XX ғ. басындағы Қазақстан



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
XXғ. басындағы Қазақстан
1. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы
2. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы
3. Кеңестік үкіметтің іс-шаралары
1. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы
ХХ ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отралық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі "Қоныс аудару қорын" (Переселенческий фонд) құру үшін қазақ өлкесіндегі "Артық" жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқарламаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А.Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді."Қоныс аудару қорына" қазақтардың жайылым, сауат, мал айдау жолдарын, қыстықтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу қазақ әскерлері де орналасқан болатын. ХХ ғасырдың басына қарай қазақтардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 милион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті.
Ресейдегі аграрлық саладағы өзгерістердің жаңа кезеңі "Столыпин реформаларымен" тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпинның аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда агарлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға өзіне тиесілі жер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П.Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіруге өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпеі қазақтардың жерін тартып алу, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді.
Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. 1893-1905 жылары қазақтардан 4 млн.десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн.десятинаға, 1916 жылы 40 млн.десятинаға, ал 1917 жылы 45 млн.десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер негізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бұл облыстардан 40,5 млн.десятина, Жетісудан 4 млн.десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды.
ХХ ғасырдың басында Қазақ өлкесінде тау-кен өнркәсібі даму үстінде болды. Өйткені, қазақ жерінің қазба байлығын игеруде жақсы жолға қойыла бастаған еді. 1902 жылы барлығы 18695 жұмысшы еңбек ететін 197 өндіріс орны жұмыс істеген. Тау - кен өндірісімен бірге өнім өңдейтін шағын кәсіпорындар жүйесі де қалыптаса бастады. Бұл кезде өлкеде 690 кәсіпорын болса, ал онда 7297 адам жұмыс істеген. ХХ ғасырдың ең ірі деген өндіріс орындарына Қарағанды көмір шахталары, Қазақ өлкесінің шығыс және орталық аудандарындағы түсті металлургия, Орал-Ембі мұнай өңдеу кәсіпорындары кірді. Іс жүзінде бұл өндіріс орындары шетел кәсіпкерлерінің, негізінен ағылшын, француз, американдықтардың қолында болды. "Спасск мыс кеніші" акционерлік қоғамның төрағасы ағылшын парламентінің мүшесі Артур Фелл, ала төрағаның орынбасары Франция президентінің жиені Эрнест Жан Карно. Орыстық-азиялық деп аталған Риддер мен Екібастұз кеніштернің корпарациясы ағылшын компаниясының иелігіне беріліп, оған болашақ АҚШ президенті Герберт Гувер мен ағылшын қаржыгер Уркварт қаржы салды.
Қазақ жері арқылы өтетін теміржолдарды салу нәтижесінде теміржол жұмысшыларының саны өсе бастады. Мысалы, Орынбор-Ташкент теміржолының ұзындығ 1656 км құраса, ал онда жұмыс істейтін жұмысшылардығ саны құраса, ал онда жұмыс істейтін жұмысшылардығ саны 30 мыңға жетті. Бұл теміржол 1901-1905 жылдары салынып, Қазақ өлкесіндегі ең негізгі магистральге айналды. Жол бойында Шалқар, Азалы, Перовск, Түркістан сияқты ірі бекеттер жұмыс істеді.
2. Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы
ХХ ғасырдың басында Қазақстанда ұлттық сана өрлеу үстінде болды. Қазақ қоғамындағы ұлттық қозғалыс бүкіл халықтың сипат ала бастады. Ұлттық қозғалыстың әртүрлі ағымдары қалыптасып, оның негізгі күші ұлттық интеллигенция болды.
Сол тарихи кезеңде көрнекті саясаткер, ғалым, публицист Әлихан Бөкейхановтың (1866-1937) қоғамдық-саяси қызметі ерекше маңызға ие болды. Ә.Бөкейханов Ресейдегі баспасөз беттерінде қазақ халқының тіл, сайлау, дін, бостандықтары мәселесін көтерді. ХХ ғасырдың басында Қазақ газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтеруде зор еңбек сіңірді. Оның Ресей. Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы деген басылымның редакциялық алқа мүшесі болуы көп жайды аңғарып тұрса керек.Ә.Бөкейханов бұл басылымның Қазақ жеріне арналған ХVIII томын құрастыруға қосқан үлесі зор болды.
1905 жылы 11-18 қазанда Мәскеуде либерал демократтардың құрылтай съезі болып, онда конституциялық-демократиялық партия (кадет партиясы) құрылған еді, Ә.Н.Бөкейханов осы партияның мүшелігіне кірді. Ә.Бөкейханов зерттеу экспедиция жұмыстарына белсенді араласты. Ф.А.Брокгауз және И.А.Ефрон экспедициясының 4-21 томдардың шығуына белсене араласты. Ә.Бөкейханов Қазіргі кездегі мемлекеттердің ұлттық қозғалысының түрлерідеген жинақта Қырғыздар (Қазақтар) атты мақала жазды. Онда қазақ халқының шығу тегіне, мемлекетінің қалыптасуы мендаму мәселелеріне және мәдениетіне терең талдау жасалды. Сондай-ақ қазақ халқының отаршылдық саясатқа деген көзқарасын, ұлт-азаттық күрестің бағытын ашып көрсеткен.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) - қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі. Мемлекет қайраткері, ақын, публицист, қазақ тілі білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым. Ұлттық жазудың реформаторы.
1910 жылдан бастап А. Байтұрсыновты қазақ облыстарынан тысқары жер аудару жөнінде шешім қабылданды. Осы шешімге сәйкес А. Байтұрсынов 1910-1917 жылдар аралығында Орынборда тұрды.Онда 1913-1918 жылдары тұңғыш жалпы ұлттық Қазақ газетін шығарып тұрды. Бүкіл қазақ жұрты Қазақ газетін оқып, оңы мен солын тани бастады, жаңа қалыптасып келе жатқан ұлт зиялыларының саяси санасы осы басылым арқылы жетілді. А. Байтұрсыновтың алғашқы кітабы-Қырық мысал 1909 жылы жарық көрді. Бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің ауыр халін тұспалдап жеткізді. Ол мысал жанры арқылы халықтың саяси санасының оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты бейнеленген өлеңдері Маса деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). Масаның негізгі идеясы- жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды.
Міржақып Дулатов(1885-1935) - Алаш қозғалысының қайраткері, жазушы, ақын, драматург, журналист. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көрнекті өкілі.
Ол 1905 жылы 17 қазанда Ресей үкіметіне қазақ халқы атынан жолданған Қарқаралы петициясын дайындаушылардың бірі болды. 1906 жылы М. Дулатов конституциялық демократтар партиясы атынан делегат ретінде Санк-Петербургке барады. Осы кезден бастап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1917-1920 жылдардағы қазақ жастар қозғалысының тарихы мен тағылымдары
Отандық тарихты зерттеу мен насихаттау
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихы
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай мен оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуының алғышарттары
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері туралы ақпарат
Қазақ мәдениетінде бұрыннан келе жатқан идея - жанның мәңгілігі
Пәндер