XX ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

XX ғ. бірінші жартысындағы Қазақстан

  1. Елді индустрияландыру саясаты
  2. Ұжымдастыру саясатының зардаптары
  3. 30 жж. мәдениеттің қарама-қайшылықтары

1. Елді индустрияландыру саясаты

XXғ. бірінші ширегінде елдің экономикалық жағдайы қиындаған кез еді. Оның себептері бірінші дүние жүзілік және азамат соғысымен байланысты. Кеңес үкіметі 1920 жылдардан былай қарай мемлекеттік органдарды жаңа жүйеге лайықтап құра бастады. КСРО құрылып оның негізгі заңы қабылданды. Кеңестер Одағында социализм орнатудың жаңа идеологиясы жасалды. Ол елдің ауыр өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын және адамның рухани жағдайын жетілдірілуімен жүзеге асыруда орындалатындығы айқындалды. Ауыр өнеркәсіп елді индустрияландырумен, ал ауыл шаруашылығы елді ұжымдастырумен, адамның рухани жағдайын жетілдіру мәдени революциямен жүзеге асырылуы тиіс еді. Алғашқы қадам елді индустрияландыру саясатынан басталды. 1925 жылы желтоқсанда БКП(б) XIV съезі өтіп, онда елді индустрияландыру бағытына көшіру туралы шешім қабылданды. Бұл шешім бойынша үкіметтің алдына жедел қарқынмен аграрлы елден дамыған өнеркәсіпті елге айналдыру мақсаты қойылды. Индустрияландыру басталған кезде Қазақ АКСР-ның халық шаруашылығының жалпы өнімі 84, 5%-ды құраса, ауылда тұратын халық саны 90% болды. Одақтың орталық органдары алғашқы күннен бастап Қазақ өлкесін Кеңес Одағының шикізат базасына айналдыру бағытын көздеді. Жоғарғы басшылық жер байлығын зерттеудің бағдарламасын жасап, түсті металл, көмір және мұнай өнеркәсібін дамытуды негіздеді.

Индустрияландырудың ең ірі құрылысының бірі - Түркістан - Сібір теміржолын салу болды. 1445 км-ге созылған Сібір мен Орта Азияны жалғайтын жол құрылысы 1927 жылы сәуірде басталды. Құрылыс бүкіл халықтық сипат алды. 1930 жылы 25 сәуірде мерзімінен 17 ай бұрын аяқталды.

Сол кезеңдегі ірі құрылыстардың қатарына Шымкент қорғасын зауыты Балқаш мыс және Ащысай полиметалл комбинаттары жатады. Сондай-ақ Текелі полиметалл, Жезқазған мыс балқыту комбинаттарының, Өскемен қорғасын-мырыш зауытының құрылысы басталды. Бұлар тек Қазақ өлкесіндегі ғана емес, Кеңес Одағындағы түсті металлургияның ірі кәсіпорындары еді.

Шымкент, Ақтөбе және басқа аудандарда химия кәсіпорындарын салу басталды. Мұның бәрі электр қуатын өндірудің көлемін арттыруды талап етті. Соған орай Қарағанды ОЭС-і, Үлбі ГЭС-і, Балқаш мыс өңдеу комбинатының ЖЭО-сы сол кездегі екпінді құрылыс бағыттарына айналды. Ембі мұнай өндіру аймағы дамыды. Бұрынғы өнеркәсіп орындары- Қосшағыл, Мақат кеңейтіліп, жаңа кен орындары-Құлсары, Сағыз іске қосылды. Қазақстан түсті металл өндіруде Одақ бойынша екінші орынға, ал мұнай өндіруде үшінші орынға көтерілді. Қарағанды Одақ бойынша үшінші көмір базасына айналды.

Индустрияландыру жылдары ірі тамақ өнеркәсібі орындары да салынды. Оларға Семей ет комбинаты, Гурьев балық зауыты, Алматы жеміс-консерві комбинаты, Жамбыл, Мерке, Талдықорған қант зауыттары жатады. Егер 1926 жылы Қазақстанда 44 қала және қалашық болса, 1939 жылы олардың саны 81-ге жетті. Қала тұрғындарының саны 8, 2%-дан 27, 7%-ға өсті. Инженер-техникалық, жұмысшы кадрларының білікті тобы қалыптасты. 1926 жылы халық шаруашылығында істейтін жұмысшылар саны 10, 7%-ды құраса, 1939 жылы бұл көрсеткіш 33, 8%-ға жетті.

Сонымен қатар индустрияландырудың келеңсіз жақтары да аз емес еді. Индустрияландыруды жүзеге асыру үлкен қаржылық қорды қажет етті, ал ол қаржы ауыл шаруашылығы есебінен және ішкі несие арқылы алынды. Индустрияландырудың Одақ бойынша дамуы Қазақстан өнеркәсібін шикізат өндіру бағытында ғана дамытуға әкеліп соқты. Газ, мұнай, металл өңдейтін, машина, станок, прибор, автомобиль жасау кәсіпорындары салынбады. Қазақ Республикасы елді электрлендіру, теміржолдар мен оны пайдалану бойынша Одақ көлемінде артта қалды. 1928-1939 жылдары Қазақстан қалаларының халқы қоныс аударушылардың есебінен ғана 1, 8 миллион адамға жетті. Нәтижесінде 1920-1930 жылдары болған аштық пен қоныс аударудың салдарынан қазақтардың үлесі 1939 жылы 33, 8%-ға дейін төмендеп кетті.

Бұл жерде мынаны баса айту керек - 1925-1933 жылдары Қазақ өлкесін революционер Ф. И. Голощекин басқарды. Ол Қазақстанда сталиндік бағытты жүргізіп, «Кіші Қазан» идеясын жүзеге асырған басшы болды. Ф. И. Голощекинге қарсы оппозициялық бағытта Қазақ Республикасының мүддесін қорғау мақсатында күрес жүргізген қайраткерлер Тұрар Рысқұлов, Смағұл Садуақасов, Сәкен Сейфуллин, Сұлтанбек Қожанов, Жалау Мыңбаев және басқалары қуғын-сүргінге ұшырады.

2. Ұжымдастыру саясатының зардаптары

Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін Қазақстан өлкелік партия комитеті жергілікті белсенділермен бірге кәсіпорындардан сегіз мың жұмысшыны тартты. Мұның үстіне республикаға Мәскеуден, Иваново-Вознесенскіден, Харьковтан, Ленинградтан партияның шақыруымен 1204 «жиырмабесмыңыншы» келді. Бірақ бұлардың өздері қазақ жерінде отырықшыланудың мәні мен механизмін жете түсінбеді. Көптеген әкімшілер үшін, бұл шартараптан жүздеген шаруашылықты бір жергежинау болды. Мұндай топтаудың салдарынан шаруалар мал өрісінен, су мен шөп іздеп, жайылым ауытырып отыру мүмкіндігінен айырылды.

Әміршіл-әкімшіл жүйенің нұсқауымен Қазақстанның барлық аймақтарында ұжымдастыру егіншілік шаруашылықтарында да қандай қарқынмен жүргізілсе, мал өсіретін шаруашылықтарда да ол сондай қарқынмен жүргізілсін деп талап етілді. Ойластырылмай алынған шешімнің зиянды қайтарымы озін көп күттірген жоқ.

Қолдағы малды қоғамдастыру нәтижесінде колхоз фермалары құрылды. Кейбір жерлерде алып коммуналар ұйымдастырылып, олар өте көп шаруашылықты біріктірді. Соның нәтижесінде фермаларға жиналған қисапсыз мал күтімнің кемдігінен, шөптің, жайылымның жетпеуінен қырылды. Колхозға кірмеген жеке шаруашылықтарда мал ұстауға ықылас болған жоқ. Сөйтіп, 1928-32 жылдар аралығында республикада ірі қара 6 млн. 509 мыңнан 965 мыңға, қой 18 млн. 566 мыңнан 1 млн 386 мыңға, жылқы 3 млн. 616 мыңнан 416 мыңға, түйе 1 млн. 42 мыңнан 63 мыңға азайып кетті. Қазақстанның осы жылдары одақ бойынша тауарлы астық өндіруден үлес алмағы 9 пайыздан 3 пайызға кеміді. Халықтың тұрмысы нашарлап, қайыршылануы күшейді. Мұның өзі шаруалар бұқарасының наразылығын туғызбай қойған жоқ. 1929-1931 жылдарда шаруалардың 372 көтерілісі болып, оған 80 мыңдай адам қатысты. Созақ, Шемонаиха, Бұқтырма, Ырғыз, Қазалы, Қармақшы, Самар, Абыралы, Бен-Ақсу, Шыңғыстау, Бөрібаев, Қастек, Балқаш, Шұбартау, Маңғыстау т. б. жерлердегі шаруалар көтерілісі аяусыз басылып, оған қатысқандардан 5551 адам сотталды, олардың 883-і атылды. Жалпы алғанда күштеп ұжымдастыру кезінде Қазақстанда 100 мыңнан астам адам жазаланды.

Көшпелі қазақ мал шаруашылықтарын күштеп отырықшыландыру және ұжымдастыру Қазақстан экономикасын құлдыратып төмен түсіріп жіберді. Республика экономикасының құлдырап төмендеуі 1932-1933 жылдардағы қуаңшылықпен тұстас келді. Осындай елді арылмас сорға душар еткен қолдан жасалған қастандық пен табиғаттың рақымсыздығынан осы екі жылда республикада аштықтан өте көп адам қырылып, қазақ елі орны толмас қайғы мен қазаға ұжырады: 1 млн. 750 мың адамынан, яғни қазақ ұлтының 49 пайызынан айырылды. Республикада тұратын баса халықтар да сан жағынан кеміді.

Қазақстанға Ф. И. Голощекиннің өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді. Голощекин әміршіл-әкімшіл басқру жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап салды, «халық жауы» деп жала жауып, мыңдаған қазақ азаматтарының қанын төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82, 1931 жылы - 80 жалған «контрреволюциялық ұйымдар» ашылып, бұл ұйымдардың мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азматтары қамауға алынды.

Сөйтіп, тарихшы ғалымдардың соңғы жылдардағы зерттеулері көрсеткендей, қазақ халқы аса ауыршығынға ұшырады. Ашаршылықтан және онымен байланысты туған эпидемиялардың салдарынан, сондай-ақ өлім-жітімнің көп болуы, халықтың басқа республикаларға, Қытайға, Иранға, Монғолияға т. б. елдерге ауа көшуі нәтижесінде Қазақстан бірнеше миллиондаған адамдарынан айырылды.

Қазақстанда жіберілген орны толмас қателіктер мен бұрмалаушылықтарды Мәскеудегі оталық аппарт жергілікті басқару органдары айыпты деп, барлық бәлені соларға жапты. 1933 жылдың басында Ф. И. Голощекин орнынан алынып, Өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып Л. И. Мирзоян сайланды. Осы жылдың көктемінен бастап енді жіберілген қателіктерді және республикада қалыптасқан ауыр жағдайды түзету басталды. Әсіресе, күштеп ұжымдастыру мен қазақ көшпелі шаруашылықтарын еріксіз отырықшыландыру мәселелеріне айрықша назар аударылды. Ауыл-селодағы шаруашылықтардың бәрі екі жылға мемлекеттік салықтардан және міндетті төлемдерден босатылды. Олардан өткен жылдардағы қарыздары алып тасталды. Көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарға материалдық көмек ретінде 2 млн. пұт астық берілді. Ұжымдастырудағы асыра сілтеушіліктер салдары түзетіліп, көптеген ауыл шаруашылық артельдері шаруалардың қарапайым бірлестігі - жерді бірлесіп өңдеу (ТОЗ), мал өсіру серіктестіктерінің жарғысына көшірілді. 1934 жылы наурызда мал өсіру серіктестіктерінің Үлгі Жарғысы жарияланды. Іске асырылған шаралардың нәтижесінде тек 1934 жылы мал саны 16, 4 пайызға өсті. Бірақ мұндай алғашқы қол жеткен табыстар орасан бүліншілікке ұшыраған республика өмірінің қоғамдық және экономикалық негіздерін қалпына келтіре алмады. Ұлы Отан соғысына дейін Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтар қайтып оралмады, өлкеде қырылған малдың орны толмады. 1941 жылдың басында олардың барлық саны 16 млн. басқа ғана жетті. Ал қазақ этносының бұрынғы санын қалпына келтіру тек Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары болған күшті демографиялық өсудің арқасында, яғни 40 жылдан кейін ғана іске асты.

3. 30 жж. мәдениеттің қарама-қайшылықтары

20-шы жылдардың екінші жартысынан бастап И. В. Сталинннің басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жуйе Қазақстанның мәдениетінің дамуына үлкен кеселін тигізді. Оның үстемдік етуі нәтижесінде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистік партияның саясатына сәйкес жұмыс істеуге тиіс болды. Әсіресе бұл халыққа білім беру саласында ерекше көрініс тапты. Атап айтқанда, бұл кезде шығарылған оқулықтар, партия, комсомол және пионер ұйымдары, жас ұрпақтың санасы мен мінез- құлқына сталинизмнің догмаларын тықпалады. Мектептің қызметі де бұрмаланды.

Бұл кезде халыққа білім беру ісінде, соның ішінде оқу орындарында партиялық әмір күшейді. Оқу-тәрбие процесінің идеологияландырудың үстіне жалпы көрсеткішті кудалау, оқу процестерін формальды жүргізу өрістеді.

Тоталитарлық жуйенің күшеюі халыққа жоғары білім беру саласында да өз әсерін тигізді. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөніндегі қажетін қанағаттандыра алмады. Студенттер мен профессор - оқытушылар құрамында жергілікті халықтыңөкілдерінің саны баяу өсті. 1936ж. Қазақтың мемлекттік университетіндегі 42 оқытушының 8 ғана қазақ болды

Партиялық -мемлекеттік құрылымның идеологияландырылған саясаты профессионалдық оқу орындарындағы істің жағдайына бәрінен де көп зиян келтірді. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерін қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейін жургізілді. Осының нәтижесінде 30-шы жылдардың орта кезінде А. Байтұрсынов, С. Асфендияров, Х. Досмұхамедов, Т. Жүргенов, О. Жандосов және басқа аса көрнекті қоғам қайраткерлер, ғалым, педагогтердің өмірі қиылып кетті.

Жоғары оқу орындарының өмірі партиялық және таптық принциптер негізінде құрылды. Сондықтан университет пен институттардың және техникумдардың шет елдердің өздері сияқты оқу орындарымен байланысы жоқтың қасында болды. Көптеген оқу бағдарламаларының, көмекші құралдар мен оқулықтардың мазмұны еркін творчестволық ойлауды қалыптастырмады. Олардың мәні мен мазмұны ғылымның, техника мен технологияның жаңа жетістіктерін зерттеп білуге бағытталмады. Кадрлар және студенттер құрамын толықтыруда пара алушылыққа, жершілікке және әлеуметтік әділетсіздіктің басқа түрлеріне жол берілді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы
XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 жж.)
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрл
Қазақстанның жаңа тарихы кезеңінен XVIII-XIXғғ Қазақстанның ішкі және сырқы саясаты
ХІХ ҒАСЫР МЕН ХХ ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ МӘДЕНИЕТІ
XX ғасырдың бiрiншi жартысындағы Қазақстанда психологиялық ой- пiкiрлердiң дамуы
Қазақстандағы бастауыш мектептің әдіснамалық және тарихи-педагогикалық сипаттамалар беру
19-20 ғасырдағы Қазақстан баспасөзі
ХIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы
Жеделхат мәтіні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz