XVI-XVIII ғ. ғ. басындағы қазақ хандығы
XVI-XVIII ғ.ғ. басындағы қазақ хандығы
1. Қазақ хандығының нығаюы
2. Қазақ-жоңғар соғыстары
1. Қазақ хандығының нығаюы
Қазақ хандығының гүлденуі 1455 ж. дүниеге келген Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсына келеді. Оның билік құруы әртүрлі деректерде әртүрлі кездеседі. Кейбір мәліметтерде 1511 - 1523 ж.ж. Қасым хан сияқты көрнекті қолбасшы, әрі ел билеушінің арқасында XVI ғасырдың басында Моғолстан хандарының билігі Жетісуға жүрмейтін болды. Бұл кезең қазақ хандығы үшін сәтті кезең, оның нығая бастағанын анықтай түседі. Қазақ ақсүйектерінің арасындағы бедел мен билік үшін күрес кеңінен өрістеді.
Қасым сұлтан ел арасындағы өзінің беделінің артқанын байқап, өз бетінше әрекет етуге көшті. Ол жеке мақсаттар қойып, қалайда Жетісуды шайбанилықтар қолында қалдырмауға тырысты. 1509-1510 жылдары Бұрындық хан тұсында-ақ, хандықтағы билік Қасым сұлтанның қолында болды. Осы жылдары Бұрындық пен Қасымның арасындағы билік үшін шиеленіскен күрес Қасымның жеңісімен аяқталды. Бұрындық Самарқандқа барып, сонда өлді. 1511 жылдан бастап, Қасым қазақтың ханы болды. Билік Жәнібек ханның ұрпақтарына ауысты.
Қасым хан Сырдария бойындағы қалаларды қаратып алу үшін күресуді басты міндет етіп қойды. Қазақтар үшін бұл қалалар өте қажет еді. Өйткені, бұлар дала қазақтары үшін малдарын саудалап, өздеріне керек - жарақ, бұйымдарын сатып алатын сауда орталығы, керуен жолының үстінде жатқан пайдасы мол орталық болатын. Оның үстіне кең жазиралы жайылымдық аймақ.
Мұхаммед Шайбани Қасым ханның барлық әрекеттеріне тосқауыл қоюмен болды. Екі жақтың бір-біріне жасаған шапқыншылық әркттерінен халық зардап шекті. Мұхаммед Шайбанның 1503-1509 жылдар аралығында қазақ ауылдарына күтпеген жерден шабуылдар жасап, тонап отыруы оны олжаға әбден батырды.
1510 жылы Мұхаммед Шайбан Қасымға қарсы тағы бір жорық ұйымдастырды. Ол Сығанаққа келіп, өзінің баласы Темір мен баласы Убайдаллах бастаған әскерді Қасымның өзі жоқта, оның Ұлытау маңындағы Ордасын шабуға аттандырды. Қасым жіберген Мойынсыз Хасанбек бастаған қазақ әскерлері Шайбани ұрпағы әскерлерінің тас-талқанын шығарды. Тірі қалғандары Смарқандға қашып барды. Шайбанидің жеңіліске ұшырауымен Түркістан қалаларынң көпшілігі Қасымның қолына көшті.
1510 жылдың қысында Мұхаммед Шайбан хан Иран шахы I Исламмен шайқаста жеңіліс тауып, Мерв түбінде өлтірілді. Енді Мұхаммед Шайбанның ұрпақтары арасында билікке талас басталды. Осы жағдайды пайдаланып Қасым хан шабуылға шығып, Сайрамды өзіне қаратты. Осыдан соң Ташкентті билеп тұрған Шайбан ұрпағы Сүйініш қожаға қарсы аттанды. Ташкент қаласының түбінде жаралы болып, Сайрамға шегінді.
XVI ғасырда қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі болды, хандықтың жер көлемі ұлғайды, халқының саны 1 милионға жетті, халықаралық беделі өсті, хандықтағы талас-тартыс біршама тұрақтады.
Хақназар хан 1538-1580, Қасым ханның баласы әкесінің жолын қайталап қазақ хандығының біртұтастығының негізін қалауды жалғастырды. Ол ойраттар мен Моғолстан ханы Абд-ар-Рашидке қарсы шығып, Жетісудің шығысы мен оңтүстігін қорғап қалды. Сібір хандығы Көшімге қарсы соғыста Хақназар хан өзбек ханы Абдаллахпен одақтасты. Сондай-ақ Хақназарды тарихта қазақ-қырғыз ханы деп те атаған. Себебі, ол Моғол хандарына қарсы күресте қырғыздармен тығыз қарым-қатынаста болды.
Хақназар хан әкесінің сыртқы саясатын қайталап, Мәскеумен сауда қатынасын онан ары ұластырып, оны саяси байланыспен ұтымды үйлестіреді. Осы тұста Ресей тарапынан қазақ даласына ерекше мән беріле бастағанын байқауға болады. 1569-1573 жылдары орыс елшілері Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков қазақ хандығында болып қайтты.
XVI ғасырдың ІІ жартысында Ресейдің Орта Азия хандарымен байланыстарына жол ашылды. Ағылшындардың да бұл аймақтарға қызығушылығы арта түсті. Оның бір дәлелі ағылшын көпесі Антони Джекинсонның Астраханнан Каспийдің солтүстік-шығыс жағасын бойлай отырып жүзгенде сол жерлер арқылы ары қарай Хиуа мен Бұқараға өтеді. XVI ғасырдың орта шенінен-ақ жылына екі рет Орта Азия көпестері Маңғыстауға желкенді кемемен, ал ары қарай Астраханға өтіп отырған. Хақназардың мәмлегерлігі шайбандықтармен тығыз қарым-қатынастарынан, олардың туыстық-некелік одақтастықтары-нан көрінді. Әсіресе, Абдаллах қазақтарды әскери-саяси күш деп бағалап, Хақназар ханмен анттасып, одақ жасасқан. Бұхара ханы Абдаллах пен Хақназар ханның арасында осы антқа байланысты талай міндеткерліктің жүзеге асқандығы белгілі. Ол сыртқы жаулардан бірлесе отырып, қорғану келісімдері деп ойлауға болады.
XVI ғасырдың аяғында саяси жағдай шиеленісті. Оған себеп болған Ташкент билеушісі Дәуріштің өлтірілуі. Ташкент билеушісі етіп оны отырғызған Абдаллах болатын. Дәуріштің орнына таққа Баба сұлтан отырды. Хақназар бұл шиеленісте Абдаллахты қолдады. Осы ниеті үшін Бұхара ханы Абдаллах Түркістанның төрт қыстағын Хақназар ханға сыйға тартқан екен. Бірақ, аяғында кейбір қазақ сұлтандары жеке-жеке Баба сұлтан жағына өтіп, Абдаллахқа қарсы шығады. Бұл Баба сұлтанның күшеюіне ықпал етті. Уақиға 1580 жылдарға келеді.
1580 ж. Хақназар дүние салған соң таққа 80-дегі Шығай отырды. Ол Абдаллахпен қарым-қатынасты жақсартты. Бірақ, ол көп ұзамай 1586 ж. қайтыс болады. кейбір деректер-де ол екі-ақ жыл билік құрды деген мәлімет бар.
Тәуекел хан 1586-1598. Ол Шығайдың баласы Түркістанның біраз қалаларын өзіне қаратып, Өзбек хандығымен күресті күшейтті. Ташкентті алуға әрекеттенді. Бірақ Баба сұлтанның Ташкенттегі әскери күші басым болды. Қалайда өзбек хандығына қарсы әскери қуатын нығайту үшін орыс патшалығымен қарым-қатынасты жақсартуды көздеді. 1594 ж. ең алғашқы қазақ хандығының тарапынан Мәскеудегі Федор патшаға елші жіберді. Тәуекел Ресейден өзінің жиені Оразмұхаммедті аманаттықтан босатуды және Баба сұлтанмен, ойраттармен соғысу үшін отты қару сұрады. Бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалды.
Тәуекелді қазақ - қалмақ ханы деп бекер атамаған. Орталық және Солтүстік Қазақстан өңірінде мекендеген қалмақтарды талқандап, оларды билеуді ол інісіне тапсырған.
XVI ғасырдың аяғы саяси оқиғаларға толы кезең болды. 1598-1599 жылдары Тәуекел хан Түркістанды, Самарқанды, Ташкентті, Ферғананы жаулап алып, 80 мың әскерімен Бұхараны қоршады. Қазақ ханы жеңісінің бір ұшы оның Орта Азия діни топтары тарапынан қолдау тапқандығында еді. Сонымен қатар 1598 жылы Орта Азиядағы қазақ сұлтандарының көтерілісін ескерсек, Тәуекел ханды сол аймақта тұрушы қазақтар да қолдаған деп пайымдауға болады.
Тәуекелдің жорықтары Шайбани әулетін әлсіретті. XVI ғасырдың аяғында Сыр бойындағы ең негізгі жайылымдық аймақтар мен отырықшылыққа бейім аудандар қазақ хандығының құрамына кіріп, жері ұлғайды. Қазақ хандарының 1598-1599 жылдары Мәуереннахрды қосып алу мақсатында жасаған жорықтары сәтсіз болғанымен, Ташкент 200 жылға, Ферғана, Түркістан қалалары біраз уақытқа дейін қазақ хандығының құрамына кірді.
Аштраханидтердің ең алғашқы ханы Жани-Мұхаммед тұсында қазақ сұлтаны Тұрсын Ташкентке өз билігін орнатып, теңгесін шығарып, жергілікті халықтан баж, хараж салықтарын жинай бастады. Жани-Мұхаммед өлген соң, оның орнына келген Имакули хан Ташкентті өзіне қосып алуды көздеді. Бұл мақсатта талай шайқастар өтті. Деректерге сүйене отырып, зерттеген тарихшылардың еңбегіне қарағанда Тұрсын Мұхаммедтің де осал еместігін байқауға болады. Мысалы 1621 жылғы Аштраханилермен шайқаста Тұрсын Мұхаммед 100 мың әскер жасақтаған, ал Имакули әскерінің саны, әрине, одан да көп болуы тиіс, 160 мың еді деген нақты деректер бар.
Қазақ хандығындағы қос билік (Есім мен Тұрсын хан) алауыздықты күшейтті. Негізгі хан - Есім хан (1598-1628). Екі ханның жауласуы ұзаққа созылды. Бұл туралы Махмұд ибн Уәлидің "Бахр-Әл-асрар" деген еңбегінде суреттеледі. 1627-1628 жылдары Есім хан қалмақтармен соғысуға кеткенде, Түркістанға Есімнің ордасына Тұрсын хан көп әскермен келіп, ойран салған. Есім қайтып келе жатып, Тұрсын ханның әрекетін естіп, Ташкентке қарай бет алады. Ташкент маңында Есім мен Тұрсын арасында үлкен шайқас болып, Тұрсын хан қаза тапқан. Бұхара ханы осы жылы Есім ханға Ташкентті, Түркістанды билеу жөнінде 1628 жылы грамота тапсырды. Есім хан қырғыздармен тығыз қарым-қатынаста болды. Қырғыздардың Көкем биі мен оның әскери көмегінің арқасында, ол Тұрсынның қалған адамдарын да қырып тастады. Сол Көкем бидің еңбегін ескеріп, Есім хан оған арнап Ташкентте "Көкемнің көк күмбезі" деп аталған ескерткіш салдырған екен. Есім ханның мәмлегерлігі қазақ хандығының щекарасын сақтауға бағытталды. Миллердің "История Сибири" деген кітабында оның қалмақ тайшысы Батырдың қызына үйленіп, ол жақта біраз уақыт қонақ болғандығы туралы айтылады.
Бірақ, жоңғарлар Ертіс, Тобыл өзендерін жағалай отырып, жылжуын тоқтатпады, себебі олар қалайда алдымен қазақтар мен Ресей иеліктері арасын бөліп тұрарлық жол салып алуды көздеді. Есім ханның тұсындағы 1620, 1622 жылдары жоңғарлардың жасаған жорықтары сәтсіз болды да, өздері ортақ келісімге келуге өтініш білдірді. 1627 жылы Есім хан дүние салған соң, оның орнына келген баласы Жәңгір тұсында жоңғарлардың шабуылы күшейді.
Қазақ мемлекетінің бір тұтастығын сақтап қалуға зор үлес қосқан келесі ханның бірі Жәңгірдің баласы Тәуке хан болды. Ол ішкі саясатында қолданған бар мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, қайткен күнде де ру арасындағы алауыздықты жою үшін сонымен қатар ел басқару ісін жақсартуды мақсат етті. Ол бір орталықтан басқарылатын қазақ мемлекеттілігін құру үшін бірінші санатта тұрған Шыңғыс хан ұрпағынан таралған төрелер мен ерекше мәртебеге ие болған қожалардың қазақ қоғамындағы құқықтық жағдайларына баса назар аударды. Ондағы көздегені мемлекеттік басқару ісіне әр ортадан шыққан қабілетті, туа біткен дарынды адамдарды тарту еді.
Тәуке ханның заманында "Билер кеңесінің" құрамына атақты Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке, Досай, Едіге, Сырымбет, Кебек, Есейхан, Жалған, Жолбарыс, Ескелді, Балпық, Сасық би, Байдалы, Тайкелтір, Қоқаш сияқты дарынды қайраткер билер мен батырлар кірді. Билер кеңесінің қызметін ретке келтіруде Тәуке хан тұсында біршама істер жүзеге асырылды. Билер кеңесінің тұрақты өтетін жерлері мен уақыты белгіленді. Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласының жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласының іргесіндегі Мартөбеде, Сыр бойында Ангрен қаласы маңындағы Күлтөбеде билер кеңесі өтеді деп белгіленді.
Орнатқан тәртіп бойынша әр ру басшылары мен билер өз елінің барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жауға аттанатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz