Дәрігер парызы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
101 ЕМДЕУ ІСІ

ЭССЕ
Дәрігер парызы

ОРЫНДАҒАН; СЕРХАН МҰРАТ
ҚАБЫЛДАҒАН; Ахимова Кулимхан
Кіріспе:
Медицина қызметкерлерінің этикалық медицина қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындау барысында басшылыққа алуға нұсқау берілген этикалық нормалар мен мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады.

Осы Кодекс медицина қызметкері, қоғам және пациент арасындағы қарым-қатынасты белгілейді, тұлғаның және тұтас қоғамның құқығын, абыройын, денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған және де медицина қызметкерінің қоғам алдында өз қызметі үшін жоғары моральды жауапкершілікті анықтайды.
Медицина қызметкері ретінде осы Кодексте жоғары және (немесе) орта арнайы медициналық білімі бар мамандар болып табылады.
Адамның өмірі мен денсаулығы - басты, негізгі құндылықтар. Медицина қызметкерінің қызметі адам өне бастаған кезінен оның денсаулығын сақтауға бағытталған және одан адамға деген адамгершілік қасиетті, оның тұлғасына құрметпен, тілектестікпен, ниеттестікпен, мейірбандылықпен, қайырымдылықпен, төзімділікпен, өзара сенімділікпен, тәртіптілікпен және әділеттілікпен қарауды талап етеді.

Бұл Кодекс адамның перинаталдық және постнаталдық өмірі мен денсаулығын, оның тууын және өлімін қамтитын, кәсіби қызметінің саласы, медициналық қызметкерлердің кәсіптік қызметінде қолданылуға арналған.

1 бөлік

Миссиясы:
Біз, азаматттардың әлеуметтік жауапкершілігі мен ниеттілігін сезініп, өз миссиямызды сапалы, қауіпті көмек көрсетуде көреміз.

Мақсаты:
Қауіпсіз босану, өмірдің саламатты баслауы, тек қана тірі туған беле емес, сондай-ақ дені сау бала туғаны, перинаталдық кезеңде тәуекел факторларын басқаруды білу және олардың қауіптілігін болдыртпауға тырысу болып табылады.

Ұйымның құндылық жүйесі

Пациент - назарда
Қауіпсіздік
Жауапкершілік
Ұжымдылық
Айқындық
Кәсіптілік
Пациент - назарда - жоғары сапалы қызмет көрсету мақсатында әрбір жеке алынған пациенттің қажеттіліктерін бағалау. Пациенттің абыройы мен тұлғасын құрметтеу.

Пациенттің қауіпсіздігі - сапалы перинаталдық көмек көрсетудің маңызды компоненті. Оның мақсаты емдеу уақытында пациентке зиянкестік істеуді максималды азайту. Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы медициналық көмек сапасын анықтайды.
Жауапкершілік - жарияланған принциптерді және жоғары стандарттарды қолдаушылық, пациенттермен қарым-қатынаста, және ұжымда жоғары деңгейлі сенімділікті және тәртіптілікті көрсету.
Ұжымдастық - үнемі өзін-өзі саралау және ынтымақтастық, және де жауапкершілік пен жұмыс көлемі теңдестігі негізінде сенім жүйесін құру.
Айқындық - жеке және ұжымдық әрекеттерде әділеттілік және тәртіптілік принциптерін ұстану.
Кәсіптілік - өзін үнемі дамыту мен үйрену негізінде барлық үздік білімдерін, мүмкіндіктерін және тәжірибесін пациент және ұжым игілігі үшін жоғары нәтижелерге жетуге бағытталу.
2 бөлік

Қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және орталық қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам орталық қызметшісі өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны - Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.

Өз қызметінде № 23 қалалық емхана ШЖҚ КММ медициналық қызметкері азаматтардың денсаулығын қорғау және медициналық көмек алу құқығы бөлігіндегі Қазақстан Республикасы заңнамасын, дәрігер антын, адамгершілік және қайырымдылық принциптерін қолданысқа алады.

Ұйым мамандары өз қызметінде міндетті:

Қолдағы ресурстар шегінде өз біліктілігіне, лауазымдық нұсқаулықтарына және қызметтік міндеттеріне сәйкес сапалы және қауіпсіз едициналық көмекті қамтамасыз етуге жауапкершілікті, сондай-ақ моральдік жауапкершілікті артады.
Кез келген адамға жыныстан, жастан, нәсілден және ұлттық қатарына жататындығына, тұратын орнына, оның әлеуметтік статусына, діни және саяси пікірлеріне, сондай-ақ басқа да медициналық емес факторларына қарамастан, кез келген адамға медициналық көмек көрсету болып табылады.
Өзінің кәсіби білімдері мен біліктерін, эрудициясын тұрақты түрде жетілдіру.
Медициналық қоғамдастық қатарының таза болуын сақтау, өз ұжымдастары және өздерінің қателерін риясыз талдау.
Абыройсыз және біліктілігісіз, сондай-ақ пациенттердің денсаулығына зиян келтіретін әр түрлі кәсіпті емес ұжымдастарының практикасына кедергі болу.
Өз әрекеттерімен № 23 қалалық емхананың беделін нығайтып, оның мүдделерін қорғау, емхана қызметкерлерінің беделін түсіру әрекеттерін болдыртпау.
Пациенттердің құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сақтау және қорғауды қамтамасыз ету.
Қызметкерлер бірлігі мен ұлтаралық келісімды нығайтуға қолдау көрсету
Еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтап, өз қызметтік міндеттерін адал, риясыз және сапалы орындау, бұл үшін өз бос уақытын тиімді қолдану.
Барлық күш-жігерді жоғары кәсіби жұмысы үшін салып, қойылған міндеттерге қол жеткізуге оңтайлы және үнемдеу шешім тәсілдерін қолдану, сенімге берілген мемлекеттік меншікке ұқыпты қарау.
Іске деген өз қарым-қатынасы мен жеке тәртібімен ұжымда тұрақты және жағымды моральдік-психологиялық ахуалды құруға әсер ету.
Қызметтік міндеттерді орындауда киім үлгісінде іскерлік стильді ұстану.
Қоғамдағы медициналық қызметкердің рөлін есепке ала отырып, ол қоғамдық іс-шараларға белсене қатысуы керек, әсіресе, саламатты өмір салтын насихаттайтын іс-шараларға.
Медициналық қызметкермен қателік жібергенде немесе оның әрекеттері нәтижесінде ойланбаған қиындықтар болған жағдайда, ол науқасты, аға ұжымдасын немесе бөлімше басшысын, олардың болмаған жағдайында жұмыс істейтін мекеме әкімшілігін, хабардар етуге міндетті, және де тез арада, шұғыл өз әрекеттерін нұсқаулықтарды күтпей, жағымсыз салдарын түзетуге бағыттау керек. Қажеттілігі бойынша басқа да мамандарды тартып, қатесі немесе болған қиндықтары жайлы адал ақпараттандыруы керек.
Жіберген қателерін нақты түрде талдап, оларды ұжымдастары мен басшыларымен басқа да дәрігерлердің клиникалық тәжірибесінде болдыртпау үшін толық талқылауға міндетті.
Медициналық қызметкер өз лауазымдық міндеттерін орындауда сау болып, құмартушылықты тартатын кез келген заттардың әсерінде болмауы керек.
Басқа да қызметкерлер жағынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілерін жібермеу және болдытпау керек.
Қызметтік ақпаратты пайда күнемдік мақсаттарында қолдануды болдыртпау.
Медициналық қызметкер пациентті дәлелсіз тәуекелге ұшырату, және де өз білімі мен мүмкіндігін адамгершілікке жатпайтын мақсатта қолдануға болмайды.
Шұғыл көмек жағдайларынан басқа, науқастың жағдайын қиындатпайтын шаралар қолдануға міндетті кезінде, дәрігер пациент пен оның арасындағы қажетті өзара сенім болмағанда , егер өзін қажетті білікті деп санамаса, немесе емдеу шараларын өткізу үшін мүмкіндіктері жеткіліксіз болса, науқасты емдеуден бас тарта алады. Осындай және ұқсас жағдайларда дәрігер бұл туралы сәйкесті денсаулық сақтау органын хабардар етіп, науқасқа білікті маманды ұсынуы мүмкін.
Дәрігер пациенттің дәрігерді таңдау құқығын құрметтеп, емдеу-алдын алу шараларын өткізуге шешімдерін қабылдауды құрметту керек. Емдеуге пациенттің еркін келісімі әдеттегідей науқаспен жеке әңгімелескенде алады. Бұл келісім ойластырылған болуы керек, науқас міндетті түрде емдеу әдістері жайлы, оларды қолданудың салдары жайлы, жеке айтқанда, мүмкіндік зияндары туралы, емделудің басқа да балама әдістері жайлы хабардар болуы керек. Пациенттің келісімісіз емдеу-диагностикалау іс-шараларын өткізу тек қана пациенттің өмірі мен денсаулығына зиянды жағдайларда және де оның жағдайды тәнік бағалауы болып табылады. Аталған жағдайларда шешімдерді ұжыммен қабылдағаны жөн.
Психологиялық аурулары бар тұлғаларды емдегенде дәрігер Қазақстан Республикасының Заңын қолдануға міндетті.
Баланы емдегенде дәрігер толық ақпаратты оның ата-аналарына, қамқоршыларына беруі тиіс, емдеудің не бұл әдісін немесе дәрі-дәрмек құралдарын қолдану алдында олардың келісімін алуы керек.
Өтініштерді қарастырғанда бюрократизм немесе кешіктірушілікті болдыртпай, олар бойынша орнатылған мерзімде шешімдер қабылдау қажет.
өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, оған шыдамдылықпен қарау
Медициналық қызметкердің жіберілмейтін әрекеттері
Медициналық қызметкер құқылы емес:

өз білімі мен мүмкіндігін адамгершілікке жатпайтын мақсаттарда қолдануға;
жеткіліксіз негіздерсіз медициналық шараларды қолдануға немесе орындамауға
пациентті жазалау мақсатында, және де үшінші тұлғалардың мүддесі үшін оған медициналық әсер ету тәсілдерін қолдануға;
пациентке өзінің философиялық, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биомедициналық этиканың теориялық негіздері
Түрлі клиникалық жағдайлардағы этикалық мәселелерді тиімді және тиімсіз шешу жолдары
Дәрігерлік деонтология түрлері
Қоғамдағы дәрігердің жауапкершілігі мен ролі
Дәрігердің әріптестерімен коммуникативті дағдыларды қолдануын бағалау әдістері. Конструктивті сынаудың негіздері
Коммуникациялық біліктілікті диагностикалау және дамыту
Жеке адамның өзіндік ерекшелігін бағалау
Фармацевтикалық қоғамдастықтың бірігуі
Қызметкерлермен қақтығыстар
Фармацевтикалық этика және деонтология
Пәндер