Қазақстан моңғол дәуіріндегі мәліметтер


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан моңғол дәуірінде

  1. Шыңғыс хан жорықтары
  2. Ұлыстық жүйе
  3. Алтын Орда

1. Шыңғыс хан жорықтары

Шыңғыс хан тарихта татар-моңғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, моңғол әскери-феодалдық мемлекетінің негізін салушы болып танылады. Шыңғыс ханның әкесі-белгілі ноян Есугей. Оның руы қият, оның ішінде бөржігін. Сол тайпаның көсемі болған баһадүр.

Шыңғыс хан керейіттер мен найман ұлыстарының билеушілерін талқандап, Орталық Азия даласындағы құдіретті қолбасшыға айналды. 1206 жылы Орхон өзені бойында өткен құрылтайда моңғол ақсүйектері тоғыз қыл құйрық байланған қасиетті байрақ көтеріп, оны хан сайлады. Шыңғыс хан құрған мемлекет «моңғол мемлекеті» деп аталды. Астанасы - Қарақорым қаласы. Оған іргелес Бұйырнұр көлі жағасында Татар тайпалары да көшіп-қонып жүрді. Осыдан келіп кейінірек моңғол-татар деген атау қалыптасты. Қатал тәртібі, жүйелі құрылымы бар әскер басында моңғолдардың феодалдық жоғарғы тобының өкілдері нояндар, баһадүрлар, мергендер тұрды. Бұған қосымша Шыңғыс ханның өзіне шын берілген 10 мыңдай таңдаулы жауынгерлері, жеке ұланы (гвардиясы) болды. Ұландардың арқасында Шыңғыс хан моңғолдардың феодалдық тобын өзіне тәуелді етіп ұстады. Өтюкен жеріне толық билігін мойындаттырған Шыңғыс хан ендігі жерде басқа да аймақты жаулауды көздеді.

Оған түрткі болған қуғынға ұшырап, Жетісуға келген Күшліктің әрекеті болды. Ол Жетісуда өз билігін орнату үшін, қарақытайлықтарға, ұйғырлар мен қарлұқтарға қысым көрсетті. Қарлұқтардың билеушісі Арыслан хан, ұйғыр идиқұты Баршық, Шыңғыс ханнан Күшлікті талқандауды сұрап елші жібереді. Осыған байланысты 1211 жылы Шыңғыс хан Құбылай бастаған әскерді Жетісуға жіберді, бірақ бұл жолы Күшлікті талқандау мүмкін болмады, себебі, сол жылы Шыңғыс ханның алдындағы басты мақсаты - Қытай жеріндегі Цзинь империясымен соғысу, сондықтан да ол өз әскерін қайтарып алды. Солтүстік Қытайды алу үшін болған соғыс болған соғыс 1216 жылы сәтті аяқталады. Цзинь империясын (Солтүстік Қытай) талқандаумен қатар Шыңғыс хан әскері бұл уақытқа дейін Байкалдағы буряттар мен якуттар ды, Енисей қырғыздарын жаулап алды. Ұйғыр, Тұрпан князьдіктері моңғолдар билігін ерікті түрде мойындады. Шыңғыс хан әскері үшін Жетісуды алу қиынға түскен жоқ . 1208 жылдан бастап мұсылмандарды қуғынға түсірген найман ханы Күшліктің шаршаған халыққа Шыңғыс хан азат етуші болып көрінді. Күшліктің түркі тілдес Жетісу халқын христиан дінін ұстауға күштеп енгізіп жатқаны туралы хабардар болған Шыңғыс хан «дінге еркіндік» беретіні туралы лақап таратты. Осыдан да болар оңтүстік қалаларсоғыссыз берілді.

1216 жылы Жошы әскері Сарыарқа меркіттерімен шайқасып, оларды талқандады. Күшлік сол жылы Бадахшанда өлтірілді. Хорезм шахының өзі де Шыңғыс ханның күш қуатын байқап, моңғолдарға бірнеше рет елшілік жіберді. Ал, Шыңғыс хан қалайда қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуды көздеп, түрлі сылтаулар іздей бастады. 1218 жылы Шыңғыс хан Хорезм шахы Мұхамедпен сауда жөнінде дипломатиялық келісім жасады. Шыңғыс хан 500 түйеге артылған жүгімен қоса, 450 керуеншіні Отырарға аттандырады.

Көп ұзамай Отырарға беттеген керуен жол сол жерде Отырар ханы Қайырхан Иналшықтың әмірімен қырғынға ұшырады. Шыңғыс хан Қайырханды Хорезмшах Мұхаммедтен талап етті. Себебі, Отырар Хорезмшах иелігіне кіретін еді. Бірақ, Қайырхан талапты орындамады. Бұл Шыңғыс ханның Хорезмге қарсы соғы ашуына жол ашқан жағдай болды. Шыңғыс хан осы сәтті пайдаланып, тез арада әскерін жасақтап Жетісуға, бүгінгі Қазақстанның оңтүстік аймақтарына аттандырады.

Ертіс жағалауынан Сырдарияға қарай Шыңғыс хан әскері 1219 жылдың қыркүйегінде жылжыды. Бас қолбасшы болған Шыңғыс хан өзінің балаларына нақты тапсырма берді. Отырарды талқандауға Шағатай мен Үгедейді, үлкен баласы Жошыны Сырдарияның төменгі ағысына, ал Сырдарияның жоғарғы ағысына қосымша әскерді, өзі үшін ұлы Төлемен бірге Бұхараға аттанды. Шыңғыс ханның әскери күші туралы аңыз да, әңгіме де, көп-ақ. Оның барлық әскер саны 150 мың, оның 111 мыңы моңғолдар, қалғанын түркітілдес тайпалардан жасақтады деген мәліметтер бар. Шындап келгенде, Шыңғыс ханды әлемге танытқан жауынгер түркілер болды. Себебі ол өзінің жаулаған аймақтарындағы ер азаматтарды сапқа тұрғызды.

Қазіргі Қазақстанда жаулау 1219 жылы басталып 1224 жылы аяқталды. 1221 жылы Хорезмді және жалпы Орта Азияны жаулап алды. Талай қалаларды қиратып, жойып жіберді. Хорезм шахы Мұхаммед Иранға қашып кетті. Ол кейін Каспий теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-21 жылдардағы қысқы жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты.

Қуатты қыпшақтар да 1224 жылы толық тізе бүгуге мәжбүр болды. Орта Азия мен Қазақстан Шыңғыс хан империясына қосылды. Моңғолдардың соғысы халықты күйзеліске ұшыратты.

Қандай соғыс болмасын халықты күйзеліске ұшыратары анық. Оның зардаптары жақтарының кей мәселесі тараудың басында айтылды. Тағы бір ескерерлік жағдай, жаулаушының жаңа жүйе енгізудің заңдылығында. Жауланып алынған аймақтағы халыққа ауыр алымдардың салынуымен қатар міндеткерліктер жүктелді. Оның ішінде, әсіресе, әскери міндеткерлік ауыр болды. Көшпелілермен қатар отырықшыларға да әскери міндеткерлік жүктелді.

Салық халықтың атқарар шаруашылығына қарай салынады. Көшпелілерге құшыр салығы, отырықшыларға харадж, әскерді қамтамасыз ету үшін (авиз) «төтенше салық» салынса, олардың киімі мен азығы да халықтан өндірілді.

Салық жинау хақысы сатып алынатын болды. Бұл құқыққа ие болғандар салықты бірнеше қайтара жинап алып отырды.

Пошта бекеттерін (ямдарды) ұстау үшін де пошта міндеткерлігі мен халықтан тұрғын жай беру міндеткерлігі өндірілді. Жалпы өндірілетін салықтың түрі 20-ға жуық болды.

Моңғолдардың тұсында саяси жүйедегі өзгерісті Шыңғыс ханның енгізген «Ұлы Жасасы» реттеді. Хан шексіз билікке ие болды.

Қорыта келе, Шыңғыс ханның жаулауы нәтижесінде дала халқына алғаш рет ресми заңдық нормативтер «Ұлы Жаса» енгізілді. Феодал-шонжарлардың мүддесі қорғалды. Жайылымдық жерлерді қолдануды реттеуде заңдық нормативтердің маңызы зор болды.

Империя құру арқылы бір орталыққа бағынған мемлекеттк басқару жүйесінің негізі қаланды. Ямдық-пошта байланысы қызмет атқарды.

Шыңғыс хан кең байтақ «Дешті Қыпшақ» жерін, бүгінгі Қазақстан аймағын, әсіресе, Сарыарқаның өзі құрған империясының орталығы етіп алды. Алдымен оның жағрафиялық орналасуы ыңғайлы болды. Сөйтіп олар Ертіс арқылы атты әскердің шауып өтуіне оңтайлы жазық далаға лап қойып жатты. Оның үстіне басқа халықтарға қарағанда қыпшақтардың көшпелі шаруашылығында моңғолдарды психологиялық жағынын етене жақындастыра түсті.

2. Ұлыстық жүйе

Ұлыстық жүйе. Кең байтақ елді жаулап алған Шыңғыс хан байлықты, жерді төрт баласына мұрагерлікке бөліске түсірді. Қазіргі қазақ даласы осы аймақты ойрандатқан үш баласына кенже баласы Толыға ата жұрт - Моңғол жері, оның үстіне 129 мың моңғол әскерінің 101 мыңы тиді. Сөйтіп, қазіргі Қазақстан үш ұлысқа бөлінген еді. «Ұлыс» деген термин ел мағынасын береді.

Жошы ұлысы. Ертістің батыс жағындағы далалы аймақ, қазіргі Орталық, Батыс және Солтүстік Қазақстан бөлігі, Еділдің төменгі ағысына дейінгі аймақ.

Шағатай ұлысына Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан, яғни Жетісудың үлкен бөлігі кірді. Ғалым Джамал Каршидің айтуынша, Шағатай иелігі Алагту елі деп аталып, орталығы Алмалық болды.

Үгедей ұлысы Жетісудың солтүстік-шығыс жағы, Тарбағатай, Батыс Моңғол жерлерін алып жатты.

Үш ұлыс жеке дара дамыды. Тіпті, аңыздарда да, әке мен бала арсындағы өштестік те орын алды. Жошы 1227 жылдың ақпан айында, ал оның әкесі Шыңғыс хан араға жарты жыл салып барып қайтыс болды. Империяның ыдырауы бұрынғыдан да күшейе түсті. Шыңғыс хан көзінің тірісінде-ақ егерде өзі дүние салған жағдайда Ұлы хан болып, оның үшінші баласы Үгедейге тақтың тиетінін айтқан еді. Оның себебі, Жошы мен Шағатайдың басы бірікпеді. Жошы көптеген қыпшақ қалаларын сақтап қалуды көздесе, Шағатай тезірек жаулауды көздейтін еді. Үгедей Ұлы хан болып тақта 1251 жылға дейін отырды. Ал, Үгедейдің көзі кеткен соң, орнына 1252 жылы Толының баласы Мөңке Ұлы хан болып сайланды.

3. Алтын Орда

Шыңғыс ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.

1227 ж. Жошы өлген соң орнына баласы Батый отырды. Ол 1235 ж. Батыс Дешті-Қыпшақ даласына, Еділ бұлғарлары жеріне, одан әрі батысқа шапқыншылық жорықтар ұйымдастырды. Ірі орыс княздықтары талқандалды. Польша, Венгрия, Чехия және басқа көптеген елдер тонауға ұшырады. Жеті жылға созылған жорықтардың нәтижесінде Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, батыс қыпшақтар /половецтер/ даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі ағысында Алтын Орда атты жаңа моңғол мемлекетін құрды. Алтын Орда халқының басым көпшілігі түркі тілдес тайпалар болды. Алтын Ордаға Жошы ұлысының жері - Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер қарады. Батый әскерінен жеңілген орыс князьдықтары вассалды тәуелділікке түсті. Орыс князьдары Алтын Ордаға тәуелділіктерін мойындап, ұлы ханның қолынан князь атағын алып, алым-салық төлеп тұрды. ХІV ғасырда Алтын Орда дәуірінде түркі тілінде Хұсрау мен Шырын шығармасы белгілі болды.

Батый құрған мемлекет шығыс деректерінде Жошы ұлысы деп, сондай-ақ Жошы ұрпақтары-хандарының атымен /Батый ұлысы, Берке ұлысы, т. б. / аталды. Астанасы Сарай-Бату /Астрахань маңында/, кейіннен Сарай-Берке қаласында болды. Алтын Орда қыпшақ тілі негізгі тілге айналған көп ұлтты мемлекет. Көп ұлттық діннің де көп түрін, бағытын бір аймаққа топтастырды. ХІІІ ғасырдың аяғы мен ХІV ғасырда моңғолдар толығымен түркіленіп, Алтын Орда халқы «татарлар» деп аталды Алтын Орда мемлекеті Жошы хан әулетінің меншігі болып саналды. Маңызды мемлекеттік істі шешу үшін билік басындағы әулет мүшелері бастаған ақсүйектер жиналысы-құрылтай шақырылды. Әскерді және өзге мемлекеттермен дипломатиялық қатынастарды беклербек басқарды. Қаржы, алым-салық мәселесін, мемлекеттің ішкі істерін жүргізетін орталық атқарушы орган-диванның басында уәзір тұрды. Қалалар мен бағынышты ұлыстардан алым-салық сыбаға жинау міндетті атқаратын даруг басқақтар тағайындалды. Хан отбасының мүшелері маңызды қызметтер атқарды. Ірі нояндар, бектер, әмірлер, баһадүрлер түмендерді, мыңдық, жүздіктерді басқаратын әскебасылары сайланды.

Алтын Орда жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін ұлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге-оң және сол қанатқа, негізінен екі мемлекетке бөлінді. Оң қанат /ұлыстың/ басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазіргі Қазақстан жерінің сол кездегі көп бөлігі сол қанат құрамына кірді. Алтын Орда Батыйдың інісі Берке хан тұсының /1256-1266жж. /тұсында-ақ тәуелсіздікке қол жеткізді. Одан кейінгі Мөңке хан /1266-1280жж. / өз атынан теңге шығара бастады. Алтын Орданың ХІV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе, Өзбек хан /1312-1342жж. / мен Жәнібек ханның /1342-1357жж. / тұсында гүлденді. 1312 жылы Өзбек хан ислам дінін Алтын Ордаға мемлекеттік дін етіп жариялады. ХІV ғасырдың екінші жартысында Алтын Орда алауыздықпен әлсірей бастады. 1357 жылдан 1380 жылға дейін таққа 20-дан астам хандар отырып, бірін-бірі түрлі жолдармен тақтан тайдырып отырды. Алтын Орда езгісіне төзе алмаған халық ұлт-азаттық көтеріліске шықты. Оның ішінде Алтын Орданы әлсіреткен 1380 жылғы түменбасы Мамайдың Дмитрий Донской бастаған орыс әскерлерінен Куликово даласында ойсырай жеңілуі себеп болды. Тоқтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж. басқыншылықпен басып кіріп, Мәскеуді өртеп жібереді, Мәуреннахр мен Закавказьеге де бірнеше рет жорық жасады. Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға қайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді қайта көтеріле алмастай етіп құлатты. Темір жорықтары Алтын Орда үшін ең ауыр соғыс болды. Оның, әсіресе, 1389, 1391, 1395 жылдары жасаған жорықтары үлкен зардаптарға соқтырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Түркі дүниесін зерттеп даңқы шықты. Академик В.В. Бартольдтің шығармашылық жолы, азаматтық келбеті
Батыс Қазақстанның ортағасырлық қалалары
БАТЫС ТҮРІК ЖӘНЕ ТҮРГЕШ ҚАҒАНАТТАРЫ ЖАЙЫНДА
Найман, керейт, қоңырат, жалайыр, меркіт тәрізді түрік тайпаларының қалытасуы
Қазақстан тарихы туралы
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
Көне түркі тілі – түркі халықтарының алғашқы жазба - әдеби тілі
Алтын орданың рухани мәдениетінің тарихы
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz