Қазақ халқының Ұлт-азаттық көтерілістері туралы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ халқының Ұлт-азаттық көтерілістері

  1. Кіші жүздегі Сырым Датұлы бастаған көтеріліс
  2. Бөкей ордасының құрылуы
  3. Кенесары Қасымұлының Ұлт-азаттық көтерілісі

1. Кіші жүздегі Сырым Датұлы бастаған көтеріліс

Е. Пугачев көтерілісі басылғаннан кейін де Кіші жүздегі жер мәселесі күрделі күйінде қала берді. Аса күрделі мәселе қазақ руларының дәстүрлі көші-қон жүйесінің бұзылуы болатын. Оған қоса жайылым жерлер тарыла бастады. Қыс айларында қыстауға Жайықтың арғы бетіне көшу тек 1782 жылы ғана мүмкін болды. Оныңөзінде де шекара басшылары ханға арнайы рұқсат беріп, ақы төленуі тиіс болды. Ресейдің отарлық саясаты мен ханның іс-әрекетіне қарсы Кіші жүзде наразылықтар мен толқулар күшейе бастады. Оған қоса 1782-1783 жылдың қысында «жұт» басталды. Сол уақыттағы «жұт» туралы деректер мына жағ-дайларды суреттейді: «Гурьевтің ар жағындағы даладан көптеген малдардың өліктерін көруге болады, олардың саны мыңцаған жылқы және ірі қараны құрады. Қойлар мен басқа да ұсақ малдар есепке алынбады. Қазақтар тыйым салуға қарамастан өз еріктерімен Жайықтың «ішкі жағына» өтуін тоқтатпады. Ал бұл жерлерде оларды казактар қарсы алып, тонап отырды. 1783 жылы көктемінде казак әскерлері қазақтардың төрт мың жылқысын айдап алып кетті». Мұның бәрі көтерілістің шығуына түрткі болған еді.

Көтерілісті ұйымдастырушы белгілі батыр әрі шешен, Е. Пугачев көтерілісіне белсене араласқан Байбақты руының ағаманы Сырым Датұлы болды. Көтеріліс 1783 жылы басталып, 1797 жылға дейін созылды. Көтерілістің халықтық сипат алуының себебі: патша үкіметінің отарлық саясаты, олардың қазақ жерлерін тартып алуы, бекіністердің салынуы, ғасырлар бойы қалыптасқан көші-қон жүйесінің бұзылуы, ресей әкімшілігі мен казак әскері тарапынан үздіксіз жасалып келген қысым мен күш көрсетуі, қазақ халқының қарапайым азаматтық құқықтарының шектелуі болатын. Оның үстіне Нұралы хан мен оның туыстары Айшуақ, Ералы, Досалы жыл сайын Орынбордан жа-лақы алып отыратын. Сондықтан да олар Ресейдің отарлық әкімшілігіне қыз-мет етті. Кіші жүздегі көші-қон мәселесі Нұралы хан ұйғарымымен шешіп отырды. Бұл жағдайдың бәрі халықты дала заңдылығында жоқ кіріптарлыққа ұрындырды.

Сырым Датұлы көтерілістің алғашқы кезеңін Орал әскери желісі бойындағы Ор бекінісіндегі казак әскерімен соғысудан бастады. Көтерілісшілердің ең негізгі күші Сағыз өзені бойына шоғырланып, ол көтерілістің негізгі ошағына айналды. Сырым Датұлының 2700 сарбаздан тұратын жасағы құрылды. Ал көтеріліске қатысқандардың жалпы саны шамамен 6-7 мың адамға жеткен.

Көтерілістің қозғаушы күші шаруалар болды. Сонымен бірге Нұралы ханның патша әкімшілігін ашық қолдап отырғанына наразы болған ру басылары мен билер де көтеріліске белсене қатысқан еді. Кіші жүздегі ұлт-азаттық көтеріліс Ресей әкімшілігін қатты алаңдата баста-ды. Сол себепті 1785 жылы Әскери коллегияның шешімімен қаңтар айында көтерілісті басу үшін генерал Смирнов бастаған тұрақты әскер жіберіледі.

1785жылы көктемде көтерілісшілер Антонов бекінісі мен Жайықтың төменгі ағысындағы Сахарный бекінісіне шабуыл жасайды. Бірақ әскери горнизон шабуылға дайын болғандықтан, қазақ сарбаздарына тойтарыс беріледі. Көтерілісшілер сол маңдағы басқа да бекіністер мен қамалдарға шабуылдарын жиілете түсті. Көтерілісшілердің күші барған сайын нығая бастады. Ал Кіші жүз ханы Нұралының патша әкімшілігімен байланысын күшейткенімен, халық алдындағы беделі төмендей берді.

1786 жылы 6 шілдеде II Екатерина Нұралы ханды биліктен алу үшін (рес-крипт) бұйрық шығарады. Ол алдымен Орынборға шақырылып, одан кейін Уфаға жер аударылады. Сөйтіп, оның тағдырын патша әкімшілігі шешіп, сонда 1790 жылы қайтыс болады.

1790 жылы көтерілісшілер жасағы Ойыл өзенінің маңына қайта шоғырла-нып, Елек қорғанысына шабуылға дайындала бастады. Осы жылдың тамыз айында Уфада Нұралы хан қайтыс болғаннан кейін, патша әкімшілігі 1791 жылы оның інісі Ералыны Кіші Жүзге хан етіп тағайындайды. Нұралы ханның тақтан тайдырылуы мен О. Игельстромның қызметтен босауы Сырым Датұлы сарбаздарының біраз бөлігінің елдеріне қайтуына әсер еткен болатын. Сол себепті көтерілісшілердің әскери күші едәуір әлсіреп қалғанды. Ал жаңа губернатор болса Сырым батыр көтерілісін біржола басуды қолға ала бастады. Ералы хан ағасы Нұралы ханның саясатын одан әрі жалғастырып, Сырым Датұлына қарсы күресті қайта бастады. Міне, сондықтан да Орынбор әкімшілігі оған жан-жақты қолдау білдірді. Осындай жағдайлардың барлығы көтерілістің қайта өршуіне әкеп соқты. 1792 жылы жазда көтеріліс бүкіл Кіші жүз аумағын қамтыды. Сол жылы күзде Сырым Датұлы Елек қаласын шабуылмен басып алуға әрекет жасады, бірақ та бұл мүмкін болмай қалады. Бұдан былай күшінің жеткіліксіздігіне көзі жеткен Сырым батыр күрестің түрін өзгертіп, партизандық соғыс әдісіне көшеді. Кіші жүздегі көтерілістің ұзаққа созылуына алаңцаушылық білдірген II Екатерина Сырым Датұлын ұстауға жарлық береді.

1794 жылы Ералы хан қайтыс болып, патша үкіметі тағы да жаңадан хан тағайындауға мәжбүр болды. Тек екі жылдан кейін ғана, яғни 1796 жылы қазанда Нұралының ұлы Есім хан болып тағайындалады.

Кіші жүздегі қазақтардың Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бірінші ашық бас көтеру болды. С. Датұлын II Екатерина мен Игельстром Кіші жүзде хандық билікті жою үшін кейбір жағдайларда пайдаланған да еді. Дегенмен Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы біраз уақыт болса да патша үкіметінің отарлық саясатын тежеді және Ресей үкіметін қазақтардың мүддесімен санасу керектігіне көздерін жеткізген еді. Өйткені көтеріліс аяқталғаннан кейін патша үкіметі қазақтарға Жайықтың сол жағына көшіп-қонуға рұқсат беруге мәжбүр болған еді. Бұл Сырым батыр бастаған көтерілістің нәтижесіз болмағанын дәлелдесе керек.

2. Бөкей ордасының құрылуы

1801ж. 11 наурызда император Павел I Бөкей ордасының құрылуы туралы заңға қол қойды. Сөйтіп, Жайық пен Еділ өзендері аралығының төменгі сағасында жаңа этнотерриториялық бірлестік құрылды. Патша үкіметі мүндай саяси қадамды Кіші жүздегі Сырым Датұлының көтерілісінен кейін жағдайды реттеу мақсатында жасаған еді. Халық наразылығының алдын алу үшін қазақтардың біраз бөлігін Еділ мен Жайықтың аралығына көшіру арқылы жер мәселесін шешу де ойластырылды.

Бөкей хандығының аумағы шығыстан батысқа қарай 350 шақырымды, солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді қамтып, Астрахань, Саратов, Орынбор губернияларынан Жайық бойындағы әскери бекіністермен және солтүстік Каспий аймағымен шектесіп жатты. 1812 жылы 7 шілдеде Ішкі Ордада ресми түрде Бөкей хан болып жарияланды. XIX ғасырдың екінші ширегінде Бөкей хандығында оның баласы Жәңгір хан (1824-1845) билігі кезінде жерге жеке меншік пайда болды. Жәңгір ханның иелігінде 400 мың десятина (1 десятина - 1, 6 га) жер болды, ал оның інісі Меңдігерей дәл осындай мөлшеріндегі жайылымды иеленді. Ордадағы 25-30 дәулетті бай отбасылары хандықтың барлық жерінің 85%-ын иелік етті. Осындай жағдайда халықтың үштен бірі жерсіз қалды. Қарапайым шаруалар осындай ірі жер иелерінен жерді жалға алуға мәжбүр болды.

Бөкей хандығының саяси құрылымында да өзіндік ерекшеліктері болды. Жәңгір хан тұсында ру басыларын ханға жақын адамдардан патша әкімшілігі тағайындады. Сот жүйесі Хандық кеңестің мүшелері болған билердің қолында болды. Хан руларға жайылымдарды бекітіп, жерді меншікке берді.

Сонымен Жәңгір хан кезінде бұрынғы басқару жүйесі өзгеріп, Бөкей хандығында патша өкіметінің мүддесін қамтамасыз ете алатын бюрократиялық ұйымдасқан аппарат қалыптасты. Бұл патша әкімшілігінің Ішкі Ордада отарлық саясатты жүзеге асыру мақсатында жасалған саясат еді. Сол себепті Бөкей хандығында отарлау саясаты күшейе бастады. Қарапайым xaлық екі жақты қысымға түсті. Бірі Жәңгір ханның жер мәселесі бойынша жүргізген әділетсіз саясаты болса, екіншісі патша үкіметінің отарлық саясаты болды. 1836 жылы Беріш руының ағаман батыр Исатай Тайманұлының (1791-1838) басшылығымен шаруалар көтерілісі басталды. Ал оның серігі батыр әрі ақын Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) болды. Исатай Тайманүлы ауыл-ауылды аралап, казактар мен байлардың жерлерін тартып алуға шақырды. Көтеріліс болған аймақтарда хандық билік пен отарлық әкімшіліктің қызметін тоқтатып тастады. 1837 жылдың жазы мен күзінде көтерілісшілердің Жәңгір ханға қолдау көрсеткен ауылдарға шабуылдары басталды. 1837 жылы қазанда Исатай Тайманұлы Жәңгір ханның ордасын қоршауға алу жөнінде шешім қабылдайды. Көтерілісшілер саны бұл кезде 2 мың адамға жеткен болатын. Көтерілісті басуға подполковник К. Гекке басқарған астрахандық және Жайық казак отрядтары мен екі зеңбірегі бар хан жасағынан құрылған, барлығы мыңнан астам солдаты бар ірі қарулы күш жіберілді.

1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде таңсәріде жазалаушы отряд пен көтерілісшілер арасында шайқас басталды. Шайқаста зеңбіректі пайдаланудың үлкен артықшылығы бар еді. Көтерілісшілер жүзге жуық адамынан айырылып, шегінуге мәжбүр болды. Жазалаушы отряд көтеріліс басшыларын қолға түсіре алмады. Патша әкімшілігі Исатай Тайманұлын ұстап берген адамға 500 сом күміспен сый бөрілетінін жариялады.

13 желтоқсанда түнде Исатай жасағы Жаманқала форпосты арқылы Жайық өзенінің арғы бетіне өтіп кетті. Исатай мен Махамбет шашырап кеткен көтерілісшілерді қайта біріктіріп, 1838 жылы көктеміне қарай біршама күш жинады. Бұл хабарды естіген бойда оларға қарсы тағы да жазалаушы отряд жіберіледі.

Бұл жазалаушы отрядты да К. Геке басқарды. Оның қарамағында 200 орынборлық казактар, 150 жайық казактары, екі зеңбірегі бар желілік батаальонның бес жүз солдаты болды. 1838 жылы 12 шілдеде Қиыл өзені бойындағы Ақбұлақ дөген жерде шешуші шайқас болды. Шайқаста көтерілісшілердің 500 жуық адамы бар негізгі тобы талқандалды. Исатай Тайманұлының өзі де қаза тапты. Ақбұлақ шайқасынан кейін шаруалардың қарсылығы бәсеңдей бастады. Жазалаушы отрядтар көтеріліске қатысушыларды аяусыз жазалауға кірісті. Оларды ауыр соққыға жығып, мал-мүліктерін тәркіледі, өмірлік жер аударылды, каторгалық жұмысқа жіберілді. 1836-1838 жылдары болған Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс те осылайша жеңіліспен аяқталды.

3. Кенесары Қасымұлының Ұлт-азаттық көтерілісі

1841 жылы қыркүйекте үш жүздің өкілдері жиынында Кенесары қазақ халқының ханы болып сайланды. Сол жы-лы Кенесары ханның әскері Қоқан хандығының иелігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарын алды. 1843 жылы Ресей үкіметі Кенесары ханға қарсы кең көлемді әскери жорық ұйымдастыр-ды. Соған қарамастан, Кенесары ханның әскері Ресей армиясы мен Ресей жағында күресуші қазақ сұлтандарына бірнеше рет ойсырата соқ-қы берді. Әсіресе 1843 жыл-дың қыркүйегіндегі Орынбор жасағымен шайқас бір жұма- ға созылды. 1844-1845 жылдары Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілісі шырқау шегіне жетті. Ол бастаған елді үш жақтан қоршап, Қарақұмға шегінуге жол бермеу үш бірдей жасаққа жүктелсе де Кенесары оларды жер қаптырып, құтылып кетті. Кенесары кейін Константинов қамалына шабуыл жасады. Жантөрин мен полковник Дуниковский ба-стаған орыс әскерімен шайқа-сып, сұлтан жасағына тылдан тиісіп, жойып жіберді. Осы ұрыста 44 сұлтан қаза тапты. Кенесарыны қарудың күшімен бағындыра алмасын білген патша өкіметі онымен келіссөз жүргізіп, қапияда қолға түскен сүйікті жары Күнімжан ханымды тұтқыннан босатты. Кенесары өз ставкасын Жетісуға көшірді. Ұлы жүзден оған Байсейіт, Сұраншы, Саурық, Тойшыбек, Байзақ батырлар жасақтарымен келіп қосылды. Тарихта Кенесары хан парасатты әмірші, әскери өнерді жетік меңгерген қолбасшы, жаужүрек батыр ғана емес, ғажайып дипломат, данагөй де болған тарихи тұлға . . . Кенесары бір күні өзінің хандық рухына сүйеніп, Торғай өңірінде отырған қып-шақтардың биі Балғожаға (Ыбырай Алтынсариннің атасы, М. С. ) елшісін жіберіп, оған көтерілісшілерге ұландар жасағын қосуды бұйырады. Балғожа би: «Ақ патшаға берген антым бар. Антты аттай алмаймын. Кенесарының әскеріне қосатын жасағым жоқ, - деп хан елшісін кері қайтарып жібереді. Кенесары хан бидің әділ жауабына жаулықпен жауап қайтара алмай, енді оның жеке басына тиісуге сылтау іздейді. Сонан соң оған жаушы жіберіп: «Балғожа бидің Кертаңдақ дейтін тұлпары қара емес, хан мінуге лайықты ат. Би сол дүлдүлін маған бер- сін» деген сәлемін жеткізеді. Мұны естігенінде Балғожа би: «Астымдағы атымды хан Кененің атасы Абылай тіріліп келсе де бере алмаймын», - деп күш көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың қоныс аудару
Шетелдерде қазақ диаспорасының қалыптасуы
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
Қазақтардың Қытай жеріне ауа көшуі
Қазақ диаспорасы
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
XX ғасырдың басындағы қоғамдық саяси ой - пікір
Күштеп ұжымдастыру
Қазақтардың Қытайға, Ауғанстанға жаппай қоныс аударуының бірінші толқыны (Құлжа өңірі, Қашқария)
XX ғасырдың басындағы саяси ой-пікір
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz