Қазақ халқының және қазақ хандығының қалыптасуы


Қазақ халқының және қазақ хандығының қалыптасуы
- Қазақ халқының қалыптасуы
- "Қазақ" этнонимі, қазақ жүздері
- Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары
1. Қазақ халқының қалыптасуы
Қазақ халқының қалыптасуы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақытты қамтиды. Оның алғашқы кезеңін соңау арийлер мен турлар заманынан бастаған дұрыс сияқты. Себебі, тарих сабақтастығында байланысты тайпалардың пайда болып, оның біртіндеп дамуына, тайпалық одаққа, одан халыққа дейінгі дәрежеге жеткендігі белгілі. Дамуды жүйелей келе, андрондық кезеңнен бастап сақ-сармат дәуірі аралығын алған жағдайдың өзінде бұл аралықта қыруар өзгерістердің болғаны байқалады. Тайпалардың орналасуы, олардың жайылымдық аймақ үшін соғыстары, олардың орнының ауысуына әкеледі. Бірақ, ол ауысу сол белгілі аймақта өтті.
Ежелгі қазақ даласындағы қоғамдық маңызы бар оқиғалар ол тайпаларды нәсілдік, әрі антропологиялық өзгеріске түсірді. Арийлер мен тур тайпаларын, одан былай қалыптасқан сақ тайпалық одағын кейбір зерттеуші ғалымдар нәсілі жағынан европеоидтарға, ал тілін үнді ирандық топқа жатқызады.
Келесі кезеңді ғұндардың қоныс аударып, әсіресе, халықтардың ұлы қоныс аудару кезеңінде (II-V ғғ. ) пайда болған ежелгі мемлекеттердің түзілуімен байланыстыруға болады.
Ендігі жерде тайпалар нәсілі жағынан моңғол тектес, тілдік құрамы түркі тілдеске көшті. Жаңа келген түркі тайпалары ертеректегі түркі дәуіріндегі өмір кешкен сақ сармат тайпаларын антропологиялық жағынан да өзгеріске ұшыратты. Ғұндардың келуімекн күшейе түскен түркілену біртіндеп кең етек жайды. Түркі, Батыс Түркі, Түркеш қағандыұтары тұсындағы өмір сүрген тайпаларда бұл аймақта этникалық қауымдастықтың қалыптасуына зор үлес қосты.
Шыңғыс ұрпақтарының мемлекеттері құрылуына дейіңгі аралықта қазақ даласында орын алған Батыс Түрік қағандығынан Қыпшақ хандығына дейнгі мемлекеттер түркіленуді бұрынғыдан да күшейтті. Тек түркілену ғана емес, бұл кезеңде мұсылмандану да қабат жүрді. Ертефеодалдық ортағасырлық мемлекеттерде өмір кешкен тайпалар бұл процестің шапшаң жүруіне үлес қосты. Қазақ халқының қалыптасуына қомақты түрде үлес қосқан қыпшақ кезеңі екендігін айтқан жөн. III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр түрлі бес жағдайында Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақ даласында қазақ халқының қалыптасуының аяқталу кезеңіне дейінгі аралықты қамтыды. Қыпшақ халқының бір тұтас болып, кең аймақта қалыптасуына кедергі болған моңғол шапқыншылығы.
XIII ғасырдың басында қалыптасып үлгермеген қазақ халқының зор апатқа ұшыратқан моңғол шапқыңшылығы болды. Шапқыңшылық қазақ халқының халық болып түзілупроцесін екі ғасырға тежеді. Отырықшылықтың жойылуы, қалалардың жермен жексен болуы, елді мекендердегі тайпалар мен руларды да қырғынға ұшыратты.
Моңғолдардың жаулауы бағыныштылыққа түскен тайпалардың тек саяси экономикасына ғана емес, оның антропологиялық, демек физиологиялық жағына да өзгеріс еңгізеді. Кейбір қалалардың талқандалуы, дамуын тоқтатуы, жергілікті тайпалардың мәдениетіне нұсқан келтірді, отырықшылықты жойды.
Ең бастысы- белгілі аймақтың ортақтастығы тайпалар шаруашылығының, әдет-ғұрып, салт-санасының біртіндеп бір диалектіде сөйлесуі де, жалпы алғанда бір-бірімен қай жағынан болса да жақындаса түсуі жүріп жатты.
Қазақ даласында пайда болған Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарында ақ сүйектер билігі орнағанмен олар біртіндеп түркіленді, тіпті жергілікті халықтың тілін қабылдады. Бір аймақта өмір кешкен тайпалар мен рулардың шаруашылығының үш түрі негізінде ортақ экономикасы, тілі, мәдениеті қалыптасты. Қажеттіліктен туындаған бұл алғы шарттар аймағы жағынан ортақтас болған тайпалармен рулардың бірігуін тездетті.
Ұлыстардың орнында XIII-XV ғасырлардағы пайда болған Алтын Орда, оның әлсіреу нәтижесінде белгілі болған. Ақ Ордадағы, Моғолстан, Ноғай Ордасының қалыптасуы да тайпалардың этникалық топтасуына ықпал етті. Оның ішінде, әсіресе, АҚ Ордадағы топтасу жылдам жүрді. Оған негіз болған Ақ Орданың қыпшақтардың жерінде құрылуы. Түбінде бұл аймақтың қазіргі Қазақстан аймағы екендігін ескерсек, Ақ Орданың басқа иеліктерге қарағанда қосқан үлесінің зор екендігін айтуға болады. Ал, моғолстанның жерін алсақ, ол қазіргі жетісуға сай келеді, сондықтан да біз моғолстанның да тарихтағы орнын атауымыз керек. Белгілі аймақтарда өмір сүрген тайпалар өздерінің тұрақтылығына байланысты айқындалады. Оған біз жетісу аймағындағы үйсіңдер мен қаңлыларды мысалғы алсақ жеткілікті. Себебі, аталған тайпалар бұл аймақта сан ғасырлар бойы өмір сүріп келеді, оладың автохотондылығы айқын, қазірдің өзінде Жетісу жеріндегі белгілі руларға жатады. Дешті Қыпшақ жерінде біртіндеп қалыптасқан үш әулеттің екеуінің Жошы және Шайбанның басты аймағы қазақ даласында өмір сүріп, билік үшін өзара шайқасты. Шыңғыс ұрпағы жергілікті тайпаларрға араласып кетті.
2. "Қазақ" этнонимі, қазақ жүздері
«Қазақ» этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы ғылыми тартысқа түсіп келе жатыр. Дегенменде, айта кететін жағдай, ең алғаш рет “қазақ” термині 1245 жылы Мамлюктік Египет елінде қыпшақтар мекендеген жерде араб-қыпшақ сөздігінде кезедеседі. Бұл сөздік “қазақ” терминінің жазбаша дерекке түскенінің дәлелі. “Қазақ” термині “еркін, кезбе” деген мағынада аударылған. Бұл аударма терминнің әлеуметтік мәнін көрсетеді. Демек, XIV- XV ғасырларға дейін қазақ даласында орын тепкен мемлекеттердің де “қазақ” халқының қалыптасуына қоқан үлесі мол. Қазақ халқының толық қалыптасып аяқталуы XIV ғасырдың екінші жартысы XV ғасырдың бірінші жартысы.
Қазақ халқының жүзге бөлінуі ғалымдардың алдындағы тұрған әлде де шешімін таппаған мәселе. Жүзге бөлінудің аймақтық негізінде жүргені белгілі. Бұның төңірегіндегі басты мәселе, оның уақытын анықтау. “Жүз” термині туралы да ойлар көп. Осы кезге дейінгі “жуз”, “жақ” деген ұғымды беріп келсе, К. А. Пищулинаның зерттеулеріне сүйене отырып, “тармақ” деген сөзбен түсіндіріледі. Егерде қазақ халқының үш жүзге бөлінуін басшылыққа ала отырып, жалпы ертеректе өмір сүрген тайпалардың, халықтардың бөлінуімен байланыстра өтсек, онда бөлінудің үйсіндерден басталғаның көруге болады. Ежелгі үйсін мемлекеті де үшке ; шығыс, батыс, орталық болып бөлінген, батыс түрік қағандығы он қанат және сол қанат болып екіге бөлінеді. Жалпы ежелгі, ертерекетгі кезеңдегі осылайша саяси жағынан маңызы бар бөліну процесі үйсіндердің үшке, ал қалған тайпалар мен халықтардың моңғол шапқыншылығына дейінгі аралықта екіге бөлінгендігіне көз жеткізу қиын емес. Ал, Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін, оның ішінде қазақ даласын үш баласына беруіне байланысты, үш ұлыс пайда болды. Әрине, бұл тұста “жүз” деген ұғым орын алған жоқ. “Жүз” ұғымының кең етек алуының Тәуке ханның билер институтының негізін қалауы мен байланыстырған жөн секілді. Бұл XVII ғасырдың II-жартысынан басталады. Оның үстіне XVII ғасырдың II жартысы XVIII ғасырдың бірінші ширегі Романовтар әулиетінің ең беделді I Петрдің заманы.
Үш жүздің орналасуына жеке-жеке тоқтаған, Орынбор генерал губернаторы Г. Волконский XVIII ғасырда барша қазақстан территориясы Жетісу, Орталық Қазақстан және Батыс Қазақстан болып, 3 түрлі шаруашылық аймаққа бөлінгендігін жазып қалдырған. Олардың әр қайсысының өз жайылымдары мен қыстаулары болған. Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық ортақтастығы негізінде топтасқан, өз шекарасының өзге жерлерге көшіп-конбаулары мен дараланған. Әрбір жүз өзінің малын белгілі бір аймақта жайған. Осымен қатар олар өздерінің саяси-экономикалық, әлеуметтік мәселелерін жеке шешіп отырған. Жүздердің тілі, әдет-ғұрпы, шаруашылығы жағынан бір-бірінен ешбір айырмашылығы болған емес. Жетісу көшпенділері Шу, Талас, Сарысу, Сырдария, Іле өзендерінің бойында, Алатау жайылымдарында көшіп жүрді. Бұл аймақ Ұлы жүз жері деп аталды. Ұлы жүзге: үйсіндер, қаңлылар, дулат, албан, суан, жалайырлар және т. б. жатады.
Орта жүз қазақтары Сырдария, Қаратау баурайында тұрды. Тобыл, Есіл, Нұра, Аякөз, Ертіс өзендерінің бойында отырықшылдық пен айналысты. Олар Орталық Қазақстанның далалық аймағын көші-конға тиімді пайдаланды. Оларға қыпшақтар, арғын, найман, керей, коңырат, уақтар т. б. кіреді.
Кіші жүз Батыс Қазақстан жері Орал, Ырғыз, Сағыз, Жем, Торғай өзендерінің жағалауында қоныс тепкен қазақтар. Кіші жүзге табын, тама, жағалбайлы, шөмекей, қарасақал, төртқара, адай, шекті, алаша, серкеш рулары жатады. Кіші жүз: Байұлы, Әлімұлы және Жетіру болып үшке бөлінеді.
3. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары
Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттары. Қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керейдің дербес хандық құру туралы ойларының жылдар бойы қалыптасқандығын дәлелдейтін нақты жағдайлар бар. “Көшпелі өзбек” ханы Әбілқайырдың жаулау әрекеттері қазақтарды тығыз қоныстанған Сыр бойынан ығыстыра бастады. Бұл әрекеттер, әсіресе, 1446 жылдан басталды. Осы жылы Әбілқайыр хан Түркістан аймағын иеленіп, сондағы Сығанақ қаласын астана етеді. Сөйтіп, мемлекеттің саяси орталығы Керей мен Жанібек сұлтандар ұлысы жеріне ауысады. Әбілқайыр хан Сырдың орта ағысы бойын иелену арқылы Дешті Қыпшақтың Орта Азиямен сауда қатнастарына өз бақылауларын орнатады. Сол сияқты Сыр бойындағы қысқы жайылымдар шайбанилық сұлтандар иелігіне көшті. Саяси әрі экономикалық аймақтан айырылу қазақ сұлтандарына үлкен соққы болып тиді. Әбілқайыр ханның мұнадай іс-әрекеті осы аймақты иеленіп келе жатқан Орыс хан ұрпақтарының мүшелеріне қайшылық келтірді. Көшудің бастамасы осы жағдайлар болса, ары қарай оның өрши түсуіне әкелген 1457 жылғы оқиға болды. “Көшпелі өзбек” хандығының, оның билеушісі Әбілқайыр хан 1457 жылы өз астанасы Сығанақ түбінде ойраттардан ойсырай жеңілді. Сол жылы Әбілқайырдың ішкі саясатына наразылық білдірген Керей мен Жәнібек сұлтандар 200 мың қазақпен Моғолстанға қоңыс аударды. Моғолстан ханы Есен Бұқаның оларды құшақ жая қарсы алуының екі себебі бар. Біріншіден, Есен Бұқа мен Керей өте жақын туыс. /Есен Бұқа Керейдің қарындасына үйленген/. Екіншіден, Есен Бұқа Керей мен Жәнібектің күшін пайдаланып, ойраттар мен көшпелі Өзбек хандығынан қорғану үшін шекараны нығайтуды көздеді. Қазақ хандығы Жетісудың батыс бөлігінде Шу мен Талас өзендерінің аралығында Қозыбас деген жерде негізін қалады.
Қазақ хандығының бастапқы өріс тепкен жері - Батыс Жетісу - Шу және Талас аңғарлары болса, біртіндеп Шығыс Дешті - Қыпшақ, Түркістан жазираларында да қанат жайды. Бұл әлуметтік-экономикалық және этносаяси процестердің натижесі болып табылды. Мырза Хайдар Дулати өзінің “Тарихи Ршиди” еңбегінде қазақ хандығының түзілуінің аяқталуы 1465-1466 жылдар деп көрсетеді. Қазақ хандығының қалыптасу аймағы туралы Заинаддин Васифи (XVI) “Бадап әл-уәкой” шығармасында сөз қозғайды. “Михман наме-ий Бұхар” еңбегінің авторы да қазақ хандығы аймағының біртіндеп ұлғайғандығын айтады. Сонымен қазақтың алғашқы хандары болып Керей мен Жәнібек саналады. /Орыс ханның ұрпақтары Жошы әулетінен тарағандар/. Тарихта көбіне Жәнібекті айтады. /Керей жас шамасы жағынан Жәнібектен үлкен/. Оның себебі Жәнібек халық арасында жас мемлекеттің қуатын нығайтуда көбірек көзге түсті. Жан-жақтан, оның ішінде Орталық және Оңтүстік Қазақстаннан көшіп келген қазақ тайпалары жергілікті жердегі қазақтармен бірігіп кетті. Ойраттардың шабуылына өз күшімен соққы бере алмаған Есен Бұқа қазақтармен тығыз қарым-қатынаста болуды көздейді. Мырза Хайдар Дулатидің “Тарихи Рашиди” еңбегінде қазақ хандығының құрылуын 1465-1466 жылы Моғолстан ханы Есен Бұқаның 1462 жылы дүние салуын Керей мен Жәнібек ұтымды пайдаланып, билеушісіз қалған елді берік орнығу мүмкіндігін көздеді. Ал, 1468 жылы көшпелі өзбек ханы Әбілхайыр ханның Моғолстанға жорыққа аттану үстінде қаза табуы жас қазақ хандығының оқшаулануына жол ашты. Біртіндеп қазақ хандығы күшейе бастады. Керей 1473 ж. дейін хандық құрды. Жошы әулетімен Шайбан әулетінің саяси бәсекелестігі тоқтамады. Әсіресе, Сырдария бойындағы Түркістан аймағындағы қалалар мен жайылымдық жерлер үшін соғыс қақтығыстары жиі өтіп отырды. Себебі қазақ хандығы үшін Түркістан аймағының айрықша маңызына қазақ халқының отырықшы-егіншілік өңірлер мен сауда байланыстарының тұрақтылығын қатамасыз етуге ұмтылуы жатты. Әсіресе, аймақтағы ірі сауда орталықтарына бақылау орнату, егіншілік аудандардаң салық жинаудан түсетін пайда Қазақ хандығы үшін аймақтың экономикалық маңызын өсіре түседі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz