Ертеректегі ортағасырлық мемлекеттер
Ертеректегі ортағасырлық мемлекеттер
1. Түрік қағандықтары
2. Қарлұқтар, оғыздар, қимақтар құрған ерте ортағасырлық мемлекеттер
1. Түрік қағандықтары
Қазақстан тарихында VI - XII ғғ. аралығы түркі дәуірі деп аталады. Түркі тілдес тайпалардың 700 жыл бойы үстемдік еткен кезінде Қазақстан аумағында көптеген ерте ортағасырлық мемлекеттер орын алды. Түркілер тайпасының саяси аренаға көтерілуі олардың үлкен соғыстармен байланысты болды. Оның ішінде теле тайпасының әрекеті Алтай өңіріндегі саяси құрылымға ерекше әсерін тигізді. Vғасырларда түркі тілдес теле тайпасы Солтүстік Монғол жеріне Шығыс Еуропаға дейін кең аймақты алып жатты. Түрік деген атау алғаш рет қытай шежірелерінде 542 жылы кездеседі. Қытайлар Түркілердің күшеюіне әсер еткен 546 жылғы жағдай. Бұл жыл телелердің Бумын бастаған түркілерден жеңілген жылы.Телелер түркілерге бағыныштылыққа түсті.
Түрік қағаны Бумынның беделінің өсуі оның жорықтарына байланысты болды. Ол түріктердің ата жауын біртіндеп талқандай бастады. Әсіресе, 552 жылы авар қағаны Анағұйды жеңіп, оны ең соңында өзін - өзі өлтіруге мәжбүр етті. Сонымен 552 жылы Түрік қағандығы құрылды.
Түрік қағанаты Орта Азиядағы өзінің саяси билігін нығайту үшін Византияға 568 жылы соғды көпесі Маниах бастаған елші жіберді. Бұл елшіліктің бірінші сапары сәтсіз болып, екінші рет тағы жіберілді. Елшіліктің алдына қойған мақсаты, біріншіден, Иранға қарсы әскери одақ жасау болса, екінші басты мәселе, сауданы жандандыру еді. Бұл жолы да жібек саудасы түпкілікті шешілмеді, себебі, Византия өзі жібек шығарып, бәсекелестік туды. Екінші сапарда Маниах бастаған елшілік Иранға қарсы әскери одақ жасауға қол жеткізді.
Оған дәлел Византия императоры, Земарх бастаған бір топ адамды түрік елшілерімен қосып аттандырды. Түрік қағаны Истеми (Силзебулл) Византиядан келген бұл елшілікті өте жақсы қабылдаған. Жазба деректер VI ғасырдың аяғында түрік қағанатының ішкі, сыртқы саясатының әлсірегендігін мәлімдейді.
Батыс Түрік қағандығы кең аймақты қамтыды. Шығыс Түркістаннан Әмударияға, батыс шекарасы Еділ өзені, оңтүстігі Кавказға дейін созылды. Қазақ даласында Батыс түрік қағанаты бұрынғы үйсіндер мекендеген аймақтарды алып жатты. Демек, Қаратудың шығыс жағынан қазіргі Жоңғарияға дейінгі жерлер кірді. Орталығы Жетісу болды. Астанасы - Суяб қаласы. Қағандықты мемлекетті - ең жоғарғы билеуші, әскер басы әрі бүкіл жердің иесі болып есептелетін қаған биледі. Қаған ашина руынан болуы тиіс еді.Жазғы ордасы Мыңбұлақ қаласы. Қытай деректерінде бұл қала Цзедань қаласы деп мәлімделеді. Ортағасырлық кезеңде көптеген мемлекеттерде екі астанадан болғандығы байқалады. Бұл олардың көшпелі шаруашылығымен байланысты еді.
Саяси құрылысын алсақ, Батыс Түрік қағандығының ел билеушісі - қаған, ол -әрі әскер басы, шексіз билікке ие болды. Ру басшыларын тағайындау, жер бөлу биліктерін өзі шешті. Қағанның арнаулы әскери жасағы құрылды.
VII ғасырдың бас кезінде Батыс түрік қағаны ордасында болған будда монахы, саясатшы Сюань Цзянның жазғандары қаған ақсүйектерінің байлығын көрсетеді. Аң аулап жүрген қағанды көрген саяхатшы аңшылардың киімдерінің сәнділігіне таң қалған екен. Қаған жасыл жібек желбегей киген, - дейді ол. - Оның қасына ерген екі жүзден астам тарханы бар, олар қамқа желбегейлер киген, бөріктері жұмсақ матадан тігілген, қолдарына айбалта, садақ, ту ұстаған. Аттары өңшең сәйгүлік. Түйе, ат мінген адамдардың көптігіне көз сүрінеді. Одан әрі қағанның киіз үйі туралы айтқанда, оның алтынмен сәнделгені соншалық, тіпті көз қаратпайды дейді ол. Қағандықтағы екінші адам - ұлық. Әкімшілік істерді жабғу, шад, елтеберлер басқарды, сот қызметін бұйрықтар мен тархандар, салық жинауды бақылаушы - тудундар жүргізді. Бектер, яғни, тайпа бастықтары мен өкілдері ақсүйектердің негізгі тірегі болды. Батыс түрік қағандығында көңіл аударарлық жағдай ол - үй қағанының қоғамдағы орны. Бір әулеттегі басшыны, немесе үй иесін үй қаған деп атаған. Бұл біріншіден отбасының беделін көтерер жағдай деп түсінсек, екіншіден, патриархалды- рулық қарым - қатынастың дәрежесіне маңыз бере түседі деп түсінуімізге болады.
Еңбекші халық - қара бұдун, халықтың ең төменгі кедейленген бөлігін тат деп атау қалыптасты.Жорықтарда қолға түскен тұтқындар құлға айналды. Олар қағанның меншігінің бір бөлігін құрады. Отбасында құлдарды шаруашылыққа пайдалану, кейде кәсібіне қарай арнайы тірлікке бейімдеу орын алды. Мысалы, көбіне қала салу, зәулім ғимараттар тұрғызуға ақсүйектер міндетті түрде құлдарды пайдаланды.
VII ғасырдың ортасында Он жебе (он оқ) құрамына кірген тайпалардың қаған атынан емес, өз туларын жеке көтерген әрекеті жиілей түсті. Оның аяғы он алты жылға созылған тайпа-аралық (640-657жж.) үздіксіз соғысқа ұласты. Бұл соғыс Батыс Түрік қағандығын әлсіретті. Осы саяси шиеліністі Таң империясы (Қытай) тиімді пайдаланып, Жетісуға кірді, бірақ түріктердің олармен аяусыз соғысы VIII ғасырдың басында биліктің түркештер қолына өтуіне әкеп соқты.
Түркештер ертеден Іле мен Шу аралығында көшіп жүрген тайпалар. Олардың басын біріктіріп, Жетісудағы билікті 70 жылы Үш-Елік қолына алды. Ол Шаштан (Ташкент) бастап, Тұрпан мен Бесбалыққа дейінгі аралықта өз билігін орнатты. Астанасы етіп Суяб қаласын белгіледі, оны үлкен Орда деп атады. Екінші астанасы - Күнгіт қаласы, оны Кіші Орда деп атады. Түркеш қағандығындағы маңызды сауда орталықтарының бірі - Тараз қаласы болатын. Бұл қала Ұлы Жібек жолының үстінде жатқандықтан саяси- экономикалық маңызға ие болды. Тараз қаласында теңге соғатын ұстаханалардың болғандығын археологиялық зерттеулер көрсетті. Үлестік жүйе орын алды. Оны түтіктік деп атады. Түркеш қағандығы 20 түтіктікке бөлініп, оның әрқайсысында 7 мыңнан әскер болды.
Түркештер сары және қара болып екіге бөлінді. Шу бойында сары түркештер, ал Талас өзені жағасында қаралар тұрды. Жалпы түркеш қағандығының гүлденуі қара түркештерді шапыш тайпасынан шыққан Сұлықтың тұсына келеді. Қара түркештердің атын Сұлық (Сұлу) қаған шығарса, сары түркештердің аты Сақал қаған тұсында шықты. Бірақ сары және қара түркештер арасында ауызбірлік болмай үнемі соғыстар болып тұрды. Ол, әсіресе, 738 жылы Сулу қаған дүние салған соң қатты байқалды.
VIII ғасыр түркештер үшін саяси белестер кезеңі болды. Орта Азияны тізе бүктірген арабтар түркештер жеріне басып кіріп, қасиетті соғысты жалғастырды. Оның үстіне қарақытайлықтардың әрекеті де ізсіз қалған жоқ.
Күшейген қарақытайлар 748 жылы Суяб қаласын жаулап алды. Жетісу жері қытай мен арабтар арасында тартысқа түсті. Арабтар мен қытайлар арасында 751 жылы Атлах қаласында қатты шайқас өтті. Түркештер арабтардың жағына шығып, бес күнге созылған шайқаста қытайлықтарды талқандады. Бұл жағдай түркештер елінде мұсылман дінінің енуіне, араб жазбасының қалыптасуына жол ашты. Сондай-ақ, түркештердің этникалық - саяси тарихына, материалдық және рухани мәдениетінің дамуында соғдылықтардың орны ерекше болды. Себебі, VIII ғасырдан бастап, соғдылықтар Жетісуға түрлі себептермен қоныс аударды. Олардың Жетісуға келуі сауданы жандандырды, егіншілік пен қала мәдениетінің өркендеуіне елеулі із қалдырды.
VIII ғасырдың бірінші жартысында түркештер еліне жан-жақтан жасалған шабуылдар, олардың өздерінің арасындағы тартыстар, бұл мемлекетті әлсіретпей қоймады.
Осы себептен 746 жылы Жетісуға Алтайдан ауып келген қарлұқтарға төтеп бере алмай, Түркеш мемлекеті 756 жылы құлады.

Ертеректегі ортағасырлық кезең көптеген қоғамдық құрылымдарда бастан кешірді.Саяси құрылысы жүйеге келтірілген,әлуметтік құрылымы іріктелген, шаруашылығымен мәдениеті қалыптасқан мемлекеттер құрылды. Сол мемлекеттерді құруға Алтай өңірінен Ілеге қарай қоныс тепкен үш қарлұқ, қимақ ал, осылардың Іле жағалауына құлауынан сол аймақты тастап Аралға қарай ығысқан оғыз тайпаларының орны ерекше:
Қарлұқтардың даму тарихын 840 жылға дейінгі және одан былайғы деп екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Орта ғасырдан қалған жазбаша деректер олардың бастапқы мекені Отюкен (Моңғолия) екендігін мәлімдейді. Олар біртіндеп үш қарлұқ жікіл, басмыл, ташлық атауымен Тарбағатайға дейін қоныстана бастады. Саяси дамуы Батыс және Шығыс түрік қағандықтарындағы жағдаймен тікелей байланысты болды. Қарлұқтар өз дербестігіне қол жеткізу үшін көтерілістерге, тіпті, кей жағдайда бейімделу жағдайына көшіп отырды. 742 жылы Шығыс түрік қағандығының үстемдіктен айрылуы қарлұқтардың дербестігіне жол ашты.
744 жылы осы оқиғаға байланысты ішкі Азияда Ұйғыр қағанаты пайда болды. Қарлұқтардың дербестік үшін күресі толастамады. Оның алғашқы әрекеті 746 жылы қарлұқтардың Жетісуға қоныс аударуымен ұштасты. Осы тұста түркештердің әлсіреуін пайдаланып Жетісу жеріндегі билікті 756 жылы қолдарына алған қарлұқтар болды. Жетісу жері үшін қарлұқтар мен оғыздар арасында үлкен қантөгістер өтті.Олар Жетісу жеріндегі түркештерді талқандап, өз биліктерін орнатты. Бұл 756 жыл еді. Астанасы - Суяб қаласы болып бекітілді. Қарлұқтар жаугершіліктің арқасында жерін кеңейтті. Бұған араб жағрафшысы ибн Хаукальдің Қарлұқ жерін батыстан шығысқа қарай жүріп өту үшін 30 күн керек болды деп жазған сөздері дәлел.
Қарлұқтар айналдырғанда он жыл шамасында (766-775жж.) Қашқарияны, Ферғананы жаулап алды. Араб, парсы деректері қарлұқтардың саяси бірлестіктері болғандығын мәлімдейді. Баста бір ғана болат, одан үш қарлұқ болып көбейсе, ал XII ғ. өмір сүрген араб жағрафшысы Әл-Марвази қарлұқтар құрамында тоғыз тайпаның барлығын атайды. Қарлұқ мемлекетінің көлемділігіне қарай, оның халқы да этникалық жағынан біртектес болмаған. Ең алғашқы қарлұқ қағаны ашина руынан тараған - Испиджаб билеушісі Білге Қадырхан еді. Басқа ортағасырлық мемлекеттердегідей Қарлұқ елінде де екі астана болды. IX ғ. аяғында арабтар бұл аймаққа шапқыншылықты тағы бастады. Осыдан да болар қарлұқ қағанының Тараз шахарынан ордасы Қашқарға көшті.
Алтай жеріндегі шайқас ұйғырлар мен Енисей қырғыздары арасында жүріп жатты. 80 мың жауынгер жасақтай алған қырғыздар 840 жылы ұйғырларды түпкілікті талқандады. Ұйғырлыр Турфан алқабына Ганьсу жеріне қоныс аударды. Қарлұқ мемлекетінде ислам діні жедел дами бастады. Оған саманилер үлес қосты, ал соғдылықтар өздерінің отырықшы мәдениетімен із қалдырды.
840 жылға дейін қарлұқтардың ел билеушісін жабғу деп атап келсе, бұдан былай толық дербестікке жеткендікті айқындаудың бір белгісі - ел билеушісін қаған деп атады. Мемлекетті басқарудың әскери - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz