Ұзақ мерзімді актив есебі туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Ұзақ мерзімді активтердің есебі
1. Негізгі құралдарға түсініктеме және негізгі құралдардың бағалануы.
2. Негізгі құралдар қозғалысының есебі.
3. Негізгі құралдар амортизациясының есебі, және негізгі құралдарға амортизация есептеу әдістері

1. Негізгі құралдарға түсініктеме және негізгі құралдардың бағалануы.
Кәсіпорында пайдаланылатын және бухгалтерлік есепте есептелінуге жататын негізгі құралдар деп- өндірісте ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөлініп- бөлініп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтерді айтады. Ұйымдарда негізгі құралдың есебі № 6 Негізгі қорлар есебі деп аталатын бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес жүргізіледі.
Жалпы негізгі құралдарға- қозғалмайтын мүлік, жер учаскелері, үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеуіш және реттеу аспаптары мен құралдар, есептеуіш машиналар мен техникалар және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары, аспаптар, өндірістік және шаруашылық құрал саймандары, өнім және жұмыс малдары, көпжылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатқызылады. Көлемінің түріне, бағасының арзан- қымбаттылығына қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс құралдары негізгі құралдардың қатарына жатқызылмайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың құрамына кәсіпорынның қоймаларындағы дайын бұйымдар болып саналатын жабдықтар мен машиналар, күрделі құрылыс құрамында есептелетін монтаждауды қажет ететін жабдықтар, сондай- ақ құрылыс- монтаж жұмысының өзіндік құнының құрамында қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де жатқызылмайды.
Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
* үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма);
* ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды су қоймалары, эстокадалар);
* өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер);
* машиналар (бумен жұмыс істейтін двигательдер, электроаппараттық трансформаторлар, эксковаторлар, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар, бульдозерлер, жүк көтергіш шығырлар, су өлшегіш құралдар, монометрлер, таразылар, кассалық аппараттар);
* тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл көліктер, көлікке тіркемелер, тракторлар);
* құрал- саймандар мен жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер);
* шаруашылық құрал жабдықтары (диван, креслолар, кілемдер, сейфтар);
* жұмыс және өнім малдары;
* көпжылдық көшеттер мен өсімдіктер;
* жер (ұйымның сатып алған жер көлемінің құны);
* жерді жақсартуға жұмсалған күрделі шығын;
* басқа да негізгі құралдар
Сақтауда тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал- жабдықтар жатқызылады.

Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнмен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны - ол активті сатуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге орнатуға кеткен шығындарын, сондай- ақ сатып алу барысында төленген салық салаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін процент салалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез- келген шығындардың жиынтығынан тұрады.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бұл шаруашылық ұйымның белгілі бір уақыттағы, яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтық бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық құны - негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты болатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны - бұл кез- келген екі жақтың, яғни негізгі құралдардың сатушы мен алушының арасындағы келісілген құны болып табылады.
Негізгі құралдарды қайтадан бағалау кезінде оның осы кездегі, яғни бүгінгі салу өндіру құны анықталады. Бұл негізгі құралдардың қалпына келтіру құны деп аталады. Шаруашылық ұйымдарда негізгі құралдарды тиісті түрде қайта бағалағаннан бастап оларды баланста қалпына келтіру құнымен есептейді.
Негізгі құралдардың бастапқы бағасын белгілі бір күндегі қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру мақсатында объектілерді қайта бағалау жүргізіледі. Қайта бағалау нәтижесінде негізгі бағасының өсуі 12- бас шоттың тиістісінің дебитіне 541- Негізгі құралдарды қайта бағалаудан түскен қосымша төленбеген капитал шотының кредитіне жазылады.

2. Негізгі құралдар қозғалысының есебі.
Негізгі құралдарды есепке алудың түгендеу карточкасы бухгалтерлік қызметте негізгі құралдардың әрбір объектісіне жүргізіледі. Нысан бір данада негізгі құралдардың объектісін есептеуге, оны көшіруге, жаңартуға, жаңғыртуға, күрделі жөңдеу және есептен шығару бойынша құжаттар негізінде толтырылады. Түгендеу карточкасында негізгі құралдар объектісінің негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері болады.
Түгендеу нөмірлері реттік-сериялық жүйе бойынша олардың түсу шамасына қарай негізгі құралдардың объектілеріне беріледі.
Объектілерді қолданысқа енгізу қолданыстағы заңнамаға сәйкес ерекше тәртіппен ресімделуі қажет болатын сол жағдайларды қоспағанда, пайдалануға негізгі құралдардың объектілерін енгізуді есепке алу үшін, сондай-ақ басқа ұйымға беру,сату кезінде негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін негізгі құралдарды қабылдау - беру актісі қолданылады. Акті екі данада әрбір бөлек объектіге немесе объектінің компонентіне жасалады. Техникалық құжаттамасы қоса берілген рәсімделген акті бухгалтерлік қызметке беріледі, оған бас бухгалтер қол қойып, дара кәсіпкер немесе ұйымның басшысы немесе осыған уәкілетті адамдар бекітеді.
Объектінің немесе негізгі құралдардың объектілері топтарын ұйымның бір құрылымдық бөлімшесінен басқасына ішкі орнын ауыстыруды ресімдеу үшін, объектінің немесе негізгі құралдардың объектілері топтарын қоймадан пайдалануға беруді ресімдеу үшін негізгі құралдардың ішкі орнын ауыстыруға жүкқұжат қолданылады. Жүкқұжатты екі данада тапсырушы ұйымның құрылымдық бөлімшесінің жұмысшысы жазады. Алушының және тапсырушының қолхаты бар бірінші дана бухгалтерлік қызметке, ал екіншісі тапсырушы ұйымның құрылымдық бөлімшесіне беріледі.
Негізгі құралдарды жөңдеуге,жаңартуға,жаңғыртуға қабылдау-беруді ресімдеу үшін жөнделген, жаңартылған, жағартылған негізгі құралдарды қабылдау-беру актісі қолданылады. Дара кәсіпкердің немесе негізгі құралдарды қабылдауға тапсырысшы ұйымның материалдық-жауапты қызметкері және жөңдеу,жаңарту,жаңғырту жүргізген орындаушы ұйым өкілі қол қойған акті екі данада жасалады. Тиісті негізгі құралдың техникалық төлқұжатына күрделі жөңдеуге, жаңартуға, жаңғыртуға байланысты объектінің сипаттамасына қажетті өзгерістер енгізілуі қажет. Актіге бас бухгалтер немесе бухгалтер қол қойып, дара кәсіпкер немесе тапсырысшы ұйымның басшысы бекітеді.
Негізгі құралдың объектілерін (автокөлік құралдарынан басқа) толық немесе ішінара істен шығаруды, яғни есептен шығаруды рәсімдеу үшін негізгі құралдарды істен шығаруға, яғни есептен шығаруға акті қолданылады. Акті екі данада жасалып, осыған уәкілетті адам бекітеді. Актінің бірінші данасы негізгі құралдарды есептен алу үшін бухгалтерлік қызметке беріледі, ал екіншісі - осы объектінің сақталуына жауапты адамда қалады және қоймаға тапсыруға және есептен шығару нәтижесінде қалған босалқы бөлшектерді, материалдарды,металлоломды және т.б. өткізу үшін негіздеме болып табылады.
Автокөлік құралдарын есептен шығаруға акті автокөлікті есептен шығаруды рәсімдеу үшін қолданылады. Акті екі данада жасалып, дара кәсіпкер немесе ұйымның басшысы немесе осыған уәкілетті адам бекітеді. Жол полициясы органдарында есептен алынғанын растайтын құжатпен бірге актінің бірінші данасы бухгалтерлік қызметке беріледі, актінің екінші данасы автокөлік құралдарының сақталуына жауапты адамда қалады және есептен шығару нәтижесінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер
Қысқа мерзімді актив
Материалдық емес активтер туралы ақпарат
Ұзақ мерзімді активтер есебінің әдістемесін зерттеу
Айналымнан тыс активтер
Материалдық емес активтер жайлы
БИОЛОГИЯЛЫҚ АКТИВТЕР ЕСЕБІ
Ақша қаражатының есебінің негізгі мақсаты - ақша қаражатының мақсатты жұмсалуын
Негізгі құралдар қозғалысының есебі
Қысқа және ұзақ мерзімді активтердің есебі мен талдауы
Пәндер