Күндізгі және үйдегі стационар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университеті

Доклад
Тақырыбы: Күндізгі және үйдегі стационар

Орындаған: Ташболатова Ж, Мырзалы К,
Шакирова М, Аман Б.

Жоспар:
I.Кіріспе
Стационар туралы жалпы түсінік
II. Негізгі бөлім
* Күндізгі стационар
* Күндізгі стационардың негізгі міндеттері мен ерекшеліктері
* Үйдегі стационар
* Үйдегі науқасқа мейірбикенің күтім ерекшеліктері
III.Қорытынды

Стационар-науқастарға арналған тұрақты орындары (төсектері) бар емдеу мекемесі (емханадан айырмашылығы), аурухана.

Күндізгі стационар - бұл үй жағдайында жасауға мүмкін емес ем-шараларды дәрігердің тәулік бойы медициналық бақылауын қажет етпей-ақ, пациенттерге жүргізілетін емдеу түрі. Күндізгі стационарда пациенттер тек емдеу үшін қажетті уақыттың бір бөлігін өткізеді, ал үйде немесе жұмыста белсенді өмір сүруді жалғастырады.
Күндізгі стационарда келесіндей аурулармен науқастарға медициналық көмектер көрсетіледі:
* жүрек - қан тамырлар жүйесі аурулары: стенокардия, артериалды гипертензия, жүрек жетіспеушілігі, миокард инфарктысынан кейін;
* буын тамыр аурулары: буынның варикозды аурулары, созылмалы веноздық жетіспеушілік;
* тыныс алу мүшелерінің аурулары: бронхит және пневмония.
* асқазан-ішек тракті патологиялары: асқазан жарасы, холецистит;
* нерв жүйесі аурулары: орталық және перифериялық жүйке жүйесінің бұзылуы, созылмалы бас миының ишемиялық ауруы, бассүйек ми жарақаты, полинейропатия, неврит, радикулит;
* ревматологиялық аурулар: остеоартрит, полиартрит;
* қант диабеті және оның асқынуларымен;
* бүйрек және зәр шығару жүйесі аурулары;
* аллергиялық жағдайларды емдеуге бағытталған көмек көрсетіледі, алкогольді интоксикация кезіндегі инфузионды терапия жүргізіледі.
Ем алушы барлық пациенттер тәжірибелі дәрігердің және қамқор мейірбикелердің бақылауында болады.
Күндізгі стационар шын мәнінде тәулік бойы медициналық бақылауды қажет етпейтін пациенттерге амбулаторлық және емханалық стационарлық медициналық көмек арасындағы аралық тізбек болып табылады.
Күндізгі стационар, науқастарды күндізгі уақытта ауруханаға жатқызу арқылы үнемі дәрігердің бақылауын қажет етпейтін білікті медициналық көмек көрсету үшін ұйымдастырылады.
Күндізгі стационарды күндізгі стационар меңгерушісі басшылыққа алады.

Күндізгі стационардың негізгі міндеттері:
1. Дәрігердің тәулік бойғы қадағалау көрсеткіштері болмаған жағдайда науқастардың асқынған және созылмалы ауруларын емдеу және диагностикалау іс-шараларын өткізу;
2. Амбулаторлық -емханалық мекеме жағдайында науқастарға білікті медициналық көмек көрсету және көрсеткіштер болған жағдайда оларды ауруханаға жатқызуды қамтамасыз ету;
3. Толық емделмегенде, отадан кейінгі кезеңде және т.б ЕПҰ-нан шыққаннан кейінгі науқастарды өршіген аурудың басылу кезеңінде оларды қайта қалпына келтіру,емдеуді аяқтау;
4. Науқастарға медициналық көмек көрсету бойынша басқа амбулаторлық-емханалық мекемелердің емдеу бөлімшелерімен және емдеу мекемелерінің стационарлық бөлімшелерімен сабақтастықты қамтамасыз ету;
5. Диспансерлік есептегі науқастарға алдын алу және емдік сауықтыру іс-шараларын өткізу.
Дәрігердің негізгі мақсаты - науқастарды амбулаторлы және үйінде емдеу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халыққа амбулаториялық көмек көрсету
Ауруханада күндізгі стационарлар
Халыққа білікті медициналық көмек көрсету ережесі
Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтері
Мамандандырылған мейірбикелік күтім
Медициналық көмек және медициналық қызмет
Кекештік кезіндегі ауызша сөйлеудің темпо – ритмикалық ұйымын қалыптастыру технологиясы
Қарт және егде жастағы адамдардың әлеуметтік мәселелері
«Денсаулық сақтау объектілеріне қойылатын санитариялық эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі
Гинекологиялық аурулардан анамнез жинау, медициналық құжатты толтыру
Пәндер