Қазақстанның Ресейге қосылуы, отарлау саясаты

1. Қазақстанның Ресейге қосылуының алғы шарттары
2. Патшалы Ресейдің отарлау әдістері
3. Қазақ халқының мемлекеттілігінің жойылуы

Қазақ-жоңғар соғыстары нәтижесінде шаруашылықтың күйреуі казақ билеушілерін Ресеймен одақтасуға итермеледі. Оның үстіне XVIғ. Иван Грозныйдың сыртқы саясаты қазақ хандығының шекарасын Ресеймен тікелей байланыстырды. Өйткені, Қазан хандығы (1552) мен Астрахан хандығын (1556) және Еділ бойындағы халықтарды Ресей өзіне бағындырған еді. Қазақ хандығының алмақтық мәселесі шиеленісе түсті. Ол тек қана жоңғарлардың шапқыншылығымен байланысты болған жоқ, батыстан қалмықтармен башқұрттар, оңтүстіктен Орта Азия-Бұқара, Хиуа, Қоқан хандықтары қазақ жерлерін жаулап алған еді. XVIII ғасырдың бірінші жартысында Қоқан және Хиуа хандықтары да Сыр бойына қамалдар мен бекіністерін сала бастаған болатын. Сырдария мен Қуаңдария өзендерінің аралығы Хиуа хандығының, ал қазақ жерінің оңтүстігі Қоқан хандығының бақылауында болды. Қоқан және Хиуа бекіністерінің стратегиялық тұрғыда ерекше орналасуы тек отырықшы қазақтарды ғана емес, сонымен қатар, Сырдариядан өтетін кезде көшпелі халықты да, транзиттік сауда жолдарын да бақылауында ұстауға мүмкіндік берді. Сондай - ақ, қазақ ақсүйектерінің өзара ауызбірішіктерінің болмауы да меселені тездетті. Оның дәлелі 1729 жылы Ордабасы оқиғасы. Сол жылы Тәукенің баласы Ұлы жүздің ханы болып тұрған Болат хан қайтыс болған еді. Ұлы жүздің хандық тағына үміткерлер көбейді. Семеке Орта жүзден ал Әбілқайыр кіші жүзден болса да хандық тақтан үміттенді. Әсіресе Әбілқайыр өзінің 1729 жылы Аңырақай шайқасындағы жеңіске қосқан үлесін есепке ала отырып, қазақ ақсүйектері соны есепке алар деп үміттенді. Бірақ, Ұлы жүздің ақсүйектері қазақтың әдет-ғұрыптық заңдарының негізінде Ұлы жүздің хандық тағына Тәукенің Болаттан кейінгі баласы Әбілмәмбетті отырғызды. Осы жағдайдан соң, Әбілқайыр өз жері Жайық пен Еділдің аралығына бет алды. Ол бұдан былай қарайғы өзінің саяси билігінің Ресеймен қарым-қатынасты күшейте отырып шешуді дұрыс деп тапты. Сөйтіп 1730 жылы Петерборға Сейітқұл батырмен Құлымбет биді елшілікке жіберді. Бұл елшілік грамотасына орыс патшайымы Анна Иоановна қол қойды.Қазақ билеушілерінің барлығының антын алу үшін Анна Иоановна сыртқы істер министрлігінің қызметкері, ұлты башқұрт-А. Тевкелевті жіберді.А.Тевкелев қазақ жеріне өзімен бірге 200 адам ала келді. Оның себебі олардың көпшілігі зерттеуші ғалымдар. Бұл жолы тек қана саяси миссия атқармай сонымен қатар Ресейдің болашақ экономикасының негізі болатын шикізат көздерін картаға түсіріп, қазақтың шұрайлы жерлерін айқындау және жергілікті халықтың психологиясын білу үшін оның әдет-ғұрыптарын зерттеу мақсаты тұрды.
Қазақтардың орыс бодандығын қабылдауының алғашқы кезінен бастап-ақ Ресей қазақ жерінің барлық аумағын біртіндеп отарлаудың бағытын анықтады.Жаңа қосылған жерлерді бекіту үшін сенаттық обер лейтенанты И.К. Кириллов басқарған арнайы Қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. Бұл кейін Орынбор экспедициясы деп аталды. Ал оның ісін қадағалау Кіші жүзді Ресейге қосу жоспарын сәтті орындағаны үшін тілмаштық қызметтен полковник дәрежесіне көтерілген А. Тевкелевке жүктелді.
1737 жылы И. Кириллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясы Орынбор комиссиясы болып қайта құрылды. 1735жылы Орынбор бекінісінің құрылысы басталды. 1744 жылы бастап ол Орынбор губерниясының, ал 1748 жылы Орынбор казак әскері бөлімдерінің орталығына айналды. Қазақ жерінде тұтас әскери желілер тұрғызылды. Тек 1740-1743 жылдары ғана Кіші жүз және Оңтүстік Орал аймағында: Воздвиженный, Рассыльный, Ильинск, Таналы, Уразым, Кизиль, Магнитная, Каракульск, Прутоярск, Нижнеозерск, Перегибенск, Усть-Уйск, Елманск, Красногорск, Губерлинск, Новосергиевск сияқты т.б. көптеген бекіністер мен форпостар салынды. Бұл бекініс желілері қазақтардың келісімінсіз салынып, олардың көші-қон жүйелерін бұзды және мал жайылымдарынан ығыстыра бастады. XVIII ғасырдың 50-жылдарында Горький, Иртыш, Колыванск, Ишимск, Орск әскери желілері пайда болды. Осындай саясаттың нәтижесінде Жайықтан бастап Өскеменге дейінгі 3,5 мың шақырымды құрайтын тұтас бір-біріне жалғасып жатқан әскери бекіністер салынып, ол жерлерге казактарды қоныстандырды. Сондықтан бұл кезең әскери-казактық отарлаудың негізделуі болып табылады. Өйткені осы үрдіске қатысқандар негізінен әскери қызметкерлер мен казактар еді. Бұл жерде казактардың атқаратын қызметінің басты міндетін Ресей императоры былай айқындап береді: Казак топтарына... империя шекарасына жақын орналасқан... тайпалардан қорғау, олардан тартып алынған жерлерге орналасу міндеті жүктелген. Біздің желілерді алға қарай жылжыта беру керек!...
Патша өкіметі жергілікті халықтың ең шұрайлы жерлері мен жайылымдарын казактарға алып беріп, олардың жақсы өмір сүруін қамтамасыз етіп қана қойған жоқ. Сонымен бірге жергілікті халықтардың жеріне басқыншылық жасату арқылы оларды бір-біріне дұшпан етіп қойған еді.
2. Патшалы Ресейдің отарлау әдістері
Қазақ жерін отарлау саясатын пәрменді түрде Орынбор губерниясының бірінші губернаторы И.И. Неплюев жүргізді. Мұны дәлелдейтін құжаттар да жеткілікті. Мысалы, 1742 жылы 19 қазанда ол қазақтарға Жайық өзені маңында көшіп-қонуға тыйым салу туралы жарлық шығарады. Онда мынадай ескертулер жазылған: Жарлықта көрсетілгендей барлық қырғыз-қайсақ хандарына, сұлтандарға, старшындар мен барлық халықтарға жар салам, бұдан былай осы жарлықты алғаннан кейін қамал маңында және Жайық өзенінің арғы бетіне көшіп-қонуға тыйым салынады. Егер ол бұзылатын болса, онда қатаң жаза қолданылады. Жайық бойында орналасқан казак әскеріне берген бұйрығы туралы Орынбор губернаторы И.И. Неплюевтің Сыртқы істер коллегиясына берген хабарламасында: Қазақтардың Жайықтың ішкі жағында көшіп-қонбауы үшін Жайықтың сол жағалауындағы даланы түгел өртеп жіберу керек делінген. Онда Жайық казак әскерінің Гурьев комендантына арнайы тапсырма беріліп, қазақтардың шапқыншылығынан сақтандыра отырып, Жайықтың арғы бетін күз айларында Каспий теңізіне дейінгі аралықты түгелімен өртеп жіберуі тапсырылғаны туралы айтылған.
XVIII ғасырдағы 30-жылдардың аяғы мен 40-жылдың басында жоңғарлар Орта жүздің Тобыл мен Есіл бойы аймағына басып кіріп, қазақтарға үлкен шығын келтіреді. 1742 жылы 20 мамырда Ресей үкіметі алғаш рет қазақтарды жоңғарлардан қорғау жөнінде арнайы шешім қабылдады. Бұл қадам да Ресейдің стратегиялық жоспарымен байланысты еді. Жоңғар қонтайшысы Қалдан Серен қазақтардың Жоңғар хандығына тәуелділігін талап етті. 1742 жылы 2 қыркүйекте И. Неплюев Қалдан Серенге хат жолдап, онда жоңғарлардың қазақтарға шапқыншылық жасауына жол бермейтіндігі айтылады. Сондай-ақ тұтқындағы қазақтар мен Абылай сұлтанды босатуын талап етеді.
Қазақ халқының тарихына үлкен өзгерістер енгізген Әбілқайыр хан 1748 жылы 11 тамызда 56 жасында қаза табады. Оны қазақтардың Ресейдің боданы болуына қарсы саяси күштерге жетекшілік жасаған Барақ сұлтан өлтіреді. 1748 жылы 2 қазанда Әбілқайыр ханның орнына Кіші жүз ханы болып оның үлкен ұлы Нұралы тағайындалды.

Қазақ жерін отарлауда Ресей үкіметі қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздігін жоюды басты мақсат етіп қойды. Оны Қазақ хандығының басқару жүйесін реформалау арқылы жүзеге асырды. XVIII ғасырдың 80-жылдарында Сырым Датұлы бастаған көтеріліс барысында Орынбор губернаторы О. Игельстром Кіші жүздегі хандық билікті жоюға әрекеттер жасаған еді. Ол Игельстром реформасы деген атқа ие болған болатын. Бірақ ол жүзеге асырылмай қалды. Бұл саясат XIX ғасырдың 20-жылдары қолға алынып, өз нәтижелерін бере бастады. Сон ымен қазақ жерін әкімшілік реформалаудың жаңа үлгісі Ресейдің әкімшілік-саяси басқару жүйесіне сай жасалынды. Реформа Ортажүзден басталды. Сібір генерал-губернаторы М. Сперанскийдің басшылығымен Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы жасалып, ол 1822 жылы қабылданады. (Орыс әкімшілігі сол кезде қазақтарды қырғыздар, ал қырғыздарды қара қырғыздар деп атаған еді.) Бұл реформа бойынша Сібір екі бөлікке - Шығыс және Батыс бөліктерге бөлінді. Шығыс бөлігінің басқармасы Иркутскіде, ал батыс бөлігінің орталығы Тобольскіде, ал 1839 жылдан бастап Омбыда орналасты. Батыс Сібір бөлігіне Тобыл, Томск, Омбы облыстары және Орта жүз бен Ұлы жүздің бір бөлігі енді. Батыс бөлік Сібір қырғыздарының облысы деген атқа ие болды.
Жарғы бойынша Сібір қазақтарының облысы әкімшілік тұрғыда округ-болыс- ауыл жүйесі бойынша бөлінді. Округке 15-20 болыс, болысқа 10-12 ауыл, ауылға 50-70 шаңырақ (үйлер) кірді. Округ басшылығында округтық приказдар болды. Округтық приказдарды қазақтар дуан деп атаған. Округтарды формальді түрде аға сұлтан басқарды. Болыс басшылығында болыс сұлтаны тұрды, олар округтық приказға бағынды. Ауылды ағаман басқарды. Ағамандарды үш жылда бір рет ауыл тұрғындары сайлап, оны округтық приказ бекітті. Болыстар сұлтанға бағынды. Хандық биліктолығымен жойылды.
Реформада сот жүйесінде де үлкен өзгерістер болды. Онда Қазақ жері Ресей заңдарын енгізуді мақсат тұтты. Дәстүрлі билер соты тек ру арасындағы, ауыл ішіндегі дауларды шешу үшінғанасақталынды. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz