XIV - XV ғ. ғ. мемлекеттер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

XIV-XV ғ. ғ. мемлекеттер

  1. Ақ Орда және Көк Орда
  2. Көшпелі өзбек хандығы
  3. Моғолстан
  4. Ноғай Ордасы

1. Ақ Орда және Көк Орда

Алтын Орданың ханы Батый Шығыс Еуропаға жорықта өзіне болысқан інілеріне сойырғалға жер береді. /Сойрғал - соғстағы ерліктері үшін таратылатын жер/. Алтын Орданың сол қанаты Ақ Орда болып аталатын, ол жер Орда Еженге берілді. Жошы ұлысының екі қанатқа бөлініп тарихта Ақ Орда және Көк Орда болып атала бастауы XIII ғасырдың 30 жылдарына жатады. Тарихшы ғалымдар “Ақ Орда” атауының Кутбаның “Хұсрау мен Шырын” еңбегінде алғаш кездесетінін мәлімдейді.

Бұл екі иеліктің орны, олардың “Ақ”, “Көк” болып түспен аталуы туралы пікірталастар көп. Кейін біртіндеп бұл екі Орда қосылып, жалпы Ақ Орда деп аталып кетті. Ақ Орданың астанасы Сығанақ қаласы. Ақ Орда Ертіс, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігін, қазіргі Қазақстан орталығын алып жатқан кең байтақ өлке.

Ақ орда билеушілері өз иеліктерін кеңейту мақсатында жаңа жайылымдық жерлер үшін соғыстар жүргізді. Ол, әсіресе, Сыр бойындағы қалалар мен Жетісудың шұрайлы аймақтары үшін Шағатай әулетімен қақтығыстарынаң байқалады. Сыр өңірі олардың өздерінің экономикалық маңызымен қызықтырды. Ақ Орда негізін салушы Орда Ежен болып саналады. Ақ Орда билеушілері Алтын Ордаға жиі шапқыншылықтар жасап отырды. Орыс ханмен Мүбәрәк қожа тұсында Ақ Орда өрлеу байқалды. Әсіресе, Ақ Орданың нығаю кезеңі XIV ғ. Екінші жартысы- Орыс хан тұсы. Ол дербестік үшін күресіп, 1368 жылы Ақ Орданың хандық тағына отырды.

XIV ғасырдың екінші жартысы Ақ Ордада ішкі өзара қырқысу соғыстарының күшейген кезеңі. Соғысқа қатысудан бас тартқаны үшін Тоқтамыстың әкесі өлтірілді. Тоқтамыс сұлтан Самарқанд билеушісі Әмір Темірге шағым айтып, әскери күш сұрады. Ақ Орданың күшеюінен сескенген Әмір Темір Тоқтамысқа әскер бөліп, оған қарсы айдап салды. Тоқтамыстың жорығы 1374-1375 жылдары өтті. Жеңістің арқасында Тоқтамыс 1377 жылы Ақ Орданың хандық тағына отырды. 1380 жылы ол Сарайды, Қапсы Тарханды, Қырымды, Мамай Ордасын басып алды. Бұл жағдай Алтын Орданың толық күйреуіне әкеп соқты. Оның үстіне моңғолдың түріктенген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы Әмір Темірдің жорықтарының күшеюі моңғол билеушілерін бұрынғыдан да әлсірете түсті. 1381 жылдан Алтын Орданың да ханы болған Тоқтамыстың өрлеуіне себеп болған 1380 жылғы Куликово шайқасы еді. Мамайды сол жылы жеңгенмен орыс әскері де қатты шығындалды. Тоқтамыстың Русь княздығына шабуылының аяғы, Мәскеуге де қәуіп төңдірді. Мәскеу оқиғасынан кейін орыс княздарының бар тағдыры Алтын Орданың қолына өтті. Орыс княздарының таққа отыруы, салық жүйесі түгелдей Орда арқылы шешілді. Мысалы, 1383 жылы Нижнегород князы Дмитрий қайтыс болғанда, Тоқтамыс оның орнына Бористі қоюға жарлық берді. Күшіне мінген тоқтамыс 1385 жылдан бастап, алыс аймақтарға жорыққа шықты. Тебриз қаласын 100 мың әскер жіберіп жаулап алды.

Тоқтамыстың бұл әрекеті Әмір Темірді соғысқа итермеледі. Сөйтіп, Дешті Қыпшақ жеріне де туын тіккен Шыңғыс империясының іргесін Әмір Темір шайқалтты. Тоқтамыс Әмір Темірден 1391, 1395 жылдары ойсырай жеңілді. Ол бас сауғалап Сібірге қашты. Әмір Темір Алтын Ордаға өзінің сенімді қолбасшысы Қойыршық Темір Құтылықты хан етіп отырғызды.

Темірдің жорықтары Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның демографиялық және экономикалық жағдайына үлкен зардаптарын тигізді: отырықшылық, егіншілік мәдениет құлдырап, дәстүрлі шаруашылық әлсіреді.

Шыңғыс ұрпақтары Алтын Орданы қайта жандандыруға күш салды, бірақ бұл мүмкін емес еді. Түбінде Алтын Орданың күйреуі Ақ Ордаға да қыруар зардабын тигізіп әлсіретті. XV ғ. Басында Ақ Орданың ең соңғы ханы Орыс ханның немересі Барақ Темірланның ұрпақтарымен үлкен шайқастар үстінде қайтыс болды. Міне, осы себептердің бәрі негіз болып, Ақ Орда XV ғ. 20 жылдары құлады.

2. Көшпелі өзбек хандығы

Көшпелі өзбек хандығы. Ақ Орда билігі XV ғасырдың жиырмасыншы жылдарына дейін Жошы әулетінің қолында болса, билік енді Шайбан әулетінің ұрпағы Дәулет Шайхтың баласы Әбілхайырдың қолына Хижра бойынша 833 жылы (1428-1429 ж. ж. ) көшті.

Әбілхайыр хандығын тарихта “көшпелі өзбек хандығы” деп те атайды. XV ғасырдың 20 жылдарында Ақ Орда жерінде тек көшпелі өзбек хандығы ғана емес, басқа да иеліктер пайда болды. Оның ең ірілерінің бірі маңғыттар мекендеген Ноғай ұлысы.

Әбілхайыр хан мемлекетінің ішкі саяси жайы тұрақты болмады ұлыс ішінде әрқашан жоғарғы үкімет билігіне таласқан Жошы ұрпақтарымен қатал күрес жүрді. Ол билікті сақтап қалу үшін тақтан үміткер Махмұд Қожа ханды, Әмір Едігенің немересі Маңғыт әмірі Уақас биді және басқа да қарсыластарын талқандап, көшпелі өзбек хандығының иеліктерін ұлғайтты. Әбілқайыр хан өз жорықтарын өзін қолдаушы ақсүйектердің ойынан шығып отыру үшін де жеңіспен аяқтауға тырысты.

Әбілқайыр хан өзінің жаугершілік әрекетін XV ғасырдың 30 жылдарынан бастайды. Жошы балаларының бірі Тоқта-Темірдің тұқымдары Махмұд хан мен Ахмед ханның иелігіндегі Арал, Сырдария жерлері үшін болған екі шайқаста жеңіске жетіп, Орта Азямен Қазақстанның оңтүстігіне беттеді.

Көшпелі өзбек хандығы Ақ Орда мемлекетінің негізінде қалыптасқандықтан, оның этникалық құрылымы күрделі боды. Оған дәлел ретінде Әбілхайыр ханның Жошы әулетінің белді ұрпағы Қажы Тархан аймағында дербес иелігі бар Тоқта-Темірді талқандауға аттанған әскер басыларының тізімінде қоңыраттардан, қияттардаң, бүркіттерден, қытайлардан, таңғұттардан, күшілерден, ұйғырлардан, думандардан, кенгерестерден, шымбайлардан, үйсіндерден шыққан әмірлер кездеседі деген мәліметтер Қазақстан тарихының II томында айтылады.

Әбілхайыр хан билікте әрқашанда дербестікті сақтап, айналасындағы одақтастарын да қолдап келді. Әбілхайыр хан елді қырық жыл билесе де, хандықта саяси жағдайды тұрақтандырып, бір орталыққа бағынған мемлекет құра алмады. Ұлыстың өз ішінде болып жатқан талас тартыстар, оның үстіне сыртқы жаулар мен қоса, шайбан әулетінің беделді өкілі Әбілхайырға Жошы әулетінің ұрпақтарымен де сайысқа түсу оңайға түскен жоқ. Жайылымдық жерлер үшін соғыстары жемісті болып, жері кеңейді. Соның нәтижесінде Әбілқайыр хан мемлекетінің аумағы Ноғай Ордасының шығысында-оңтүстік Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал теңізінен бастап, солтүстік тобыл және Ертіс өзендерінің Орта ағысына дейінгі, батыста Жайық өзенінен бастап, шығыста Балқаш көліне дейін жерлерді, яғни Сырдарияның төменгі ағысындағы аймақты, Орталық Қазақстанмен Оңтүстік Сібірді алып жатты. Әсіресе, оның ең жеңісті жорықтары 1446 жылы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзгентті басып алуы болды. Бұл жеңіс Әбілқайырдың саяси өрленген кезеңі. Ең басында астана болған Чимги Тура қаласының Орда Базарға, одан Сырдария жағалауындағы аймақтарды өзіне қаратып алған соң, астананы Сығанаққа көшіруінің өзі, оның иеліктерінің көлемін анықтарлық жағдай. Оның байлығы Самарқанд, Бұхара қалаларына тонаушылық әрекеттермен де арта түсті.

Көшпелі өзбек хандығының саяси құрылымында Алтын Орда билеушіерінің басқару жүйесінде қолданылған әдістер кедеседі. Әбілхайыр ханның мемлекетті бір орталықтан басқаруға талпыныс жасағандығы байқау қиын емес.

XV ғасырдың ортасында ойраттардың шапқыншылығы күшейді. Ойраттар 1457 жылы Моңғолстан ханы Есен Бұқаның елінде болмауын пайдаланып, оның жерлері арқылы өтіп, Түркістанға беттеді. Әбілхайыр хан әскерімен Үз Темір тайшы әскері Көк кесеңе деген жерде үлкен шайқасқа түсті. Әбілхайыр хан әскері жеңілді, көптеген сұлтандар қаза тапты. Хан аман қалу үшін Сығанаққа қашты. Аяғында Әбілхайыр хан қалмақтардың әскери қолбасшысы Үз Темір тайшымен лажсыз бітім шарттарына қол қоюға мәжбүр боды. Онымен тұрмай Үз Темір аманатқа өзімен бірге Әбілхайырдың немересі Махмұд сұлтанды ала кетіп, ол Жоңғария аманатығында жеті жыл жүрді. Қарсылық көрмеген ойраттар Түркістан мен Ташкент маңайын ерекше тонады. Әбілқайыр хан Сығанақ бекінісіне тығылды.

Бұл соғыста жеңілудің бірнеше себептері болды. Алдымен хандықтағы алауыздықтың күшеюі, Жошы ұрпақтарының Әбілқайырдың саясатын қолдамауы, оның ойраттардан жеңілуі, сондай-ақ жеке басының озбырлығы еді. Осының бәрі ішкі іріткіні күшейтті.

Жошы әулетімен Шайбан әулетінің тартыстары Керей мен Жәнібек сұлтандардың көптеген күткен өз дербестеріне қол жеткізу мақсаттарына жол ашты. Әбілхайыр ханның қысымынан бас тартқан Орыс хан ұрпақтары, Керей мен Жәнібек сұлтандар екі жүз мың қазаққа бас болып, Жетісудың оңтүстік батыс аймағына қоңыс аударды. Бұл жағдай ойраттардың жеңіліп әлсіреген көшпелі өзбек хандығына үлкен соққы болып тиді.

1468 жылғы Әбілхайыр хан Керей мен Жәнібектен кек алу үшін, әрі Есен Бұқаға қарсы әскери жорыққа аттанып жол үстінде дүние салды.

1428-1468 жылдар аралығында мемлекетті 40 жыл күштеп басқарған ел басшысы өлген соң, мемлекет құлады.

70 жылдардан былай қарай оның иеліктері біртіндеп қазақ хандығының қол астына өте бастады.

3. Моғолстан

Жетісу аймағы XIII ғасырда Шыңғыс ханның екінші баласы Шағатайдың иелігіне кірген еді. Шағатай ұлысының құрамына кірген аймақтың халықтары көп қарсылық көрсетпеуіне байланысты шаруашылығы, қалалық тұрмысы зардап шекпей сақталады.

Мемлекеттегі саяси тұрақсыз терендей түсті. Мөңке өзіне қарсы шыққандарды жазалауын тоқтатпады. 1260 жылдан бастап, Шыңғыс ұрпақтары Арық Бұға мен Құбылай арасындағы билікке талас Жетісуда үлкен соғысқа айналды. Аяғында 1269 жылы өткен Талас құрылтайында дербес мелекет құру туралы шешім қабылданды. Бұл ұлы ханның иеліктеріне кірген тәуелсіз Хайду мемлекеті еді. Ұлыстардағы азаматтық өкімет, ұлыс басындағы жергілікті ақсүйектердің қолдарында болды. Шағатай ұлысының отырықшы өлкелерін азаматтық тұрғыдан басқару Хорезм көпесі Махмұд Жалауашқа тапсырылды. Моңғолияның өзінде және Шағатай ұлысында болған төңкерістерге қарамай Махмұд Жалауаш әулеті XIV ғасырдың басына дейін Орта Азиядағы отырықшы өлкелердегі азаматтық басқаруды өз қолында ұстап тұрды.

XIV ғасырдың 70 жылдары Шағатай мемлекеті батыс және шығыс болып екіге бөлінді. Соның шығыс бөлігінде Моғолстан мемлекеті негізін қалады. Оның алғашқы ханы Тоғлық Темір Хижра бойынша 748 жылы (1347- 1348ж. ж. ) хандық таққа отырды. Моғолстанның тарихында дұғлат тайпасы маңызды роль атқарады. Оның өзіндік бірнеше себептері болды. Біріншіден, мемлекеттің ең алғашқы билеушісі дуғлаттардан шыққан Поладшы. Мухаммед Хайдар Дулати еңбегінде әмір Поладшының Маңлай Сүбе аймағына билік етіп, ордасы Ақсу болғандығын айтады. екіншіден, дұғлат тайпасы саны жағынан басқалармен салыстырғанда көп болды. Мемлекеттің ішкі істеріне белсене араласты. Поладшы мемлекеттің дербестігін сақтап қалу үшін ақ сүйектердің күші қажет екендігің түсініп, дәстүр бойынша Шыңғыс ұрпағына тақты ұсынды. Ол Дува ханның немересі 18 жасар Тоғылық Темір еді . . . “ . . . Ханды әмір Поладшы . . . он алты жасында . . . әкелді деп айтылды. Он сегіз жасында ( Тоғылық Темір) хан болды, жиырма төрт жасында мұсылман болды, ал отыз төрт жасында өлді” деген деректе бар.

Моғолстан тек оңтүстік және оңтүстік шығыс Қазақстанды ғана емес, Қырғыз аймағындағы Ферғана мен Мәуреннахр иеліктерін де алып жатты. Саяси орталығы Алмалық қаласы болды. Мемлекеттің жер көлемі жөнінде Мухаммед Хайдар еңбегінде “Жейхун (Әмудария), Іле, Емел, Ертіс, Шу және Нарын” өзендері аталады да, Моғолстанның ені мен көлдеңені 7-8 айшылық жол екендігі көрсетіледі. Моғолстан тарихы егжей-тегжейлі Мухаммед Хайдар Дулатидың “Тарихи Рашиди” еңбегінде айтылды. Моғолстанның хандары Тоғылық Темір, Есен Бұқа, Ілияс Қожа, Қызыр Қожа, Камаррадин белгілі болды. Ел билеушілерінің қайсысы болса да өз билігін нығайту үшін мұсылман дінің тірек етті. Мухаммед Хайдар Дулатидың айтуы бойынша, бір күнде 160 мың адам ислам дініне еңгізілді. Мәжусилікті сақтаған шағатайлық ақсүйектерді Тоғылық Темір күштеп мұсылмандырылды. Исламға қарсы болған адамдар ауыр жазаға ұшырады.

Моғолстанның ел билеушілерінің көршілес мемлекеттерге жасаған жорықтары арқасында мемлекет шекарасы тұрақты болмады. Әсіресе, Шығыс Түркістан Моғолстан Әмір Темір ұрпақтары арасында бөліске түсіп жатты.

Шекараның, тұрақсыздығы, әсіресе, Тоғылық Темір тұсында қатты байқалды. Мәуреннахр мен Самарқанд халқын қайта-қайта тонап, билігін орнатуы сол аймақта бір орталыққа бағынған жүйенің болмауынан еді. Бұл аймақтар үшінде Тоғылық Темірмен Әмір Темір арасында соғыстар жүрді.

Тоғылық-Темір 1361 Мәуреннахрды түгел жаулап алды да, бұлаймақтың билігін өзінің баласы Ілияс Қожаға тапсырды. Тоғылық- Темірдің Моғолстанға кеткенің пайдаланып, Әмір Темір Мәуреннахрды тартып алды. Бірақ, шамалы уақыттан кейін күш жинаған Ілияс Қожа Темірланның әскерін талқандады. Моғолстанның бай да, әсем жеріне сыртқы жаулар тыным бермеді. Темір жорықтарының қатты болғандығы соншалық, Моғолстан бөлшектеніп кетті. Бірақ, XV ғ басында таққа келген Қызыр Қожаның баласы Мұхаммед хан тұсында Моғолстан Темір ықпалынан шықты.

Тоғылық Темір өлген соң оның орнына таққа 1362 жылы баласы Ілияс Қожа отырды. 1365 жылдан бастап, Сыр өңіріндегі Ілияс Қожамен Әмір Темір арасында қырғын соғыс болды. Тарихта “Батпақ шайқасы” (Джанг-и лой) белгілі. Шайқастың нағыз күшейген шағында қатты нөсер жауып, екі жақтың әскерінің де батпақ пен лайға тапталғаны, “қарғын алаңында 10 мыңға таяу адамның өлгені” туралы деректер бар. Сондай-ақ, Моғолстан әскерлерінің Самарқандты алудағы шығыны туралы, “қала халқының қарсыласуының ұзаққа созылуына байланысты олардың аттарына жамандап тиіп, аттардың қырылғаны сонша, төрт жауынгерге бір аттан қалмады” деген мәліметтерді кездестіруге болады.

Әмір Темірдің, оның ұрпақтарының Моғолстанға жасаған жорықтары мемлекетті әлсіретіп, бытырыңқылықты күшейтті. Онымен тұрмай, XV ғасырдың басынан бастап ойраттардың шабуылы күшейді. Әсіресе, XV ғасырдың 50 жылдары Оңтүстік шығыс қазақстан ойраттардың Есен тайшы басқарған әскерінің шапқыншылығына ұшырады. Моғолстан ханы Есен Бұқа көп жерінен айырылды. Жетісу шекарасын сақтап қалуды көздеген Есен Бұқа, сондықтан да болар, 1457 жылы қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібекті екі жүз мың адаммен Шу мен Талас өзенінің аралығына орналастырды. Қазақ сұлтандары шекараның бір тұтастығын сақтауға үлес қосты. XV ғасырдың ІІ жартысында Моғолстан жерінде туын тіккен қазақ хандығы күшейіп, бұл иеліктер Жошы әулетінің колына көше бастады, ал Манглай-Сүбе аймағы Моғолдар құрамына қосылды.

4. Ноғай Ордасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықтарының жақын туысқандығы туралы
Ноғай Ордасының қалыптасуы
ХІV-ХV ғғ. ОРТАҒАСЫРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТЕР
Қазақстан аумағында этносаяси қауымдастықтың қалыптасуы
ΧIV – XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
11-15 ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан аумағындағы мемлекеттер
Ақсақ Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолостан шапқыншылығы
XV - XVII ғғ. қазақ тарихынан..
АҚ ОРДА ХІV-ХV ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДА
Қырым хандығының қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz