Кеңес үкіметі, кеңестер билігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Кеңес үкіметі,кеңестер билігі - бұрынғы Ресей империясында (1917 жылдың 1 қыркүйегінен Ресей Республикасы) Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы; кейде "Кеңес үкіметі" ұғымы Кеңес Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы ретінде де қолданылады. "Кеңес" (орыс тілінде Совет) сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы - Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 - 07 жылғы бірінші орыс революциясы барысында пайда болған.
Мазмұны
[жасыру]
* 1 Кеңес одағының құрылуы
* 2 Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнатылуы
* 3 Социалистік шаруашылық пен мәдениеттің негіздерін жасау
* 4 Кеңес Одағының ыдырауы
* 5 Дереккөздер:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кеңес одағының құрылуы[өңдеу]
1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде солдаттар мен төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы жер-жерде құрылған Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңестеріболды. 1917 ж. 3 - 24 маусымда Санкт-Петербургте Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің бірінші бүкілресейлік съезі өтті. Съезге бүкіл елдегі 305 Жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары кеңестерінен, олардың 53 аймақтық бірлестіктерінен, 34 әскери бөлімнен - барлығы 1090 делегат қатысты.Съезд революциялық демократия және мемлекеттік билік, 1-дүниежүзілік соғысқа көзқарас, Уақытша үкімет кезінде сайлауы басталған бүкіл елдегі халық сайлаған өкілдер - Құрылтайшылар жиналысына дайындық, Ресейдегі ұлт мәселесі, т.б. өзекті мәселелер туралы баяндамалар тыңдап, талқылады. 320 адамнан құралғанБүкілресей Орталық Атқару Комитетін (ВЦИК) сайлады. 1917 ж. 25 қазандағы (7 қараша) Қазан төңкерісін жүзеге асырған қарулы көтерілісті большевиктер Жұмысшы және солдат депутаттары кеңестерінің екінші бүкілресейлік съезінің ашылуына орайластырды. Съезге елдегі 402 кеңестен 649 делегат қатысты. Большевик және солшылэсер делегаттарының саны (550 адам) басым болған съезд 25 - 27 қазанда (7 - 9 қараша) жұмыс істеді. Съезд Уақытша үкіметтің құлатылуын мақұлдады, мемл. билікті өз қолына алғанын жариялады, жер-жердегі билік "Жұмысшылар, солдаттар және шаруалар кеңестеріне берілсін!" деген үндеу, "Бітім туралы"және "Жер туралы"декреттер қабылдады. Сондай-ақ, съезд БРОАК-тің (ВЦИК) жаңа құрамын 106 адамнан (оның 62-сі большевик) сайлап, елді басқару үшін Кеңес үкіметінің үкіметін - В.И. Ленин бастаған, құрамына тек большевиктер кірген Халық Комиссарлары Кеңесін (Жұмысшы-шаруа кеңестік үкіметін) құрды. Кеңестер билігі Ресейдің өнеркәсіпті қалаларында шапшаң орнады. Уақытша үкіметке адал күштердің қарсылығы басып-жаншылып, кадеттер партиясы заңнан тыс деп жарияланды, оппозициялық басылымдар жабылды. Алайда 1917 ж. 12 қарашада өткен Құрылтайшылар жиналысына сайлауда большевиктер 25% шамасында ғана дауыс алды. Өз талаптары өтпейтін болғандықтан большевиктерден құралған Халық Комиссарлары Кеңесі Санкт-Петербургте ашылған Құрылтайшылар жиналысын 1918 ж. 5 (18) қаңтарда қуып тарқатып жіберді. Халық Комиссарлары Кеңесі, сондай-ақ, олардың жергілікті органдары болып қалыптаса бастаған Жұмысшы, солдат және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Петроградтағы Қазан төңкерісі
Кеңес мемлекетінің қалыптасуы және Қазақстан территориясындағы құқықтар
Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнатылуы
Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Қазақстанда кеңес билігінің орнығуы
1917 жылғы Қазан төңкерісі. Қазақстанда кеңес өкіметінің орнатылуы
1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
1917 ж. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Алаштықтардың мақсаты - қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру
ЗЕМСТВО ЖӘНЕ АЛАШ-ОРДА
Пәндер