтарымен де байланысты.
«Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Заңды Кеден ісі саласындағы халықаралық ынтамақтастыққа.
Қазақстанның белсенді ұмтылуы атап көрсетілген.
«Халықаралық экономикаиық интеграцияны дамыту мен нығайту мақсатында Қазакстан Республикасы басқа мемлекеттермен Кеден одақтарын, еркін сауда аймақтарын құрады, халықаралық құқық нормаларына сәйкес кеден мәселелері бойынша келісімдер жасайды» /4 бап/.
Кеден саласындағы Қазақстанның халықаралық құқықтық ынтымақтастығы негізгі үш бағыт бойынша дамиды:
1. ТМД елдерімен әрекеттестік;
2. Алыс шетел елдерімен ынтымақтастық
3. Халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтамақтастық ТМД елдерімен әрекеттестікте 1992ж. 13наурызда қол қойылған кеден саясатының принциптері туралы келісімнің және экономимкалық одақ құру туралы /1993ж. / Келісім - шарттың маңызы үлкен. ТМД мүше елдердің Кеден қызметін басқарушылар Кеңесі құрылып өз жұмысына кірісті.
«Алыс шетел» еддерімен ынтымақтастық жөнінде сыртқы сауданы дамытудың саяси және идеологиялык кейбір кедергілері жойылды. Басым бағыттардың бірі Европалық Одақ пен байланыстың дамуы болып табылады. Кеден саласында Шығыс Европа елдерімен және көптеген дамушы мемлекеттермен әрекеттестіктің жаңа формалары пайда болады. Халықаралық ұйымдар арқылы шетелдермен және олардың Кеден қызметтерімен ынтамақтастықтар едәуір нәтижеге жетті. 1992ж. бастап Қазақстан Бүкіл-әлемдік Кеден ұйымымен мүшесі болды.
Қазақстан кеден заңдылықтарында халықаралық келісім-шарттары мен Республиканың ішкі құқық актілерінің ара қатынасы белгіленген. «Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы жарлықтың 5 бабында: Егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында осы жарлықта көзделгендегіден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады» делінген.
Ішкі заңдылықтардьщ халықаралық шарттар қағидаларына сәйкессіздігін болдырмауға кеден саласында қабылданатын нормативті актілерді алдын-ала бақылау жәрдемдеседі. Егер келісілетін халықаралық шартпен бұрын қабылданып қойған нормативті акт арасында айырмашылық болса, онда ішкі заңдылыққа өзгерістер енгізілуі керек. Сыртқы сауда айналымының дамуы, туристік алмасу, гуманитарлық байланыс кеден заңдылықтарын жүйеге келтіру жөніндегі жұмыстар жүргізуді қажет етеді.
Кеден ережелерін жүйеге келтірудің негізгі құралдары:
1. Көпжақты халықаралык келісімдер.
2. Халықаралық ұйымдардын кепілдемелері Унификациялау нормалары - ұлттық кеден заңдары мен т. б. норматив-актілердің мазмұнының біркелкілігін қамтамасыз етуі талап етеді.
Бұларға жататындар:
1. Құжаттардың бірыңғай формалары мен кеденді ресімдеудің бірыңғай ережелерін бекітетін нормалар;
2. Кедендік бақылау әдістерінің, формаларының және түрлерінің біркелкілігін белгілейтін нормалар.
3. Әр түрлі заттарды шығарудың бірыңғай квоталарі көрсетілген нормалар.
4. Маңызды кеден терминдерінің біркелкі анықтамалары енгізілген нормалар.
Кеден құқығы жүйесін құрылымының негізгі принциптегі конституциялық пен заңдылық болып табылады. Конституция Қазақстан Республикасы Конституциясында бекітілген кұқық қайнар көздеріне кедендік реттеудің негізгі принциптерінің қатар сәйкестігін бейнелейді. Заңдалақ - нормативті актілердің қабылданған заңдарға міндетті түрде сәйкестігін білдіреді.
Қазақстан Республикасының негізгі құқықтық акттері:
1. Нормативті актілер /заңды және заңдылық актілер/. Нормативті актілер кеден құқығының реттеу функциясын нақты көрсетеді.
2. Құқықтық әдет-ғұрыптар;
3. Халықаралық келісімдер мен шарттар; Заңдардың ішінен кейбіреулерін атап көрсетуге болады:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Кеден заңдары;
- Жеке кедендік - құқықтық нормалары бар заңдар; Кеден құқығының ең басты қайнар көзі «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» заң болып табылады.
Кедендік қатынастарды реттеу механизінде бұл заңдылық акттың алатын орны ерекше. Бұл құжат құқықтық негіз болғандықтан, соған қарап барлық кеден заңдылықтары құрастырылады және дамиды. Кейбір кедендік - құқықтық нормалар басқа заңдарда да бар. Шығарған органдарға байланысты заңдылық актілердің түрлері:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары мен өкімдері;
2. Қазақстан Республикасының үкіметінің қаулылары мен өкімдері;
3. Бірнеше мемлекет органдарының бірлесе отырып қабылдаған кеден ісі саласы бойынша заңдылық актілері.
4. Қазақстан Кеден Комитеті және басқа атқарушы өкімет Орталық органдары қабылдаған заңдылық актілер.
Актілердің ең бірінші тобын Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті жарлығы құрайды.
Қазақстан Президентінің нормотворчестволық қызметінің жандануы 1992-1995ж. ж. аралығы болатын. Бұл кезеңде Президенттік жарлықтар кедендік қатынастарды реттеу ролін атқарады. Мысалы Қазақстан Республикасы Президентінің 1992ж. 28 қазандағы «Уақытша импорт тарифі туралы» Жарлығы, Президенттің 1994ж. 24 ақпандағы «Қазақстан Республикасының импорт және экспорт тауарларына кеден тарифтері ставкаларын ішін-ара өзгерту туралы» Жарлығын т. б. келтіруге болады.
Актілердің екінші тобына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары жатады. Үкімет қаулылары арқылы кеден саясатының ең маңызды мәселелері реттеледі /ҚР Министрлер Кабинетінің 1993ж. 16 ақпандағы «ҚР кеден шекарасы арқылы тауарлар мен мүліктерді өткізу тәртібі туралы» қаулысы, ҚР Үкіметінің 1996ж. 31 желтоқсандағы «ҚР кеден шекарасы арқылы жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі туралы» Қаулысы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995ж. 7 қарашадағы №1479 «Кеден төлемдерінің ставкалары туралы» қаулысы т. б. /
Бірнеше мемлекеттік органдардың бірігіп қабылдаған заңдылық актілері үшінші топқа кіреді. Мысалы, Қаржы Министрлігі Бас салық инспекциясы мен Кеден Комитетінің 1995ж. 25 қыркүйектегі «Әкелінген тауарлардан қосылған құн салығын есептеу және төлету туралы» инструкциясы.
Төртінші топта көбіне Қазақстан Республикасынын Кеден Комитеті қабылдайтын ведомстволық және Заңдылық актілер. Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы Жарлықтың 203 бабына сәйкес ҚР Кеден Комитетінің №2366 бұйрығымен «Қызыл» және «Жасыл» коридорлар жүйесі туралы қағида 1996ж. 24 қыркүйегінде бекітілді. «Жасыл коридор - бұл кедендік бақылау залында орнатылған Кедеңдік бақылаумен Қазақстан Республикасында өткізудің кеден органдары белгілеген тәртібі. Қазақстан Республикасына әкелуге тиым салынған немесе шектелген тауарлары жоқ адамдар Кеден декларациясын толтырмай-ақ «Жасыл» өткелдер арқылы жіберіледі. «Қызыл коридор» - Бұл Қазақстан Республикасына келген жеке тұлғаларды ҚР кеден заңдылықтарын сақтауды қамтамасыз ету, кедендік бақылаудың барлық формаларын қолдану арқылы өткізудің кеден органдары белгілеген тәртібі.
1. 3 Қазақстан Республикасының кеден ісі мен кеден саясаты.
Қазақстан Республикасының кеден ісін ҚР кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу, кеден төлемдерін мен салықтарын өндіріп алу, кедендік ресімдеу, кедендік бақылау шарттары мен тәртібін және кеден саясатын жүзеге асыру жолдарын сонымен бірге ҚР кеден органдарының құқықтық - ұйымдық негіздерін құрайды. Сыртқы экономикалық қызмет шеңберінде Қазақстан Қазақстан Рспубликасы кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен мүліктер, бекітілген үлгідегі кедендік жүк декларациясын ҚР кеден органдарына беру арқылы міндетті түрде мәлімденуге жатады. Мәлімдеуді сыртқы қызметке қатысушы өзі жүргізеді немесе кеден құжаттарын ресімдеу жөнінде ҚР кеден Комитеті белгілеген тәртіппен рұқсат алған ұйымдармен келісе алады. Мәліметтерді толтыру жауапкершілікпен қаралуы тиіс, себебі бұлар сыртқы экономикалық қызметтің мемлекеттік статистикасын жүргізудің негізі болып табылады.
Кеден процедураларына жататындар: тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізу тәртібін сақтауға бақылау жүргізу, заттарды, құжаттарды қарау, кедендік жүк декларациясын толтыру дұрыстығын тексеру, Қазақстан Республикасының кеден мәселелері бойынша статистикалық есептеу органдарына статистикалық мәліметтер беру, кеңес беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Қазақстан Республикасына әкелу және одан әкетуте рұқсат етілмейтін заттардан басқа тауарларды сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар белгілі бір талаптарды орындаған жағдайларда Республика кеден шекарасы арқылы өткізе алады қойылатын талаптар:
- кедендік ресімдеу жүргізу;
- кедендік бақылаудан өту;
- тауарларды код арқылы белгілеу;
- кеден экспертизасынан өту;
- кеден төлемдері мен салықтарын төлеу;
- тарифтік емес реттеу шараларын орындау.
Әкелуге және әкетуге рұқсат етуге саны мен күні көрсетілген лицензиялар негізінде кеден мекемелері ҚР әкелінген және одан әкетілген тауарларды есептеп отырады.
Қазақстан Республикасының территориясы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің транзиттік тасымалдануының маңызы аз емес.
Транзиттік тауарлар мен көлік құралдары оған ҚР Мемлекеттік органы берген рұқсаты болып кеден процедуралары жүргізілген үшін төлемдер төленіп, тауарлардың мәлімденуі негізінде жүзеге асырылады.
Декларант кеден органдарымен бірігіп - мәлімдеудің қолайлы схемасын анықтайды. Тауарлар мен көлік құралдары декларант, кеден органы орналасқан жерде немесе кеден мекемесімен келіскен басқа -жерлерде кедендік, ресімдеуге ұсынылуы және мәлімденуі тиіс.
Мәліметтерді кедендік жүк декларациясында мәлімдеуде ҚР әкелінген немесе одан әкетілетін декларант кеден режимдерін өзі таңдап, ол туралы декларацияға белгі қояды.
Егер әрбір тауар партиясына бір ғана кеден режимі белгіленген болса, онда біреу-ақ кедендік жүк декларациясы толтырылады. Кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедеңдік бақылау азаматтардың заттарын қарап, құжаттарын тексеріп, кеден баждарын төлету арқылы жүзеге асырылады. Кедендік бақылауды жүзеге асыру барысындағы Кеден қызметтерінің құқығы:
а/ кеден декларациясында жазылған мәліметтерді тексеру;
б/ кедендік бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша азаматтарды сұрау;
в/ қол жүктері мен багаждарын тексеру;
д/ кеден ережелерін бұзу мен контрабандаға жол бермеу мақсатында белгіленген тәртіпке сәйкес жеке тексеруді жүргізу;
Кеден қызметтерінің міндеттері:
- бақылаудың азаматтар өмірі мен денсаулығына зияны жоқ техникалық құралдарын қолдану;
- азаматтардың ар намысына тиетін әрекеттер жасамау;
- Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы азаматтардың тауарлары мен көлік құралдарын өткізуте белгіленген кедендік бақылау тәртібін сақтау;
- кеден бұзу арқылы өткізілген заттар мен контрабандалық тауарларды алып қою және құқық бұзушылық туралы хаттама жазу.
Сонымен, кеден ісі тек сыртқы экономикалық қызметтің құралы ғана емес сонымен бірге басқа мемлекеттермен экономикалық байланыстардың жаңа түрін қалыптастыру және реттеу құралы болып табылады. Осыған байланысты кедендік реттеудің кеден саласындағы қажеттігі артады. Кеден қатынастарын реттеудің шет ел және халықаралық тәжірибесін еске ала отырып кеден ісініе байланысты заңдар, жарлықтар, қаулылары қабылданды және қабылданып жатыр.
Кеден ісінің
мақсаттары
Экономикалық мақсаттары: тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасы арқылы өткізу кезінде кеден төлемдерін өндіріп алу арқылы жүзеге асырылады.
Реттеу мақсаттары - кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қолданылатын кеден баждары ставкасын белгілеу, тауарларды әкелу және әкетуді шектеу мен тиым салу, экспорт пен импортты нормалау, лицензиялау т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz