Ертеректегі және дамыған ортағасырлық мәдениет


Ертеректегі және дамыған ортағасырлық мәдениет
- Ұлы Жібек жолы және қалалық мәдениет
- Сәулет өнері
- Рухани мәдениет және дін
1. Ұлы Жібек жолы және қалалық мәдениет
Ұлы Жібек жолы Жетісуда, жалпы қазақ даласында көптеген қалалардың пайда болуына себеп болды. Жібек жолының тарихы туралы алғашқы жазба дерек VІІ ғасырда өмір сүрген будда дінін зерттеуші Сюань-Цзянь жолжазбалары болып табылады. Оның қол жазбаларында көпестердің керуені Қытайдың астанасы Чаньаннан шығып, Тянь-Шаньды жағалай отырып, “Қайнаған көлге” дейін жеткен. Сюань-Цзянь еңбегіндегі “Қайнаған көл” немесе “Мөлдіреген көгілдір көл” деген атауларды тарихшылар Ыстықкөл туралы айтылады дейді. Жібек жолы негізінің қалануы тым арыдан басталды. Оны “лазурит” (көктас), “нефрит” жолдарынан бастау керек. Бадахшанда (Орта Азия) өндірілген көктас (лазурит) Иранға, Мысырға, Сирияға, Қытайға жетті, дәл сол кеніштер Орта Азияны, Үндістанмен, Мысырмен, Қытаймен байланыстырды.
Б. з. б. І мыңжылдықта “Дала жолы” қызмет ете бастады. “Дала жолы” қымбат бағалы маталарды, аң терілерін, кілемдерді тасымалдауда үлкен сауда жолына айналды. Жібек матаның Қытайдан батыс елдеріне жеткізіле бастауы б. з. д. VІ-V ғасырларда басталған. Жібек тоқу кәсібі бұдан бес мың жыл бұрын іске асқандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді.
Ұлы Жібек жолы тек сауда қызметін ғана атқарып қойған жоқ сонымен қатар мәдениетті, дінді тасымалдаушы да болды. Шайырлар (ақындар), суретшілер, бишілер, сиқыршылар т. б өнер адамдары үнемі жол үстінде жүретін болған. Демек, Ұлы Жібек жолы жер-жерлерде мәдениеттің негізгі мазмұнын таратушы-дәнекер бола алды. Шығыс мәдениеті мен Батыс мәдениетінің үйлесуінің жаршысы болды. Жібек жолы ХІV ғасырға дейін қызмет етті. Ең бастысы - Қытай теңіз жолының ашылуы, оның үстіне дүркін-дүркін болып жатқан соғыстар Ұлы Жібек жолын істен шығарды. Бұдан былай құрлықтағы керун сауда жолына қарағанда қауіпсіздеу әрі арзан түскен су жолы қолданылды.
Ертеректегі және дамыған орта ғасырда Қазақстанда отырықшы, көшпелі және қалалық мәдениет қалыптасты. Қазақстан аумағында ортағасырлық кезеңде орын алған әрбір мемлекет тұсында қалыптасқан әртүрлі этникалық салт-дәстүрлер мәдениетке үлес қосты. Әсіресе, мәдениет нышандары Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу жерінде нақты орнықты. Оныңөзіндік бірнеше себептері бар, біріншіден, Ұлы Жібек жолының негізгі тармақтарының сол аймақ арқылы өтуі, екіншіден көршілес отырықшы Орта Азия елдерінің әсері. Жібек жолының бойынды Сырдарияның бай қалалары тұрды. ХVІ ғасырда өмір сүрген Рузбихан: “Ходжент (Сырдария) өзені Түркістан бекіністерінің арасынан ағп өтеді. Сейхун өзенінен қызып шығарылған арналардың жағасында сондай асқақ көрінетін аса биік замоктар сияқты биік бекіністер ортасынан ағып жатқан өзен жұмақтың қуаныш-шаттығын айтып тұрғандай” деп жазады.
Сауданың дамуы VІІ ғасырда қалалардың санының көбеюіне ықпал етті. Олардың ішінде сол кездің өзінде маңызы бар саяси әрі сауда орталығына айналған Суяб, Тараз, “Ақ өзендегі қала” кейін барып, Испиджаб (Сайрам) атанған қалалар. Әсіресе, олардың қанат жаюы Кореядан Қара теңізге дейінгі аймақты алып жатқан - Түрік қағандығының тұсына келді. Оның бірнеше тармақтары орын алды. Ең ірі тармағы батыстан шығыста қарағанда Шаштан (Ташкент) Испиджабқа беттеді. Ол жерге Мерв, Балх, Бұхара, Самардқан, Хорезм, Бағдаттан керуендер келді. Екінші тармақ Испиджабтан Бірнеше кіші-гірім қалаларды басып өтіп, Таразға жеткен.
ІХ-ХІІ ғасырларда қалалық мәдениеттің үшінші ауданы пайда болды. Қалалардың көлемі жаңа рабадтар салыну есебінен ұлғая түсті. Көшпенділіктердің отырықшылдыққа көшуінің бір дәлелі - табылған тұрғын үй орындары мен қыш ыдыстар. ХІ ғасырда тұрғын үйлердің жаңа түрлері - анфиладалы - айқышты бөлмелі және қатарластырыла салынған үй-жайлар пайда болды. Отырықшылдыққа көшу қала мен дала нығайтты. Қалаларда ашылған шеберханалар тұрмыс-тіршілікке қажетті заттар әзірледі. Бұл сауданы, оның ішінде айырбас сауданы күшейтті.
ІХ-ХІІІ ғғ. тауар - ақша қатынасы өсіп, айырбас сауданы ығыстыра бастаған кез. Бұл тұста Испиджаб, Отырар, Тараз өз теңгелерін шығара бастады.
Ертеректегі орта ғасырларда /VІ-VІІІ ғғ. / теңгелерді белді тайпалардың атақты адамдары шығарып, оған өз таңбаларын бастырды. Таңба дегеніміз - ру атының өзіндік идеограммасы, оған қарап исінің қай әулеттен екендігін, руын, сол руы жайлы мәліметтерді білуге болады. Қала қолөнершілерінің өнімдері алыс және жақын маңда сатылды. Ақша айналымы іске қосылды, оның ең алғашқысына мыс, екінші түрлеріне қола теңгелер жатады. Әсіресе, түркештер тұсында теңге жаңа бейнеге ие бола бастады. Бұл теңгенін оң бетінде түркештердің таңбасы - садақ, ал екінші бетінде - “Түркеш - қаған ақша” деп оқылатын түсініктемесі болды.
Қарахандықтардың ақша жүйесінде “қара дирхемдердің” барлық түрі, оның ішінде гитрифи тектес мыс тәріздестері ұзақ уақыт айналымда жүрді. Бұл самани әсерінің көп болғандығының белгісі. Жібек жолының бойымен тек заттар, теңгелер ғана емес өнер де тасымалданды.
Қорта келе, ортағасырдағы (VІ-ХІІІ ғғ. ) Ұлы жібек жолы бойндағы қалалар өзінің мәні және көлемі жағынан үшке бөлінді.
- Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қалалар жатты. Олардың қатарына - Cайрам, Отырар, Сауран, Жанкент, Жа__нқала, Құмкент кірді.
- Екінші топтағы қалаларға көлемі 15-30 гектарды алып жатқан қалалар жатты. Қалалардың барлығына сай келетін ортақ белгі - күмбнзді мешіттердің орын алуы. Бурух, Хурлуг, Жумишлагу, Кенжек, Буджикент, Телек т. б.
- Үшінші топтағы қалалар - шағын қалалар, бірақ халық тығыз орналасқан. Оларға Шарапхана, Газгирд, Манкент, Бесрукет, Будухкет жатады. Қалалардың саны барлық аймақтарда бірте-бірте өсті. Отырықшылдық пен қала өмірінің дамығандығын астаналық қалалар санының өсуінен де байқауға болады.
2. Сәулет өнері
Қазақ даласында қола дәуірден бастап, соңғы ортағасырлар дәуіріне деін тастан, күдірілген тастан құрылыстар орын алған. Сәулет өнерінен дәстүрлі шаруашылыққа бейімделуді байқаймыз. Археолог ғалымдар көшіп-қонуға байланысты құрылыста мәрмәр тас пайдаланылмаған болса керек деген ой тастайды. Соған қарамай, тастан жасалған тұрақты қоныс жайларының және жерленген адамдардың бастарына тұрғызылған құрылыстарының жүиелері табылған. Тағы бір көзге түсетін жағдай - кез келген салынған құрылыс есткерткішінен оның иесінің әулеттік тегін ажыратуға болатындығы. Әсіресе, сақ дәуірінен бұл қатты байқалады. Патша қорғандары әулеттік тегі туралы хабар берсе, мұртты обалар тайпалық-рулық қарым-қатынастың орын алғандығын мәлімдейді.
Сәулет өнерінің келесі сатысы үйсін, қаңлы заманына келеді. Жазбаша деректер олардың нақты астаналық қалаларының болғандығын мәлімдейді, бірақ ол қалалардың нақты орындары табылмаған. Оның да өзіндік себептері бар, біріншіден, қалалық құрылыс саз балшықтан құйылған, күйдірілмеген кірпіштен соғылған, екіншіден, тайпаларар асындағы қанды соғыстар деп тұжырымдауға болады. Себебі, кейбір соғыстар нәтижесінде тіпті қалалар қаңырап бос қалған жағдайлар да кездескен.
Түркілер заманында өркендеу жалғасты. Алғашқы тас мүсіндер қатарына балбалдарды жатқызуға болады, бірақ тас мүсінді қою мұсылман дінінің енуіне байланысты тоқтады. Бұл кезде Оңтүстік Қазақстанда және Жетісу жерінде түркі тілдес тайпалардың отырықшылана бастауының арқасында, қалалық өмір дамып, қолөнер де, егін шаруашылығы да өркендейді. Алғашқы Батыс түрік қағанатының орталығы - Суяб қаласы болған деген дерек болса, ал түгеш, қарлұқ қағанаттығының кезіндегі мәліметтерден, түркітілдес елдердің Баласағұн, Қаялық, Янгикент, Исфиджаб (Сайрам), Талас (Жамбыл), Атлах, Жамукет, Құлан, Мерке, т. б. көптеген қалаларының болғандығын білеміз. Сәулет өнеріндегі келесі өзгеріс, әсіресе ІХ-Х ғасырдан былай қарай айқындала түседі. Оның негізгі себебі мұсылман дінінің енуімен байланысты. Ортағасырлық кезеңдегі сәулет өнерінің басты белгісі - мешіттер болып саналады. Мешіттердің мұнаралы болуы Орта Азия стиліменөте ұқсас. Сәулет өнерінің беделді нұсқалары ретінде Бабаджа- қатын кесенесі күйдірілген кірпіштен салынған күмбезді ғимарат. Ішіне шығыс жақтағы есіктен кіреді. Кесене Х-ХІ ғасырға жатады.
Айша бибі кесеңесінің салынуы өзгешелеу. Ондағы қабырғалардың бұрыштары төрт ширектік бағандармен безендірілген. Қабырғаларға терең арқалы қуыстар орналастырылған. Қабырғалардың үстіңгі жағында ою-өрнектер көп: ромба сияқты әртүрлі ұсақ құймалармен, ал бағаналары геометриялық әсемдік ою - өрнегі бар шығыңқы және ойық формадағы қаптамалармен безендірілген. Биік маңдайша сүйірленіп шағарылған. Ою-өрнекті әсем бағаналардың бітімі бөлек. Түрлі- түсті формадағы қаптамалар қабырғаларға ерекше ілінгіш түстіктер мен дөңес қималар арқылы қиюластырылған. Бұл ескерткіштердің ХІ-ХІІ ғасырларда салынған Қазақстандағы ең көне мешіттердің орны Кедер, Өркен, Құлан деген қалаларға қазба жұмыстарын жүргізу барысында табылғандығын археологиялық зерттеулер айғақтайды.
Ортағасырлық кезеңдегі сәулет өнерінің бір көрінісі қалаларда кездесетін моншалар. Деректерге қарағанда маңызды жағынан ірі қалаларда моншалардың саны көп болған, тіпті, онға дейін жетіпті. Олардың бірнеше бөлмелерден тұруы, әрбір бөлменің өзінің атқаратын қызметінің болуы орта ғасырдағы мәдениетін дәрежесін көрсетеді.
Орта ғасырда қазақстан өңірінде салынған ғимараттарды оюлау, өрнектеу де кездеседі. Оған негізгі шикізат - сары топырақтан жаслған балшық. Балшықтан кірпіш құйып, оны қалау барысында түрлі әдістер қолдану арқылы, қырынан бірнешеуден бір-біріне жапсарлап қалау арқылы бөлменің ішіне жарықтың дұрыс түсуін, немесе сейсмолгиялық жағдайды есепке алу да көзделген екен.
Қазақстандағы ескерткіштердің басым көпшілігі Тараз айманында орналасқан. Тарихи ескерткіштердің тағы бір шоғырланған аймағы - Түркістан. Екі аймақтың басты маңызға ие болуының да өзіндік себептері бар. Біріншіден, олардың стратегиялық мәніне байланысты десек, екіншіден, Жібек жолының тармақтарының шоғырланған аймағы.
Тараз ескерткіштерінің ең көрнекілерінің қатарына Қарахан кесенесін жатқызуға болады. Сондай-ақ, Түркістандағы Талқышан баба (Х-ХІ ғғ. ), Ахмед Яссауи (ХІҮ-ХҮғғ. ), Сыр бойындағы Сырлытам (Х-ХІ ғғ. ), кесенелері материалдық мәдениеттің негізгі көріністері болып табылады.
Археологиялық қазбалар нәтижесінде Құлан мен Көкмардандағы тұрғын үйлер, Суяб пен Науакеттегі будда храмдары мен монастырлар Испиджабтағы ғибадат орындары белгілі болды.
ІХ-ХІІ ғасырлардағы көлемді құраластарға Кедер мен Жамукеттегі сарайлар мысал бола алады. Кедер сарайының қабырғалары мен есік тақтайлары жазулармен көріктендірілген.
Жамукеттегі салтанат сарайы да қызыл, сары, көк түстермен, геометриялық ою - өрнектері әдемі. Діни залдың қабырғаларына ою - өрнектері әдемі қыш тақтайшалар жапсырылған. Онда жүзім сабақтары, қызғалдақ, гүл шоқтары бейнеленген. Діни залдың едені жартылай көтеріңкі - сәкі етелеп жасалған, онда қасиетті от жағатын орын болғандығын археологиялық қазба жұмысын жүргізген ғалымдар дәлелдейді. Қазақ жеріндегі түрлі діннің орын алуы да өнердің дамуына ұлыс қосты. Храмдар, шіркеулер, мешіттер орын алды, олардың салынуындағы ерекшеліктердің барлығында ешкімнің дауы жоқ.
3. Рухани мәдениет және дін
Түркілердің аңыз ертектері дүние жүзінің басқа халықтары сияқты өте көне дәуірде туған. Қоныстас жатқан парсы тайпаларының этникалық діни мұралары мен қатарлас жүрген сақ тайпаларында Гаршеапс пен Манхирас диюдың шайқасы туралы аңыз сақталған. Мұндай жаңа ертегілер түркілерге сақ - скиф, ғұн заманынаң жетсе, «Күй астындағы Күнекей», «Қара мерген», «Керқұла атты Кендебай сал» сияқты ертегілер, тіпті, арғы дәуір мұралары.
Ауыз әдебиетіндегі батырлық, ерлік жалғыз дастанмен емес толғай, арнау, мадақ, өсиет түрінде де берілген. Бұлардың орындаушыларды жыраулар, термешілер деп атады. Екінші түрі ретінде тұрмыс салт жырлары немесе лирикалық шығармалар жатады.
Халық арасында ертеден келе жатқан мифтер мен ертегілер, аңыз әнгімелер кең тарады. Олар әрқашан өңделіп отырды. Ол кездегі фольклордың ең ертедегі үлгілері ғарыштық, тотемдік сипаттағы алуан түрлі мифологиялық сюжеттер. Оларда Ғарыш пен Жердің ғайыптан пайда болғанда туралы, Күннің, Айдын және басқа да аспан шырақтарының қайдан шыққаны туралы айталады.
Рухани мәдениетінің өркендеуі наным және дінмен де байланысты. Қазақ даласы көп дінді аймаққа жатады. Бұл сипат ертеден ақ қалыптасты. Ертедегі діни нанымдар дәстүрлері әсіресе, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда күшті болды. Онда ислам дінінің таралуына қарамастан, бұрынғысынша зороастризм, несториандық бағыттағы христиан діні, біддизм де сақталды. Бұл - діндердің қатар орын алғандығын дәлелдейтін материалдық мәдениет болып табылады.
Ғылымның дамуына да өзіндік ұзақ уақыты бар. Бұл салада табылған жазбаша деректердің басым көпшілігі Қарахан мемлекетінің тұсына келеді. Әлде де табылмай, ғалымдардың саралауына түспей жатқан дүниелер аз емес шығар. Ғылымның ең алғашқы өкілдеріне Әл-Фарабиді аламыз.
Араб ғалымы Абулқасым ибн Хауқалдың хабарлауына қарағанда, Әл-Фараби 870 жылы Арыс өзенінің Сырға құяр жерінде Отырар қаласында дүниеге келген. Арабтар Отырарды Фараб деп атаған. Отырардың араб тіліндегі атауы сол кездегі Шығыс дәстүрі бойынша Әбу Насырдың аты жөніне айналды. Ол алғашқы білімді Отырар қаласында алды, әрі қарай білімін Хорасанда жетілдірді. Бұдан кейін Орта ғасырларда Шығыс пен Батыс мәдениетінің тоғысқан шаһарлары - Бағдад, Басыра, Мысыр (Қайыр), Халеб, Шам (Дамаск) қалаларында білім алды, өмір сүрді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz